1-
бөлім. Сурет салу негіздері
1.1. Сызықтар және сызық түрлері
Бұл сабақта педагог балаларға сызықтардың алуан түрін (түзу, қисық, ирек-
ирек, ирелең) қолдана отырып, затқа қарау және елестету арқылы қарапайым
сұлбалардың суретін салуды үйретеді.
Мектепалды даярлық сыныбында балалар түрлі ұлттардың қолбанбалы
өнеріне тән өрнектің элементтерімен және түстердің үйлесімділігімен
танысады. Зергерлік өнерге, ағаштарды оюлауға, өрнек жасауға, ұлттық
44
киімдерді алтынмен кестелеуге, қазақ ою-өрнегінде кездесетін киіздің
өрнегінде, тоқыма заттарда, кілем тоқуда табиғаттың, гүлдің, бүршіктің сюжетін
беруге үйрету.
Педагог түзу сызықтың түрлі үйлесімділігінде құрылған қазақ өрнегінің
элементтерінің суретін салуға, оларға тән элементті қолдана отырып
құрастыруын, элементтерді сұлбаның, форманың ортасына және шетіне
орналастыруын, қарапайым формаға түзу, ирек, жіңішке, жалпақ сызықтарды,
сақиналарды, дөңгелектерді, бояуларды, нүктелерді ырғақпен орналастыру
арқылы өрнектерді құрастыру біліктерін қалыптастыруға ықпал етеді.
1.2. Пішін және үйлесімділік
Білігін дамыту: заттардың негізгі формасының, үйлесімділігі мен бір
бөлігінің суретін салу. Бірыңғай мазмұнды сызықпен сурет салу үшін, біркелкі
заттардың көлемі және оның бөлшектері бойынша бейнелеу іскерлігін
қалыптастыру (Көктем мезгілінің қарапайым суреті. Ағаштың бұтағына,
жапырақ немесе гүлдің бұтасына, кейбір егін және бақша гүлдеріне қарап сурет
салу, түрлі аңдардың және т.б. сипатының ерекшеліктерін беру).
Геометриялық форманың жеңілдетілген түрінде соңынан оның пішінін
құрастыру үшін, баланың бойында заттардың құрылысын көру дағдыларын
қалыптастыру қажет.
Балалардың алдында заттардың орналасуы бөлмеге байланысты. Егер
дұрыс үйлесімділік беру керек болса, зат тұрақты күйде, балаларға барлық
бөліктері көрінетіндей етіп қарату керек. Егер балаларға қимыл-қозғалысты
көрсету тапсырмасы берілсе, бөліктердің қалпын өзертуге болады.
1.3. Түс
Сурет салу қоршаған әлемдегі барлық түстің өзіндік сұлулығын сезінуге
көмектеседі, оларды рухани байытады және көркемдік талғамын дамытады. 6-7
жастағы балалар сурет салудың көмегімен қағаздың түсін және түстерді беру
үшін, бояулардың үйлесімділігін таңдауға үйренеді; жылы және суық түстерді
қолдану, әртүрлі түстің фонмен үйлесімділігі және тақтайшаға бояуларды
араластыру.
Мектепалды даярлық тобындағы балалар ең басты түстерді (қызыл, сары,
көк, жасыл, күлгін, сарғыл, көгілдір) танып, оларды ажырата білуі керек; күн
спектрін негізгі түстен алу, басты түстен қосымша түсті алу, табиғи және
жасанды түстердің пайда болуын; түстерді араластырудың қарапайым ережесін
(қызыл және көк түсті қосқанда – күлгін түс, көк және сары – жасыл және т.б.)
білуі керек.
«Сурет салу негіздері» бөлімінің мазмұны балалардың түс үйлесімділігін
қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған, акварель және гуашь бояуларымен
есте сақтау және елестеті негізінде заттардың суретін салуға бағытталған.
Балалардың жеке қабылдауы арқылы қоршаған әлемнің әлемдегі барлық түстің
сұлулығын сезінуге мүмкіндік береді. «Сурет салу» сабағы олардың рухани бай,
жомарт көңілді болуына көмектеседі, көркемдік талғамы дамиды. Балалар
қоршаған әлемдегі түстердің байлығы туралы өз әсерлерін алуан түрлі
45
мазмұнды-тақырыптық сурет салуды орындау барысында береді. Мазмұнды-
тақырыптық суретте түр-түс айқындықтың маңызды құралы болып табылады.
1.4. Текстура
Балалардың бейнелеу шығармашылығын дамытудың ең маңызды
шарттардың бірі – сабақ барысында педагогтың баламен бірге жасаған жұмысы.
Дәстүрлі емес көркем техниканы қолдану мектепалды жастағы балалардың
жас ерекшеліктерімен анықталады. Мысалы, бұл бағытта жұмыс істеуді
саусақпен, алақанмен, қадамен, тампонмен, қағазды жұлмалау және т.б. сияқты
сурет салудан бастау керек, сондай-ақ ол мектепалды даярлық сыныптарында
кляксография, монотипия сияқты күрделі техникалардың көмегімен құрылған
графикалық бейнелермен толықтырылады.
Дәстүрлі емес көркем техника құралымен мәнерлі графикалық бейне құру
бірқатар міндеттерді шешеді деп болжайды:
-
балаларды алуантүрлі көркем материалдармен және олардың
қасиеттерімен таныстыру;
-
бейнелеу міндеттеріне қойылған бейнелеу материалдарын, құралдарын,
жеке ойлауы бойынша бейнелеу тәсілдерін бағындыру икемділіктерін дамыту;
-
алуантүрлі материалдар мен құралдарды, іс-әрекет тәсілдерін қолдануға
үйрету;
-
дербестікке, бастамашылдыққа, эстетикалық талғамға тәрбиелеу;
-
қиялын, көру арқылы есте сақтау қабілетін, икемді және жылдам ойлауын
дамыту;
-
қағазға түрлі формада симметриялық өрнек құру: жолақшада, шаршыда,
дөңгелекте, көпбұрышта, сопақшада, ортасын, бұрышын, жиегін бөлу;
-
элементтерді кезектестіре отырыпу рақылы матаға өрнек салу; көлемді
пішінді безендіру – жапсырылған бұйым, қатты қағаздан жасалған жұмыс
(қораптар, бокалдар және басқалар);
-
кең жолақта бір сызықтың қатарына (жақын, алыс) қағаздың барлық
жазықтығына бейнені орналастыру, табиғаттан алған әсерлерін көрсету.
1.5. Композиция
6-
7 жастағы балалар жеке заттарға қарап немесе есте сақтау қабілеті
бойынша сурет композициясын шешуде, сондай-ақ өрнектер мен оюларды
құрастыру барысында айтарлықтай жетістікке жетеді. Олар пішімді (тігінен,
көлденеңінен) ескеру мен қағаз бетіне ойдағыдай орналастыру арқылы
суреттегі түсті үйлестіре алады.
Заттық және сәндік суреттерге қарағанда, орындаудың мазмұны,
күрделілігі және қолданылуы бойынша суреттің композициясы айтарлықтай
алуан түрлі және қызықты болып келеді.
Балалардың сурет композициясының ұйымшылдық және мәнерлілігіне
олардың бейненің негізгі бөлігінің сәйкестігін дұрыс көрсету іскерлігіне,
бояумен жұмыс істеуге, қағаз бетінің өлшемі мен бір-біріне қатысы бойынша
заттарды орналастыру мен көлемін анықтауға қатысты жағымды әсер ету.
46
Педагог балаларға кеңістікке қатысты заттарды бере білу дағдыларын
ұластыруды біртіндеп бастайды: қағаздағы бір жолақта төмен; қағаздың барлық
бетіне.
2-
бөлім. Материалдар мен құралдар
2.1. Құралдармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері
Балалардың қарындаш (графиттен істелген), бояулар (гуащь, акварель)
сияқты көркем материалдарды дұрыс таңдауы мен қолдануы үшін педагогтың
көмегі қажет.
Мектепалды даярлық сыныпта педагог саусаққа күш түсірмей,
қарындашты көлбеу ұстап, үзік сызықтарды біркелкі етіп сызып, бір бағытта
жеңіл қимылмен, жиектің сыртына шығып кетпей, қарындашпен сурет салу
білігіне үйретеді. Бояумен сурет салу барысында, қылқаламды бояуға әбден
малып, жалпақ сызық жүргізе отырып, қылқаламды қағазға көлбеу ұстау керек;
жіңішке сызық салу барысында нүктені тігінен ұстап, суретті бояй отырып,
оңнан солға, жоғарыдан төмен, қиғаштап бір бағытта оны көлбеу жүргізу керек.
Қағаздың жалпақ жағына қылқаламды қысып ұстау, қағаз бетінің ортасын,
бұрышын, жоғары, төмен, оң және сол жағын ажырату тәсілдерін қолдану
білігіне үйрету қажет.
Саусаққа күш түсірмей, қарындашты (борды) көлбеу ұстап, бір бағытта
үзік сызық сыза отырып, жеңіл қимылдармен, суреттің шетіне шығып кетпей,
қарындашпен сурет салудың техникалық дағдыларына үйрету; түстің
ашықтығы бойынша әртүрлі түс алу үшін қарындашты түрлі басуды қолдану.
2.2. Еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік
техникасын сақтау
Педагогтың балалар орындайтын тапсырманың бірізділігін алдын-ала
жоспарлауы, қажетті материалдарды дайындауы, жұмыс орны мен жұмыс істеу
барысында құралдарды өздігінен ретке келтіруі тиіс: үшкір құралдар,
қарындаш, бояу, қағаз және т.б. өз орнына қоюға үйрету.
Сабақ барысында бөлмеде жақсы табиғи жарық болу керек, егер жарық
жеткіліксіз болса, қосымша жасанды жарық қолданылады. Жиһаздар баланың
бойына сәйкес болу керек.
Мүсіндеу сабағының мазмұны
Мүсіндеу – қолдың және қосымша құралдардың – стек және т.б. көмегімен
илемді материалдардың (ермексаз, сазбалшық, пластик және т.б.) пішінін
береді. Балалармен бейнелеу іс-әрекетін меңгеруге бағытталған жұмысты
ұйымдастыра отырып, педагог педагогикалық үдерістің тиімді әдіс-тәсілдерін
кеңейтумен айналысады; ескірген үлгілер мен стереотиптерден аулақ болған
жөн. Ол жерде оқу және шығармашылық тапсырмалар, қызықты бөлшектерден
құралған бейнелерді толықтыруды ұсыну керек.
47
Әрбір сабақтың соңында балалардың жұмысын қарап, талдау жасау керек;
тақырыпты ашатын қызықты және мәнерлі жұмысты атап өтіп, қажет болған
жағдайда, балаларға қолдау көрсету керек.
1-
бөлім. Мүсіндеу бағыты
1.1. Заттық мүсіндеу.
Мүсіндеу әрекетін балалар сурет салу әрекетінен жылдам меңгереді,
өйткені мүсіндеу жұмысында бала шынайы аумақта жұмыс істейді, оған қағаз
бетіне бейнелеу барысындағыдай шартты құралдарға жүгінуге тура келмейді.
Балалар бейнелейтін қозғалыстар күрделі емес: қолын көтеріп тұрған
немесе аяғы алшақ қойылған адам фигурасы, алға созылған жануардың табаны.
6-
7 жастағы балалардың мүсіндей сипаты мектепке дейінгі кіші жастағы
балалардың жұмысынан қатты ерекшеленеді. Олар заттың пішінін нақты
беруге, бейнені қосымша бөлшектерімен толықтыруға, оны қозғалыста
көрсетуге тырысады. Алайда, мектепалды даярлықтың балалары мүсіндеудегі
мәнерлі құралдардың көмегімен тірі тіршілік иелерін белгілеріне тән, айрықша
ашық түрде береді, ал мұның өзі пішіннің қалған негізгі бөліктер жалпылама
түрде қалады.
Балалар жануарлар мен адамдардың пішінін сомдауда, алдымен олардың
жалпы пішінін, содан соң бөлшектерін белгілей отырып, бір кесек
сазбалшықтан мүсін жасап үйренеді. Толық кесектен мүсіндеу барысында
артығын алып тастауы да мүмкін, сонымен қатар пішіннің сол және басқа
бөліктеріне жетпей тұрған сазбалшықты қосуы да мүмкін. Негізгі жұмыс
саусақтардың, кейде екі қолдың саусақтарымен атқарылады.
6-
7 жастағы балалар заттардың белгілерін ажыратуды бастайды: ұзын және
қысқа, толық және жіңішке, бөліктің көлеміне қатысын сақтау, мүсінделген
пішіннің бөліктерін нықтап бекіту, олардың біреуін екіншісіне қыса отырып,
бекітілген жерді тегістеу, саусақ немесе стектің қимылымен пішіннің бетін
жөндеу.
1.2. Сюжеттік мүсіндеу
Мүсіндеуде мазмұнды бейнелеу сурет салумен салыстырғанда, өзіндік
ерекшелігі бар. Соңғы мазмұнды композицияны бейнелеуде жерде және ауада
тұрған заттарды бейнелеудің шартты тәсілдерін қолданумен жиі байланысты
болады. Мысалы, балалар ұшып бара жатқан ұшақты бейнелей алмайды. Ұшып
бара жатқан заттарды көрсету барысында, мүсінді тұғырға немесе таяқша-
қаңқаға көтереді, алайда бұл шартты тәсілде үнемі қолдануға болмайды.
Мазмұнды мүсіндеу жұмысы балалардың үлкен ақыл-ойына күш түсіреді,
себебі композиция үшін айрықша мәнерлі заттарды таңдап алу керек.
Мектепалды даярлықта мазмұнды мүсіндеу эпизодты таңдауда,
жоспарланған барлық жұмыста бейнелеу мен техникалық тәсілдерді қолдануда
балалардан белсенділік пен дербестікті талап етеді.
Педагог келесілерді дамытуы қажет: өлшемдік қатынасты беру білігі,
бейненің мәнерлілігі, адамның қимылына тән мәнерлілік, пішіннің бетін
безендіру; стекті қолдана отырып, толық кесектен мүсіндеу тәсілдеріне үйрету;
48
тұғырда бұйымды орналастыру техникасын жетілдіру; бір тұғырға бірнеше
пішінді орналастыра отырып, біртекті заттардан мазмұн құру.
1.3. Сәндік мүсіндеу. Сәндік мүсіндеу балаларды шығармашылықпен
жұмыс істеуге үйретеді: алдын-ала тақырыпты ойластыру, сурет түрінде
ертерек үлгі құру және жұмыс барысында оған сүйену, заттың және әшекейдің
пішінін шартты шешу (мысалы, сауыт гүл түрінде бейнеленеді, құс немесе
қоңыздың қанаты өсімдік немесе геометриялық өрнектермен әшекейленген
болуы мүмкін).
Сәндік мүсіндеу құралдармен жұмыс жасауға үйретеді, кейбір әшекейлерді
түтік, шаршы, үшбұрыш және т.б. сияқты арнайы таңбалар түрінде қондыруға
болады. Мұндай таңбалар ретінде түрлі пішіндегі қалпағы бар шеге,
бұрандаларды қолдануға болады. Мүсінді өрнектеу жұмыс барысында,
балалардың қолдардың саусақтарының бұлшық еттері дамиды, саусақтың
ұшымен жұмыс істеуге үйретеді, оларды пішіндерді айрықша иілгіш және
сезімтал етеді.
Мүсіндеу тәсілдерінің бірі – құрылымдық. Пішін конструктор
бөлшектерінен жасалғандай жеке бөлімнен мүсінделеді, сондықтан осылай
аталады. Алдымен түрлі бөлшектен тұратын бейне ойластырылады, содан соң
оны жапсыруға болады. Балалар көлемі бойынша түрлі заттарды –
пирамидаларды, мұнараларды, аққаланы және т.б. ұқсас пішіндерді біріктіре
алады.
Балалар белгілі бір бейнені ойластырады. Бұдан кейін ол қажетті түс пен
өлшемдегі ермексазды алып, оны уқалайды. Кесек ермексазды ойлаған пішіннің
формасына салуға тырысады. Бала сипат ерекшеліктерін беруге тырысады –
ұзын мойнын, қармауышын, айдарын, құлағын және т.б. Яғни, балалар түрлі
тәсілдермен пішіннің үлгісін жасайды.
Ол алдыңғы екі тәсілді біріктіреді. Яғни, бір кесектен және жеке бөліктен
мүсіндеу. Мұндай тәсіл барысында мүсіндеу тәсілімен үлкен бөлшектерді, ал
кішкентаймен жеке бөлшектерді жапсырған жөн. Мүсіндеу барысында негізгі
формадан пішіннің тұмсығын, құлағын, құйрығын созып, оларды үшкірлеуге,
сопайтуға және бүгуге болады. Шетін немесе форманыың бөлшегін – құйрық,
айдар, қанатын, гүлдің жапырағын қыстыруға болады. Мысалы, стектің
көмегімен «қауырсынды», «түкті», «қабығын» үзік сызықпен кесуге, өрнек
жасауға, табан, қанат үшін тілік жасауға, пішін бетінің суретін салуға болады.
Тұрыстыққ ұсақ заттармен сондай-ақ, дөңгелектер, дақтар және т.б. таңба
жасауға болады.
2-
бөлім. Еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс істеуде, қауіпсіздік
техникасын сақтау
2.1. Мүсіндеуге арналған материал және құралдармен жұмыс істеу.
Мүсіндеудің бейнелеу және техникалық құралдарын меңгеру балалар үшін
қиындық тудырады, бұл педагогтан мүсіндеуге материалдар іріктеуде, үйретудің
мазмұны мен тәсілдерін таңдауда ерекше жауапкершілікпен қарауды талап
етеді.
49
Әдетте, мүсіндеу үшін сазбалшық пен ермексаз қолданылады. Сазбалшық
–
түстермен жұмыс істеуге арналған бейтарап және ыңғайлы айрықша құнды
материал. Ол жасыл және көгілдір реңкі бар жер сияқты қоңыр, ақ, сұр түсті
болуы мүмкін. Арнайы дайындалған түрлі-түсті керамикалық сазбалшықты
қолдануға болады. Сазбалшықпен жұмыс істеу жайлы. Сазбалшық жұмысқа
үнемі жарамды болу үшін, оны сулы шүберектің астында салқын, дым жерде
ұстаған жөн.
Ермексаз – жұмыс алдында арнайы дайындықты қажет ететін созылмалы
материал. Ол біртүсті және түрлі-түсті болуы мүмкін. Алғашқысы пішіннің
тұтастығы мен заттың құрылысын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Түс
жұмысқа алуан түрлі сипат береді, мәнерліліктің қосымша құралы болып
табылады.
Мүсіндеудің қосымша материалдарына тірек жатады.
Балаларды мүсіндеуге үйрету үшін тірек ретінде түрлі ұзындық пен
жуандықта қарапайым таяқшаларды қолдануға болады. Тіректің көмегімен
пішіндер айрықша тұрақты және ширақ болады.
Мүсіндеу барысында стекты қолдана білу керек. Олар өздері жасап алатын
ағаштан және металдан жасалған болуы мүмкін.
Қолмен жасау қиын болған жағдайда бөлшектерді жөндеу үшін стек
қолданылады, оның көмегімен пішіннен артық сазбалшықты алып тастайды,
кесік жасайды.
Балаларды мүсіндеуге ойдағыдай үйрету үшін үстелге орналастырылған
шағын тақтайша керек.
Педагог балаларды орындайтын тапсырманың бірізділігін алдын-ала
жоспарлауға, қажетті материалдарды дайындауға, жұмыс орны мен жұмыс істеу
барысында құралдарды өздігінен тәртіпке келтіруге үйретеді: үшкір
құралдарды, сазбалшықтарды, ермексаздарды және т.б. өз орнына қою. Жеке
бас гигиенасының ережесі (сабақтан соң міндетті түрде қолдарын жуу және
әрқайсысы өз сүлгілерін қолдану) туралы үнемі ескертіп отыру қажет.
«Жапсыру» сабағының мазмұны
Мектепалды даярлық сыныптарында жапсыру баланың қабілетін
дамытудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Өнердегі жапсыру
суретті немесе өрнекті қағазға, матаға желімдеу немесе тігу арқылы
орындалатын көркем шығарма болып саналады. Сурет немесе өрнектің өзі
әртүрлі материалдан жасалуы мүмкін. Мұндай материал ретінде қағаз, мата,
таяқша, әртүрлі дақылдар, ағаштың кепкен жапырақтары, ермексаз, жармалар,
қамыр және т.б. таңдап алуға болады.
Жапсыру сабақтарында 6-7 жастағы балалар жеке қызығушылықтарын
ғана емес, сондай-ақ өз құрдастарының қызығушылықтарын негізге ала
отырып, бірлесіп жұмыс істеу білігіне тәрбиеленеді. Бұл баланың өзіне және
басқаға талап қою сияқты, тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарауды,
саналылық ұстанымын, тәртіпті, өзара көмек көрсету мен қолдауды болжайды.
Мектепалды даярлық балалары дербестігі мен бастамашылдығын көрсетуге,
50
бірлескен күш салуға орай, оң нәтижеге қол жеткізуден қуаныш сезімін бастан
өткеру мүмкіндігін алады.
Жапсырудың жеке және ұжымдық формасы әртүрлі мазмұнда болуы
мүмкін. Осыған байланысты сабақты түрлері бойынша бөлуге болады. Бұған
заттық, мазмұндық және сәндік жапсыру жатады.
1-
бөлім. Жапсыру бағыты
1
.1. Заттық жапсыру
Мектепалды даярлық сыныптарында жапсыру барысында балалар негізгі
қию түрлерін меңгереді. Балалар қағазды көзбен өлшеп бүктелген сызығы
бойынша тегіс етіп қияды; шаршының, тіктөртбұрыштың немесе үшбұрыштың
бұрыштарын жұмырлай отырып немесе қағазды бірнеше рет бүктей отырып,
дөңгелек пішін етіп қияды; қағазды жұлмалай отырып, симметриялық емес
пішіндерді қияды. Заттық жапсырудың негізгі міндеті балаларды шынайылыққа
жақын заттарды құруға үйрету болып табылады.
Затты жапсыруда балалар қоршаған заттардың шартты белгілері немесе
оларды ойыншықтарда, суреттерде, халық өнерінің үлгісін көрсете отырып
бірнеше жиынтықты іс-әрекет ерекшеліктерін беруге әлі келетін қағаздарды
қиып, жеке заттардың бейнесін фонға желімдеу білігін меңгереді.
Педагог жапсыру үшін кескіні нақты, пішіні қарапайым, үйлесімділік
қатынасы анық және өзіндік бояуымен ерекшеленетін заттарды таңдайды. Осы
ерекшеліктерге байланысты қиюдың әртүрлі тәсілдері қолданылады.
Симметриялық қиюдың тәсілін бір жақ бүйіріне (көбелек, инелік, қызғалдақ,
Қарша қыз, зымыран) сәйкес қатесіз беру үшін немесе ортасынан бастап
қайталанатын бөлікті кезектестіру (түймедақ, қар бүршігі) үшін қолданады.
Заттардың күрделі қисық сызықтың жиегінің симметриялық құрылымы ойға
алған (жануарлар, құстар, балықтар) жиек бойынша бейнеленеді.
Қиюдың тәсілін меңгеру, шамамен, балалар әртүрлі пішіні, құрылымы
және бояуының үйлесімділігімен, көлемдік байланысымен (түрлі типтегі үйлер,
көлік, өсімдіктер, құстар, жануарлар, шынайы және ертегіде баян етілетін адам)
ерекшеленетін заттарды бейнелей алады.
Заттық жапсыруда балалар екіге бүктелген, әртүрлі бейнені қатпарланған
қағаздарды қиюға, жұлмалау әдісі арқылы күрделі жапсыруды құруға, сиқырлы
құстын, алтын балықтын, алқызыл гүлдің бейнесін жасауға үйренеді.
1.2. Сюжеттік жапсыру
Мазмұнды жапсыру тақырыпқа немесе мазмұнға сәйкес түрлі заттарды
өзара әрекеттестіре қию және желімдеу білігінің болуын қарастырады. Жапсыру
тақырыбын таңдау барысында балалардың түсініктерінің қорын, олардың
бейнелеу және техникалық білігінің даму деңгейін, балалардың қызығушылығы
мен жасының қолжетімділігі мен сәйкестігін, сондай-ақ қоғамдық өмір
оқиғасын, табиғат және заттық қару, жыл мезгілдерінің құбылысын және т.б.
ескеру керек.
51
Мазмұнды жапсыру барысында балалар мазмұнын және жасайтын
композиция бөлшектерін ойлап табуға, сондай-ақ оларды негізіне ретімен
желімдеуді үйренеді.
Түрлі-түсті қағаздан жапсыру кез келген тақырыпта болуы мүмкін,
мысалы, ертегі, өсімдік пен жануарлар әлемі, көлік, мерекелер және басқа
көптеген тақырыптар.
Балалар қағаз бетіне заттарды орналастыру дағдысына, әртүрлі заттардың
көлемі, формасының бөліктері, олардың құрылысы, үйлесімділігі бойынша
нысандардың қатынасын ескере отырып, жапсыру мен құрастыруға үйренеді.
Сондай-ақ, педагог балаларды ұжымдық жапсыруға, ортақ композиция
құру білігіне, қағаз бетін толтыруға, заттарды жалпақ жолақшаға (жоғары,
төмен, 2-3 жоспарды), бүкіл қағаз бетіне, бір сызық бойына орналастыруға,
аспанды, жерді немесе аспан мен өзенді (көл) белгілеуге, жерге (аспан)
арналған түсті таңдауға үйретеді.
1.3. Сәндік жапсыру
Сәндік жапсыру – балалардың түстің ашықтығын салыстыруды қолдана
отырып, ырғақ, симметрия заңдылығы бойынша түрлі элементтерді безендіруде
(геометриялық, өсімдіктер пішіні, құстардың, жануарлардың, адамдардың
пішіндерінің жиынтығын) қию және біріктіру білігін меңгеруі. Бұл сабақтарда
балалар стилге салуға, шынайы заттарды сәнді жасауға, олардың құрылысын
жинақтауға, үлгілерді жаңа қасиеттерімен бөлісуге үйренеді.
Балаларды өрнектің ашық және таза түстері, пішіннің симметриясы,
олардың көргендерін жасауға ниет білдіруге назар аудартады. Бұл педагогтан
халық шеберінің шығармашылық тәжірибесін терең зерделеуді, балаларды
халық өнерімен таныстыру бойынша жұмысты ұйымдаруға және оларды
тұрмыс бұйымдарын, киімдерді және т.б. безендіруді мотив бойынша өрнек
құру білігіне үйретуге сәйкес халық өрнегінің бейнелеу дағдыларын меңгеруді
талап етеді.
Балалармен жұмыс жасау барысында сәндік-қолданбалы өнерінің бұйымы
қолданылады. Педагогтың міндеті ұлттық алуан түрлі сәндік-қолданбалы
бұйымдардың түрін көрсету: ерекшелік сипаты, өрнек элементтерінің
өзгешілігі, түстердің және композицияның үйлесімділігі.
6-
7 жастағы балалар халықтық сәндік-қолданбалы өнердің сарыны
бойынша өрнектің әртүрлі түрін жаңғырту үшін фонды жеке элементтермен
біркелкі толтыруға, жапсырудың негізгі және қосымша бөліктерін бөлуге
үйрену керек. Балалардың байсалды композиция құру қабілеттерін дамыту
үшін, үйретудің көрнекі тәсілдерін мақсатты қолдану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |