Білім беру бағдарламасына әдістемелік ұсынымдар



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата28.01.2017
өлшемі0,62 Mb.
#2865
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

3-

бөлім.  Жазылым  Жазу  кезінде  дұрыс  отырғызу,  дәптердің,  қолдың 

және  қарындаштың  орындарымен  таныстыру.  Қарындашты  дұрыс  ұстауға 

үйрету.  Қысқа,  ұзын  таяқшаларды,  ирек  сызықтарды  жазуға  жаттықтыра 

отырып, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Бояу жағу әдістерін, парақ бетінде 

бағдарлай білу, кеңістіктік қатынасты меңгеру  білігін бекіту. 

3.1. 

 

Сөйлем құрастыру   балаларды сөйлеммен және сөзбен таныстыру 

арқылы  баланың  «сөйлем»,  «сөз»  терминдерінің  мәнін  практикалық  тұрғыда 

меңгертуді  қарастырады,  алайда,  педагог  бұл  терминдерге  грамматикалық 



27 

 

анықтама  бермейді.Мектепалды  даярлық  кезеңіндегі  балалар  өз  сөздеріне 



талдау  жасауға  кіріседі,  сөйлемнің  сөзден  тұратынын,  сөздердің  буынға 

бөлінетінін, сондай-ақ жеке дыбыстардан құралатынын меңгереді.Жыл соңына 

қарай  балалар  үш-төрт  дыбыстан  тұратын  сөздерге  дыбыстық  талдауды, 

дауысты, қатаң және ұяң дыбыстарды ажырата білуді, ашық дауысты дыбысты 

табуды, 2-3  буыннан  тұратын  сөздерді  буынға  бөлуді, 2-4  сөзден  тұратын 

сөйлем құруды меңгеріп шығады. Мектепке дейінгі жастағы балаларға сөздерді 

буынға  бөлуді  үйреткенде,  педагог  мынадай  тәсілмен  таныстырады:  алақанды 

иектің астына қояды және сөзді айтады, алақан қанша рет төмен түскен болса, 

сөзде сонша буын болғаны.  

Буынға бөлуге алғашқыда құрамы екі буыннан тұратын ша-на, та-ға, ба-

қа, ал-ша, ке-се сияқты сөздерді іріктеп алу қажет.Содан кейін мы-сық, а-сық, 

бә-тең-ке,  жа-пы-рақ  сияқты  сөздерді  ұсынуға  болады.  Сөздерге  дыбыстық 

талдау дағдысын қалыптастыру үшін бастапқы және соңғы дыбыстары әртүрлі 

сөздерді іріктеп, оларды анықтайтын ойын және қызықты жаттығулар түрлерін 

орындау қажет.  

Буынға  бөлуге  байланысты пайдалы  және  қызықты жұмыстардың  түрі  -

санамақты  буынға  бөліп  айту.  Қимылдық  ойындар,  қойылымдар  үдерісінде 

балаларға осындай жұмыстар (балалар сәйкесті қимылдарды орындай отырып, 

санамақ  айтады)    қатты  ұнайды.Алғашқы  жарты  жылдықта  үш  дыбысты 

сөздерге, екінші жарты жылдықтан бастап, төрт дыбысты сөздерге талдау жасау 

ұсынылады. 

Сөйлемдермен  жұмыс  тілдегі  сөйлемдерді  айқындаудан  басталады. 

Педагог «сөйлем дегеніміз аяқталған ойды білдіретінін» түсіндіреді. Балаларды 

есту  арқылы  әңгімедегі  сөйлем  санын  (олар  3  тен  аспауы  қажет)  анықтауға 

үйретеді.  Берілген  тақырып  бойынша  ересектердің  көмегімен  сөйлем  мен 

әңгіменің  соңын  ойластыру  арқылы  шығармашылық  әрекеттер  дағдысын 

қалыптастырады.  Әңгіме  құруға  үйреткенде,  педагог  әңгіменің  өзіндік  үлгісін 

ұсынуы  мүмкін.  Бұл  жастағы  балалар  әңгіме  жоспарын  құруы  және  осы 

жоспарды  ұстана  отырып,  өз  сөзінде  жай  сөйлемді,  салалас  және  сабақтас 

құрмалас  сөйлемдерді  қолдануы  мүмкін.  Негізгі  ойды  дұрыс  жеткізе  білу, 

байланысқан монологтық ойларды құру, қайталап бірізділікпен және дәл айту, 

сипаттамалық  және  хабарламалық  қысқаша  әңгімелерді  логикалық  түрде 

құрылымдай білу. 

3.2 Пунктуациялық нормаларды сақтау 

Берілген    тыныс  белгілерін  қолдана  отырып,  белгілі  бір  сызба бойынша 

сөйлем құру дағдыларын алу. Пунктуацияға үйрету барысында ойды түйіндеу 

және интонациямен жұмысты жүзеге асыру үшін, жұмыс дәптерінде әртүрлі 

тыныс белгілері беріледі. 

3.3  Графикалық  және  каллиграфикалық  нормаларды  сақтауЖазуды 

үйретуге  дайындық  жүйесінің  өзі  қолды  дамыту,  жазу  техникасына  даярлық 

және қарапайым графикалық біліктерді қамтиды.  

Баланың  жаза  білу  білігіне    заттардың  шартты  графикалық  бейнесіне 

талдау  және  жаңасын  жасай  білуі,  мектептік  қаріптер  жазуға  даярлайтын 


28 

 

жаттығулар  жүргізу  («Ұзын  және  қысқа  таяқшалар»,  «Жоғары  және  төменгі 



жағы ұзын және қысқа ілмектер», «Дөңгелектер», «Иректер» және т.б.) жатады.  

Тік сызықтардың (сөз) және белгілердің (нүкте, леп және сұрақ белгілері) 

көмегімен сөйлемнің сызбалық бейнесін құру. 

Балалар  қысқа  сөздерді  (қосымша  сөздер,  одағай,  шылау,  есімдік) 

үлгілерде  неғұрлым  қысқа  сызықтармен  белгілеу.  Жеке  сөздерді  белгілейтін 

сызықтардың  ара  қашықтығы  бір  тордан  (үлгілер  тор  көзді  парақта 

бейнеленеді). 

 

          «

Қазақ тілі» (екінші тіл ретінде) 

Орыс тілінде тәрбиеленетін және оқытылатын сыныптардағы қазақ тілі 

/

қазақ тілінде тәрбиеленетін және оқытылатын сыныптардағы орыс тілі 

 

Қазақ  тілі    (орыс  тілінде  тәрбиеленетін  және  оқытылатын 

сыныптарда)  

Мақсат:  балалардың  дұрыс  ауызекі  сөйлеу  тілін,  лексикалық  базасын 

қалыптастыру. 



Міндеттері: 

балаларда ақпаратпен алмасу және қарым-қатынас құралы ретінде қазақ 

тілін үйренуге деген қалыпты қызығушылығын дамыту; 

лексикалық  тақырыптар  бойынша  балалардың  сөздік  қорын 



қалыптастыру және дамыту;  

-

ауызекі  сөйлеу  тілінде  грамматикалық  құрылымдар  мен  формаларды 



дұрыс қолдану біліктерін қалыптастыру; 

тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын дамыту; 



баланы  өздігінен  қазақ  тілінде  коммуникациялық  міндеттерді  шешуге 

түрткі болатын жағдайлар жасау. 

 «

Қазақ  тілі»  (екінші  тіл  ретінде)  сабағының  мазмұны  оқу  бөлімдері 



бойынша ұйымдастырылған.  

Оқу  бөлімдері  әрі  қарай  жинақталған  білім,  түсінік  және  дағдыларды 

қалыптастыру  мақсаттарын  көздейтін  бөлімшелерден  тұрады.  Әрбір  бөлімше 

ішінде  реттілікпен  құрылған  оқу  мақсаттары  педагогқа  өз  жұмысын 

жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға көмектеседі. 

 

«Қазақ тілі» сабағының мазмұны 

1. Тыңдалым 

1.1 Дұрыс дыбыстауды қалыптастыру. 

Балаларды  қазақ  тіліндегі  ерекше  дыбыстарды  (ә,  і,  ө,  ң,  қ,  ү,  ұ,  h)  дұрыс 

айтуға  үйрету.  Күнделікті  өмірде  таныс  сөздерді  түсіну  және  қолдану  білігін 

қалыптастыру.  Сөзіндегі  сөздік  қорын  кеңейту  және  байыту.  Жақын 

айналасындағы  заттардың  топтарын:  ойыншық,  ыдыс,  жиһаз;  көкөніс, 

жемістер, жануарлар, құстар, жыл мезгілдері және жеке табиғат құбылыстары; 

көлемі және түстері бойынша заттардың белгілерін атауға үйрету.  


29 

 

1.2  Тыңдалым  тәсілдерін  қолдану.  Тілдік  тынысын,  анық  мақамын 

дамыту.  Қазақ  тіліндегі  дыбыстарды  дұрыс  айтуын  дамыту  үшін  ойын 

жаттығуларын қолдану. Екі, үш сөзден тұратын сөйлем құруға үйрету. 



1.3 Лексикалық бірліктердің мағынасын түсіну. Сөз тіркестерін (зат есім 

мен сын есім, зат есім мен етістік, зат есім мен үстеу) құру мен тілінде жекеше 

және көпше түрдегі зат есімдерді қолдануға үйрету. 

1.4  Тыңдалған  материалдың  мазмұнын  түсіну.  Қарапайым  диалог  (Бұл 

не?  Жылдың  қай  мезгілі?)  жүргізуге  және  қысқа  әңгімелер  құрастыруға 

жаттығу. Қазақ тіліндегі тақпақтар, мақалдар мен мәтелдер жаттау. 

1.5 Дыбыс-бейне жазба материалдар мазмұнын түсіну  

Қазақ тілінде тыңдау және түсіну біліктерін қалыптастыру. Тілінде қазақы 

сөздер  мен  сөз  өрнектерін  қолдануға,  мемлекеттік  тілде  сөздерді  анық  айтуға 

үйрету.  Мынау  не?  Неше?  Не  істеді?  Қайда?  Қандай?)  деген  қарапайым 

сұрақтар  қоюға,  (оларға  жауап  беруге);    екі,  үш  сөйлемнен  тұратын  заттарға 

қысқаша  сипаттама  құруға  (ойыншықтар,  ыдыстар,  киімдер  және  т.с.с.);  өзі 

туралы (тегі, аты, жасы), ата-аналары туралы және үйінің мекен-жайы туралы 

әңгімелеу.  



Ағылшын тілі 

Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы баланы ағылшын тілі құралдарымен 

тәрбиелеу  және    коммуникативтік  тұлғасын  дамыту,  ағылшын  тілі  арқылы 

шетел тілінде қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту.   

Міндеттері: 

-

жекелеген  фразаларды,  одан  кейін  сөздерді  ажырату,  бөліп  алу,  қарым-



қатынас  кезінде  оларды  қолдану  және  ағылшын  тіліндегі  фразаларды      өз 

бетімен құрастыра білу дағдысын қалыптастыру;  

-

бала  тұлғасының,  санасының  дамуы  әрекеттер  арқылы  жүретінін 



бекітетін «әрекеттердің, сананың және тұлғаның бірлігі» (teaching a whole child) 

ұстанымын қалыптастыру; 

балалардың  өзіндік  және  бірлескен  әрекеттерінде  (ойын,  танымдық, 



өнімді, театрландырылған) ағылшын тілін қолдану аясын кеңейту; 

-

ерекше  құралдар:  ойындар,  санамақтар,  тақпақтар,  өлеңдер,  оқиғалар, 



дисклер,  бейне  және  аудио  таспалары  бар,  ағылшын  тілі  қолданылатын 

кеңістікті  ұйымдастыратын,  білім  беруге  жағдай  жасайтын  тілдік  дамытушы 

орта құру. 

«Ағылшын тілі» сабағының мазмұны 

Тілдесу  жағдайларын  «көре  білу»,  қатысушы  тұлғаларды  және  олардың 

бір-бірімен қарым-қатынасын айқындау қабілеттерін қалыптастыру.  

Шетел тіліндегі тілді түсінуін және үлгілік әдеп жағдайларында: топтық 

(сыныптық) жағдайда, ойын кезінде тілдесе білу білігін дамыту. 

Қоршаған әлемдегі түстердің атауын, санды, көлемді, пішінді, сондай-ақ 

дыбыстың,  әннің,  оқиғаның,  қойылымның  көмегімен  және  затты  сипаттай 

білудің  тілдік  біліктерін;  оқытылған  білім  беру  жағдайларында  тілдің 

лексикалық дағдыларын қалыптастыру. 


30 

 

Тиімді  тыңдалымға  үйрету.  Тыңдауға  арналған  жаттығуларды  қолдану. 



Фонетикалық мысалдар және интонация ретіндегі жазбаларды немесе сөйлеген 

сөздерді пайдалану. 

Әндердің, 

тақпақтардың, 

санамақтардың 

мәтінін 


шығаруға, 

айналасындағы  заттарды  атауға,  біртіндеп  өзі,  отбасы  және  қоршаған  ортасы 

туралы  қарапайым  және  қысқаша  ойлар  айтуға,  сөзді,  ымды  пайдалануға  

үйрету.  Төзімділікке,  құрметке  және  сыпайылыққа,  сондай-ақ  ынтымақтасу 

қабілеттілігіне тәрбиелеу. 

Лексикалық-тақырыптық  салалар:  түс,  көлем,  1-5  арасындағы  сандар; 

отбасы  мүшелері;  ойыншықтар;  жануарлар;  дене  мүшелері;  киімдер;  азық-

түліктер;  ақыл-ой  және  дене  қабілеттері;  эмоциялық  жағдайы  мен  сезімдері; 

күнделікті әрекеттері; салтанаттар мен мерекелер; сиқыр және ертегілер әлемі. 



Қатынас жағдайлары мен қызметтер: 

-

сәлемдесу мен қоштасу (Hello, Hi, Goodbye, See you);  



-

өтініш пен алғыс (Give me ..., please, Come in, please, Thank you);  

-

кешірім сұрау мен кешіру (I’m sorry, Excuse me, It’s O.K.);  



-

тілек пен құттықтау (Happy Birthday);  

-

өзін және басқаларды таныстыру (I’m ......., My name is ...., This is ..., It’s 



my mum); 

-

жасы туралы ақпарат (I’m…);  



-

қысқаша бұйрық беру және орындау (jump, clap your hands, open);  

-

аңдар мен заттардың атауы  (It’s a tiger, This is a ball); 



-

тұрғылықты  жері  туралы  ақпарат;  адамдар,  аңдар  және  заттар  туралы 

сипаттау (He’s tall, It’s big, It’s blue, It’s got a tail); 

санау және 1-ден 10-ға дейінгі сандарды пайдалану; 



-

тұлғасы мен мүлкіне қатысты қарапайым сұрақтарға жауап беру (Who are 

you? What’s your name? What’s this? Who’s this? Is it ...? Have you got ...?);  

-

сезімдері мен артықшылықтарын білдіру (I like..., I love...); 



-

эмоциялық күйін білдіру (I’m happy, I’m sad);  

-

сұрақтарға жауап беру;  



-

дағдылары мен қабілеттері туралы ақпарат (I can jump/I can’t fly);  

-

күнделікті әрекеттерін сипаттау (I get up) 



Грамматикалық құрылымдар: 

Етістіктер: 

- be; 

- have got; 



- can. 

Бұйрық рай: 



Уақыт Present Simple – күнделікті әрекеттер. 

Зат есім: 

атау; 



жекеше түрде; 

жүйелі көпше түрде; 



Сын есім: 

31 

 



түстер, жасы, көлемі; 

-

тәуелдік сын есім: my, your (his, her); 



Сан есім: 1-10. 

Есімдік: 

жіктеу есімдігі: I, you, she, he, it, we, they; 



сілтеу есімдігі: this, that; 

сұраулы:  what, who, where, when, how; 



Көмекші сөздер: in, on. 

Артикльдер: a, an, the, нольдік артикль. 

          English 

(for groups /classes with the Kazakh/Russian language of instruction) 



Purpose:  communicative and personal development and upbringing of 

preschoolers through foreign language means and development of a foreign language 

capacity in order to speak English. 

Objectives: 

- formation of a capability of recognition, distinction of separate phrases, then 

words and their proper use in conversation and independent phrase building in 

English; 

- formation of the “unity of activity, mind and personality” principle (teaching 

a whole child), which determines that the child’s personality and mind develops 

through acting; 

-  extending the range of using English in collective and individual (play, 

cognitive, productive, dramatized) activities of children; 

- creation of developing language environment understood as a combination of 

educational situations that arrange the area of use of English, and authentic means

such as games, poems, songs, stories, disks, video- and audiotapes; 

Content of Organized Educational Activities: English 

Formation of a capability of “seeing” the conversational situation, of 

distinguishing characters and their relation to each other. 

Development of foreign speech understanding and ability to communicate in 

typical etiquette situations: group (class) practice in play. 

Formation of  speaking skills: describing things and environments using 

colours, number, size, shape and through sounds, songs, stories, dramatizations; 

speaking skills and vocabulary in educational situations previously learnt. 

Teaching efficient listening. Use of listening exercises. Use of a record or 

statement as a phonetic example and intonation. 

Teaching how to reproduce lyrics, poems and counting-out rhymes, names of 

things around and building simple and short statements about the child, child’s family 

and environment gradually; teaching how to use speech and gestures. 

Teaching tolerance, respect and courtesy to other people and cooperating skills. 



Vocabulary: colours; numbers 1 to 10; family members; toys; animals; school 

supplies; class equipment; parts of the body; clothes; food; rooms; household 

appliances; mental and physical abilities; feelings and emotions; daily routine; 


32 

 

weather; transport means;  jobs; holidays and celebrations;  magic world and fairy 



tales. 

Situations and communicative functions:  greetings and farewells (Hello, Hi, 

Goodbye, See you); requests and thanks (Give me ..., please, Come in, please, Thank 

you); apologies and forgiveness (I’m sorry, Excuse me, It’s O.K.); wishes and 

congratulations (Merry Christmas, Happy Birthday); introducing yourself and others 

(I’m ......., My name is ...., This is ..., It’s my mum); age (I’m…); giving and 

following short orders (jump, clap your hands, open); names of animals and things 

(It’s a tiger, This is a ball); place of living; describing people, animals and things 

(He’s tall, It’s big, It’s blue, It’s got a tail); count and use of numbers from 1 to 10; 

answering simple questions about person and property (Who are you? What’s your 

name? What’s this? Who’s this? Is it ...? Have you got ...?); feelings and preferences 

(I like..., I love...); expressing emotions (I’m happy, I’m sad); answering questions 

about weather and seasons (It’s raining, It’s spring); skills and abilities (I can jump/I 

can’t fly); describing daily routine (I get up). 

Grammar Structures: 

Verbs: 

- be; 


- have got; 

- can. 


imperative mood: 

- Present Simple Tense – daily routine. 

Nouns: 

- names; 



- singulars; 

- regular plurals; 

Adjectives: 

- colours, age, size; 

- possessive adjectives: my, your (his, her); 

Numerals: 1-10. 

Pronouns: 

- personal: I, you, she, he, it, we, they; 

- demonstrative: this, that; 

- interrogative:  what, who, where, when, how; 

Prepositions: in, on. 

Articles: a, an, the, zero article. 



 

 

 

 

 

                               

 

 

33 

 

 



                               

«ТАНЫМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ 

 

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру  

6-

7  жастағы  балаларға  қарапайым  математикалық  ұғымдарды  үйретудің 



маңызы  зор.  Мұның  өзі  бірнеше  себептерге  байланысты:  мектепте  оқытудың 

алты жастан басталуы, бала алатын ақпараттың молдығы,  компьютерлендіруге 

көбірек көңіл бөліну, оқыту үдерісін жеделдету ынтасы.  

Сабақтың  басым  бөлігі  математикалық  міндеттер  және  балалар 

әрекеттерінің басқа да түрлерімен құрамдасқан кіріктірілген сипатқа ие.  

Мектепалды  даярлық  сыныбында  қарапайым  математикалық  ұғымдарды 

қалыптастыратын  сабақтарға  аптасына  1,5  сағат  бөлінген,  олардың 

әрқайсысының  ұзақтығы  25-30  минут  құрайды.  Сабақ  барысында  ойлауға 

түсетін  салмақ    түсіретін  жүктемені  дұрыс  бөлуді,  сабақ  ұйымдастырудың 

түрлері  мен  әдістерін  дұрыс  алмастыруды  қамтамасыз  ететін  сабақтың 

жекелеген бөлімдерін өзара байланыстыру маңызды.  

Сабақ құрылымының нұсқалары 

1.Балаларды жаңа тақырыпқа енгізу мақсатындағы қайталау - 2-4 минут. 

2.Жаңа материалды қарастыру - 15-18 минут. 

3.Бұрын меңгерілген материалды қайталау - 4-7 минут. 

«Қарапайым  математикалық  ұғымдарды  қалыптастыру»  сабағының 

мазмұны 

1-

бөлім. Кеңістікте бағдарлау  

1.1.Заттардың  кеңістікте  орналасуы.  Педагогтың  жетекшілігімен 

балалар  көрсетілген  бағытта  заттардың  белгілі  бір  санын  орналастыра  білуді 

меңгереді:  парақтың  жоғары,  төменгі  бөлігінде,  сол  жағында,  оң  жағында. 

Заттардың  қағаз  парақта,  үстелде,  едендегі  орнын  белгілейтін  сөздерді 

мағынасы  бойынша  дұрыс  қолдануға  үйрету.  6-7  жастағы  балалар 

заттардыңарасындағы  қозғалыс  бағыттарын  еркін  бағдарлай  алуы  қажет. 

Жазықтықта  бағдарлай  білудің  маңызы  зор.  Барлық  жұмыстар  қарама  –

қайшылықты көрсететін түсініктер негізінде құрылуы тиіс: «солға-оңға», «алға-

артқа».  Әсіресе,  кеңістікте  бағдарлауды  балалардың  әрекеттері  арқылы 

қамтамасыз  еткен  дұрыс.  Олар  бағытты  және  заттар  арасындағы  қатынасын 

анықтап қана қоймайды, сонымен қатар көрсетілген бағытта қозғалуы, заттарды 

орналастыруы және ауыстыруы тиіс. Айқындалған кеңістіктік байланыстар мен 

қатынастар    келесі  қосымша  сөздер  және  сөйлемдер  арқылы  баланың 

сөйлегенде  тілінен  көрініс  табуы  тиіс:  да,  де,  астында,  үстінде,  алдында, 



артында, алды, арты, жоғарыда, төменде, жоғары, төмен, қасында, бірінен 

соң бірі, арасында, қарсысында, сол жағында, оң жағында

2-

бөлім. Саны және санау 

Балаларды  санауға  үйрету  жалғасын  табады,  10  көлеміндегі  сандық  және 

реттік сан есімдерді қолдану білігін бекіту. Мектепалды жас кезеңіндегі балалар 


34 

 

заттарды  санайды,  әртүрлі  заттардың  санын  анықтайды,  қайсысы  көп  (аз) 



немесе  тең  екенін  салыстырады,  сондай-ақ  заттардың  көлемі  мен  ауданына 

назар  аудармай-ақ    жиынтықты  санау,  бір-бірімен  салыстыру,  көзбен  анықтау 

немесе санын салыстыру тәсілдерін қолданады. 

2.1  Заттарды  санау.  Сандар  арасындағы  байланысты  қалыптастыру 

жалғасын  табады:  әрбір  келесі  сан  алдыңғысынан  артық,  ал  алдыңғысы 

келесісінен  кем  болатынын  түсінуі.  Бір  түрге  жататын  заттар  тобын    шағын 

топтарға  (шағын  жиынтыққа)  бөледі  және  бір-бірімен  салыстырады  («Биік 

шырша көппе немесе аласа шырша көппе?»), заттар тобын оның бөліктерімен 

(«Қайсысы  артық:  қызыл  шаршы  ма  немесе  бірге  алғандағы  қызыл  және  көк 

шаршы  көппе?»)  салыстырады.  Балалардың  қанша  затқа  қанша  қосылғанын 

немесе алынғанын айтып отырғаны дұрыс.  

 

2

.2 Жиын және логика элементтері 

Санау  және  өлшеу  дағдыларын  бекіту  барысында  балалар  жекелеген 

заттарды  санаумен  қатар,  сондай-ақ  бірыңғай  заттардан  тұратын  топтарды 

санауға да жаттығады. Алғашқыда олар көрнекі  түрдегі сандық қатынастарды 

айқындауға, санның мәндерін көрсетуге көмектеседі және олардың арасындағы 

байланысы мен қатынасын ашады.  

Соңынан сандық қатынасты белгілеу құралдары («тең», «артық», «кем») 

санау  және  сандарды  салыстыру  көбейген  кезде,  практикалық  тұрғыда 

салыстыру  тәсілдерін  тексеру,  дәлелдеу  құралдары  ретінде  қолданылады. 

Аралас  сандардың  өзара  байланысы  туралы  өз  тұжырымдарын  дәлелдей 

отырып,  заттар  тобын  практикалық  салыстыру  тәсілдерін  өз  бетінше  қолдана 

білуді үйренудің маңызы зор.  

Топтағы  заттар  мен  топ  саны  арасында  үнемі  өзара  байланыс  орнату 

қажет.  Топтардың  саны  артқанда  -  топтағы  заттардың  саны  кемитінін, 

топтардың саны кемігенде - оның әрқайсысындағы заттардың саны артатынын 

балалар көре білуі (заттардың жалпы саны өзгермеген жағдайда) қажет. 



2.3 

Тізбектер.  Балалардың  жыл  мазгілдерінің,  апта  күндерінің  реті 

туралы  түсінігін  бекіту  жалғасын  табады.  Мектепалды  даярлық  тобында 

таңертегілік,    күндіз,  кеш,  түн,  апта,  ай  сияқты    уақыт  кезеңдері  туралы 

түсініктері мен олардың атаулары еске сақталып, бекітіледі. Уақыт эталондары 

туралы  білімін,  уақыт  қатынастары  туралы  біліктерін  бекіту  балалардың  өтіп 

жатқан  оқиғалардың  бірізділігін,  олардың  арасындағы  себеп-салдарлық 

байланыстарды  сезінуге  ықпал  етеді.  Уақыт  туралы  түсініктер  (таңертең,  

күндіз, түс, кешқұрым, түн; бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні) қалыптастыру. Тәулік 

мезгілдері  таңертең,    күндіз,  кешқұрым,  түн  туралы  түсінік  қалыптастыру. 

Тілінде  мынадай:  басында,  сонан  соң,  оған  дейін,  соңынан,  ертерек,  кешірек, 

сол уақытта деген сөз-ұғымдарды қолдана білуге үйрету. 

Балалардың 1-ден 10-ға дейін тура және кері қарай шапшаң және сенімді 

түрде  санай  білуге  үйренуі,  яғни  алғашқы  10  натурал  санның  ретін  мықты 

меңгеруі    маңызды.  Бұл  үшін  көрнекі  материалдарға  сүйенбей-ақ,  әртүрлі 

жаттығулар  жасаудың өзі  санауға  ықпал  етеді.  («1 ден  10  ға  дейін    сана.  Кері 


35 

 

қарай  сана.  5  ке  дейінгі  қандай  сан?  Ал  5  тен  кейін  қандай  сан  және  т.с.с.). 



Педагог  балалардың  киінуге  немесе  шешінуге,  сурет  салуға,  ойнауға  қанша 

уақыт  жұмсайтынын,  сабақ  соңына  дейін  қанша  минут  қалғанын  назарда 

ұстауы қажет. Қанша уақыт қалғанын  үнемі көрсетіп отыруы қажет, уақытында 

бітіргендерін ынталандырып отырады. Балалардың уақытты сезінуі, неғұрлым 

ұйымшыл, тәртіптірек болуына көмектеседі. 

2.4  Шамалар.  Балаларды  шартты  өлшемдер  арқылы  заттың  ұзындығын, 

енін,  биіктігін  өлшеуге  және  салыстыруға  үйрету.  Уақыт  туралы  түсініктерді: 

бүгін,  кеше,  ертең,  бүрсүгіні;  тәулік  бөліктерін  білу.  Жыл  ішіндегі  айдағы/ 

аптадағы  күндер  санын  білу.  Дидактикалық  ойындар  мен  «Апта  күндері», 

«Жалғастыр!»,  «Керісінше»  ойындық  жаттығулары  кеңінен  қолданылады. 

Балалар педагог бастаған сөз тіркестеріне қарама-қарсы мағынадағы (таң-кеш, 

басында-соңында,  жай-ақырын)  сөздерді  тауып  толықтырады,  қайсысы  ұзақ 

болатынын  анықтайды:  күн  немесе  аптама,  аптама  немесе  айма,  айма  немесе 

жылма.  Мектепалды  жас  кезеңіндегі  балаларды  ағымдағы  ай  атауымен 

таныстырады. Олар ай атауларын, олардың ретін біртіндеп еске сақтайды. С. Я. 

Маршактың «Он екі ай» кітабын оқу арқылы шапшаң жаттап алуға ықпал етеді. 

Шартты  өлшемдер  арқылы  затты  ұзындығы  мен  салмағы  бойынша 

салыстыру.  Дүкенде  қолданылатын  салмақ  туралы  түсінік  қалыптастыру. 

Өлшемдерді  салыстыру,  дербес  түрде  емес,  заттардың  басқа  қасиеттерімен 

(олардың  қолданылуы,  бөліктері,  түсі,  материалы)  қарастыру  жүйесінде  бірге 

жүзеге асады. Бұл балалардың ақыл ойының айтарлықтай дамуына ықпал етеді. 

Олар  сызықтық  өлшемдерді  салыстыру  тәсілдерін,  әрекеттердің  бағдарлық 

тәсілдерінің  (қабаттау,  жапсыру)  арасындағы  байланыстарды  құра  білуі  және 

сәйкесті белгісімен, өлшемдердің дәл сандық сипатын қолдана білуі қажет. Осы 

өлшемдер  қарапайым  математикалық  әрекеттердің  нысаны  болмақ.  Балалар 

олардың  қасиеттері  туралы  алғашқы  түсініктерге  ие  болады.  6-7  жастағы 

балалар  өлшемдерді  жанама  бағалаудан,  оларды  өлшеу  арқылы  алынатын, 

неғұрлым  дәл  сандық  сипаттауға  қол  жеткізеді.  Өлшеу  үдерісінде  өлшем 

бірліктер  жеке  бөліктердің  әрқайсысы  тең  болатын  өлшемдік  шамалардан 

(ұзындық,  көлем)  тұрады.  Өлшеу  нәтижесінде алынған  сан  бөлшектің  бүтінге 

қатынасын  көрсетеді.  Балалар  өлшеу  арқылы  санның  салыстырмалылығы 

таңдалған шамаға тәуелділігін түсінеді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет