Білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы»



бет8/34
Дата17.04.2023
өлшемі230,6 Kb.
#83415
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Байланысты:
ПрактикаФонетикаЛексикологияҚТӘ

Әдебиеттер:
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. А., 2015.
Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 2018.
Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Грамматика. А., 2020.
Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2014.
Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Дәуір-Кітап, 2013. – 220 б.
Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2019. -312 б.
Садуақас Н.А. Құдайберген Жұбанов және қазақ тілінің дыбыс жүйесі. – Ақтөбе, 2012. -175 б.
Садуақас Н.А. Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі (оқу құралы). – Ақтөбе: Литер, 2018. - 273 б.
Садуақас Н.А. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Оқу құралы. – Ақтөбе: 2016. -194 б.

11-12 практикалық сабақ тақырыбы: Дыбыстардың тіркесімі заңдылықтары


Сабақ жоспары:
1. Дыбыстардың сөз буыны ішінде, түбір мен қосымша, сөз бен сөз арасындағы тіркесуі туралы.
2. Дауыстылардың тіркесі, дауыссыз дыбыстар тіркесу ерекшеліктері.
Бақылау сұрақтары:
1. Дыбыстық заңдылықтар
2. Дауыстылардың дауыстылармен тіркесімі
3. Дауыстылардың дауыссыздармен тіркесімі
4. Дауыссыздардың дауыстылармен тіркесімі
5. Дауыссыздардың дауыссыздармен тіркесімі
Глоссарий:
Дыбыстар тіркесімі – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен қатар тұру мүмкіндігі, олардың (дыбыстардың) тарихи тұрғыдан қалыптасқан орны.
Тапсырма:
Берілген үлгі бойынша сатылай кешенді дыбыстық талдау жасаңыз.
Үлгі:
Кедейдің: жіңішке сөз; 8 әріп; 8 дыбыс; 3 буын: ке – ашық буын, дей – бітеу буын, дің – бітеу буын; 2 тасымал: ке-дейдің, кедей-дің.
2 (е,і) жуан – 0 ашық – 1 (е)
6 = ; 2 = ; 2 = ;
4 (к,д,й,ң) жіңішке – 2 (е,і) қысаң – 1 (і)
еріндік – 0
2 = ;
езулік – 2 (е,і)
қатаң – 1 (к); ұяң – 1 (д)
4 =
үнді – 2 (й,ң)


Орфография: кедейдің
Орфоэпия: кедейдің
Ықпал түрі:
Буын үндестігіне бағынады.
Сөз екпіні: кедейд`ің

Кедейдің өзі жүрер малды бағып, 


Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп, 
Шекпен тігер катыны бүрсең кағып.

Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын! 


Алтынды домбыраңмен келші жақын.
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет