Блиц-тест:
1. Бір бунақ құрамында дұрыс айтылған тіркестер?
А) әлдекім, қозықұйрық
В) көкейкесті, шекара
С) бал қаймақ, тас жол
Д) қарағұс, қолғанат
Е) қыз-жігіт, жас жігіт
2. Қазақ сөздерінің екінші буынында жазылмайтын дауысты?
А) е
В) а
С) о
С) ы
Е) ұ
3. Дыбыс жылысуы?
А) тарт+ып – тар+ тып
В) са-ры+а-ла – са+ра+ла
С) то+ры-ат – торат
Д) қа-ра + а-ла – қа-ра-ла
Е) жақ-сы+ а-дам – жақ-са-дам
4. Ауыр бітеу буынды сөз?
А) қар, жел
В) қант, қарт
С) өрт, ант
Д) ән, он
Е) нан, тат
Әдебиеттер:
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. А., 2015.
Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 2018.
Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Грамматика. А., 2020.
Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2014.
Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Дәуір-Кітап, 2013. – 220 б.
Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2019. -312 б.
Садуақас Н.А. Құдайберген Жұбанов және қазақ тілінің дыбыс жүйесі. – Ақтөбе, 2012. -175 б.
Садуақас Н.А. Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі (оқу құралы). – Ақтөбе: Литер, 2018. - 273 б.
Садуақас Н.А. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Оқу құралы. – Ақтөбе: 2016. -194 б.
№7-8 практикалық сабақ тақырыбы: Дауысты дыбыстар
Сабақ жоспары:
1. Дауысты фонемалар құрамы, олардың жасалу ерекшеліктері.
2. Вокализмдердің әр түрлі артикуляцияакустикалық тұрғыда топтастырылуы.
Бақылау сұрақтары:
1. Дауысты дыбыстар жүйесі
2. Дауысты дыбыстардың жасалуы, қолданылуы, айтылуы және жазылуы
Тапсырма:
Берілген үлгі бойынша сатылай кешенді дыбыстық талдау жасаңыз.
Үлгі:
Сұр: жуан сөз; 3 әріп; 3 дыбыс; 1 буын: сұр – бітеу буын; тасымалданбайды.
1 (ұ) жуан – 1 (ұ) ашық – 0
3 = ; 1 = ; 1 = ;
2 (с,р) жіңішке – 0 қысаң – 1 (ұ)
еріндік – 1 (ұ)
2 = ;
езулік – 0
қатаң – 1 (с); ұяң – 0
2 =
үнді – 1 (p)
Орфография: сұр
Орфоэпия: сұр
Ықпал түрі:
Буын үндестігіне бағынады.
Сөз екпіні: с`ұр
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Достарыңызбен бөлісу: |