Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


ОҚУ ЖӘНЕ ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҚИЫНДЫҚТАРЫ БАР ОҚУШЫЛАРҒА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ



бет38/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82
ОҚУ ЖӘНЕ ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҚИЫНДЫҚТАРЫ БАР ОҚУШЫЛАРҒА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ

Оқу түсіну қабілеттерінің мол және күрделі жиынтығын қажет етеді, дегенмен олардың барлығы оқыған мәтінді түсіну дағдылары болмауы мүмкін. Мысалы, табысты оқу дағдылары оқыған мәтінді дұрыс түсінуге ықпал етеді, дегенмен тек оқу дағдыларының өзі барлық оқушылардың оқығанын жетік түсінуін қамтамасыз етпеуі мүмкін. Оқу дағдыларын зерттеу саласындағы жұмыстар оқушының оқығанын дұрыс зерделеп, түсінуі үшін келесі білім мен дағдылардың маңызды екендігін байқатады:


1. Сөзді түсіну деңгейіндегі дағдылар оқушылардың мәтіндегі сөздерді дәл және нақты айқындауына мүмкіндік береді. Бұл сала бойынша оқыту фонематикалық хабардарлықты, сөзді талдау тәсілдерін (әсіресе фонематикалық талдау), сөздік қорды және шолып оқуды жақсартуға арналған жаттығуларды қамтиды.
2. Сөздік қор және ауызша сөйлеу дағдылары оқырманға сөздердің және біртұтас мәтіннің мағынасын түсінуге көмектеседі. Бұл сала бойынша оқыту сөздік қорды дамыту стратегияларын және тыңдағанын түсінуді жақсартуға арналған жаттығуларды қамтиды.
3. Кең ауқымды тұжырымдамалық білім дүние туралы жалпылама білімді ғана емес, сонымен қатар жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар және басқа да пәндер бойынша игерген білім жатады. Мол ақпаратты қамтитын оқу бағдарламасы оқушылардың оқыған мәтінді жақсы түсінуі үшін қажетті білімін жетілдіруге көмектеседі.
4. Мәтінді түсіну үшін қажет білім мен дағдылар мәтінді құрылымдаудың әртүрлі тәсілдері туралы түсінікті және бірқатар танымдық стратегияларды қолдану қабілетін қамтиды.
5. Мәтін бойынша қорытынды тұжырымдауда қолданылатын ойлау және пайымдау дағдылары мәтінді толыққанды түсіну үшін қажет, мәтін күрделене түскен сайын, оқушының мәтін мазмұнына жан-жақты ойластырылған талдау жасау міндеті күрделеніп отырады.
6. Оқу мақсаттарын түсінуге және оған қол жеткізуге ынталану оқушылардың оқыған мәтін туралы түсінігін жақсартуға арналған әдіс-тәсілдерді қолдану мүмкіндігін арттырады. Күрделі мәтінді түсіну белсенді психикалық күш-жігерді қажет етеді, бұл оқушылар белгіленген оқу міндетін орындаумен айналысуы барысында барынша толыққанды жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет