Білім беру бағдарламасына әдістемелік ұсынымдар



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата28.01.2017
өлшемі0,62 Mb.
#2865
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

 

3-

бөлім. Геометриялық фигуралар 

3.1 Фигуралар мен денелер.

 

Геометриялық фигуралар туралы балалардың 



түсініктерін  тереңдету  және  кеңейту  жалғасын  табады.  Математикада 

геометриялық фигуралардың саны көп. Қарапайым геометриялық фигураларды 

білу  және  оқып  үйрену  ойлауды,  логиканы,  зейін  мен  еске  сақтауды 

жақсартады.  

Балаларға  фигуралар  мен  денелерді  ажыратуды  ғана  емес,  сондай-ақ 

оларды жасай білуді де үйрету қажет. Математикада жазық фигуралармен қатар, 

сондай-ақ шар, конус, тетраэдр, текше, цилиндр, паралелепипед және пирамида 

сияқты  көлемді  фигуралар  да  оқытылады.  Жазық  фигуралар  мен  көлемді 



36 

 

фигуралар  мектепке  дейінгі  және  кіші  мектеп  жас  кезеңдерінде  оқытылады. 



Балалар  негізгі  геометриялық  фигураларды  қиналмай  ажыратуы  және  оларды 

дұрыс атай білуі қажет.  

Балалар  басқа  белгілеріне  алаңдамай-ақ,    фигураларды  бір  белгісіне 

бағдарлай отырып топтастырады. Олардың назар аудару,  жинақтау қабілеттері 

дамиды. Мысалы,  басында фигураларды 2 үлкен топқа - дөңгелек пішінділерге 

және  көпбұрыштарға  бөлу  арқылы  топтастыра  отырып,  балалардың  пішін 

туралы  білімдерін    жүйелеу  тиімді.  Балаларға  мынадай  тапсырма  ұсынған 

пайдалы: «Қай фигура артық  екенін табыңыз. Фигураларды таңдағанда қандай 

қателік  жіберілді?»  (6  үшбұрыштың  ішіндегі,  қатарға  орналасатырылған,  1 

төртбұрыштағы)  «Қандай  фигура  жетіспейді?»  (үшбұрыштар,  сопақ  пішіндегі 

фигуралар,  қатарластырылған  3-4  өлшемді  тікбұрыштар,  әрбір  қатарға  бір 

түрдегі  фигураларды  көлемі  үлкенінен  бастап,  кішірею  немесе  көлемінің  өсу 

ретімен орналастырылады, соңғы қатарда 1 фигура жетіспейді).  

3.2  Фигуралардың  өзара  орналасуы.

 

Геометриялық  фигуралар  мен 



денелерді ажырата білу мен атап көрсетуге жаттығу; бірнеше үшбұрыштан бір 

көпбұрыш, бірнеше кіші шаршыдан бір үлкен төртбұрыш; шеңбер бөліктерінен 

шеңбер, төрт бөліктен төртбұрыш шығару, екі қысқа кесіндіден бір ұзын кесінді 

жасау;  ауызша  сипаты  және  көрсетуі  бойынша  фигуралар құрастыру.  Бірнеше 

геометриялық  фигурадан  бір  бүтінін  құрастыру  балалардың  логикасын 

дамытады,  мысалы,  екі  үшбұрыштан  шаршы  немесе  ромб  шығару,  шаршыны 

үшбұрыш  түрінде    беттестіру,  фигураларды  бір-бірінің  үстіне  қою  арқылы 

жұлдыз шығару. 

Балаларды 

қарапайым 

басқатырғыш-есептермен 

таныстыру. 

Фигуралардың  көлемін  (үлкен-кішілігіне  қарай  өсу  ретімен  орналастыру), 

олардың  түсін  (түсі  және  реңі  бойынша  сұрыптау)  салыстыру,  берілген 

фигураларды  беттестіру  (үшбұрыштан  және  шаршыдан  үйшік,  үшбұрыштан 

шырша  құрастыру)  арқылы  белгісіз  нысандар  шығаруға  тапсырмалар  ұсыну 

балалардың  ойлауын  дамытады.  Фигураларды  қос-қостан  жұптап  салыстыру, 

сипап-сезу  және  көру  арқылы  зерттеуге  мүмкіндік  береді.  Білімді бекіту  және 

нақтылау үшін, фигуралар шығаратын әртүрлі нұсқадағы тапсырмалар беріледі. 

Балалар қағаздан жазық фигуралар қияды, көлемді фигураларды  ермексаздан 

мүсіндейді, қайтадан өзгертіп, басқасын шығарады. 

 

4-

бөлім. Математикалық модельдеу 

  6-

7  жастағы  балалар  заттардың  саны,  пішіні  және  көлемі  туралы  кең 

көлемді  білімді  игеруі,  кеңістік  (2-  және  3  өлшемде)  және  уақыт  бойынша 

бағдарлай білуді үйренуі қажет. 



1.1 

Математикалық  тіл  және  математикалық  модель.  Балалардың 

математикалық  білімге  тұрақты  қызығушылығына,  оны  қолдана  білуге  және 

оларға  өз  бетімен  қол  жеткізуге  тәрбиелеу.  Өз  бетінше  ойлауын,  кеңістіктік 

елесетете  білуін  дамыту  өте  маңызды.    «+»  таңбасын  заттар  тобының  бірігуі 

және «-» таңбасын заттар тобынан азайту ұғымы арқылы түсіну және қолдану. 

Математикалық  ұғымдарды  қалыптастыратын  дидактикалық  ойындарды 



37 

 

шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады: цифрлар мен сандармен ойын; 



уақытпен саяхаттау ойындары; кеңістікте бағдарлайтын ойындар; геометриялық 

фигуралар мен ойындар; логикалық ойлайтын ойындар. 

Алдымен  қосу  есептеріне  үйретуден  бастау  және  содан  кейін  азайту 

есептеріне  көшу  қажет.    Балалар  қосуға  берілген  есептерде  «+»  белгісімен, 

азайтуға  берілген  есептерде  –  «-»  белгісімен  (карточкаларды  қолдан  арқылы) 

таныстырылады. 

Әрбір есеп мазмұнында дойбы немесе ең қарапайым басқатырғыш сияқты 

логикалық  жаттығуларға,  сондай-ақ  көңіл  көтеретін  ойын  элементтері  туралы 

математикалық материалдарға басымдық беріледі.  

 

«Құрастыру» сабағының мазмұны  

Балалардың  құрастырмалары  түрлі  материалдардан  (қағаз,  картон,  ағаш, 

арнайы  құрылыс  жиынтықтары  мен  конструкторлар)  түрлі  ойын  бұйымдарын 

(ойыншықтар, құрылыстар) жасау болып табылады.  

Балалардың  негізгі  құрастырма  түрлері  –  бұл  әрқайсысы  өзіндік 

ерекшелікке  ие  және  жетекшілік  атқаруда  сараланған  тәсілді  талап  ететін 

бейнелеу және техникалық құрастырмалар. 

1-

бөлім. Материалдар және қауіпсіздік  

1. 1. Материалдарды зерделеу 

Осы жас кезеңінде балалар үшін олардың өз жұмысын жоспарлай білуіне 

ерекше  талаптар  қойылады.    Олар  жұмысты  орындаудан  бұрын,  құрылыстың 

қандай болатынын ойластыруы және материалды таңдауы қажет.  

Табиғи және жасанды материалдарды ажырату. Құрылыс материалдарынан 

құрастыру  әрекетін  ұйымдастыру  арқылы  педагог  адамдарды,  жануарларды, 

өсімдіктер мен көлікті бейнелейтін түрлі ұсақ ойыншықтарды қолданады.  

Табиғи және жасанды материалдардың қасиетін атау. Мектепалды даярлық 

сыныптарында  табиғи  және  жасанды  материалдар  кеңінен  қолданылады. 

Балаларға әртүрлі сұрыптағы қағаздар беріледі: тығыз, жазу, жылтыр, жартылай 

ватман, жұқа картон. Табиғи материалдардың әртүрлері (бүршік, сабақ, тұқым, 

жапырақ)  мен  дайындау  жеңілдігі  балалармен  жұмыста  кеңінен  қолдануға 

мүмкіндік береді. Жақсылап жуылып, кептірілген жемістердің (қара өрік, сары 

өрік, сабдалы) сүйектері мен бұршақты, шемішкені, күрішті, бидайды және т.б. 

қолдануға болады. Материалдың әрбір түрі қорапта немесе қалтада сақталады. 

Бұйымдарды  жасауда  қосымша  материалдар:  қағаз,  картон,  ермексаз,  сым, 

сіріңке, желім және пышақ, қайшы, біз, ине қолданылады.         

1. 2. Қауіпсіздік және еңбек мәдениеті 

Материалдармен және құралдармен жұмыс барысында техника қауіпсіздігі 

ережелерін  орындау.  Құрылыс  материалдарын  олардың  әрбір  бөлшегіне 

арналған  бөліктері  бар  арнайы  шкафта  сақтау,  сондай-ақ  онда  материалды 

балалар кез-келгенін жылдам тауып алу үшін пішіндері бойынша орналастыру.  

Еңбек пен шығармашылыққа арналған қадалғыш және кескіш құралдарды 

дұрыс  қолдану.  Жұмыс  барысында  құралдарды,  жұмыс  орнын  ретке  келтіру. 

Балаларды  құрылыс  бөлшектерімен,  бөлшектердің  қозғалатын  және 



38 

 

қозғалмайтын бірігуімен таныстыру, құралдармен қалай жұмыс істеуді көрсету 



және  еңбек  қауіпсіздігі  ережелері  туралы  айту,  суреттерден  бөлшекті  табуды, 

бұрандама мен сомындардың көмегімен бекітуді үйрету. Конструктор әр балаға 

беріледі. Педагог оған не үшін қамқорлықпен қарауды түсіндіреді.  

Ұжымдық әрекеттің рөлі артады, осыған байланысты балалардың бойында 

міндеттер бөлінісін қалыптастыруға, жалпы жұмысты жоспарлауға және жалпы 

оймен құрастыруға көп талаптар қойылады. Өздігінен құрастыру әрекеті балаға 

өзінің  тәжірибесін  және  құрбыларының  тәжірибесін  шығармашылықпен 

қолдану мүмкіндігін, өз қимылдарын талдай білуді игеруді береді. Бірге жұмыс 

істей отырып балалар бір-бірінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін байқайды, бір-

біріне  көмекке  береді.  Олар  егер  жолдасы  жұмысты  жақсы  орындаса,  бірақ 

құрылыс  материалдарын  шашып  немесе  құрастыру  бөлшектерін  жоғалтып 

алған  болса,  оған  жағымды  баға  беруге  болмайтынын,  ұялшақ  және  баяу 

құрдасының құрылысын көп сынауға болмайтынын түсінуі керек.   

 

2-

бөлім. Жасау және дайындау 

2. 1. Құрастыру техникалары мен тәсілдері  

Моделдеуді,  құрастыруды  және  құрастыру  бөлшектерін  ажырата  білуге 

үйреті,  берілген  тақырып,  жағдай,  сурет,  фотосуреттер  бойынша  сөзбен 

сипаттама беріп, оларды құрастыруға үйрету. 

Жаңа  құрылымдық  шеберліктерді  үйрету:  шағын  жалпақ  бөліктерді  бір 

үлкеніне  қосу,  құрылыстарды  мықты,  биік  етіп  жасау.  Бір  құрылымның  түрлі 

көлемдегі  нұсқаларын  және  ұжымдық  құрылыстарды  (қала  көшелері,  зообақ, 

теңіз порты) жасау дағдыларын қалыптастыру.   

Ұжымдық  сюжеттік  құрастыруға  баулу.  Шығармашылық  ойлау  мен 

қиялдауды  дамыту.  Қағаздан  құрастыру  тәсілдерін  (жарты  шеңберді  конусқа 

орау,  тікбұрышты  целиндрге  айналдыру,  квадратты  кубқа  айналдыру,  өру)  

қолдана отырып, жазық материалды көлемді пішінге айналдары білуді бекіту.  



3-

бөлім. Шығармашылық және таныстырылым 

3.  1.  Шығармашылық.  Дайын  үлгі,  қарапайым  сызба  бойынша  жұмыс 

жасай  білу,  контур  бойынша  ою  мен  тілуге  қайшыны  қолдану  дағдыларын  

қалыптастыру.  

Түрлі  материалдардан  өз  ойы  бойынша  құрастырма  жасау.  Сіріңке 

қораптарынан  түрліше  үйлестіріп,  бұйымдар  құрастыруды  қалыптастыру. 

Балалар  дайын  жұмыстарды  талдау  барысында,  өзінің  қандай  зат  жасағаны 

туралы  (бұл  педагогтың  ұсынған  шартына  сәйкес  келеді  ме,  не  үшін  басқа 

бөлшектерді  емес,    осы  бөлшектерді  қолданды,  неге  ғимарат  осылайша 

безендірілді) айтуы қажет. 

Табиғи  және  қалдық  материалдармен  жұмыс  дағдыларын  жетілдіру: 

шығармашылық  қиялының  пайда  болуы,  бұйымды  өзіндік  елетестуіне  қарай 

жасай білуі.        

 


39 

 

 



«Жаратылыстану және экология негіздері» сабағының мазмұны  

Экологиялық  тәрбие  бойынша  балалармен  жұмыс  істеу  кіріктіру  тәсілі 

негізінде  іске  асырылады.  Мектепалды  даярлықта  жаратылыстану  және 

экология  негіздері  сабақтарын  жүргізуде,  табиғаттың  пайдалы  әсерін  жүйелі 

түрде  педагогтың  балаға  әсерімен  ұштастыру  қажет.  Ол  үшін  баламен 

жасалатын  жұмыстарды  алдына  ала  жоспарлап  жүргізу  қажет.  Табиғаттың 

әсерінен  баланың  шығармашылық  ойлауы  дамиды,  әсемдікке  құштарлығы 

артады.  Сондықтан  бұл  жұмыстарды  тек  сабақ  кезінде  ғана  емес,  сондай-ақ 

серуендеу,  жер  телімдерінде  еңбек  ету  және  т.б.  уақыттарда  жалғастыруға 

болады.    Педагог  сабақтарды  балаларда  дәл  және  дұрыс  түсініктерді 

қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  түрлі  демонстрациялық  және  оқу 

құралдарын  қолданады.  Сонымен  қатар  сабақтарда  балалар  әдебиетін  оқуға, 

иллюстрацияларды,  слайдтарды    қарауды  және  т.б.  қолдануға  болады. 

Табиғаттың әсем көрінісіне, оның түрленуі мен қанық бояуларына балалардың 

назарын  аударып,  олардың  бойында  табиғат  құбылыстарына  деген 

қызығушылық пен сүйіспеншілікті қалыптастыруға, оған қамқорлық көрсетуге 

үйретуге болады. Ал осы жұмыстарды тиімді жүргізуде табиғат бұрышының да 

және  жасыл  желекке  оранған  ғимараттардың  жер  телімдерінің  де  әсері  мол. 

Табиғат бұрышын талапқа сай ұйымдастыру педагогтың тынымсыз еңбегі мен 

шығармашылығына тікелей байланысты. Табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен 

жануарларға бақылау жасау мен күтім жасау балаларды әсемдікке баулиды және 

табиғатқа  қамқор  болуға  үндейді.  Мұнда  сондай-ақ  балалардың  зерттеу 

әрекетіне  тәжірибе  жасау  мен  бақылау  жүргізуге  ерекше  мән  беріледі.  Алты-

жеті  жастағы  балалармен  саяхат  жасау  және  серуендеу  кезінде,  дидактикалық 

ойындар мен жаттығуларды өткізу өте қызықты болады.  

 

1-

бөлім. Тірі табиғат   

Балалардың  бойында  табиғатқа  деген  сүйіспеншілікті  қалыптастыру,  

олардың табиғатты қорғау туралы білімдерін байыту. 

1.1.Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері. Табиғаттағы маусымдық 

өзгерістерді  атауға,  ажыратуға  және  бақылауға  үйрету.  Мысалы:  педагогтың 

күзде мынадай ойындарды өткізуіне болады. «Әртүрлі бес ағаштан бес жапырақ 

алып,  олардың  қай  ағаштың  жапырағы  екенін  атау».  «Әдемі  жапырақтарды 

жинау»,  «Үлкен  жапырақты  табу»  және  «Сипаттамасына  қарай  ағаш  пен 

бұтаны табу». 



1.2

.Өсімдіктер әлемі. Серуендеу кезінде балалардың табиғат құбылыстары 

туралы білімдерін байытылады және жүйеленеді. Әрбір қайта бақылау жаңалық 

элементтерінен құралуы тиіс, ал олардың мазмұны бақылаудан бақылауға қарай 

күрделене түсуі керек.   



40 

 

Табиғаттың  заттары  мен  құбылыстарына  қысқа  мерзімді  бақылаулар 



жүргізу.  Қыстыгүні  тірі  және  өлі  табиғат  нысандарын  бақылау  дағдыларын 

бекіту. Көктемгі маусымдық өзгерістермен таныстыру. 

Халық  ырымдарымен  таныстыру.  Жұмбақ,  жаңылпаш  және  мәтелдерге 

орай,  балалар  қоршаған  табиғатқа  ерекше  ықылас-ынтамен  қарайтын  болады. 

Жақын аймақта орналасқан ағаштар, бұталар, жапырақтар туралы түсініктерін 

бекіту,  өздеріне  тән  белгілері  бойынша  ағаштар  мен  бұталардың  бірнеше 

түрлерін  ажырату.  Өсімдіктердің  адам  өмірі  үшін  маңызын  көрсету. 

Өсімдіктерді  топтастыру:  ағаштар,  бұталар,  жапырақтар.  Көкөністер  мен 

жемістерді атауға, ажыратуға және жалпылауға үйрету.  

Өсімдіктердің  дамуы  мен  өсуі  (тұқым,  көшет,  жапырақтарымен  сабақтар, 

гүлдер)  туралы,  оларды  өсіру  және  оларға  күтім  жасау  тәсілдерін  (жерге 

отырғызу, суару, топырақты қопсыту, арам шөпті жұлу, қоректендіру) үйрету.   

 

1.3.Жануарлар  әлемі.  Жануарларға  бақылау  жасау  кезінде,  әсіресе, 

олардың  сыртқы  пішіндеріне,  өздерін  ұстау  ерекшеліктеріне  үйрету.  Табиғат 

бұрышындағы  жануарлар  тіршілігімен,  ондағы  тірі  объектілерге  күтім 

жасайтын қажетті құралдармен таныстыру. Балалармен бірге табиғатты бақылау 

күнделігін  жүргізу.  Кейбір  жәндіктердің  түрлері  мен  тіршілігі,  олардың 

мекендейтін жерлері туралы түсініктерін қалыптастыру. 

Жабайы  аңдардың  тіршілігі  туралы  түсініктерін  кеңейту.  Күз  кезеңінде 

аңдардың  сыртқы  келбеті  мен  тіршілік  ерекшеліктерін  сипаттай  білуге 

(мекендейтін жері, түсі, азығы, қысқа дайындығы) үйрету.     

Көктемгі-жаздық  мезгілдегі  жануарлардың  тіршілігі  туралы  ұғымдарын 

кеңейту  (кейбір  жануарлардың  қысқы  ұйқыларынан  оянуы,  түлеуі,  ұя  салу, 

төлдеу). 

Қазақстанда  мекендейтін  жабайы  жануарлармен  (кірпі,  сарытышқан, 

қарсақ,  дала  тасбақасы,  қосаяқ,  құлан),  олардың  сыртқы  келбетімен, 

мекендейтін жерлерімен таныстыру. 

Қыстап қалатын және жыл құстары туралы ұғымдарын қалыптастыру. 

 

1.4.Адам.  Балалардың  өскелең  танымдық  қызығушылықтары  қоршаған 

шындық  өмір  құбылыстарын,  олардың  байланысы  мен  тәуелділігін  терең 

ұғынуына мүмкіндік береді.  

Адам  ағзасының  атқаратын  қызметін  білу  және  сезім  мүшелерін  атау. 

Алты-жеті  жастағы  балалардың  ақылы  мен  сезімін  байыту  үшін  табиғаттың, 

сәулеттің,  өнер  туындыларының  әсемдігін  көруге  қабілетті.  Адам  өміріне 

қажетті жағдайларды білу.    

 

2-

бөлім. Өлі табиғат.  

Өлі табиғатта маусымдық өзгерістер туралы ұғымдарды қалыптастыруды 

жалғастыру.  Түсі,  көлемі,  пішіні  мен  маңызы  бойынша  заттарды  салыстыру 

және  оларды  жіктеу  білігі.  Кез-келген  зат  адам  еңбегімен  жасалғаны  туралы 

түсінік беру. Адам қолынан жасалған заттарға ұқыптылықпен қарау.  

Адам қолымен жасалған заттарды өлі табиғат заттарынан ажырата білуге 

үйрету.  Судың  үш  жағдайы  туралы  білімдерін  бекіту.  Өлі  табиғат 


41 

 

нысандарымен,  олардың  қасиеттерімен  және  белгілерімен  таныстыру:  көмір, 



құм, сазбалшық, мұнай, гранит. Атап, оларды ажырату білігіне үйрету.  

Телефон,  компьютер,  теледидар,  радио  және  оларды  қолданудың  кейбір 

қарапайым ережелері туралы білімдерін кеңейту. 

Заттар,  олардың  нышандары  мен  белгілері  туралы  ұғымдарды  бекіту. 

Табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту: тұман, шық, найзағай, қырау, 

бұршақ, сүңгі, тамшы, жылымық. 



 

3-

бөлім. Физикалық құбылыстар 

Балалардың  дене  құбылысы  туралы  білімдерін  дамыту:  жарық  (жарық 

беретін  нысандарды  атау  –  от,  күн,  шырақ),  дыбыс  (табиғаттағы  дыбыстың 

дерек  көзін  анықтау),  жылу  (жылудың  дерек  көзін  атау),  электр  және 

магниттілік  (электр  тоғының  табиғи  дерек  көзін  атау,  магнитты  қолдану 

жолдарын атау). 



3.1. Қозғалыс және күш 

Қардың  тез  ерігенін  (көлеңкеде  неме  күн  астында),  қандай  қар  тез 

еритінін (таза немесе лас) бақылау тапсырмасын беру. Көктемде күш жинап алу 

үшін  қыста  ағаштар  мен  бұталар  демалатынын  түсіндіру  керек.  Күннің 

көрінетін қозғалысына бақылау жасау, балаларға желтоқсан айында күн жоғары 

көтерілмейтіні, күндер өте қысқа болатыны, ал қаңтар айында, әсіресе, ақпанда 

күн  шамалы  ұзара  бастайтынын,  алайда,  аяз  әлі  де  болса  қатты  болатыны 

туралы түсінік беру; ақпан айында тек қана аяз емес, сонымен қатар боран мен 

борқасын да болады. 

3.2. Жарық 

Балаларды  көктемде  тіршіліктің  жандануы  қуантады,  оларды  болып 

жатқан өзгерістер қуантады. Бұл қызығушылықты қолдау қажет. Жарық беретін 

нысандарды атап көрсету: от, күн, шырақ. 



3.3. Дыбыс 

Құстардың  ұялайтын  орнына  серуен  ұйымдастыру  керек.  Құстардың  ән 

салғанын тыңдау керек, көкекті, бұлбұлды, қараторғайды дауыстары бойынша 

анықтауға үйрету. Табиғаттағы дыбыстың шығу көзін анықтау. 



3.4. Жылу 

Серуенде  балалардың  назарын  күннің  күнделікті  жоғары  көтеріліп,  ауа 

райының жыли бастағанына аудару керек. Жылудың дерек көзін атап көрсету. 

Педагог қардың қорғаныштық (жерді және өсімдіктерді аяздан қорғап жабады, 

қар  жабындысы  көктемде  өсімдіктер  үшін  ылғал  көзі  болып  табылады, 

сондықтан егістіктерде қар тоқтату жүргізіледі) қасиеттері туралы атау қажет. 



3.5. Электр және магниттілік 

Балаларды  қардың  түрлі  қасиеттерімен  таныстыру  (ұлпақ,  түкті, 

жылтырайды,  күнге  шағылысады,  жарықтың  түсуіне  байланысты  түсін 

өзгертеді).  Салыстыру  тәсілі  тиімді  әдіс  болып  табылады.  Балалар  заттарды 

салыстыра 

отырып, 


олардың 

ұқсастық 

белгілерін 

айқындайды, 

айырмашылығын анықтайды. Магнитті қолдану жолдары. 

 


42 

 

4-



бөлім.

 

Табиғатты қорғау 

Жануарлар мен өсімдіктердің барлық түрлерін сақтау қажеттілігі туралы 

ұғымдарын  кеңейту.  Балалармен  бірге  орман  санитары  -  құмырсқаны  қарап, 

құмырсқаларды қорғау туралы әңгімелеу. 

4.1. Табиғатқа қамқорлық  

Табиғатта  өзін-өзі  ұстаудың  (ағаш  жапырақтарын  жұлмау,  гүлді  жұлмау, 

гүлзарларды  таптамау,  ұяны  бұзбау,  қоқыс  тастамау)  қарапайым  ережелеріне 

үйрету.  Табиғатта қолынан келетін жұмысқа көмек көрсетуге баулу. Табиғатқа 

зиян  келтіретін  жағдайлар  мен  әрекеттерді  атап  көрсету.  Саңырауқұлақ  пен 

кейбір жидектерді жинау ережелерімен таныстыру.  

Ауа  мен  судың  ластану  себептерін  атап  көрсету.  Педагог  тек  хабарлап 

қана  қоймай,  сонымен  қатар  себеп-салдар  байланысын  орнатып,  баланы 

ойлануға  мәжбүрлейтін  сұрақтар  қояды.  Тірі  және  өлі  табиғаттың  өзара 

байланысын  түсіндіреді.  Өлі  табиғаттағы  үдерістер  жануарлар  мен 

өсімдіктердің  өзгеруіне  әкеліп  соқтыратыны  туралы  түсініктерін  біртіндеп 

қалыптастыру. 

«Қызыл  кітаптың»  маңыздылығын  түсіндіру.  Жануарлар  қоршаған 

ортаның  жағдайына  бейімделетінін,  мұның  өзі  олардың  аман  қалуына 

мүмкіндік беретінін түсіндіру керек. Өсімдіктер мен жануарларды күтіп-баптау 

тәсілдерін түсіндіру. Оларды күтіп-баптауға дағдыландыру. 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

43 

 

 



«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ 

 

«Сурет салу» сабағының мазмұны  



 

Мектепалды  даярлық  сыныптарында  балаларды  бейнелеу  өнеріне 

үйретуде,  сурет  салу  ерекше  орын  алады  және  үш  түрге  бөлінеді:  жеке 

заттардың,  мазмұнды  және  сәндік  сурет  салу.  Олардың  әрқайсысының 

бағдарламалық  материалдары  мен  жұмыс  мазмұнын  анықтайтын  өзіне  тән 

ерекше міндеттері бар.  

Сурет  салуға  үйретудің  негізгі  міндеті  –  балаларға  қоршаған  ортаның 

болмысын тануға көмектесу, олардың аңғарымпаздықтарын дамыту, сұлулықты 

сезінуге тәрбиелеу және бейнелеу тәсілдерін үйрету. 

Сурет  салу  –  сызықтармен  және  алуан  түрлі  түстер  арқылы  жазықтықта 

шынайы заттарды немесе қиялдағы заттарды бейнелеу өнері.  

6-

7  жастағы  балаларды  үйретудегі  әдістердің  ішінде  затқа  қарап  сурет 



салуға  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Затқа  қарап  сурет  салуды  басқа  тәсілдермен  де 

үйлестіруге  алады,  себебі  педагогтың  алдындағы  тәлім-тәрбие  білім  берудің 

барлық міндеттерін жүзеге асыруа алмайды. 

Балалар  заттардың  негізгі  ерекшеліктерін  атай  отырып,  оны  көзбен  көру 

арқылы  зерттеуге  қабілетті.  Балалардың  тәжірибесі  өскені  соншалықты,  олар 

қосымша басқа сезім мүшелерінсіз-ақ, тек көру негізінде олардың орналасуына, 

жалпы формаларына, бөліктеріне талдау жасай алады. Сондай-ақ бұрын таныс 

болмаған, енді ғана алғаш рет көріп тұрған заттардың суретін салуға болмайды.  

Сурет салудың мақсатына байланысты әдістерді қолдану үлгісі алуан түрлі 

болуы мүмкін. Балалар қандай да бір жаңа композициялық тәсілдермен немесе 

өрнектің  элементтерімен  таныстырған  жағдайда  нақты  қайталау  жұмысы 

жүргізіледі. 

Мысалы,  олар  жапырақтарды  дөңгелете  симметриялық  етіп  орналастыра 

отырып,  «малу»  арқылы  гүлді  құрастыруға  үйренеді.  Осы  міндетті  орындауға 

толықтай  зейінді  шоғырландыру  керек,  сондықтан  бұл  жерде  жоғары-төмен, 

оңға-солға, ара-арасымен жапырақтардың суретін бірізділікпен салуды көрнекі 

түрде көрсетуге болады.  

Алайда, бұл үлгі алға қойылған міндетті түсіндіру үшін ғана қолданылады. 

Балалар  алға  қойылған  міндетті  бұзбастан  өз  еріктері  бойынша  оның  барлық 

элементтерін, түстерін және т.б. қолдана отырып өздігінен орындай алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет