11
«
ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мектепалды даярлықтың дене тәрбиесі жүйесінде қимыл әрекетінінің
келесі ұйымдастырлған түрлері қолданылады: дене шынықтыру сабақтары,
таңғы жаттығу, сергіту сәттері, қимыл-қозғалыс ойындары, серуендеу кезіндегі
дене жаттығулары, спорттық жаттығулар, дене шынықтыру мерекелері мен
ойын-сауықтар, дене шынықтыру күндері. Жазғы уақытта сауықтыру шаралары
іске асырылады.
Балалардың қимыл әрекетінде қозғалысқа деген сұраныс пайда болады,
басқа балалармен және ересектермен қарым-қатынастың барынша күрделі
түрлері жинақталады. Олардың бойында дене шынықтыру жаттығуларында,
қимыл-қозғалыс ойындарында жеке нәтижеге ғана емес, сондай-ақ ұжымдық
нәтижелерге қол жеткізуге деген тұрақты қызығушылық пайда болады. Бұл
олардың моралдық және күштік қасиеттерін дамытуға, өздерінің ұйымдастыру
дағдыларын қалыптастыруға ынталандырады.
Кеңістіктік-заттық дамытушы ортада педагогтар тарапынан әрбір баланың
жеке даму мүмкіндіктері, белсенділік деңгейі мен қызығушылықтары
ескеріледі. Оған:
-
толық мазмұндық – ой-қиялын, қимыл белсенділігін, оның ішінде ірі
және ұсақ моториканы дамытуға, қимыл-қозғалыс ойындары мен жарыстарға
қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ойындық, спорттық және
сауықтыру құралдары;
-
түрленушілік – қимыл белсенділігіне орын берілуі және ойынға сәйкес
өзгеруі;
-
қолжетімділік – тәрбиелеушілердің еркін қолжетімділігін қамтамасыз
етуі;
-
қауіпсіз болуы жатады.
Қимылдарды меңгерудегі жетістік, көбінесе, педагогтың берген
талаптарының нақтылығына байланысты болады. Сондықтан оның түсінікті
және балаларға қолжетімді болғаны жөн.
Жұмыстың барлық түрлеріне баланың табанын нығайтуға және жалпақ
табанның алдын алуға арналған жаттығуларды (табанды сыртқа және ішке
қарай қисайтып, кедір-бұдырдың, арқанның үстімен жүру, табанмен заттарды
алу) қосудың маңызы зор.
Балаларды белсендіру үшін таңғы жаттығулар; қимыл-қозғалыс
ойындары; релаксациялық ойындар; санамақтар, сергіту сәттері; спорт туралы
жұмбақтар, саусақ ойындары картотекалары мен «Спорттың жазғы түрлері»,
«
Қысқы спорт түрлері» альбомдарын, фотографиялар, танымал қазақстан
спортшыларының суреттерін және с.с. жасаған дұрыс.
Дербес қимыл әрекеті
Балалардың дербес қимыл әрекетін күннің әртүрлі кезеңдерінде: таңертең
сабаққа дейін, сабақ арасында ұйымдастыруға болады. Сондай-ақ мұнда топтың
жалпы жағдайын, әр баланың жеке ерекшеліктері мен көңіл-күйін ескеру қажет.
12
Балалардың дербес қимыл әрекетін ұйымдастыру үшін, тиісті
жағдайларды жасаған дұрыс. Ол үшін алаңда бос орын, жүгіру жолы, секіру
мен лақтыруға арналған орындар болуы керек.
Дербес әрекет белсенсенділігін арттыру денсаулықты нығайту, дене
дайындығын жақсарту, іс-қимыл тәжірибесін байыту, шығармашылық және
танымдық әлеуетті арттыру құралдарының бірі ретінде қарастырылады.
Балалардың қимылдық тәжірибесін кеңейту мен байыту мектепалды даярлық
сыныбы педагогтарының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып
табылады.
Педагог тиісті әрекеттерді нұсқап, оның тәсілдерін көрсету, түсіндіру,
ынталандыру арқылы сүйемелдеуші сұрақтарды қолдануын жалғастыра түседі,
балалардың өзін-өзі танытуына мүмкіндік жасайды. Дербес қимыл әрекетін
ұйымдастыру кезінде, балалардың дене қасиеттерінің дамуы орын алады.
Балаларға жаттығулар мен ойынды педагогтың өзі көрсетуі ерекше
маңызға ие. Ол өз бетінше түрлі қимылдарды білуі және орындауы тиіс.
Шаңғымен, конкимен сырғанай алуы, жүзе білуі қажет. Спорттық
жаттығулардың алуан түрлеріне үйрету тәсілдерін жеткілікті шамада білуі тиіс.
«Дене шынықтыру» сабағының мазмұны
1
Бөлім. Денсаулық және дене бітімі.
1.1.
Денсаулықты нығайту Балалардың қимыл белсенділігінің алуан
түрлерін жүргізу үшін, тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайлардың болуы,
қыста – желдетілген бөлмеде, ал жазда терезелері ашық бөлмеде немесе далада
өткізген дұрыс. Дене шынықтыру сабақтары мектепалды даярлық сыныбында
25-
30 минут ұзақтықта аптасына 3 рет (күнделікті таңғы жаттығуларды
қоспағанда) өткізіледі. Оның ішінде аптасына бір рет таза ауада өткізген жөн.
Дене шынықтыру сабақтары, әдетте, үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім
және қорытынды. Бірінші бөлімде балаларды ұйымдастыру, орындалатын
қимылдық тапсырмаларға назар аудару қажет. Сабақтардың негізгі бөлімінде
күрделі және қарқынды жаттығуларды орындауға баланың ағзасын дайындау
қарастырылады. Негізгі бөлімде мынадай тапсырмалар орындалады: балаларды
жаңа жаттығуларға үйрету, бұрын өтілгендерді қайталау және бекіту,
балалардың қимылдарды орындаудағы білімдері мен дағдыларын жетілдіру.
Үшінші, яғни қорытынды бөлімде баяу жүру, тыныс алу жаттығулары,
қарапайым қимыл-қозғалыс ойындары өткізіледі.
Дене шынықтыру бойынша негізгі әрекеттің бірі - қимыл-қозғалыс
ойындары. Мектепалды даярлық тобындағы қимыл-қозғалыс ойындарын
ұйымдастыру кезінде педагогтің рөлі ерекше. Ол тек әрбір ойынның мазмұны
мен ережесін ғана біліп қана қоймай, сондай-ақ қимыл міндеттерін орындауға,
оларсыз тәрбиелеу оқыту үдерісі мүмкін болмайтын күш сапаларын (ептілікті,
тапқырлықты және т.б.) қалыптастыруға бағыттайды.
13
Педагог әрбір сабаққа балаларды ұйымдастыру мен қажетті құралдарды
орналастырудың қолайлы әдістерін алдын ала қарастыруы қажет. Бұл дене
жаттығуларын жасауға бөлінген уақытты үнемдеуге, балалардың қимыл
белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.Заттармен және заттарсыз жалпы
дамытушы жаттығуларды таңдаған кезде, жаттығулардың белгілі бір
бұлшықеттерге әсер етуіне назар аударған жөн. Жаттығуларды бастамаудан
бұрын, педагог барлық баланың дұрыс бастапқы қалыпта тұрғанына көз
жеткізуі тиіс. Өйткені жаттығударды орындау амплитудасы, қарқын мен денеге
күш осы бастапқы қалыпқа байланысты болады.
Балаларды өз бетінше өздерінің қимылдарын талдауға, оларды көрсетуге,
сұрақтарға жауап беруге, жіберілген қателерді байқауға және жөндеуге үйрету
керек. Сабақ кезінде маңыздысы, педагогтың сөзі анық, салмақты және мәнерлі
болуы қажет.
Таңғы жаттығулар Таңғы жаттығудың негізгі мақсаты – сергек және
қуанышты көңіл-күйді орнату, барынша қарқынды жүктемелерге көшуге
белсендіру және әсер ету. Арнайы таңдалған жаттығулар барлық ағзаның
физиологиялық дамуына жақсы әсерін тигізеді.
Таңғы жаттығуды өткізу үшін тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайлар
жасалуы, жақсы желдетілген бөлмеде өткізілуі тиіс, ал жазғыдыгүні терезесі
ашық бөлмеде немесе далада өткізген дұрыс. Жаттығулардың құрамы мен
қарқыны күрделілік дәрежесіне байланысты. Таңғы жаттығуды, мүмкіндігінше,
музыканың сүйемелдеуімен өткізген жөн.
Таңғы жаттығу қысқа мерзімдік қарқынды жүріспен басталады. Жүру
кезінде педагог балалардың кеудесін тік ұстауын, денесін қатты жиырмауын,
басын тік ұстап, қолдарын еркін қозғалтуын қадағалауы керек. Жаттығуды
орындау тәсілін педагог балаларға қарама-қарсы тұрып көрсетеді. Педагогтың
нұсқауы қысқа болуы тиіс, таныс тәсілдерді орындау немесе топтағы белснеді
балаларға жаға жаттығуды орындау тәсілдерін көрсету қажет.
Таңғы жаттығулар кешендерін екі апта сайын өзгертіп отыруға болады.
Таңғы жаттығуларды заттармен: гимнастикалық таяқша, доп, құрсау,
секіртпелермен және т.б. етіп түрлендіруге болады. Мұның өзі қимылдарды
дұрыс және мақсатқа сай орындауға жәрдемдеседі, жаттығуларға деген
қызығушылықты арттырады.Негізгі қимыл дағдыларын бекітуде қимыл-
қозғалыс ойындарының орны ерекше.
Ойындар балалардың жас ерекшеліктеріне, денсаулық жағдайларына,
дайындығына, сондай-ақ ойынның күн тәртібіндегі орны, жыл мезгілі және
басқа жағдайларына сәйкес іріктеледі. Педагог алдымен ойынды түсіндіреді,
сосын рөлдерді бөледі және балаларды орналастырады. Жылдам
қимылдайтын ойындар 3-4 рет, ал баяу қимылдайтын ойындар 4-6 рет
қайталанады. Қайталау арасындағы үзілістер 0,3―0,5 минутты құрайды.
Қимылды ойынның жалпы ұзақтығы 15 минутқа дейін созылады.
Спорттық жаттығулар Шанамен сырғанау. Шанамен төбешікке
көтерілу. Төмен сырғанауда шананы тежеу. Бір-бірін сырғанату. Мұз жолымен
жеке-дара жүгіріп келіп сырғанау.
14
Шаңғымен жүру. Бір-бірінің соңынан тұрып, кезектескен адыммен алға
жылжу. Қиылысқан бос жерлермен жүру. Бір орнында тұрып айналып оңға,
солға аттау, екі жаққа шеңбер жасау. Шырша, жартылай шаршы адымдармен
төбешікке шығу. Еңкейіп төмен түсу. Шаңғыны өз беттерімен алу, орнына қою,
кию, шешу, қолтығының астында алып жүру.
Конькимен сырғанау. Өз бетінше бәтеңкені конькимен бірге кию.
Конькимен (қарда, мұзда) тепе-теңдік сақтау. Екі аяпен жүгіріп келіп сырғанау.
Сырғанау барысында оңға, солға бұрылу. Конькимен түзу бағытта, шеңбер
бойымен сырғанау.
Велосипед және самокатпен жүру. Шеңбер бойымен және тура жолмен
қос дөңгелекті велосипедпен жүру. Оңға және солға бұрылыс жасау. Оң және
сол аяқпен итеріп, самокатпен жүру.
Жүзу. Судың таяз жерінде отырып және жатып, аяқпен қимыл жасау
(жоғары, төмен). Судың ішінде қолымен алға, артқа жүру (аяғы көлденеңінен
созылған). Иек, көз деңгейіне дейін суға отыру, суға бетін батыру, суға үрлеу.
Суға басын батырып отыру. Хауыздың қабырғасынан екі аяқтап күшпен алға
ұмтылу жаттығуын жасау. Шалқасынан және кеудесімен сырғанау, суға дем
шығару. Баланың өзіне ыңғайлы кез-келген тәсілмен жүзу.
Судағы аэробика. Бұрылыстар, секірулер жасай отырып, суда қимылдар
жасау, ернеуде тұрып, басқа да жалпы дамыту жаттығуларын жасау.
Спорттық ойын түрлері
Бадминтон. Ракетканың воланын белгілі бағытқа қағып лақтыру.
Тәрбиешімен жұптасып ойнау.
2 –
бөлім. Қозғала білу және сенімділік
2.1.
Қозғалыс
Бір орында тұру және қозғалыс барысында сапқа тұру түрлерін, сапта
жүру түрлерін орындау. Бұл жаттығулар, ең бастысы, дене шынықтыру залында
балаларды жылдам орналастыру және ұйымдастыру үшін, дене шынықтыру
жаттығуларын орындау алдында және сабақ аяқталар алдында қолданылады.
Сонымен қатар олар дұрыс қаңқаны қалыптастыру дағдыларына, тепе-теңдікті
сақтауға, көз мөлшерді, жылдамдықты, тапқырлықты дамытуға, кеңістікте
бағдарлануға, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, жинақылыққа тәрбиелеуге
мүмкіндік береді.
Сап түзеу, қайта құру. Сап түзеу (бір-біреуден, шеңбермен, қатармен
өздігінен сапқа тұру. Жүріп келе жатып екеуден, үшеуден, төртеуден, біреуден
бернеше шеңберге (2-3) қайта құрылу. «Бірінші-екіншіге» саналу және бір
қатардан екеуге қайта құрылу; сапқа, қатарға, шеңберге түзелу; сүйеу адыммен
қабысу және бөліну; оңға, солға, шеңберге бұрылу.
Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары Мектепалды даярлық
сыныбында келесі қимыл түрлері үйретіле бастайды: жүгіріп келіп, ұзындыққа
және биіктікке секіру. Педагогтың осы кездегі жаттығуды дұрыс және балаларға
қолжетімді етіп көрсетуі мен түсіндіруі өте маңызды. Көрсету мен түсіндіру
кезінде, қимылдың жеке элементттерінің реттілігі мен үйлесімділігіне, неге күш
15
салу керектігіне баса назар аудару қажет. Балаларды жіберілген қателерді
байқауға және оларды жөндеуге, орындалған қимылдың сапасын талдауға
үйрету керек. Балалар тек қарапайым ғана емес, сонымен қатар күрделі
қозғалыстық қимылдарда да (мысалы, допты жүргізу, оны лақтыру және бір
қолмен қағып алу, секіртпені алға және артқа айналдырып секіру) айтарлықтай
дәлдікке қол жеткізуі мүмкін.
Олардың ішіндегі игеруге күрделілері жүгіріп келіп секіру, алысқа
лақтыру болып табылады. Балалардың алғашқы байқау сынағын зейін қойып
бақылау педагогқа қолайлы әдістемелік тәсілдерді таңдауға, олардың оңтайлы
үйлесімділігін (жетелеуші жаттығулармен көмек) ойлап табуға жәрдемдеседі.
Бекіту мақсатында ұтымды әрекет жасауға тырысудан кейін, жаттығуды
қайталап жасатқан дұрыс.
Жүру. Қолды әртүрлі қалыпта ұстап тұрып, аяқтың ұшымен, өкшемен,
табанның сыртқы қырларымен тұру, тізені (жамбасты) жоғары көтеріп,
гимназиялық, кең, тар, сүйеу адыммен алға және артқа, өкшеден аяқтың ұшына
алмасып, жүрелей отырып, сапта біреуден, екеуден, үшеуден, төртеуден,
қатармен жүру. Әртүрлі бағыттарда: шеңбермен, тура, жыланша, бытырап жүру.
Қозғалыстың басқа түрлерімен құрамдасып жүру. Гимнастикалық орындықта
әртүрлі әдістермен жүру. Жіңішке гимнастикалық орындықта, арқан (диаметрі
2-
3см) бойымен тура және бүйірімен жүру. Көзді жұмып айналу.
Жүгіру. Аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, аяқты артқа қарай бүгіп,
аяқты алға қарай лақтырып, тар және кең адыммен жүгіру. Әртүрлі қалыппен
жүгіру, сапта біреуден, екеуден, әртүрлі бағытта, әртүрлі тапсырмаларды
орындай отырып, кедергілерден өту. Тақтай бойымен, бөренемен , жүрумен,
секірумен алмасып, қарқынды өзгертіп, спорт жабдықтарын пайдаланып жүгіру.
2-
3 минут бойына үзіліссіз жүгіру; 80-130 метрді орташа жылдамдықта (2-4
рет) жүрумен алмастыру, 10 метрді 4-6 рет қайталап шауып, соңына қарай 30 м
шамамен 7 секундта жылдамдықпен жүгіру.
Секіру. Қос аяқтап секіру: орнынан, шеңбер жасап бұрылу, 5-6 м алға
жылжып, аяқтар арасына заттарды қыса отырып (құм салынған қапшықты және
т.б.). Қос аяқпен, бір аяқпен, еңіс беткейдің үстінде қос аяқпен алға ұмтыла
секіру.
Еңбектеу, өрмелеу. Гимнастикалық орындықта еңбектеу: төрт тағандап,
екпетімен және шалқасынан, қолымен тартыла отырып және аяғымен серпіліп,
жыланша өрмелеу. Заттың астына, аралығына әртүрлі әдістермен (заттардың
биіктігі 35-50 см) кіру. Гимнастикалық орындықта қарқынды өзгерте отырып,
тепе-теңдікті сақтай отырып, қолдар мен аяқтардың бірдей және айқасқан
қозғалыстарын пайдалана отырып, диагоналдары бойымен өрмелеу.
Лақтыру, қағып алу, көздеп лақтыру. Заттардың арасымен допты
домалату. Допты бір-біріне төменнен, отырған қалпында аяқтың әртүрлі
жағдайында; тордан асыра беру. Допты жоғарыға, жерге лақтыру, қос қолмен
(15-
20 реттен кем емес), бір қолымен (8-10 реттен кем емес) қимыл жасай
отырып қағып алу. Допты соғу. Допты әртүрлі бағыттан кіргізу. Толтырылған
16
допты лақтырысу. Сол және оң қолмен алысқа (8-10 м) көздеп лақтыру. Әртүрлі
қалыптан нысанды көздеп лақтыру.
Допты беру және қағып алу алдымен жүру кезінде, содан соң жүгіру
кезінде орындалады. Содан соң біртіндеп допты беруде және қағып алуда
жаттығулар күрделіленеді. Ұшып келген допты алдымен және жанымен,
төменнен және жоғарыдан, орнында тұрып және қимыл барысында қағып
алуды үйрету қажет. Сонымен бірге шеңберде тұрып қос допты, үш, төрт допты
беруге жаттығулар қолданылады. Алдымен орнында тұрып допты беру әрекеті
орындалады, артынан допты лақтырып артынан жүру, содан соң допты қағып
алушының орнына бару, содан соң қарама-қарсы допқа қарсы бағытқа ауысу
орындалады. Әрбір жаттығуда балаларға қолжетімді тапсырмаларды беру
қажет: сәйкес тәсіл мен допты беру бағытын таңдау, педагогтың нұсқауы немесе
қимылды көрсетуіне сәйкес әрекет ету. Допты беру және қағып алуды
жетілдіру кезінде осы қимылдарды басқа тәсілдермен: тұру, айналу, допты тебу
және лақтыру сәйкестендіру кеңінен қолданылады.
2.2
. Дене қуаты қасиеті Шыдамдылық, ептілік, жылдамдық, күш, тепе-
теңдік, көз мөлшерді қажет ететін дене жаттығуларын орындауға мүмкіндік
беретін тек дағдыларды қалыптастырумен емес, сондай-ақ сапалық
ерекшеліктерді дамытумен байланысты қозғалыстық қимылдарды меңгеру.
Күш қасиеттерін дамытуға жаттығулар Қолдарды орындыққа сүйеп,
аяқтарды созып, қолдарды жазып-бүгу, яғни кеудені жоғары көтеріп, төмен
сығу (5-6 рет); қолмен 5 м жүру (екінші бала қолмен жүретін баланы аяқтарына
ұстайды); гантельдермен жаттығулар; арқан тарту; керме мен дөңелектерге
тартылу; үрленген шарлармен жүгіру және басқалар.
Шыдамдылықты дамытуға жаттығулар Шеңбер бойымен бағытты
өзгерте отырып, 5 минут жүгіру; заттармен эстафета; ойлы-қырлы жерлермен
жүгіру; 20 сек 60 сек дейін секірпемен секіру; велосипедпен жүру; түрлі
тәсілдермен шаңғымен көтерілу; 15-20 минут бойы кез-келген қимыл-қозғалыс
ойындары.
Мергендікті дамыту жаттығулары «Нысанаға тигізу», «Асықтар» және
басқалар. Эстафеталар мен атракциондар ынтымақтастыққа үйретеді,
командалық рухтың көңіл-күйін көтереді, салауатты спортқа құмарлықты
дағдыландырады, күш береді, белгілі дағдыларға үйретеді, денсаулықты
нығайтады сондай-ақ балалардың психологиялық көңіл-күйін жақсартады,
Тепе-теңдік сақтау. Арнайы түзу бойымен, басындағы затымен,
қолдарды әртүрлі қалыпта ұстап, жүрген кезде тепе-теңдік сақтау.
Гимнастикалық орындықта және кедергісі (аласа заттар) бар кедір-бұдыр тақта
үстімен жүру.
3-
бөлім. Ынтымақтастық және басқару
3.1
Командада жұмыс жасау. Командалық ойындар – бұл балаларды
жылдам және тиімді ойынға баулитын ширақ командалық сайыстар. Педагог
балалардың команда құруына барынша белсенділік таныту қажет. Ол үшін
балалардың әлеуметтік өзара әрекеттесу тәжірибесінің жоқтығына, өздерінің
сәтсіздікке ұшырауынан көңіл-күйі түспеуі үшін, олардың қимылдарын айтып
17
және түзетіп отырған дұрыс. Балаларды командада жұмыс істеуге, команда
бойынша достарға көмектесу мен қолдау көрсетуге үйрету керек.
Баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолдап допты бір-біріне лақтыру. Допты оң
және сол қолмен алып жүру. Ойынды топ болып үйрену.
Футбол. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен домалату. Доппен
затты айналдыра жүру. Допты шұңқырға, қақпаға домалату. Жұптасып тұрып,
допты аяқпен бір-біріне домалату.
Хоккей. Берілген бағытқа, қақпаға доптаяқпен шайбаны сырғанату.
Жұптасып тұрып шайбаны бір-біріне сырғанату.
Мектепалды даярлық сыныптарында волейбол, футбол, хоккей, баскетбол
элементтерін кеңінен қолдануға болады. Командалық ойындар әлеуметтік
дағдыларды дамытады, ынтымақтастыққа, өзінің көзқарасын білдіруге өзекті
мәселелерді шешуге үйретеді, сондай-ақ балаларға командаға топтасуға
көмектеседі, өзін командамен бірге сезінуге, бір-бірімен жақынырақ танысуға,
достар табуға, жай ғана қуану мен дем алуға үйретеді.
3.2.
Дене шынықтырудағы техника мен тактика
6 жастағы бала бір заттардың басқа бір заттарға орналасудағы ара
қатынасын анықтай алады. Сондықтан дене шынықтыру және музыка
сабақтары, таңғы жаттығулар тиісті жаттығуларға үлкен мүмкіндіктер ұсынады.
Кеңістікті жақсы бағдарлау қимыл-қозғалыс жаттығуларын дұрыс орындауға
мүмкіндік береді. Ол үшін педагог үнемі қимылдың бағыттарын нұсқап
отырады: «оңға (солға) бұрыл, қолды жоғары көтер!» және т.с.с. Кеңістіктік
бағытты білдіретін сөздерді заттардың атымен ауыстыруға болмайды (Мысалы,
«Терезеге жақында»). Алынған дағдыларды бекітуге мынадай ойындар мен
жаттығуларды қолдануға болады. «Сыңарын тап», «Жақын-алыс», «Асықтар»,
«Не өзгерді?» және басқа.
Ойындарды ұйымдастыру: педагог ең алдымен ойынның атауын айтады,
мазмұнын ашып, ойын ережесін түсіндіреді. Егер ұсынылатын ойын күрделі
болса, онда ойынды егжей-тегжей түсіндірілмейді, тек ең маңыздылары ғана
түсіндіріледі, ал қалған бөліктері ойын барысында айтылады. Ойын ережесін
түсіндіру қысқа, дәл және эмоционалды болғаны жөн. Педагог-маманның сөзі
балалардың назарын өзіне аударуы және қызығушылықтарын арттыруы үшін,
байыпты және мәнерлі болуы қажет. Ойын тәсілдері, баланың есімімен атап
жүгіну, дер кезінде көмектесу мен жігерлендіру баланы белсендіреді, баланың
қимылдарды өз бетінше орындауға деген құлшынысын арттырады.
Сайыс сипатындағы жаттығулар ойдағыдай әсер етуі үшін, педагог
төрелік етіп қана қоймай, ойынға жан-тәнімен кіріскені дұрыс. Тағы да бір
ескеретін жағдай, сайыстардағы жеңіс пен жеңілісті балалардың қалай
қабылдайтындығын да үнемі қадағалап отырған дұрыс. Мұнда педагог үнемі
басқалардың жеңісіне қуана біліп, жеңіске жеткендерге күлкілі, бірақ жағымды
тапсырмаларды беруге болады. Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын
арттыру үшін, ынталандыру сыйлықтарын да беруге болады.Ойын
эстафеталарын ұйымдастыру кезінде келесі ережелерді сақтау:
-
қатысушылар санының тең болуы;
18
-
саптың алдында кіші жастағы балалардың тұруы;
-
жүгіруді кезектілік бойынша ғана орындау;
-
сызықтың сыртымен жүгірмеу;
-
эстафетаны бастаған баланың сайысты аяқтауы;
-
тапсырманы барлық қатысушылар орындауы;
-
тапсырманы бірінші орындаған команданың жеңіске жетуі.
Дене шынықтыру шараларын өткізгенде, қауіпсіздік техникаларын
ескеру:
-
кез-келген әрекет, оның ішінде дене шынықтыру әрекеті ересектің
тікелей байқауы және бақылауымен жүзеге асырылады;
-
спорт залы мен спорт алаңында балалардың денсаулығы мен өмірін
қорғауды қамтамасыз ететін жағдайлар жасалуы керек. Олар:
-
барлық жабдықтар (гимнастикалық қабырға, кешендер, саты, қақпа және
басқалар) мықты бекітілуі керек, құлап кету мүмкіндігі ескерілген барлық
қажетті жабдықтар, құралдар, сынып бөлмесінің интерьері (ішкі көрінісі)
барлық қауіпсіздік пен тұрақтылықты толық ескере отырып қойылады және
орналастырылады;
-
балалардың қолданатын құралдары кеуде тұсында орналасуы керек;
-
дене шынықтыру сабағы ұйымдастырылатын бөлме таза, жарық және
жақсы желдетілетін болуы қажет. Жарықтылық дәрежесі белгіленген
санитарлық-гигиеналық қағидаларға сәйкес болуы, балаларға салмағы 2-2,5 кг-
нан артық заттарды көтеруге, індет жұқтыру қаупі бар еңбекке балаларды
тартуға (залды тазалау және басқалар) тыйым салынады.
Жабдықтар мен материалдарға қойылатын талаптар:
-
дене шынықтыру жабдықтары жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы;
-
қолданылатын заттар ақаусыз және қауіпсіз болуы;
-
ересектерге арналған жабдықтар мен құралдарды қолдануға тыйым
салу;
-
барлық жабдықтар ұқыпты, ыңғайлы және ретімен орналастырылуы,
таза және жөнделген жағдайда сақталыуы тиіс.
4-
бөлім. Шығармашылық қабілеттер Қимыл-қозғалыс ойындарында
балалар шығармашылық қабілеттерін белсенді танытады. Бұл баланың қимылға
табиғи сұранысы, қимылдық міндеттердің шешімін табудың қажеттілігі.
Қимыл-қозғалыс ойындары үнемі қайталауды қарастырады, бірақ өз
вариативтілігіне байланысты олар балаларды жалықтырмайды, керісінше таныс
ойындардың нұсқаларын өз бетінше ойлап табу ұнайды. Педагогтар
тәрбиленушілерге таныс шығармалардың желісі бойынша қимыл-қозғалыс
ойындарын өз бетінше ойлап табуды ұсынуына болады. Қимыл-қозғалыс
ойындарында шығармашылық танытуды балалардың игеруі үшін, келесі
жағдайлар болуы керек:
-
ересектің баламен мүдделі серіктесі ретінде «теңдік» ұстанымындағы
бірлескен ойын;
-
қимыл-қозғалыс тәжірибесін біртіндеп байыту;
-
кеңістіктік-заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру.
19
Дене шынықтыру мерекелері мен ойын-сауықтарына дайындық пен оны
өткізу барысында, педагог балалардың бастамашылдығы пайда болатын
жағдайлар жасайды. Мектепалды даярлық балаларымен дене шынықтыру
ойын-сауықтарын айына 1 рет 40 минутқа дейінгі ұзақтықта өткізу ұсынылады.
Бос уақытты мақсатты түрде таза ауада күннің екінші жартысында өткізу. Оның
мазмұны құрамында балаларға таныс жаттығулар, ойын-эстафеталар,
аттракциондар болады. Дене шынықтыру мерекесі жылына 2 рет: қыстыгүні
және жаздыгүні 1 сағатқа дейінгі ұзақтықта өткізіледі. Онда балалар дене
дамуындағы өз жетістіктерін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |