Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі



Pdf көрінісі
бет23/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
Байланысты:
Модуль1-Оқу құралы (1)

Табысты мектеп мәдениеті 
Заманауи білім берудің талаптарына жауап беретін заманауи мектеп қандай болуы 
керек? Мектептің миссиясы қандай? Мектептің мәдениеті неден құралады? Мектеп 
мәдениетін басқарудағы директордың рөлі қандай? 
Мектептің миссиясы: 
Біріншіден, академиялық оқу үлгеріміне байланысты: сауаттылық, пән бойынша білім 
және т.б. 
Екіншіден, балаларға ынтымақтастықта, командада жұмыс істеуді дағдыландыруды 
көздейді. Бұл маңызды әлеуметтік міндет болып табылады. 
Әлеуметтік миссияның басқа міндеттері оқушыларға төмендегілерді үйретуді 
қарастырады: 

адамдардың мәдени айырмашылықтарын құрметтеу; 

өз елінің лайықты азаматы болу; 

жеке азаматтық ұстанымының қалыптасуы.
Кез келген қоғамға мектептердің тек академиялық білімі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік 
білімі мен дағдылары бар азаматтарды тәрбиелеп шығарғаны қажет. 
М.Фуллан 


 
Білім беру ұйымының миссиясы мен болашаққа бағдары 
Миссияны белгілі бір нақты мектепке тән мақсаттар мен соларға қатысты ұстанымдар, 
көзқарастар мен әрекеттер жиынтығы ретінде сипаттауға болады. Миссияны «білім берудегі 
болашаққа бағдар», «құндылықтар өзегі» немесе «білім беру тұжырымдамасы» ретінде де 
қарастырады. 
Миссия – мектеп қауымдастығы қабылдаған және білім беру мекемесінің 
келешекке белгілеген мақсаты, мақсаттары мен құндылықтары туралы және өзіне алған 
міндеттемелері туралы ресми түрде жарияланған шешім. Миссия нақты мақсаттар қою 
және қол жеткізу шеңбері мен бағыттарын белгілейді. 
Миссияны қалыптастыру себептерін шартты түрде сыртқы және ішкі себептер деп 
бөлуге болады. 
Сыртқы себептерге бәсекелестіктің күшеюі жағдайында білім беру мекемесінің 
имиджін қалыптастыру қажеттілігі жатады, мысалы, мектеп үшін бұл өзіне оқушыларды 
тартуға арналған бәсекелестік болуы мүмкін. 
Миссияны қалыптастырудың ішкі себептері мынадай қажеттіліктермен байланысты:
- проблемаларды шешудің іздеу өрісін анықтау
- ұйымдағы ішкі өзгерістер;
- қызметтің ортақ басым бағытын белгілеу;
- ұйымдағы өзара түсіністік және ынтымақтастық деңгейін арттыру.
Миссияны тұжырымдай отырып, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер мектептің 
қызметін талқылау және шешім қабылдау барысында соны негізге алуы маңызды.
Миссия – мектептің «визит картасы». Ол мектептің білім беру қызметін пайдалана 
алатын барлық адамдар үшін тартымды, түсінікті болуы керек. Сондықтан миссияны 
белгілеудегі негізгі сұрақ «Мұның барлығы кімге және не үшін қажет?». Өз ұйымыңыздың 
миссиясын оңтайлы тұжырымдау үшін «неге?» деген бірнеше сұрақтарға жауап іздеген 
жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет