2-
бөлім. Еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс істеуде, қауіпсіздік
техникасын сақтау
2.1. Қайшымен жұмыс істеу әдістері
Балалар қайшымен жұмыс істеудің техникалық әдістерін біртіндеп
меңгереді. Қиюдың сол және басқа тәсілдерін меңгеру – бірнеше рет
қайталауды, жаттығуды керек ететін ұзақ үдеріс.
52
Ең алдымен, қайшыны дұрыс таңдау қажет. Балалар шығармашылығы
үшін арнайы қауіпсіз үлгідегі қайшылар болады. Бала жұмыс барысында
жарақаттанбауы үшін, олардың ұштары дөңгеленген, жеңіл әрі ыңғайлы болып
келеді. Жабық пластикалы ұстарасы бар қайшылар да болады. Бас бармаққа
киетін кішкене сақинасы, сұқ саусаққа және ортаңғы саусаққа ұзартылған
сақинасы бар қайшылар кездеседі. Сақинасы бірдей қайшылар да болады, оған
бас және ортаңғы саусақ кигізіледі, ал сұқ саусақ оған қалай ыңғайлы солай
жатады. Егер педагог балаларға қайшыны ұстауды және оны қалай
қолданатынын үйретуге көмектесетін болса, қайшымен жұмыс істеуге үйрету
және қиюдың тәсілдерін үйрету оңай және ойдағыдай болады. Педагог
қайшыны қолданудың ережесін балалармен бірге талқылауы қажет.
Балалардың жұмыс істеу қауіпсіздігі үшін ұшы дөңгеленген және тұтқасы
әзірленген қайшы қажет. Олардың ұзындығының мөлшері шамамен 120 мм
болуы керек.
2.2. Материалдармен, құралдармен жұмыс істеу
Балалар 6-7 жаста құралдарды (қайшы, желім, қылқалам, сүлгі және т.б.)
қолдана отырып, материалдарды өңдеуге байланысты (бүктеу, қию, желімдеу)
еңбек білігінің бірқатарын меңгереді.
Жапсыру сабағына тек қағаз емес, сонымен қатар ермексаз, сондай-ақ
басқа да материал қолдануға болады. Мысалы, әртүрлі матадан, кептірілген
жапырақтар мен гүлдерден, түрлі-түсті ұнтақ жармасы немесе уатылған
жұмыртқаның қабығынан жасалған жапсыру өте әдемі көрінеді.
Жапсыру сабағы барысында балалар қию және желімдеу арқылы әртүрлі
заттардың қарапайым пішіндерімен, бөліктерімен және сұлбаларымен
танысады. Жапсырудың меңгеру үдерісі желімсіз кесіп алуына (билетер,
жалаулар және т.б. дайындай отырып қағазды қияды, қайшыны қолдануға
үйренеді) көмектеседі.
Балалар пішіндерді бөлік немесе сұлба түрінде кесе алады. Олар үшін жеке
бөліктерден заттарды құрастыру, сурет салу мен мүсіндеудегі конструкциялық
бейнелеу сияқты оңай. Балаларға сұлбалық кесу қиынға соғады, себебі заттың
басқа бөліктерінің үйлесімділігі мен жалпы жиегін қайта-қайта салыстырып
отыру керек.
Балалар сабақта түрлі материалдардың (қағаз, жарма, ағаш жапырақтары
және гүлдер, дақылдар, мата және т.б.) қасиеттерімен танысады, геометриялық
пішіндер мен түстерді ажыратуға, көлемі бойынша бөліктер қатынасын
орнатуға және бөлікті тұтасқа біріктіруге, құрылымын, кеңістіктегі заттың
орнын көрсетуге, қағаздың бетін тұспалдауға үйренеді. Қағаздан қиылған
пішіндерді жағуға арналған қылқаламдар дайындаудың мөлшеріне байланысты
болып келеді. Себебі, ұжымдық жапсыру үшін екі мөлшердегі қылқалам болуы
керек. Үлкен жазықтықта желімдеу үшін, жалпақ қылқалам – флейца
қолданады.
Балаларды өздігінен жұмыс орнын және жұмыс барысында құралдарды
ретке келтіруге үйрету: ұшы үшкір құралдарды орнына қою; оларды жұмыс
53
орнында дұрыс орналастыру туралы; қайшымен жұмыс істеудің қауіпсіздік
ережесін сақтау.
Балаларда еңбек мәдениеті (алдын-ала қажетті материалдарды дайындау,
жұмыс орнын тәртіпке келтіру, орындалатын тапсырманың реттілігін
жоспарлау, сабақтан соң материал мен құралдарды жинау) қалыптасады.
Музыка сабағының мазмұны
6-
7 жастағы балаларда музыкалық сауаттылыққа деген қызығушылық
пайда болады, әнді, биді мәнерлеп орындауға ерекше талпынады,
шығармашылық танытады; естігендері туралы өздерінің пікірлерін айту
ниеттерін білдіреді. Балалар өздерінің артықшылығын дәлелдеп, суырып салма
өлеңге және шығарымпаздыққа қатты қызығушылық білдіреді. Музыкалық
өнерге тірек арқылы балалардың жеке басын қалыптастыру музыкалық
тәрбиелеудің негізі болып табылады.
1-
бөлім. Музыкалық сауат
1.1. Музыкалық мәнерлілік құралдары (әуен, қалып, ырғақ, қарқын, тембр,
динамика, регистр)
Балалар музыканы қабылдай отырып, ең алдымен, оның жалпы сипатын
сезінеді, оның көңіл-күйін аңғарады. Музыкалық шығарманың бейнелік
мазмұнын, негізгі ойды білдіру музыкалық мәнерлілік құралы көмегімен
беріледі.
6-
7 жастағы балалар үнемі жаттығу барысында пайда болатын, әуендік
естуін дамытатын, қозғалысты, жоғары-төмен әуенді анықтайтын, түрлі
жоғарылықта дыбысты, ұзақтылықты салыстыратын, ән салатын, аралық,
ыңылдап ән айтатын, бастапқы кейбір дыбысы жоғары және ырғақты
түсініктермен танысады. Барлық уақытта балалардың естуі дыбысталудың
дұрыстығын бақылайды.
Педагог баланың рухани әлемін жалпылайтын, мейірімділік сезімге,
эстетикалық жанашырлыққа итермелейтін, қызығушылық танытатын және
алғашқы музыкалық талғам пайда болатын алуан түрлі әндермен таныстыру
міндеттерін іске асырады.
Белсенді сипатты тануға үйрету; балаларды музыкалық сауаттылық
элементтерімен таныстырады, музыкалық терминдер, орындау сипаты
(әуенділік, қимылды, үздік-создық, асықпай, жылдам), шығарманың түрі (әннің
бастамасы, қайырма, кіріспе, фраза) туралы кейбір мәліметтерді хабарлайды.
1.2. Музыка жанрлары
6-
7 жастағы балалар адамға музыка керек екендігін біледі: музыкамен ән
айтып, би билеуге, мұңаюға, көңіл көтеруге, демалуға, мерекелерді атап өтуге
болатынын біледі, олар осылай өзінің музыкаға деген қатынасын білдіреді.
Балалалар, көбінесе, көңілді, қимылды музыкаға көңіл бөледі. Музыканы
композиторлар жазатынын, кейбір музыкалық аспаптарды, негізінен, пианино,
54
домбыра, қобыз, барабан және т.б. таниды. Бұл жаста олар музыканы бір
мезгілде бірнеше аспаппен орындауға болатынын түсінеді. Музыкалық
жанрларды ажырата алады: күй, ән, би, марштарды ажырата алады. Балеттің не
екенін түсінеді, алайда оларға опера мен хор музыкасын қабылдау қиынға
соғады.
Балалардың сүйікті музыкалық жанры ән болып табылады. Балалар
ойнағанда, шомылғанда, киінгенде, өзінің эмоциялық қажеттілік туындағанда,
ұжымда өзінің ісін дәлелдегісі келгенде, қоршаған ортаны өзіне аударғысы
келгенде, ән салады. Балалар музыкалық шығарманың сипатын ажыратуға
қабілетті. Қонақтар келген кезде, олар көңілді музыка, балаларға арналған ән
немесе заманауи музыка қояды.
1.3. Музыка формасы
Музыканы белсенді қабылдау мен оның әртүрлі ерекшеліктерін мұқият
тыңдауды дамытуға арналған жұмыстың бірі – бұл балалардың өздері
орындайтын әндерімен салыстырғанда, күрделі музыкамен таныстыруға
мүмкіндік беретін музыка тыңдау. Музыканы жақсы көру үшін, балаларда түрлі
дәуірдегі және стилдегі музыкалық шығарманы қабылдау тәжірибесі болуы
керек, оның дауыс ырғағына әдеттеніп, музыкалық шығарманың көңіл-күйін
сезінуі керек. Біздің уақытта музыкалық ақпарат ағыны шексіз. Қалыптасқан
көркем талғам деңгейіне сәйкес, музыкалық әсерлерді қабылдауына көмек
беретін мақсатты музыканы тыңдау ұйымда маңызды мәселе болып табылады.
Балаларды музыканы белсенді тыңдату – күрделі іс. Оның міндеті -
қабылдау үдерісінің белсенді және шығармашыл болуын талап ету. Бұған
балалардың тыңдар алдында және шығарманы талдау барысында алатын
сұрақтары мен тапсырмалары ықпал етеді.
Шығарманың қарапайым түрін (әннің бастамасы және қайырмасы) мен
аспаптардың дыбысталуын ажырату, ырғақтық сипаттың, әуендік айналымның
пайда болу дағдысын қалыптастыру.
2-
бөлім. Балаларға арналған музыка аспаптарында ән салу және
ойнау
2.1. Ән салу
Музыкалық іс-әрекеттің басты түрі ән салу болып саналады, сондықтан
музыка сабағында педагог балалардың ән салуға деген қызығушылығын, ән
айту, әсіресе, мазмұнды ән айту ниетіне талпындырады. Ән айтуға үйрету
барысында әрбір сабақта жаңа, қосымша тапсырмалар беріледі. Күрделі әуенді
ән айту, жеке фразаларды орындау; ырғақты сақтай отырып мәтінді сыбырмен
анық айту; сүйемелдеусіз ән айту. Сонымен қатар ән айту дағдысы мен ән айту
мақсатына көңіл бөлу керек: дене тұрқын, басын, иығын, қолын және аяғын
дұрыс қою. Балалар орындыққа тізелері бүгілген, түзу орналасқан, табандары
еденге толық тиіп тұрған күйінде жайғасуы тиіс. Олар орындықтың
жартысында отырады, арқасын тік ұстайды, ал қолдары тізеде болады. Басын не
жоғары көтермей, не төмен түсірмей, түзу ұстайды. тік тұрып ән айтқан кезде,
дене тұрқы мен мойны түзу, аяғының арасы шамалы алшақ, қолдары дене
55
бойымен тұрады. Иекті қоюға ерекше назар аудару керек: ол не көтеріңкі, не
төмен болмау керек.
Педагог ән салған кезде тыныс алуын қалыптастыруды жалғастырады:
музыкалық фразаның барлық ұзақтығына тыныс алуды біртіндінтеп шығару
есебінен, дем шығаруға үйретеді; міндетті түрде қысқа, энергиялы шамалы
демді ішке тартуға үйретеді, бұл кезде иықты көтермеуді қадағалау. Мұндай
кезде ойынды қолдануға болады. Бала оң қолымен ішін басып ұстайды.
Педагогтың «Демді ішке тарт» командасы бойынша және бір мезгілде қолды
жоғары көтеріп ол демді ішке тартады және тыныс алдуы ұстап қалады. Бұл
кезде мұрынмен тыныс алу керек. Ұсынылған көркем вокалдық орындауға
қойылатын негізгі талап әдемі дұрыс ән айту дыбыс болып табылатынын
ескерген жөн. Вокалдық жұмыстың басты тәсілі вокалдық көрсетілім, ауызша
түсіндіру және ән айту жаттығуы болып табылады. Балаларға нашар жатталған
материалды және әнді сүйемелдеусіз ұзақ уақыт айтқызуға болмайды; әрбір
сабақта меңгерген материалды бекіту қажет.
2.2. Аспаптарда ойнау
Музыка сабағында балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнауға
үйретуді жалғастырады: металлофон, дабыл, сылдырмақ, үшбұрыш,
электрондық ұрмалы музыкалық аспаптар, қазақ ұлттық аспаптар: тұяқ, асатаяқ,
дмбыра, қобыз, сазсырнай, дауылпаз және т.б. Педагог балаларға арналған
музыкалық аспаптарда қарапайым әуендерді орындауға; жалпы динамика мен
қарқынды сақтай отырып таныс әндерді жеке және шағын топпен орындауға
үйретеді.
Ересектердің орындауында музыкалық көріністі тыңдау, аспаптардың
жоғары тіркелімді, дыбысталу қарқынын ажырату білігін жетілдіру. Ұрмалы
аспаптарда жеке және топпен әннің бастама ырғағын орындауға үйрету. Қазақ
ұрмалы аспаптарда анық және жөнге салып ойнауға: асатаяқ, тоқылдақ,
қоңырау бар жыланбас, фортепианоның сүйемелдеуімен балаларға арналған
музыкалық аспаптарда ансамбльде ойнау, ырғақ суретін бере отырып анық,
жақсы ойнау, әннің бастамасын ойынмен сүйемелдеп ән айту білігіне үйрету.
Халық және классикалық музыканың ең үздік бейнесі ретінде эмоцияны
дамыту, талғамын, қызығушылығын, қиялын қалыптастыру. Эстетикалық
эмоция сөздігіне ерекше көңіл бөлінеді – бала музыка шығармасының
сипаттамасына нақты сөз таңдауға үйренеді.
Естуді қабылдауды белсендіру мақсатында, фортепианомен, оркестрмен,
камералы оркестрмен әртүрлі орындау арқылы музыкалық шығарманы орындау
керек.
3-
бөлім. Музыкалық шығармашылық
3.1. Музыкалық-ырғақты қозғалыстар
Музыкалық-ырғақты қозғалыстар өзінің кең мағынасында түсіндіріледі.
Оған музыкалық бейне (негізгі ой, сезім, музыкалық безендірілген шағын
құрылым), шығарманың құрылымы, қарқын, динамикалық, регистрлік,
метроырғақтық қатынасты ауыстыру мен дамыту жатады. Сондықтан ырғақ
56
сабақ үдерісінде, әсіресе, музыкаға эмоционалды ықыласы жақсы дамиды,
қабылдау дағдысы пайда болады, музыкалық-ырғақтық шығарма негізін
жаңғырту.Ырғақты жүріспен, қимыл сипатындағы музыкаға жеңіл, ырғақты
жүгіріспен марштың сипатын беру; музыкаға сәйкестендіріп жартылай отыруды
(серіппе) ырғақпен анық орындау; би қимылын меңгеру – жыбырлаған қадам;
қазақ би қимылдарының элементтерін орындау білігіне үйрету.
Жеңіл және ырғақты жүгіру, музыка сипатына қимыл беру, тізені жоғары
көтеріп жүгіруді орындау, қазақ және орыс халықтарының би элементтерін
орындау, музыка сипатына қимылды беру білігіне үйрету. Би-ойын шығармасын
дамыту; ән, театр қойылымын сахналау барысында әртүрлі бейнелерді көркем
орындау
дағдыларын
қалыптастыру.Музыкалық-ырғақтық
қимылдар
мектепалды жастағы балалармен жұмыс істеуде ерекше маңызға ие. Педагог
балаларға көркем бейнені, қимыл арқылы өзінің эмоционалды сезімін беруге
үйретеді. Билеу білігін, икемділігі мен дағдысын дамытатын біріккен
жаттығулар болады.Қимыл биге ерекше мәнерлілік беретін музыкалық
шығарманы толық қабылдауға көмектеседі. Осы бір өзара әрекеттестікте
музыка басты орын алады, қимыл көркем бейнелерді білдіретін ерекше құралы
болады.
3.2. Музыкалық суырып салуБалаларды ырғаққа сай мәнерлі қимылдауға,
музыкалық ойында ойнау, қол ұстаса әндетіп ойын ойнауға, сабақта билеуге,
музыкалық бейнені қабылдау және дамыту білігіне үйрету. Педагог ырғақ
сезімін дамытуы қажет: балаларды музыкада қимылды бере отырып ырғақ
мәнерін сезінуге үйрету; ересек жастағы балалардың бойында ойын арқылы
жеке би қимылдарын ойлап табатын көркем-шығармашылық қабілеттерін
дамыту, қиыстыру, қол ұстасып әндетіп ойын ойнауды құру, өздігінен іс-
әрекеттерде бұл сабақтарда қолдануОйындар және қол ұстаса әндетіп ойын
ойнау: музыка сипатына сәйкес ойын қимылдарын орындау; шеңбер бойымен
қол ұстасып әндетіп ойын ойнау; музыка фразасына сәйкес қимылдарды
өзгерту; жылдамдық пен ептілік көрсету, көріністің соңын белгілеу; халық
ойының көңілді сипатын беру; дыбыстардың жоғарылығын ажырату, үлкен
және кіші шеңберлерге ауысу. Музыкалық-ойын бейнелерін мәнерлеп жеткізу,
қимылдағы динамиканы белгілеу, қимылдағы музыканың түрлі сипаты:
байсалды, салмақты көңілді, жанданған, би сазын беру. Музыкаға сәйкес
жалаулармен және ленталармен қимыл жасау, құрылымды өзгерте отырып,
кеңістікті еркін бағдарлау. Мазмұнды ойындарды сахналау.
Билер: музыканың би сипатын сезіну, би қимылдарының элменттерін
орындау; халық билерін үйрену арқылы кейбір көркем мұралармен таныстыру.
Билерді музыкаға сәйкес қимылдарды өзгерту арқылы емін-еркін, жеңіл
орындау, би бейнелерін беру, бейнелі би қимылдарын қолдану арқылы әнді
сахналау.
Би шығармашылығы: таныс би қимылдарын қолдана отырып,
импровизациялау білігін мадақтау, мәтінге сәйкес әнді жеке сахналау,
шығармашылық тапсырмаларды орындауға түрткі болу. Музыка сипатына
сәйкес таныс би қимылдарын қолдана отырып, би ойлап табу.
57
«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
«Қоршаған ортамен таныстыру» сабағының мазмұны
Мектепалды даярлық балалары адамның өмір сүру салтына, адамдар мен
жануарлардың жердегі, судағы, ауадағы, қимыл-қозғалыс тәсілдеріне
қызығушылық таныта бастайды. Нақты жағдайларда кейбір мінез-құлық
ережелерін есте сақтаулары мүмкін. Тарих, мәдениет бойынша қарапайым
мағлұматтарды игеруге қабілетті. Балалар карталар мен атластардың
құрылымымен танысуға дайын: оларды қарап, улкендерге сұрақтар қояды.
Оларды маркалар, белгішелер, тиындар, өз елі мен басқа елдердің тулары мен
елтаңбалары қызықтыра бастайды.
Бөлім 1. Мен және қоғам.
1.1
. Мен және менің отбасым. Туыстық байланыс туралы, өзінің жасын,
толық аты-жөнін, тегін, ата-анасының, отбасы мүшелерінің аты-жөнін,
балабақша, топ атауын, нөмірін айта білу, үйден балабақшаға дейінгі жолды
анықтау туралы түсініктерін кеңейту.
Балаларды өз отбасының мүшелеріне қамқорлық білдіруге, үй
тапсырмаларын орындауға, өзінің адал тілектерін отбасы мүшелеріне сөзбен
айта білуге тәрбиелеу.
Балалардың өз ата-тегін (жеті атасын) білуге деген қызығушылықтарын
дамыту. Баланың өзінің әке-шешесіне, туысқандарына сыртқы ұқсастықтарын
(көзі, мұрны, шашының түсі, т.б.) анықтау дағдыларын жетілдіру.
Жақын туыстарына құрметпен және қамқорлықпен қарауға, өзін-өзі
дұрыс бағалауға тәрбиелеу, өзіне, өз күшіне деген сенімділікті нығайтуға,
дербестік пен өзіне деген құрметке үйреті, өзінің әлеуметтік маңыздылығын
сезінуге, өзін-өзі танытуды дамытуға, құрдастарының алдында өз дербестігін,
қайталанбас өзгешелігін сезінуге көмектесу.
Айналасындағы үлкендер мен балаларға деген қызығушылғы мен зейінін
дамыту. Басқа адамға деген мейірімді, қамқорлықты білдіруге, әртүрлі іс-
әрекеттерге қатысуға түрткі болу.
Өзінің және басқалардың әрекеттерін бақылау, салыстыру, бағалау, өзін-
өзі және басқа адамдардың ерекшеліктерін айқындау, балаларды өз
әрекеттерінің салдарын және олардың басқа адамдардың эмоциялық жағдайына
әсер етуін түсіну іскерлігін тәрбиелеу.
1.2. Менің мектебім. Мектеп қызметкерлерінің еңбегі туралы түсініктерін
кеңейту (директор, оқу бөлімінің меңгерушісі, шаруашылық меңгерушісі,
кітапханашы, еден жуушы, аспаз, аула сыпырушы, медбике, көлік жүргізушісі).
Мектеп қызметкерлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
1.3. Мамандықтар. Әр түрлі мамандық иелері мен олардың еңбегінің
ерекшеліктері, маңызы туралы түсініктерін кеңейту. Өз ата-анасының және
туыстарының еңбегі туралы білуге үйрету. Адамдардың еңбектеріндегі өзара
байланыстарды байқауды жетілдіру. Ересектердің еңбегіне деген
қызығушылықты және оның нәтижесіне деген құндылық қатынасын
58
қалыптастыру, балаларды ересектермен бірлескен еңбек әрекетіне қосу, әртүрлі
мамандықтарға деген қызығушылығын дамыту. Сипаты бойынша ұқсас еңбек
үдерісін және еңбек нәтижесін жалпылау негізінде мамандықтардың алуан
түрлілігі туралы түсініктерін қалыптастыру (мұғалім, ұшқыш, жаттықтырушы,
дирижер, эстрада әртісі, құтқарушы, сынықшы дәрігер, банк қызметкері,
кинолог, сәнгер және басқалары).
Ауыл шаруашылық саласы мамандары (ферма иесі, тракторшы,
комбайншы, бақташы, қойшы, мал өсіруші, сауыншы және т.б.) туралы және
олардың еңбек әрекеттері туралы білімдерін кеңейту. Ауыл шаруашылығына
арналған көліктердің маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру. Нан пісіру
кезеңдері туралы білімін кеңейту. Азық-түлік тағамдарын, нанды қадірлеуге,
қастерлеуге тәрбиелеу, қала тұрғындары үшін ауыл шаруашылық мамандары
еңбегінің маңыздылығын түсіндіру.
Қоғамдық пайда ұғымымен таныстыру. Қоғамдық пайданы сақтау мен
ұлғайтуға ұмытылысын және қажеттілігін қалыптастыру.
1.4. Көлік, байланыс құралдары. Көлік құралдарының көп түрлілігі,
олардың белгіленген жұмыс түрлерін орындау үшін жабдықталғаны туралы
(суару көлігі, жедел жәрдем, өрт сөндіретін көлік, қар тазалайтын көлік)
түсініктерін кеңейту. Көлік құралдары, олардың атқаратын қызметінің
маңыздылығы, негізгі бөлшектерінің (шанақ, қозғалтқыш, дөңгелек, рөл)
атқаратын қызметі туралы ұғымдарын байыту және тереңдету.
Көлікпен жұмыс істейтін адамдарға құрметпен қарауды қалыптастыру.
Көлік түрлері (жердегі, ауадағы, судағы, су астындағы), байланыс
құралдары, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту.
Телефонның, компьютердің, теледидардың, радионың атқаратын
қызметтері және оларды қолданудың кейбір қарапайым ережелері туралы
білімдерін бекіту.
Бөлім 2. Менің туған елім
2.1. Туған елім. Туған ел туралы, мемлекеттік және жалпыхалықтық
мерекелері, Қазақстан Республикасының Президенті, мемлекеттік рәміздер
(Елтаңба, Ту, Әнұран), олардың маңыздылығы туралы білімдерін кеңейту.
Балалар Қазақстан Республикасы рәміздерін, Әнұранды орындау барысында
орындарынан тұрып, сол қолды жүректің тұсына қою керектігін білу қажет.
Республиканың және аймақтардың өзгешеліктерін ескере отырып өнеркәсіптегі
еңбек туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Бөлім 3. Тарих беттерінен
3.1. Қазақстанның тарихи тамырлары. Қазақстан Республикасы – үлкен
көпұлтты мемлекет, байырғы тұрғындардың және басқа ұлттардың өз мәдениеті
(тұрмыстық заттар, киімдер, ерекше ұлттық өзгерістер), салт-дәстүрі, табиғи
байлықтары, біздің республикамыздың жетістіктері туралы ұғымдарын бекіту.
Өз елі үшін мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.
59
Қазақстанмен шекаралас мемлекеттердің атауымен, онда өмір сүретін
халықтың тұрмыстық ерекшеліктерімен және мәдениетімен таныстыру.
Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа ұлт өкілдеріне
құрметпен және ізгі ниетпен қарау.
Жалпыадамзаттық құндылық ретінде патриоттық сезімдерді – өз
отбасына, туған жеріне, еліне, Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлт өкілдеріне
деген махаббатты қалыптастыру.
3.2. Өнер және мәдениет. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен
таныстыруды жалғастыру. Қазақстандағы халықтардың тұрмысы (татарлар,
орыстар және басқалары). Туған жердің тарихы, мәдениеті туралы білімдерін
кеңейту және тереңдету.
Біздің еліміздің бас қаласы - Астана және оның көрікті жерлері (Бәйтерек,
Ақорда, Бейбітшілік және келісім сарайы, Океанариум және т.б.) туралы,
Қазақстанның ірі қаласы – Алматымен таныстыру.
Халықтық дәстүрелерге негізделген үлкендерге және өзінен
кішкентайларға құрметпен қараудың адамгершілік мінез-құлық ережесін
сақтауды, ересектермен немесе құрдастарымен жанжалдасу кезінде уәделесе
білуге, басқаларды тыңдап, олардың тілегін, қиындықтарын, немесе
қажеттіліктерін түсінуге үйрету, өзінің тілегі немесе проблемалары туралы
айтуға мүмкіндік беру, жанжалды шешу тәсілін бірге табу, балаларды
«татуласуға» үйрету.
Қоршаған ортамен танысу үдерісінде әдептіліктің қарапайым дағдыларын
бекіту.
Әлемдік және этникалық мәдениетке ұқыпты қарау, адамдардың кәсіби іс-
әрекеті мен мінез-құлығын түсіндіруге гендерлік тәсіл негізінде әлеуметтік
мәдениет дағдыларын қалыптастыру.
Өзара қатынастың құнды этикалық үлгілерін сақтай білу, балалардың
тәртібіндегі қарапайым этикалық ережелерді бекіту: үлкендердің сөзін бөлмеу,
орын беру, ойыншықтарымен бөлісу, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті
ұстау.
3.3 Тәуелсіз Қазақстан. Табиғи байлықтар, республикамыздың
жетістіктері, өз елі үшін мақтаныш сезімі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Қазақстан
Әскерінің
тәуелсіздіктің
алғашқы
жылдарындағы
қиындықтары, олардың өз Отанын абыроймен қорғайтыны туралы ұғымдарын
кеңейту. Ұлы Отан соғыс жылдарында Отанын қорғаған қазақстан
жауынгерлерімен таныстыру.
Кейбір әскери қызмет сарбаздарының киім үлгісі, әскери техникасы
туралы түсініктерін кеңейту.
«Драма» сабағының мазмұны
Кейіпкер айтатын ойдың мәнерлілігін қалыптастыратын жұмыс
барысында баланың сөздік қоры жанданады, сөйлеу тілінің дыбыстық
мәдениеті жетіле түседі. Бұл баланың белсенді ойлауы, зейіні және елестету
арқылы қабылдауы жаттығады, қиялы дамиды, тілі жетіледі.
60
Ойнайтын рөл, әсіресе, басқа кейіпкерлермен диалог жүргізу кішкентай
актерді өз ойын анық, нақты, түсінікті жеткізуге үйретеді.
Балалар бір-бірімен ғана емес, үлкендермен де көп қарым-қатынаста
болуы үшін, ата-аналарды қоршаған ортаны саналы қабылдауға көмектесетін
және балалар мен үлкендер арасындағы қатынас құралы болып табылатын
театрландырылған ойын іс-әрекетіне қатыстыру қажет.
Театрландырылған іс-әрекет – баланың шығармашылық әлеуетін ашу,
тұлғаның шығармашылық бағыттылығын тәрбиелеу мүмкіндіктері.
Балалар драмамен айналысу барысында музыка, дыбыстар, түстер,
бейнелер арқылы қоршаған ортаның алуан түрлілігімен танысады. Ал
педагогтың қойылған сұрақтары дұрыс болса баланы ойлауға, талдау жасауға,
қорытынды жасауға, жалпылауға түрткі болады.
Бөлім 1. Артикуляциялық дағдылар
1.1. Тыныс алу және артикуляция. Әртүрлі мәтіндерді қайталау кезінде,
дұрыс тыныс алуды дамыту. Тынысын басқара білуге, әр түрлі жылдамдықта
нақты және дұрыс айтуға: қатты, ақырын, сыбырлап; интонацияны қайталауға,
әртүрлі эмоцияларды білдіру үшін, түрлі дауыс күшін қолдануға үйрету.
Сөздің дыбысталу негізі сөйлегенде дұрыс тыныс алу болып табылады.
Көбінесе, біздер балалардың сөздегі жалғауды, сөз тізбегінің аяғын «жұтып
қоятындығын», толығымен айтпайтындығын байқаймыз. Мұның өзі сөйлегенде
тыныс алудың жетілмеуімен, дем шығару кезінде, сөз бен сөз тіркесін дыбыстай
алмауымен байланысты. Олардың сөйлеуі демді ішке тарту кезінде болады.
Сондықтан бірінші кезеңнің негізгі міндеті еркін, бірқалыпты, созылыңқы дем
шығаруды жетілдіру. Ол үшін әртүрлі ойындарды қолданамыз - үрлеуге
арналған ойындар (шарлар, сабынды көпіршіктер, «жел диірмені»,
«жапырақты, мамықты, қағаздан жасалған шарды кім алысырақ үрлеп
ұшырады», «кімнің қайығы алысқа жүзеді» және т.б.); жануарлардың,
құстардың дыбыстарын ұқсастыру (мысалы, бір деммен 2-3, 4-5-8 ф-ф-ф
дыбысын кірпі сияқты айту); дем шығару кезінде дауысты А-У-О-И
дыбыстарын әндету; бір деммен жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді айтқызу.
Ойындар мен ойын жаттығуларында ақырын, бірқалыпты, қатты дауыстап
сөйлей білуді дамыту, яғни дауыстың негізгі қасиетін – қуатын және
жоғарылығын дамыту.
1.2. Мақам және интонация. Әртүрлі қуыршақтарды қолдана отырып,
олармен ойнау тәсілдерін игере білуді дамыту. Өз әрекетін серіктесінің
әрекетімен үйлестіре отырып, қимыл-қозғалысты ырғаққа сәйкес байланыстыра
білуді, дененің иілгіштігі, ымдау арқылы тірі тіршілік иелері мен заттардың
бейнесін жасай білуді, импровизацияланған сахналық алаңға, сахнаға үйренуді,
әртүрлі ырғақта қозғалуды қалыптастыру.
Интонациялық мәнерлеп оқу жұмыстары кезінде берілген эмоциялық
жағдайды анықтауға, содан соң жеткізе білуді қалыптастыруға көңіл аудару
қажет. Ол үшін алғашқы кезеңде әртүрлі эмоциялық күйді бейнеленген
61
пиктограммаларды,
эмоцияларды
әртүрлі
түстермен
сипаттайтын
карточкаларды қолдануға болады (қызыл түс – ашу, көк түс – қуаныш және т.б.).
Бөлім 2. Қимыл-қозғалысты үйлестіру дағдысы
2.1. Ырғақты сезіну және қозғалысты үйлестіру. 6-7 жасар балалар өз
қимылдарын жақсы басқарады, олардың әуенмен бірлескен әрекеттері еркін,
жеңіл әрі нақты болып келеді. Олар мәнерлі және ырғақты қимыл-
қозғалыстарды еркін игерген. Балалардың шығармашылық белсенділігі
біртіндеп мақсатты үйрету тәсілдері, музыкалық тәжірибені кеңейту, сезімді,
қиялды және ойлауды белсендендіру арқылы дамытады. Баланың әрекеті
тыңдалған шығармаға орай музыкада шығармашылық әрекеттің бейнеленуін
көрсетеді. Бұл жаста музыкадан туындаған эмоциялар нақты қимыл-қозғалыс
белсенділігін тудырады, педагогтың міндеті қызықты және әртүрлі билейтін-
музыкалық материалдарды жинап алып оны қажетті бағытына бағыттау болып
табылады.
Қимыл-қозғалыс музыкадан туындап, онымен үйлесуі керек, тек қана
жалпы сипатта болмай, нақты мәнерлі сипатта болуы тиіс.
Сахнадағы қимыл-қозғалысты келесілер мәнерлі етеді:
-
қимыл-қозғалысты бірыңғай үдеріс ретінде дамыту;
-
дене қимылдары арқылы өзінің эмоциялық күйін түсіну және жеткізе
білу;
-
серіктестерімен икемді диалог жүргізу.
Музыкалық қозғалыста естілетін дыбыстар мен көретін қимылдарды
қиялымызда біріктіруге болады: бала кез келген нақты бейнені музыка арқылы
елестетеді, музыкаға беріліп оны қимыл арқылы өзінен өткізеді. Ойынға ата-
аналар да қатысады: осыған орай көрермендер мен қатысушылардың
арасындағы шектеу, сыртынан баға беру әрекеті жойылады. Нәтижесінде балаға
қуаныш сыйлайтын және өзіне деген беріктік сезімін орнықтыратын драма
күшіне енуге жағдай туындайды.
Көркем әдеби шығармалар бойынша драмалау, әдеби кейіпкерлердің
әрекетін, олардың мінез-құлық әрекеттерінің дұрыстығын, олардың
адамгершілік ережелеріне сәйкестігін талдау дағдыларын дамыту.
Таныс сюжет бойынша сахналық қойылым қоя білуге, таныс әрекеттерді
заттармен/ойыншықтармен жаңа ойын әрекеттеріне алмастыра білуге үйрету.
Режиссер-педагогқа бағына білуге, сонымен қатар өзара сыйластыққа, достық
қарым-қатынас пен өзара жәрдемді білдіре отырып, сахналау мен
драматизациялаудағы өз рөлін мәнерлі және өздігінен ойнауға тәрбиелеу.
Бөлім 3. Тілдік-қатысымдық, ойындық және артикуляциялық
дағдылар
3.1. Өзара әрекеттесу тәсілдері. 6-7 жасар балаларда ойын-
драматизация, көбінесе, қалыпты ойындардағы сияқты олар өздері үшін емес,
көрермендер үшін ойнайтын спектакль болып кетеді. Осы жаста қуыршақтар
62
мен басқа ойыншықтар – кейіпкерлер болатын режиссерлік ойындар қолжетімді
болып табылады, ал бала оларды қимылдатуға және сөйлетуге міндеттейді. Бұл
баладан өз мінез-құлығын реттестіруді, өз сөзін ойланып айтуды, өз қимылын
тоқтатуды талап етеді.
Көптеген ойындар баланың қуанышты жағдайды күту сезімін, келесі
әрекеттерге деген қызығушылығын тудыратын жұмбақтан, тосын сыйдан
басталады.
Егер олардың саханаға шығуға ынталары болмаса, ешқашан мәжбүрлеуге
болмайды.
Осы жаста жаңа жылдық ертеңгіліктер театрландырылған көрініс түрінде
өткізіледі: «Жаңа жылдық оқиғалар», «Жануарлардың дау-дамайы» (қазақтың
ұлттық ертегілер желісі бойынша), «Қар патшайымы».
Сахнада орындалатын музыкалық көрініс 1,5 минуттан аспауы керек, кері
жағдайда спектакльдің драматургиясы мен балалардың зейіні жоғалады.
Музыканы тыңдау кезінде балалар берілген бейнеге байланысты қозғалады.
Бейнелер алуан түрлі болуы мүмкін, бірақ әрқашанда қарапайым және көрнекті
болады.
Адамның эмоциялық күйі мен жағдайы арасындағы байланысты анықтай
білуді жетілдіру, мәнерлі әдебиет құралдарын, ертегілер желісі бойынша
ойындарды, ән айтуды, сурет салуды пайдалану, адамдардың қарым-қатынасы
мен сезімдерін білдіретін балалар мен үлкендердің қатысуымен әртүрлі театр
түрлері. Құрдастарының ортасында өз ойын білдіруді, басқалардың ойын
тыңдау білуді дамыту.
Ұлдар (мықты, батыл, еңбекқор, қамқоршыл т.б.с.с.) мен қыздарға (биязы,
әдемі, ибалы, сезімтал т.б.с.с.) тән мінез-құлық ерекшеліктерін балалармен
бірге талқылау.
Әдеби кейіпкерлердің нақты әрекеттеріне деген өз көзқарастарын жеткізе
білуге, адамгершілік ережелер мен түсініктер бойынша бағалауға, шығарма
кейіпкерлерінің мінез-құлығының жасырын себебін түсіне білуге үйрету.
Кітаптағы кейіпкерлерге деген аяушылық, жанашырлық сезімдерін
тәрбиелеу. Жағымсыз адами қасиеттерге ықпал етуге деген қажеттілік пен
ұмтылысты дағдыландыру.
Баланың адам туралы түсініктерін, олардың эмоционалдық күйін, іскерлік
және тұлғалық қасиеттерін, мүмкіндіктерін, өзара қарым-қатынас сипатын
кеңейту.
Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» сабағы - бұл баланың кішкентай жасынан бастап өмірдегі
ең басты құндылық – адам екендігін түсінуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану
сабағы баланы ойлауға, талдауға, өз ойын, идеяларын еркін және ашық
жеткізуге үйретеді, осыған орай балалар өз таланттары мен мүмкіндіктерін
ашады.
63
Педагог сабақта тілектестік, жылулық, позитивтілік, күні бойы сенімді
көңіл-күйде болу атмосферасын жасайды. Өзін-өзі тану бағдарламасының
мазмұны тұлғалық-бағыттылық оқыту ұстанымына негізделіп құрылады:
-
дербестілік ұстанымына (әр балаға жеке-тұлғалық көзқарас, оған
құрметпен және түсіністікпен қарау);
-
ізгілендіру ұстанымына (баланың қажеттілігін, қызығушылығын және
мүмкіндіктерін барынша ескере отырып, құндылықты қарым-қатынас);
-
серіктестік ұстанымына (мектептің, отбасының, қоғамның тығыз өзара
байланысы және серіктестігі).
Өзін, өз жақындарын, құрдастарын, айналасындағы адамдарды тани
білуге үйрету. Атан-аналарға, педагогтарға, жолдастарына құрметпен қарауды
тәрбиелеу.
6-
7 жасар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып «Мен - Адам»,
«Қарым-қатынас қуанышы», «Адамгершілік әліппесі», «Мен және менің
әлемім» атты негізгі бөлімдерінің мазмұны біріктіру қағидасы негізінде барлық
білім беру саласы арқылы жүзеге асырылады.
Өзі және өз айналасы туралы білімдерін қалыптастыру. Туысқандары мен
жақындарына, айналасындағы адамдарға деген махаббат, аяушылық, ізгі-
ниетшілік сезімдерінің, жәрдемдесу ынтасының этикалық ережелері мен мінез-
құлығын тәрбиелеу. Өзін табиғаттың бір бөлігі - Адам ретінде сезінуін
қалыптастыру.
Балаларда патриоттық, төзімділік сезімдерін, Қазақстан халықтарының
салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Бұл тақырыптардың идеясы толассыз кіріктіру қағидаттары негізінде
білім беру саласы арқылы іске асады.
64
АТА-АНАМЕН ЖҰМЫС
Мақсаты: мектеп пен отбасы арасындағы өзара әрекеттерін жетілдіру
және ата-аналарды білім беру үдерісіне баулу.
Міндеттері:
-
мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасын толық дамытуды
қамтамасыз етуде, мектеп пен отбасының жауапкершілік және өзара тәуелділік
қатынасын дамыту үшін қолайлы жағдай құру;
-
өз баласын тәрбиелеу, білім беру және дамыту салаларында ата-аналар
қажеттілігін анықтау;
-
түрлі іс-шараларды ұйымдастыру арқылы балаларды тәрбиелеу
мәселелері бойынша ата-аналарға көмек көрсету;
-
педагогтер мен ата-аналар арасында тиімді серіктестікті құру, мектепке
дейінгі ұйым қызметіне белсенді қатыстыру;
-
отбасылық тәрбиенің үздік тәжірибелерін зерттеу, жалпылау және
тарату.
Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білім берудің мақсаты мен
міндеттерін іске асыруда өзара қарым-қатынастың ұжымдық және жеке
түрлерін
(дөңгелек
үстелдер,
іскерлік
ойындар,
ата-аналардың
конференциялары, кеңестер, педагогикалық кеңестер, ата-аналар жиналысы
(жалпы және топтық) ауызша журналдар, ата-аналар клубтары және т.б.)
қолдану. Педагогтардың басты мақсаты – балаларды тәрбиелеу барысында,
оның тәрбиелік міндеттерін толығымен іске асыруды қамтамасыз ете отырып,
отбасыға кәсіби көмек көрсету. Ата-аналармен жұмыста келесі кезеңдерді
сақтай отырып құрған дұрыс:
-
ата-аналармен жұмыс істеудің мазмұны мен түрін ойластыру. Олардың
қажеттіліктерін зерттеу мақсатында, жедел сауалнама жүргізу. Алынған
мәліметтерді алдағы жұмыстарда қолдану;
-
педагогтар мен ата-аналардың арасында тілектестік қарым-қатынас
орнату. Баланың жағымды бейнесін қалыптастыруда ата-аналарды бірлескен
жұмыстарға тарту қажет;
-
отбасында берілмейтін педагогикалық білімдерді, ақпараттарды
мәлімдеу кезінде, ата-аналарда өз баласының бейнесін қалыптастыру. Мысалы,
жас ерекшеліктері, құрдастарымен қарым-қатынас жасауы, оның еңбекке
қарым-қатынасы және т.б. туралы мәліметтер;
-
педагогтың баланы тәрбиелеу кезінде отбасындағы проблемалармен
танысуы. Бұл кезеңде педагогтар баланың отбасына бару кезінде мониторинг
нәтижесі туралы, баланың мінез-құлқындағы жетістіктері, қиындықтары мен
қорқынышы жөнінде айтады;
-
үлкендермен бірге баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және зерттеу.
Осы кезеңде нақты жұмыс мазмұны жоспарланады және серіктестік түрлері
таңдалады.
Шағын топпен және жеке балалар мен олардың ата-аналарының
эмоционалдық амандығын, олардың қиналмай бейімделуін қамтамасыз ету
65
үшін жаңа оқу орнының жағдайымен (топ, құралдармен, аймақ, бұрыш және
т.б.) алдын ала таныстырған абзал.
Әңгімелесу балаларды қабылдау және үйге қайту кезінде жүргізілетін
отбасымен жеке жұмыстар ретінде кең таралған түрі. Ол педагогтар мен ата-
аналардың жақын танысуына, бала өмірі жайлы хабардар болуға, оның
зияткерлік және дене дамуын қадағалап, байқауға мүмкіндік береді.
Ата-аналар бұрышы мен көрмелер отбасымен жұмыс істеудің көрнекілік
әдісі болып табылады, сондықтан олардың бейнелі безендірілуіне ерекше көңіл
бөлінеді. Ата-аналарға арналған көрме материалдары алдын-ала таңдалады,
онда мектептің дамуы туралы мәліметтер, балалармен бірлескен жұмыстар,
балалардың жұмысы көрсетілген фотосуреттер болады.
Ата-аналардың тілектерін ескере отырып, педагогикалық жұмысты
жоспарлау (ол үшін жыл бойы сауалнама жүргізіп отыру қажет) керек. Жиналыс
алдында кейбір отбасыларды аралап, қарастырылатын сұрақтарды талқылау
үшін белсенді қатысуға ата-аналарды дайындау, оларға мысал келтіруге
көмектесу, өз тәжірибесін талдау қажет.
Отбасыларды зерттеу бойынша диагностикалық жұмыс жүргізу. Отбасы
ішілік қарым-қатынастарды отбасы мен педагогтердің арасында тұрақтандыру
бойынша ата-аналар мектепалды даярлық сыныптарына ерекше ынтамен
қатысады.
«Ана/Әке мектебі», «Ата-аналарға арналған мектеп» (дәріс, семинарлар,
семинарлар-практикумдар) сияқты ата-аналардың педагогикалық білім беру іс-
шаралары арқылы ұйымдастыру, шеберлік сыныптары, тренингтер өткізу,
кітапхана (медиатека) құру. Педагогтер ата-аналарға баяндамаларда,
әңгімелесуде және кеңестерде берілген жалпы теориялық және әдістемелік
ережелерді отбасында қалай қолдану керектігін түсінуге көмектеседі.
Мәселелері ортақ ата-аналар (отбасында бір баланың болуы) тобымен
әңгімелесу өте тиімді, педагогтердің әкелермен, апалармен, аталармен
кездесулері;өз балаларын жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарды жеке жинайды.
Бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруға ықпал жасау: ата-аналарды музыка
және поэзия кештерін, акцияларды, отбасылық жексенбілік концерттерді,
демалыс күнгі бағдарды (театрға, музейге, кітапханаға және басқа), отбасылық
бірлестіктерді (клуб, студия, секция), отбасылық мерекелерді, серуендерді,
экскурсияларды, отбасылық театрларды, балалардың зерттеу және жобалау іс-
әрекеттеріне қатысуын, мерекелік ертеңгіліктерді, дене шынықтыруға арналған
мерекелер мен бос уақыттарды ұйымдастыруға баулу.
Мамандардан (психологпен, логопедпен, қосымша білім беретін
педагогтермен және басқалар) жеке кеңес алу үшін жағдай жасау. Педагог кеңес
беруге алдын-ала дайындалады: қажетті әдебиеттер мен көрнекі құралдарды
таңдайды, кеңес болатын уақыт пен оның күні туралы хабарландыру іледі, ол
туралы ата-аналарға ескертеді. Кеңес беру мезгіл сайын немесе тұрақты болуы
мүмкін. Топтық кеңес беру ата-аналарға тек қана нақты мәліметтер беріп
қоймай, сонымен қатар отбасылық тәрбие бойынша тәжірибе алмасуды да
қарастырады. Педагогтың сұрауы бойынша кеңес беруде психолог, дәрігер,
66
меңгеруші және басқа да қызметкерлер қатысады. Кеңестер педагогтың
жұмысын, балалар шығармашылығын, тәжірибелік әдістерді (ойыншықты
қалай жасауға болады, баланың тамағын әзірлеу) көрнекіліктер арқылы
көрсетумен сүйемелденді.
Кеңеске қатысу ата-аналарға мамандардың жұмыстарымен танысуына,
балаларының проблемалары мен олардың дамуына қажетті жағдайлар туралы
ақпарат алуларына мүмкіндік береді. Педагог отбасыға мақсатты бағытталған
түрде ықпал ету үшін, балалардың және олардың мінез-құлық ерекшеліктерін
анықтау туралы тақырыптарға сәйкес жүйелі әңгімелесу жоспарын белгілей
алады. Мұндай әңгімелесулер достық қарым-қатынаста сұрақ-жауап, ескертулер
мен өз ойларын білдіру түрінде жүргізіледі. Нәтижеде баланы отбасында
тәрбиелеуді жақсартудың ұсыныстары мен талаптары қалыптасуы тиіс.
Сонымен, мектеп пен отбасының өзара қатынасы - бұл педагогтер мен
ата-аналардан төзімділік пен шығармашылық қатынасты, өзара түсіністік пен
қажырлы еңбекті талап ететін өте ұзақ үдеріс. Ата-аналармен өзара
әрекеттесудің жаңа түрлерінде серіктестік, диалог ұстанымдары жүзеге
асырылады.
67
ӘДЕБИЕТ
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (27. 07. 2007ж № 319-
III).
2.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (23.08.2012 ж. №1080 ҚРҮҚ).
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары (20. 12.
2012 ж ҚР БҒМ №557 бұйрығы).
4.
Типовая программа воспитания и обучения в детском саду. Издательство
«Мектеп». – Алма-ата, 1989.
5.
Общеобразовательная программа предшкольной подготовки детей пяти
(шести) лет в условиях школы под редакцией Татауровой Н.С., Саймасаевой
Г.А. – Астана, 1999.
6.
Дошкольная образовательная программа (воспитания, обучения и
развития детей 5 лет). Попова Т.Н., Еденбаева З.Д. – Алматы, Алматыкитап,
2006
7.
От рождения до школы. Основная общеобразовательная программа
дошкольного образования / Под ред. Н. Е. Вераксы, Т. С. Комаровой, М. А.
Васильевой. - М.: МОЗАИКА-СИНТЕЗ, 2010.
8. Учебная программа дошкольного образования / М-во образования Респ.
Беларусь.- 2-ое изд. – Минск :НИО; Аверсэв, 2014.
9.
Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі)
балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз»
бағдарламаcы, құрастырушы-авторлар: Н.Л. Татаурова, И.А. Тирская, Т.А.
Дрыгина, Г.Г. Корчевская, С.И. Шелипова, С.Г. Шақабаева, И.И. Митрофанова.
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, 2010ж.
10. «Балбөбек» бағдарламасы Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім
академиясы, авторлары Б.Б. Баймұратова, М.С. Сәтімбекова және басқалар.
Алматы, 2006.
11. Дошкольная образовательная программа воспитания и обучения
«Қарлығаш» – Астана: «Арман ПВ» баспасы, 2008 – 176 стр каз/рус.
12. Программа воспитания, образования и развития детей дошкольного
возраста в условиях детского сада «Кайнар», Доронова Т.Т., Аймагамбетова
К.А. и др. – Алматы, «Просвещение-Казахстан», - 2006.
13. Методические рекомендации к программе воспитания и обучения в
детском саду. / Сост. Л.В. Русскова. – М.:Просвещение, 1986.
68
МАЗМҰНЫ
1.
Түсіндірме жазба
3
2.
Кеңістіктік-заттық дамытушы ортаны құру
5
3.
Балаларды тәрбиелеу және оқыту үдерісін ұйымдастыру
жұмыстарының түрлері мен әдістері
7
4.
«Денсаулық» білім беру саласы
4
5.
«Қатынас» білім беру саласы
22
6.
«Таным» білім беру саласы
33
7.
«Шығармашылық» білім беру саласы
43
8.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
57
9.
Ата-аналармен жұмыс істеу
64
10.
Әдебиет
68
Document Outline - 9. Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламаcы, құрастырушы-авторлар: Н.Л. Татаурова, И.А. Тирская, Т.А. Дрыгина, Г.Г. Корчевская, С.И. Шелипова, С.Г. ...
- 10. «Балбөбек» бағдарламасы Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, авторлары Б.Б. Баймұратова, М.С. Сәтімбекова және басқалар. Алматы, 2006.
Достарыңызбен бөлісу: |