Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі


Бұл мектеп құрылтайшыларға не үшін қажет?



Pdf көрінісі
бет24/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
Байланысты:
Модуль1-Оқу құралы (1)

Бұл мектеп құрылтайшыларға не үшін қажет? Бұл сұрақтың жауабы 
құрылтайшылардың күтетін үміттерін түсінуге және оларды мектептің даму жолын таңдау 
барысында ескеруге көмектеседі; бір жағынан, өзіндік болмысы мен беделін сақтау, екінші 
жағынан, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерден хабардар болу.
Бұл білім беру мекемесі қоғамға (социумға) не үшін қажет? Бұл сұрақтың жауабы 
мектептің қызметі кімге бағдарланғанын түсінуге көмектеседі. 
Осы мектепте жұмыс істейтін адамдарға бұл мектеп не үшін қажет? Бұл сұрақтың 
жауабын ұжымдық іздеу мектепте болып жатқан барлық нәрсеге қатысты болу, оның 
істеріне араласу, қазіргі кезде маңызды болып табылатын әлеуметтік қатыстылық сезімін 
қалыптастыруға 
көмектеседі; 
мектебіңіздің 
қызметкерлері 
басқалардан 
немен 
ерекшеленетінін айқындауға мүмкіндік береді.
Бұл сұрақтардың жауабы мектептің миссиясын сыртқы әлемге (ең алдымен 
клиенттерге) таныстыратын «ту» ретінде, сонымен қатар адамдар сыртқы әлемнің 
мектептен күтетін істерді ұжымдасқан топ ретінде жүзеге асыру үшін жиналатын «жалау» 
ретінде ұсынуға мүмкіндік береді. 
Мектептің миссиясы оқушылардың, қызметкерлердің, мектепке тапсырыс 
берушілердің, әртүрлі серіктестердің мүдделерін ескере отырып белгіленсе, анағұрлым 
толыққанды болады. Мектеп өзінің білім беру қызметінен басқа не ұсына алады? Мектеп 
өз қызметкерлері үшін не істеуге дайын? Жалпы білім беру жүйесі үшін мектеп не істей 
алады?
Мектептің миссиясы оның қызметінің мән-маңызын көрсетеді. Миссия әрқашан 
дербес, ерекше, айрықша, онда негізгі «ерекшелік», «жаңашылдық» бейнесі, ұжымның 
бірегейлігі, тұтас әлемдегі, әсіресе білім беру әлеміндегі мектептің бағыт-бағдары 
қамтылады.


Сонымен қатар кез келген мекеменің, мектептің миссиясында жалпы элементтерді 
(кез келген мектептің мақсатына тән), нақты (білім беру мекемесінің осы түріне немесе осы 
модификациясына тән, мысалы, гимназия, лицей), ерекше (бұл ұйымның ерекше миссиясы 
мен мақсаты болып табылатын және оны басқалардан ерекшелейтін) элементтерді 
ажыратуға болады.
Мысалы:
Өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығына қамқорлық жасай алатын, 
денсаулық сақтау технологияларын меңгерген оқушыларды тәрбиелеу.
Білім беру процесінің қатысушылары үшін моральдық-психологиялық қолайлы орта 
қалыптастыру, оқушыларды өмір бойы тіршілік ету ортасын дұрыс таңдауға дайындау
ықшамаудан оқушыларының жалпы және көркемдік-эстетикалық мәдениетін жақсарту 
үшін қажетті ұйымдастыру-педагогикалық жағдайларды қамтамасыз ету. 
Балаларды дамыту олардың денсаулығын сақтаумен тығыз байланысты іске 
асырылатын мектептер салу. Әрбір оқушының қабілетін анықтау және дамыту, рухани бай, 
еркін, денсаулығы мықты, шығармашыл ойлайтын, келешекте қоғамның рухани және 
экономикалық дамуына белсенді атсалысуға қабілетті мамандық таңдауға бағдарланған 
тұлғаны қалыптастыру. 
Сондай-ақ, еліміздегі мектептердің миссияларын мысал ретінде көруге болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет