Білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы»



бет16/34
Дата17.04.2023
өлшемі230,6 Kb.
#83415
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Әдебиеттер:
Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикасы. А., 1988; 1995.
Аханов К. Қазақ тілінің лексикасының мәселелері. А., 1956.
Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. А., 1979; 1988.
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. А., 1976.
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. А., 1962; 1975.
Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Грамматика. А., 1954.
Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2004.
Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. 1-бөлім. А., 2003.
19-20 практикалық сабақ тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні мен қолдану шеңбері. Қазіргі қазақ тілінің шығу арналары
Сабақ жоспары:
1. Қолданылу өрісі тар лексиканың типологиялық және функционалдық ерекшеліктері. Діни сөздер. Кәсіби сөздер. Терминдер. Халықаралық терминдер. Терминология. Терминдердің лексикалық және грамматикалық ерекшеліктері. Терминдердің жасалу жолдары.
2. Әдеби сөздер.
3. Варваризмдердің кірме сөздерден айырмашылықтары.
4. Стильаралық сөздер
5. Жалпылама сөздер
6. Жаңа сөздердің түрлері мен жасалу жолдары.
7. Фонетикалық жергілікті сөздер. Морфологиялық жергілікті сөздер. Лексикалық жергілікті сөздер. Диалектология. Жергілікті сөздерді зерттеу әдістері.
8. Қазақ тілі лексикасының актив қабаттары
9. Көне сөздердің көнеру дәрежесіне қарай бөлінуі
10. Басқа тілден енген сөздердің фонетикалық, грамматикалық жақтан игерілуі. Тікелей ауысу және жанама ауысу
11. Қазақ тілі лексикасының пассив қабаттары
12. Төл сөздер
13. Қарапайым сөздер. Экспрессивтік сөздер. Эмоционалдық сөздер
Бақылау сұрақтары:
1. Сөздер шығу тегіне қарай қалай бөлінеді?
2. Сөздер қолданылу аймағына қарай қалай бөлінеді?
3. Сөздер қолданылу өрісіне қарай қалай бөлінеді?
4. Сөздер қолданылу мерзіміне қарай қалай бөлінеді?
5. Сөздер қолданылу жиілігіне қарай қалай бөлінеді?
6. Сөздер стильдік бояуына қарай қалай бөлінеді?
7. Қолданылу өрісі тар сөздерге қандай сөздер жатады? Діни сөздер дегеніміз қандай сөздер? Кәсіби сөздер дегеніміз қандай сөздер? Термин сөздер дегеніміз қандай сөздер? Халықаралық терминдер дегеніміз не? Терминге тән ерекшеліктерді ата.
8. Әдеби сөздерге қандай сөздер жатады?
9. Варваризмдер дегеніміз не?
10. Бейтарап сөздер дегеніміз қандай сөздер? Бейтарап сөздерді басқаша қалай атауға болады?
11. Жалпылама сөздер дегеніміз қандай сөздер? Жалпыхалықтық сөздерге қандай сөздер жатады?
12. Жаңа сөздер дегеніміз қандай сөздер? Жаңа сөз қандай жағдайда жаңа сөз болудан қалады? Мысалмен дәлелдеңіз. Қазіргі кезеңнің жаңа сөздерін атаңыз.
13. Жергілікті сөздер дегеніміз қандай сөздер? Диалектология дегеніміз не? Жергілікті сөздерді сипаттамалы және тарихи әдіспен зерттеу дегенді қалай түсінесің?
14. Актив сөздер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз. Актив сөздерге қандай сөздер жатады?
15. Көне сөздер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз. Көнеру сипатына қарай көне сөздер қалай бөлінеді? Архаизмдер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз. Тарихи сөздер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз. Көнеру дәрежесіне қарай көне сөздер қалай бөлінеді?
16. Кірме сөздер дегеніміз не? Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кірме сөздер негізінен қай тілдерден ауысқан? Мысалмен дәлелдеңіз. Тікелей ауысу және жанама ауысу дегеніміз не? Мысалдармен дәлелдеңіз. Қазақ (түркі) тілінен араб-парсы тілдеріне енген сөздерді атаңыз. Қазақ (түркі) тілінен монғол тіліне енген сөздерді атаңыз. Қазақ (түркі) тілінен орыс тіліне енген сөздерді атаңыз.
17. Пассив сөздер дегеніміз қандай сөздер? Пассив сөздерге қандай сөздер жатады? Мысалмен дәлелдеңіз.
18. Төл сөздер дегеніміз қандай сөздер? Төл сөздерге қандай сөздер жатады? Мысалмен дәлелдеңіз.
19. Стильдік бояуы бар сөздерге қандай сөздер жатады? Қарапайым сөздер дегеніміз қандай сөздер? Өз ішінде қалай бөлінеді? Қарапайым сөздер қай кезде және қандай мақсатта қолданылады? Өзіндік ерекшеліктерін атаңыз. Экспрессивтік сөздер дегеніміз қандай сөздер? Мысал келтіріңіз. Эмоционалдық сөздер дегеніміз қандай сөздер? Мысалмен дәлелдеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет