Білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы»


Тапсырма: Берілген үлгі бойынша сатылай кешенді дыбыстық талдау жасаңыз. Үлгі: Жасынан



бет2/34
Дата17.04.2023
өлшемі230,6 Kb.
#83415
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Тапсырма:
Берілген үлгі бойынша сатылай кешенді дыбыстық талдау жасаңыз.
Үлгі:
Жасынан: жуан сөз; 7 әріп; 7 дыбыс; 3 буын: жа – ашық буын, сы – ашық буын, нан – бітеу буын; 2 тасымал: жа-сынан, жасы-нан.
2 (а,ы) жуан – 2 (а,ы) ашық – 1 (a)
5 = ; 2 = ; 2 = ;
3 (ж,с,н) жіңішке – 0 қысаң – 1 (ы)
еріндік – 0
2 = ;
езулік – 2 (а,ы)
қатаң – 1 (с); ұяң – 1 (ж)
3 =
үнді – 1 (н)


Орфография: жасынан
Орфоэпия: жасынан
Ықпал түрі:
Буын үндестігіне бағынады.
Сөз екпіні: жасынàн


Жасынан түсін билеп, сыр бермеген
Дәмеленсе, күндесе, білдірмеген.
Нанасың не айтса да, амалың жоқ,
Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген.


Кейде паң, кейде көнгіш орныменен,
Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен.
Кейде үндемей жүрсе де сөзге баяу,
От жалындай жауапкер құрбыменен.
Блиц-тест:
1. Сөйлеу (дыбыстау) аппаратының қызметін қандай аспект арқылы жете білуге болады?
А) анатомия-физиологиялық
В) акустикалық (физикалық)
С) лингвистикалық
Д) фонология
Е) функционалдық
2. А.Байтұрсынов қолданған фонетика термині?
А) үздікті, үздіксіз
В) ымыралы, ымырасыз
С) үнді, үнсіз
Д) сыбыр, сонор
Е) айналма жолды, тура жолды
3) Актив дыбыстау мүшелері орналасқан қатар?
А) тіс, тіл, жақ, мұрын
В) ауыз, тіл, таңдай, иек
С) тіл, ерін, дауыс шымылдығы
Д) мұрын қуысы, тіс таңдай;
Е) таңдай, көмей, ерін
4) Соматикалық әдіске жататын?
А) спектографтық әдіс
В) кимографтық әдіс
С) рентгенографтық әдіс
Д) осциллографтық әдіс
Е) фонологиялдық
Әдебиеттер:
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. А., 2015.
Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 2018.
Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Грамматика. А., 2020.
Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2014.
Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Дәуір-Кітап, 2013. – 220 б.
Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2019. -312 б.
Садуақас Н.А. Құдайберген Жұбанов және қазақ тілінің дыбыс жүйесі. – Ақтөбе, 2012. -175 б.
Садуақас Н.А. Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі (оқу құралы). – Ақтөбе: Литер, 2018. - 273 б.
Садуақас Н.А. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Оқу құралы. – Ақтөбе: 2016. -194 б.

3-4 практикалық сабақ тақырыбы: Дыбыс. Әріп. Фонема


Сабақ жоспары:
1. Дыбыс, әріп, фонеманың ортақ жақтары мен айырмасы.
2. Әріп және әліпби. Әріптің нақтылы фонемаларды таңбалау кезінде негізделетін принциптері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет