Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Әдеби-теориялық білімді меңгеру



бет47/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82
Әдеби-теориялық білімді меңгеру.
Функционалдық сауаттылық және «Әдебиеттік оқу» пәнінде
мәтінмен жұмыс жүргізу

Оқудың бірнеше түрі бар (12-кесте). Оқудың көрсетілген түрлері негізгі мектепте түпкілікті пысықталады. Бастауыш мектепте оқушылар оқуды зерттеп меңгереді, алайда оқудың басқа түрлері туралы да түсінік беру керек. Мына оқу функцияларын да ескеру қажет:



  • ақпарат алу процесінде жүзеге асырылатын танымдық функция;

  • практикалық қызметті басқаруға бағытталған реттеу функциясы;

  • адам өмірінің эмоциялық саласымен байланысты құндылық-бағдарлы функция.

Оқуды екі формада қалыптастыру маңызды – дауыстап оқу және ішінен оқу. Дауыстап оқу тыңдаушыларға арналған, яғни бұл анық, түсінікті, қатесіз тұтас сөздермен, қалыпты қарқында оқу. Мектепте ол орфоэпиялық сауаттылыққа, қабылдау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Ішінен оқу – бұл сыртқы сөйлеу қозғалыстарынсыз көзбен оқу.

Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда қолданылатын оқу түрлері.





Шолып оқу

мақсаты мәтіннің мазмұны туралы жалпы түсінік алу болып табылады. Мәтіндегі қызықты/ құнды мәліметтерді белгілей отырып, жалпылама шолып оқып шығу. Мұндай оқу танымдықтан бұрын келеді және кітаптың мазмұнымен, атауымен, шығарманың авторымен танысу керек болғанда қолданылады



Танымдық оқу

мақсаты мәтіннің мазмұнын жалпы түсіну болып табылады. Мұндай оқу бірнеше дереккөздің белгілі бір сұрақтарын бөлу, сондай-ақ аталған мәселе бойынша өз пікірін қалыптастыру мақсатында, алынған ақпаратты салыстыру және салғастыру үшін қолданылады.



Зерттеп оқу

оқудың бұл түрінің мақсаты мәтін ақпаратын толық немесе мүмкіндігінше дұрыс түсіну болып табылады. Зерттеп оқу мәтіннің басты ойын, оның мақсатын меңгеруге, қойылған сұрақтарға жауап іздеуге бағытталған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет