Білім беру бағдарламасына әдістемелік ұсынымдар


Қауіпсіз мінез-құлық негіздері және валеология сабағының мазмұны



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата28.01.2017
өлшемі0,62 Mb.
#2865
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Қауіпсіз мінез-құлық негіздері және валеология сабағының мазмұны 

Балалардың 

бойында 

денсаулықты 

сақтау 

құзыреттіліктерін 



қалыптастыру  іс-шаралары  жүйесіндегі  маңыздысы  –  олардың  бойында 

салауатты  өмір  салты  дағдыларын  қалыптастыру.    Мектепалды  даярлықта 

қауіпсіз мінез-құлық негіздері және валеология бойынша ұйымдастырылған оқу 

іс-әрекеті  аптасына  бір  сағат  25-30  минут  ұзақтықта  өткізіледі.  Педагог 

оқытудың сөздік, көрнекілік және практикалық әдістерін сәйкестендіруі қажет. 

Мысалы,  тыныс  алу  жаттығуларын,  психогимнастика,  массаж,  релаксациялық 

жаттығуларды    өткізу  кезінде.  Ертегі  желісін,  мультфильм  кейіпкерлерінің 

кездесулерін,  өлеңдер,  ертегі,  жұмбақтарды  қолдана  отырып  оқытуға  болады. 

Осы  мақсатта  әрекет  түрлерін  ауыстырып  қолдануға  болады,  мысалы,  сергіту 

сәтін  релаксация сәтімен ауыстырып қолдану. Мұңда ең маңыздысы - алынған 

білім мен біліктердің басқа әрекет түрлерінде бекітілуі.    

6-

дан  бастап  7  жасқа  дейінгі  балалар  кезекші  міндеттерін,  еңбек 



тапсырмаларын  атқарады,  заттарды  сақтайтын  орындарды  жабдықтауға,  киімі 

мен аяқ киіміне күтім жасауға, киіну мен шешінуге  жақсы қатысады.Баланың 

өзін-өзі  бағалауын  қалыптастыруда  ересектің  оған  деген  қарым-қатынасы 

ерекше  орын  алады.  Ең  маңыздысы,  педагог  баланың  өзін-өзі  бағалауы  емес, 

оның  қимылдарын  бағалауы  болып  табылады.  Ескерту  жасаған  кезде,  балаға 

айқайлап дауыс көтермей, байыппен жеке өзіне ескерткен дұрыс.  

Балалардың  бойында  салауатты  өмір  салты  дағдыларын  қалыптастыру 

мен жетілдіру жұмыстарының тиімділігі педагогикалық ұжым мен ата-аналарға 

қойылатын  талаптардың  бірлігі  болып  табылады.  Сондай-ақ  балалардың 

игерілген  дағдыларды  үйінде  және  демалыс  күндері  қолдануының  да  өзіндік 

маңызы зор.   

1-

бөлім.  Жеке  бас  гигиенасы.  Мектепалды  даярлықта  валеология 

бойынша  тәрбиелеу  мен  үйрету  мінез-құлық  мәдениетін  қалыптастырумен, 

саналы  тәртіпті  тәрбиелеумен,  өзінің  тәніне  және  денсаулығына  құнды 

қатынасты  қалыптастырумен,  өзіне  қызмет  көрсету  дағдыларын  жетілдірумен 

тығыз байланысты.  

1.1.  Адамның  дене  құрылысы.  Адам  денесінің  бөліктері  мен  сезім 

мүшелері.  Мүшелер:  өкпе,  бүйрек,  жүрек,  асқазан,  тіл.  Мүсінді  сақтаудың 

негізгі ережелерін білу және қолдану. Сезім мүшелері. Олардың жұмысы. Сезім 

мүшелеріне  ұқыпты  қарау  және  оларға  күтім  жасау.  Түрлі  дене  мүшелеріне 



20 

 

көңіл  қоя  білу.  Не  сезінеді?  Қандай  ықылас  пайда  болады?  Әр  уақытта  біз  әр 



түрлі жағдайда боламыз: мейірімді, ашулы, көңілді, мұңлы. Көңілді, мейірімді 

болған кезде, біз өзімізді жақсы сезінеміз. 



1.2.  Дене  гигиенасы.  Валеологиялық  тәрбие  бағыттарының  бірі  –  бұл  өз 

ағзасына  деген  құнды  қатынасты  қалыптастыру,  өз  тәніне  қамқорлық  жасай 

білу. Ауыз қуысы мен тәнге күтім жасаудың гигиеналық ережелерін түсіндіру. 

Балалардың  гигиеналық  және  сауықтыру  шараларын  дұрыс  және  бірізді 

орындап  қана  қоймай,  сондай-ақ  көңіл-күйді  жақсарту  үшін,  олардың  мән-

мағынасын түсінуі, ауруларды ескеруі және қанағаттану әсерін сезінуі ерекше 

маңызға ие. 

1.3.Күн  тәртібі.  Дене,  психикалық  және  үйлесімді  дамуға  қажетті 

деңгейлерді  қамтамасыз  ететін  жағдайлардың  бірі  күн  тәртібін  ұйымдастыру 

болып  табылады.  Дұрыс  күн  тәртібі  дегеніміз  –  бұл  күні бойы  әртүрлі  әрекет 

түрлерін  іске  асыру,  балалардың  тынығуы,  тамақтануы,  гигеналық  және 

сауықтыру  іс-шаралары,  тікелей  білім  беру  әрекеті  мен  балалардың  дербес 

әрекетінің орынды ауысуы және үйлесімді жалғасуы.  

Дұрыс  құрылған  күн  тәртібі  балаларды  тәртіпке  жетелейді,  жұмысқа 

қабілеттілін  арттырады,  тәбетін  ашады,  олардың  дұрыс  психофизикалық 

дамуына және денсаулығын нығайтуына мүмкіндік береді.  

Валеологиялық  мәдениетті  тәрбиелеу  үдерісі  балалар  әрекетінің  барлық 

түрлерінде ұйымдастырылуы керек. Бірлескен әрекетте балалар түрлі ойындар 

мен  жаттығулар  арқылы  денсаулықты  нығайтудың  практикалық  біліктерін 

меңгереді, ал арнайы сабақтарда өз ағзасы, оның қызметі, денсаулықты сақтау 

мен қорғау тәсілдері туралы білімге ие болады.     



1.4.  Шынықтыру.    Шынықтыру  шарасы  –  бұл  бір-бірін  толықтыратын, 

бір-бірімен  өзара  байланысты  шаралардың  тұтас  кешені.  Шынықтыру 

қағидалары:  біртіндеу,  жүйелілік  және  жеке  ерекшеліктерді  ескеру. 

Шынықтырудың  негізгі  құралдары  –  табиғаттың  табиғи  күштері:  күн,  ауа 

(ұйқыдан,  таңғы  жаттығудан  кейінгі  ауа  ванналары,  дене  шынықтыру 

сабақтары) және су (сүрту, құю, шомылу). 



2-

бөлім. Дұрыс тамақтану 

2.1. 

Дұрыс тамақтану ережесі. Мәдениетті тамақтану ережесі. Түсі, иісі, 

пішіні бойынша сапалы өнімдерді білу және ажырата алу.  Ашығудың белгісі. 

Ашығу сезімін, шөлді қалай жеңуге болады? Жеңіл тамақтануға болады (алма, 

мейіз, жаңғақтар). Тәттіні көп жеуге болмайды, бұл зиян. Дәрумендер – табиғи 

қорғаушылар.  Су.  Суды  пайдалану  қауіпсіздігі.  Жемістер,  жидектер,  тәттілер, 

жаңғақтар,  шекілдеуік,  ет  және  балық.  Олардың  пайдасы  мен  зияны.  Азық-

түліктерді қолдануға дайындау ережелері: жуу, қайнату, тазалау.  

2.2  Дәрумендердің  пайдалы  қасиеттері.Дұрыс  зат  алмасуға,  тіндердің 

өсуі  және  жаңаруы,  ағзаның барлық  қызметін  биохимиялық  қамтамасыз  етуге 

қажетті  дәрумендер.  Денсаулықты  қорғау  үшін,  балаларға  негізгі  дәрумендер 

мен микроэлементтерді қосымша қабылдаудың қажеттілігін түсіндіру.    



3-

бөлім. Қауіпсіздік ережесі  

3.1. 

Үйдегі қауіпсіздік:  

21 

 



ауырған, шаршаған кезде, жедел түрде ересектерге хабарлау керек;  

қажет  болған  жағдайда,  шұғыл  қызмет  телефонына  (101,  102,  103) 



хабараласа алу; 

үйдің есігі қағылған сәтте, есікті ашпастан бұрын кішкене тесігіне қарау, 



егер есіктің тесігі сыртынан жабық болса, есікті ашпау

пәтердің есігін ашып, танымайтын адамға шықпау, есікті тек құлыппен 



жауып қана қоймай, сондай-ақ ысырма және шынжырмен жабу;  

танымайтын адамның көлігіне отырмау. 



3.2  Көшедегі  қауіпсіздік.  Қоғамдық  орындардағы  өзін  дұрыс,  қауіпсіз 

және  мәдени  ұстау.  Жедел  қызмет  телефондары.  Жалпыға  ортақ  құрал-

саймандарды  ұқыпты  және  дұрыс  қолдана  білу  (жеделсатылар,  телефон-

автоматтар).  Қиын  жағдайда  өзін-өзі  ұстау  ережесі.  Шұғыл  жағдайда  өзін-өзі 

ұстау ережесін білу: 

егер  адасып  қалсаң  немесе  бейтаныс  жерге  тап  болсаң,  полиция 



қызметкерлерінен, кассирден, сатушыдан және басқа да қызметкерлерден көмек 

сұрау; 


полиция көлігін ажырата алу; 

жедел сатыға (лифт) танымайтын адаммен бірге кірмеу; 



жүріп бара жатқан кез-келген көліктің адамға қауіп төндіретінін білу. 



3.2 Табиғат аясында. Жабайы аңдар. Жәндіктер. Жәндіктердің келтіретін 

зиянын  білу  (шыбын,  маса,  тарақандар).  Олардан  қалай  сақтану  қажеттілігін 

білу.  Көшеде  және  бөтен  үйде  жануарлармен  қарым-қатынас  жасағанда, 

қауіпсіздік  ережелерін  сақтау.  Үй  жануарлары.  Жануарларды  күтіп-бағы 

кезіндегі  қауіпсіздік  шараларын  білу.  Ауа-райы.  Ауа-райы  өзгерген  жағдайда 

(қар, жаңбыр жауғанда, ыстықта, суықта), өзін-өзі қалай ұстау керектігін білу. 

Саңырауқұлақтар.  Улы  өсімдіктер.  Саңырауқұлақ  тергеннен  кейін  қолды 

тазалап  жуу.  Қураған  ағаштар  мен  бұталардың  қаупі.  Дәрілік  шөптер.  Жеміс-

жидектер және олардың пайдасы. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



22 

 

 



                               

«ҚАТЫНАС» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ 

 

       

Педагог  балаларды  бір-біріне  сыпайы  қарым-қатынас  жасауға,  құрбы-

құрдастарын  тыңдай  білуге,  дауласпай,  бір-бірінің  сөзін  бөлмеуге.  сыпайы 

түрде қарсылық білдіру дағдысына тәрбиелеу арқылы олардың ұжымдағы өзара 

қарым-қатынасына  және  тілдесу  мәдениетіне  ерекше  мән  береді.  Педагог 

балалардың ересектермен әңгімелесуі кезінде, оған құрмет көрсету және назар 

аудару  білігін  қалыптастырады.  Педагогқа  балалардың  әрекет  мазмұнын  

түсінуі  және оны дұрыс бағалауы  маңызды.  Оның  ықпалымен  мектеп  жасына 

дейінгі  балалардың  түрлі  жағдайда  қалай  әрекет  ету  қажеттілігін  өз  бетінше 

анықтауға қабілеттілігі арта түседі.  

      

Оқу әрекеттерінің мазмұны білім және тәрбие міндеттерінің кешенді және 



өзара  байланыста  шешілуіне  бағытталған.  Жаңа  материалды  игеру  ескіні 

жаңғырту  негізінде  жаңаны  іске  асыру  арқылы  жүргізіледі.  Жаңа  материал  

шағын  «үлеспен»  беріледі.  Сабақ  барысында  жаңа  материалды  бастапқы 

қабылдау  және  оны  түсіну,  бекіту  іске  асырылады,  мұның  өзі  сабақ 

құрылымынан көрініс табады. Қайталанған сабақта білім, дағды және біліктерді 

игеру, оны одан әрі кеңейту және тұжырымдау жүзеге асады. Әртүрлі әрекеттер 

арқылы  және  түрлі  жағдайларда  білімді  бірнеше  қайтара  қабылдау 

қалыптасатын түсініктердің толыққандылығын қамтамасыз етеді.  



«Тіл дамыту және көркем әдебиет» сабағының мазмұны 

1-

бөлім. Тыңдалым және айтылым 

1.1. 

Дыбыстарды  дұрыс  айтуды  қалыптастыру  Тілдің  дыбыстық 

мәдениетінің  міндеттерін  шешуде,  жалпылама  жұмыс  түрлері  маңызды болып 

табылады. «Тіл дамыту және көркем әдебиет» сабақтарында балалардың тілін 

дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.Тілдегі жан-жақты байланыс (тілдік дыбыстық 

мәдениетіне  тәрбиелеу,  грамматикалық  құрылымын  қалыптастыру,  сөздікпен 

жұмыс) сөздерді байланыстырып сөйлеудің алғышарты болып табылады.  

      

1.2 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну  

Айналасы  туралы  білім  мен  түсініктерді  қалыптастыру  барысында, 

балалардың  сөздік  қоры  дамытылады.  Тілін  зат  есімдермен,  етістіктермен, 

қосымша  сөздермен,  шылау  және  одағайлармен  байыту.  Жалпы  есімдерді 

қолдану  (бас  киімдер,  бұталар,  көліктер,  электр  құралдары,  музыкалық 

аспаптар, жидектер, жәндіктер және т.б.); 



1.3. 

Әдеби  шығарманың  жанрын  анықтау.  Балалардың  диалогтық  және 

монологтық тілін дамытуға ықпал ететін тілдік орта құру: балаларға әңгімелеп 

беру және оқу; мәнерлеп оқу; қайталап айту. 

1.4 Тыңдалған материалды мазмұндау. Қайталап айту – бала тілін дамыту 

құралы. Әдеби мәтінді қайталап айтуға қойылатын талаптар:  

толыққанды  және  түсінікті  мазмұн.  Аталған  жастағы  балалар  әдеби 



шығармалардың  мазмұнын  қайтадан  жақсылап  айтып  бере  алады,  күшті 

23 

 

аяушылық  сезімін  білдіреді,  олардың  жан-дүниесіне  жақын  болып  кетеді, 



сондықтан балаларға тән жағдайға ие, олардың қиялын ұштайтын және сезіміне 

әсер ететін мәтіндерді таңдаған тиімді; 

-

жанрлардың  алуан  түрлілігі.  Мазмұнын  қайталап  айтып  беру  үшін 



бірнеше жанрларды: әңгіме, сипаттама, халық ертегілерін ойластырып қолдану 

қажет; 


-

анық  композиция.  Шығарманың  негізгі  түйінін  түсінуге  кедергі 

болмайтын  жайттар,  оның  бөлімдері  арасындағы  логикалық  байланыс  

қадағаланады,  мұның  өзі  балаларға    әңгімені  жеңіл  түрде  тұжырымдауға 

мүмкіндік береді; 

-

қарапайым, сонымен қатар тілі бай болуы қажет. 



Бір  сабақта  қайталап  айтып  беруге  қатысушылардың  саны  шығарманың 

көлеміне  және  толық  қайталауына  (шамамен  5-7  бала)  байланысты.  Сабақта 

қайталап айтуда әр бала қалаған нәтижеге қол жеткізе алуы тиіс. 

1.5  Оқиғаны  болжау  мектепалды  даярлық  сыныбында  балаларға  түсінік 

айтудың  (сипаттамалық  және  хабарламалық  түрдегі)  қарапайым  құрылымы 

туралы ұғымды қалыптастыру өз жалғасын табады. Балаға заттың (ойыншық) 

атауы  мен  белгілерін  дұрыс  айту,  затқа  сипаттама  беру  кезінде,  жіберілген 

қателіктерді  анықтау  үйретіледі.  Пейзаждық  картина,  натюрморт    бойынша 

сипаттамалық  әңгімелер  құруға  болады.  Ірі  мазмұндағы  картиналар  бойынша, 

сондай  ақ,  кейіпкерлері  бірдей  картиналар  сериясы  бойынша  балалар 

хабарламалық әңгімелер құрастырады.  

Бұл  тақырыптар  жеке  және  ұжымдық  болуы  мүмкін.  Ұжымдық  әңгімеде 

балаларға  жолдастарын  толықтыру,  түзету  ұсынылады,    әңімелесушіден 

қайталап сұрайды немесе оған сұрақ қояды. Әңгімеге, әдетте, көп сөйлемейтін, 

тұйық  балалар  тартылады,  оларға  көмекші  сұрақтар  қойылады, 

ынталандырылады.  Осындай  сұқбат  барысында  ересектермен  тілдесу 

дағдыларын,  қоғамдық  орындардағы  тілдесу  ережелерін  қалыптастыруға  баса 

көңіл бөлінеді.  

Педагог  балаларды  белгілі  бір  тақырыпта  олар  автобуста  нені  байқады, 

үйге  бара  жатқан  жолда  көрген  қызықтары  және  т.б.  туралы  әңгімелеуге 

тартады. Бұл әңгімелер балалардың есіне осыған ұқсас жайттарды еске түсіреді 

және олардың  тұжырымдары мен бағалауын жандандырады. 

1.6  Түрлі  қарым-қатынас  жағдаяттарына  қатысу,  тілдік  нормаларды 

дұрыс қолдану  Педагог ауызша өтініштің үлгісін береді де, осы сөз тіркестерін 

еске сақтау қажеттігін ескерте отырып, кейде балаға қайталауды ұсынады. Бұл 

тапсырма  сыпайы  сөйлеудің  формаларын  бекітуге  ықпал  етеді.  Тілдік  әдеп 

формаларын қолдана білуге үйретеді. 



1.7  Тыңдаушының  назарын  аудару  Балаларды  шығарманы  тыңдай  білуге 

үйретуде    олардың  жеке  тәжірибесінен  мысалдар  келтіріледі:  сүйікті 

ойыншықтары,  отбасы  мүшелері,  жануарлар,  демалыс  күндері,  балалар  мен 

олардың жақындарының өміріндегі қызықты оқиғалар. Балалар ертегінің соңын 

өздері ойластырса, мұның өзі  тиімдірек болады.  


24 

 

1.8  Берілген  тақырып  бойынша  әңгіме  құру  Ересектердің  көмегімен 

берілген  тақырып  бойынша  шығармашылық  әрекет  дағдыларын:  әңгіменің 

жалғасын  және  соңын  ойластыра  білуді  қалыптастыру.  Әңгіме  құрастыруға 

үйретуде  педагог  өзіндік  әңгіме  үлгісінің  нұсқасын  ұсынады.  Аталған  жас 

кезеңіндегі  балалар  әңгіме  жоспарын  құруы  мүмкін,  өз  сөзінде  жай  сөйлемді, 

салалас құрмалас, сабақтас құрмалас сөйлемді қолдану арқылы осы жоспарды 

ұстанады.  

Әртүрлі  тәсілдер,  мысалы:  көркем  сөз,  ой  қорытуға  түрткі  болатын 

сұрақтар,  музыка  тыңдау  және  т.б.  қолданылуы  мүмкін.  Мысалы,  күз 

тақырыбындағы  картинаны  қарастыру  алдында,  балаларға  күз  туралы 

музыкалық шығарма тыңдатылады.  

Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтық ойларды дұрыс, бірізділікпен 

құру  және  дәл  қайталап  айта  білу,  қысқаша  логикалық  сипаттамалық  және 

хабарламалық әңгімелер құра білу. 

1.9 Тыңдаған материал бойынша өз көзқарасын білдіру  

Педагогтың міндеті - басқа балалардың жауаптарымен келісетіндігін немесе 

келіспейтіндігін  білдіру,  балалардың  шығармашылық  бастамаларын 

ынталандыру.  Шығарма  туралы  балалардың  пікірін  ескеру,  қажет  болған 

жағдайда, оған түзету жасау, баланың адамгершілік әлеуетін қалыптастыру. 

1.10 Драма элементтерін қолдану  

Таныс  емес  аудиторияның  алдында  (мерекеде,  ересектердің  және  басқа 

топтардың  қатысуымен)  сөз  сөйлей  білуге  тәрбиелеу.  Адамдар  арасындағы 

қарым-қатынасты  драмалау-ойындарында  қайталау  әлеуметтік  тәжірибені 

байыта  түседі.  Педагог  рөлдерді  үлестіреді,  рөл  бойынша  әрекет  етуге,  ойды 

үйлестіре білуге үйретеді. Өзара әрекеттің тілдік құралдарын меңгеруге ықпал 

етеді. Сомдалатын кейіпкердің мінезін белгілі бір жағдайлардағы әрекеттер мен 

мәнерлі үлгілердің (дауыс ырғағы, ым-ишара және т.б.) көмегімен бере білу. 



2- 

бөлім. Оқылым  

2.1. 

Сұрақтар  қоя  білу  және  жауап  беру  шығарманың  басты  идеясын 

түсінуге  көмектеседі,  басты  кейіпкерлерді  дәлірек  сипаттайды.    Педагог 

балаларға сәйкесті эпизодтарды еске түсіріп, кейіпкердің әрекетін, сөздері мен 

сөз тіркестеріне назарын аударады.  

Педагогтың  әңгімесі  сипаттамалық  жауаптары  (нысандар,  әрекеттер, 

пейзаждар)  бар  сұрақтарды  қамтуы  қажет.  Ойластырылған-жауаптарды, 

дәлелдеулерді  қажет  ететін  сұрақтар  ең  үлкен  топты  құрайды.  Шығарма 

бойынша сұрақтар саны 5-7 аспауы қажет. 



2.2  Түрлі  дереккөздерден  қажетті  ақпарат  алу  (суреттер,  

иллюстрациялар, Интернет, мультфильмдер, ертегілер, ойыншықтар және т.б.) 

Өнердің  бір  түрі  ретінде  балалардың  көркем  әдебиетке  деген 

қызығушылығын  қалыптастыру,  сауатты  оқырман  тәрбиелеу  қажет.  Мұнда 

қазіргі  әдеби  шығармаларды  енгізу  есебінен,  қазақстандық  авторлардың 

шығармаларымен таныстыру арқылы балалардың оқу аясын кеңейту көзделеді. 

Әдетте,  оқулар  әртүрлі  көрнекі  материалдар:  ертегі  иллюстрацияларын, 

фотосуреттер мен мазмұндық суреттерді көрсетумен сүйемелденеді.  



25 

 

Барлық балаларға үлестірмелі материалдарды: таныс мәтіндері бар бірдей 



кітаптарды  тарата  отырып,  бірнеше  сабақ  өткізу  ұсынылады.  Педагогтың 

басшылығымен  кітаптар  қарастырылады.  Сонымен  қатар  бірнеше  сөзді  (бет, 

парақ,  мұқаба,  автор,  атауы,  иллюстрация,  жол,  оң  жақ  және  сол  жақ  беті) 

жандандыруға болады. Кітаппен қарым-қатынас ережелері бекітіледі. 



3- 

бөлім. Жазылым 

3.1. Ақпаратты түрлі формада ұсыну. Абстрактілік түсініктерді (дыбыс, 

сөз,  мәтін,  сөйлем,  кейіпкер)  балаға  түсіндіру  баланың  тілдік  белсенділігін 

арттыруға  мүмкіндік  береді,  онымен  тәжірибеде  әрекет  жасауға  үйретеді. 

Көрнекі түрде үлгілеу мынадай кезеңдерден тұрады: 

 - 

ақпараттарды графикалық тәсілдер арқылы берумен таныстыру;



 

үлгідегі таңбаларды оқу дағдысын қалыптастыру;



 

өз бетінше үлгілеу дағыларын қалыптастыру. 



Шартты  түрде  әртүрлі  сипаттағы  таңбалармен  (геометриялық  пішіндер; 

заттардың  символдық  бейнелерімен  (шартты  белгілер,  силуэттер,  контурлар, 

пиктограммалар); сұлбалық және заттық суреттермен алмастыруға болады.

 

   



   

«Сауаттылық негіздері және жазу» сабағының мазмұны 

1-

бөлім.  Тыңдалым  және  айтылым.  Сөздікті  байыту  және  нақтылау 

жұмыстарын  жалғастыру:  сөздің  мағынасын  түсіндіру,  сөздердің  мағынасын 

нақтылауға арналған жаттығулар. 

1.1 

Сөздердің дыбысталу формаларын ажырату.

  

Педагог сабақта тілдегі 



дыбыстарды  және  олардың  әріппен  белгілену  әдістерін  практикалық  тұрғыда 

үйретуге  көп  көңіл  бөледі.  Балалар  әріптердің  бейнесін  біртіндеп  еске 

сақтайды, олардың әрқайсысын белгілі бір дыбыспен жалғастыра отырып, сөз 

құрауға үйренеді, жазба тілдегі сөз бен сөйлемді ауызша тілдегі сәйкес сөздер 

және  фразалармен  салыстырады.  Балаларды  сауаттылық  негіздеріне оқыту  тіл 

дамытумен,  сөздің  мағынасын  нақтылаумен  және  тілдің  дыбыстық-буындық 

құрылымымен тығыз байланысты. 

1.2  Тыңдалған  материалдың  мазмұнын  түсіну.  Балаларды  сөйлеммен 

және сөзбен таныстыру арқылы баланың «сөйлем», «сөз» терминдерінің мәнін 

практикалық тұрғыда меңгертуді қарастырады, алайда, педагог бұл терминдерге 

грамматикалық  анықтама  бермейді.  Сөздердің,  негізінен,  өзіндік  орналасу 

тәртібі  болады  (Көбелек  пырылдайды).  Мұнда  бастауыш  баяндауыштың 

алдында  тұр.  Сөздері  кері  ретпен  орналасқан  сөйлемдер  арқылы  да  беруге 

болады. (Жақында күз түседі. Шөптер солады.). Талдау жасау үшін бірте-бірте 

сұраулы (Қоян қайда қашты?) және қозғалысқа келтіретін (Ұш, менің ұшағым.) 

сөйлемдерді енгізуге болады. 

1.3  Тыңдалған  материалды  мазмұндау.  Балалардың  диалогтық  және 

монологтық тілін дамытуға ықпал ететін тілдік орта құру: балаларға әңгімелеп 

беру және оқу; мәнерлеп оқу; қайталап айту.  

1.4  Түрлі  қарым-қатынас  жағдаяттарына  тілдік  нормаларды  сақтай 

отырып  қатысу.  Шығармашылық  әрекет  дағдыларын  қалыптастыру: 

ересектердің көмегімен әңгімені жалғастыру және аяқтау.  



26 

 

Балалардың бір-бірімен тілдесуіне түрткі болу. Диалогтық тілді дамытуға 



ықпал  ететін  әртүрлі  тәсілдер  мен  әдістерді  қолдану.  «Сөз»,  «дыбыс», 

«дауысты»  және  «дауыссыз»  ұғымдары  туралы  бастапқы  түсініктерді 

қалыптастыру.  Сөздегі  дыбыстардың    ретін  үйрету.  Қатаң  және  ұяң  дауыссыз 

дыбыстарды  ажырата  білуге  арналған  жаттығулар.  Үш,  төрт  дыбысты 

сөздердердің  дыбыстық  құрылымына  дыбыстық  талдау  жасауға,  айтылым 

ерекшеліктеріне және дыбыстың дыбысталуына талдау жасауға (еріннің, тілдің, 

тістің  жағдайына,  дауыстың  қатысуына,  ауа  ағынының  өтуіне)  үйрету. 

«Сөйлем»  ұғымымен  таныстыру.  Сөйлем  туралы  алғашқы  түсінік 

қалыптастыру. 

1.5.  Тыңдаушының  назарын  аудару  Негізгі  ойды  дұрыс  жеткізе  білуге, 

монологтық ойларын дұрыс құруға, бірізділікпен және дәл қайталауға, қысқаша 

сипаттық және хабарлы әңгімелер құруға үйрету. Тілдік әдеп түрлерін қолдану, 

таныс  емес  аудиторияның  алдында  сөз  сөйлеу,  тыңдаушының  назарын  аудару 

дағдыларын қалыптастыру. Үш және одан да көп әртүрлі дыбыстық құрылымы 

бар  дыбыстық  сөздерге  талдау  жасау,  дыбыстық  құрылымы  әртүрлі  сөздерге 

дыбыстық талдау жасау, оларды текшелермен белгілеу.  

 

2-

бөлім.  Оқылым  Көркем  әдебиетке  қызығушылығы  дамытылады, 

шығарманың  идеясын  түсінуге,  кейіпкерлердің  әрекеттерін  бағалауға  және 

мәнерлеп  сөйлеуге  үйрету.  Бала  әдеби  жанрларды:  ертегі,  әңгіме,  тақпақты 

ажырата білуі қажет. 



2.1 

Оқу  түрлерін  қолдану.

 

Таныс  жазушының  әрбір  жаңа  шығармасын 

оның  шығармашылығының  бір  бөлігі  ретінде  балалардың  қабылдауы,  басқа 

шығармаларының  аты  мен  мазмұнын  еске  түсіруі,  өзіне  ерекше  ұнайтын 

шығарманың атын атауы маңызды.  

2.2 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпарат алу Жазушының кітаптарын 

іріктеу, балаларға оларды қарастыру ұсынылады. Қарастыру барысында балалар 

бұрын оқылған шығармаларды еске түсіреді, суреттері бойынша өз әсерлерімен 

алмасады. Таныс емес кітап кездескен жағдайда, бала оның иллюстрациясына, 

бетіндегі мәтіндердің орналасуына мән беріп, шығарманың жанрын, не туралы 

екендігін  анықтауға  тырысады,  өз  пікірін  тұжырымдайды.  Балалар 

қабылдайтын күнделікті ақпараттар ағыны өте көп. Сондықтан, олар шығарма 

атауын, автор мен көркемдеуші-суретшінің аты-жөнін тез ұмытып қалады. Осы 

жағдайларды  ескере  отырып,  педагог  өтілген  материалдарды  қайталаудан 

бастауы қажет.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет