Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДАҒЫ ҮРДІСТЕР



бет2/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДАҒЫ ҮРДІСТЕР
Бастауыш білім берудің басымдылықтары: сауаттылық және жаһандық құзыреттілік
Білім берудің бәсекеге қабілеттілігі, ең алдымен, PISA, TIMSS немесе PIRLS зерттеулері сияқты халықаралық салыстырмалы зерттеулер рейтингінде елдің алатын орнымен ғана айқындалмайды. Ол білімнің сапасымен және қолжетімділігімен анықталады. Елдің бәсекеге қабілеттілігі – бұл жаңа технологияларды игерудегі бәсекелестікке қабілеттілігі, азаматтардың оқу, еңбек ету және өмірдің өзгермелі жағдайларына бейімделу қабілеті [1].
Дегенмен білім беру саласындағы халықаралық салыстырмалы зерттеулер жыл сайын қазақстандық оқушылардың төмен нәтижелер көрсетіп отырғанын растайды, оларда өмірлік шындыққа жақын жағдайларда пәндік білімді қолдануда қиындықтар туындайды. Осыған орай, педагогикалық қоғамдастық міндеттерінің бірі әртүрлі оқу және практикалық міндеттерді шешу үшін функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында оқу процесінде алынған білімді қолдану қабілетін қалыптастыруға және бағалауға ықпал ететін ұлттық құралдар мен технологияларды әзірлеу болды. Функционалдық сауаттылық адамның білім, білік және дағдылары негізінде әлеуметтік қатынастар жүйесінде қалыпты жұмыс істеу, нақты мәдени ортаға барынша тез бейімделу қабілеті ретінде айқындалады [2].
Функционалдық сауаттылығы-адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгергенін, тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету, қалыптастыру, меңгерту. Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады.
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субъектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мақсаты негізге алынып отыр.

1957 жылы ЮНЕСКО енгізген «сауаттылық» термині бастапқыда әлеуметтік мәнмәтін шеңберінде қолданылатын оқылым мен жазылымды қамтитын дағдылар жиынтығы ретінде қарастырылған. Нақтырақ айтқанда, сауаттылық – бұл оқу және жазу дағдыларының белгілі бір деңгейі, яғни баспасөз өнімдерімен жұмыс істеу мүмкіндігі (қазіргі мағынада бұл оқылым, жазылым, есептеу және құжаттармен жұмыс істеу дағдылары). Сонымен қатар «ең төменгі сауаттылық деңгейі» және «функционалдық сауаттылық» ұғымдары енгізілді. Біріншісі қарапайым хабарламаларды оқу және жазу қабілетімен сипатталады, екіншісі – қоғаммен өзара әрекеттесу жағдайында оқылым және жазылым дағдыларын пайдалану мүмкіндігі (банкте шот ашу, сатып алынған музыкалық орталықтың нұсқауларын оқу, сотқа талап арыз жазу және т.б.), яғни бұл адамның әлеуметтік ортада толыққанды қызметін жасауға мүмкіндік беретін сауаттылық деңгейі [3].


Адамның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті және әдетте бастауыш мектепте игерілетін білім-білік, дағдылардың (оқу, жазу, сурет салу және т.б.) минималды жиынтығы ретінде қарастырылатын сауаттылықтың қарапайым идеясы қазіргі заманғы әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жеткіліксіз болып отыр [4].
Негізгі мектеп түлектерінің функционалдық сауаттылық деңгейін тексеру арқылы әртүрлі елдердегі білім беру сапасын бағалауға бағытталған PISA халықаралық зерттеулері функционалдық сауаттылықты құрайтын үш компонентті қарастырады:
1) оқу сауаттылығы – адамның өз мақсаттарына жету, білімі мен мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік өмірге қатысу үшін мәтіндерді түсіну, қолдану, бағалау, олар туралы ойлану және оқумен айналысу қабілеті;
2) математикалық сауаттылық – адамның математиканы әртүрлі мәнмәтінде (жеке, әлеуметтік, кәсіби, ғылыми) тұжырымдау, қолдану және түсіндіру қабілеті. Бұл қабілет математикалық ойлау, құбылыстарды сипаттау, түсіндіру және болжау үшін математикалық ұғымдарды, процедураларды, фактілер мен құралдарды қолдануды қамтиды. Бұл адамдарға математиканың әлемдегі рөлін түсінуге, жақсы негізделген пікірлер айтуға және сындарлы, белсенді және ойлы азамат үшін қажетті шешімдер қабылдауға көмектеседі;
3) жаратылыстану сауаттылығы – адамның жаратылыстану ғылымдары мәселелерін білу және сұрақтар қою үшін, жаңа білімді игеру, жаратылыстану құбылыстарын түсіндіру және жаратылыстану проблемаларына байланысты ғылыми дәлелдемелерге негізделген тұжырымдар жасау үшін жаратылыстану білімдерін меңгеру және пайдалану қабілеті; жаратылыстанудың негізгі ерекшеліктерін адам танымының нысаны ретінде түсіну; жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың қоғамның материалдық, зияткерлік және мәдени салаларға әсер ететіні жөнінде хабардар болуын көрсету; жаратылыстану ғылымымен байланысты мәселелерді қарастыру кезінде белсенді азаматтық ұстанымды көрсету [2].
Сауаттылықтың аталған компоненттерінің әрқайсысы 6 деңгейден тұрады, олардың негізі бастауыш мектепте қаланады. Сондықтан болашақта нақты пәндерді оқыту ерекшеліктерін сипаттау кезінде біз осы PISA компоненттері арқылы қарастырамыз.
Сонымен қатар қазіргі жағдайда функционалдық сауаттылықтың мазмұндық құрылымы кеңеюде, бұл білім беру сапасының халықаралық зерттеулерінен де байқалады. Мәселен, 2018 жылы PISA халықаралық мониторингі алғаш рет тексеру объектісі ретінде «global competence»/ «жаһандық құзыреттілік» компонентін енгізген (сондай-ақ әдебиеттерге осымен мәндес «жаһандық құзыреттер» термині қолданылады) [5,6].
2018 жылғы халықаралық зерттеуді әзірлеушілер жаһандық құзыреттілікті білім алушылардың сыртқы әлеммен өзара іс-қимыл жасау қабілеті ретінде қарастырды: «Global competence is a multidimensional, life-long learning goal. Жаһандық құзіреттілік – бұл өмір бойы оқудың көпөлшемді мақсаты. Жаһандық құзыретті тұлға мәдениетаралық өзара іс-қимылдың жергілікті, жаһандық проблемаларын зерттеуге, әртүрлі көзқарастар мен дүниетанымдарды түсінуге және бағалауға, басқалармен табысты және құрметпен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ тұрақты даму мен ұжымдық әл-ауқатты қамтамасыз ету үшін жауапкершілікпен әрекет ету қабілеті [7, 114-б.].
Жаһандық құзыреттілікті қалыптастыру уақыт талаптарына сәйкес келеді және білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін халықаралық талаптарға бағдарлау [8, 85-122 б.; 10] білім берудің ұлттық моделін жаңғыртуды: тәсілдері мен мазмұны бойынша талапқа сай оқу бағдарламаларын әзірлеуді [9]; білім беру ұйымдары қызметінің жаңа бағыттарын жандандыруды ынталандырады [7, 115 б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет