Зертханалық жұмыс № 10. Активтелген көмірдегі ерігіш заттардың адсорбциясын зерттеу.
Жұмыс мақсаты: белсенділенген көмір мен сірке қышқылының арасындағы адсорбцияны зерттеу және белсенділенген көмірдің беткі ауданын есептеу.
Аспаптары мен ыдыстары: бюреткалар, сыйымдылығы 100 мл 12 колба, өлшеуіш ыдыс,құйғыш, сүзгіш қағаз.
Реактивтер: 0,4н СН3СООН, 0,1н NaOH, белсенділенген көмір, фенолфталеин.
Жұмыстың орындалу реті:берілген 0,4 н сірке қышқылын сұйылту арқылы көлемі бірдей (100 мл) таралымы әр түрлі алты ерітінді әзірлейді: 0,4 н, 0,2 н, 0,05 н, 0,02 н, 0,0125 н.
СН3СООН, мл
|
100
|
75
|
50
|
25
|
15
|
7,5
|
Н2О, мл
|
0
|
25
|
50
|
75
|
85
|
92,5
|
Концентрация
|
0,4
|
0,3
|
0,2
|
0,1
|
0,07
|
0,03
|
Бұлардың әрқайсысын екіге, яғни 50 мл бөліп, 12 ыдыстағы алты жұп ерітінді алады. Сосын олардың бірінші алтауына 0,5 граммнан белсендірілген көмір салып, бір сағатқа қояды. Осы кезде екінші алтауын жеке-жеке сілтімен титрлеп, нақтылы концентрациясын анықтайды. Бір сағаттық уақыт өткен соң көмірді сүзгіш қағазбен бөледі де алтауын сілті ерітіндісімен титрлеп, адсорбциядан кейінгі концентрацияны анықтайды. Титрлеу үшін бірінші және екінші колбалардан 5мл, үшінші және төртінші колбалардан 10мл, бесінші және алтыншы колбалардан 15мл алады. Әрқайсысынан 3 сынамадан алып титрлейді де, орташа мәнін алады.
Колбалар
реті
|
Адсорбцияға
дейінгі қышқыл
концентрациясы
|
Адсорбциядан
кейінгі қышқыл
концентрациясы
|
А,
моль/г
|
1/С2
|
1/А
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырма:
А=Ғ(С1) сызбасын тұрғызу;
1/А=Ғ(1/С2) сызбасын тұрғызу;
Көмірдің меншікті ауданын (беткі қабатын) Sмен=АNАS0 есептеу;
ТұрақтыВ шамасын есептеу.
Зертханалық жұмыс № 11. Пептизация әдісімен зольдерді алу және олардың тазаруы.
Мақсаты: Шөгінділердің пайда болуы мен олардың пептизация әдісімен түзілуін зерттеу.
Бақылау сұрақтары:
Темір және алюминий гидроксидтері мен берлин лазурының қалайша гелдер түзетінін көрсетіп, реакцияларын жазыңдар.
Қарастырылатын үш гидрозолден түзілетін мицеллардың пайда болу жүйесін түсіндіріндер.
Тәжірибе реакцияларындағы электролиттердің стабилизаторлық (тұрақтандырушылық), ұйытушы және пептизатор ретіндегі орнын көрсетіп, мән-мағынасын түсіндіріңдер.
Қажетті заттар: ҒеСІ3 - қаныққан ерітінді; НСІ - 0,1 Н; NH4ОH – қаныққан ерітінді; K4[Fе(СN)6] - 20%; АgNО3 - ерітінді; көлемі 100-200 мл 5 қолба; 5-10 мл пипетка; сүзу қағазы; таза - дистилді су.
Шөгіндіні шаймалау әдісі арқылы петизациялау. Темір хлоридінің қаныққан ерітіндісінен алынған бес тамшысына 20 процентті K4[Fе(СN)6] ерітіндісінің бір тамшысын қосып, берлин лазурының шөгіндісін алады да, оны ақырын шыны таяқшамен араластыра отырып, судың едәуір мөлшерін қосып, сұйылтады. Алынған берлин лазуры золінің түсі жасыл болады. Ондағы шөгіндінің бір бөлігі ерімей қалады. Ол золды диализ әдісі бойынша тазалауға дейін сақтайды.
Тұзсыздану пептизациясы. Темір хлоридінің қанық ерітіндісіне, аммиакпен әсер еткенде, шөгінді түзіледі. Ол үшін 2 мл ҒеСІ3 қаныққан ерітіндісін 40 мл таза сумен сұйылтады да, оған толық шөгінді түскенше аммиак қосады. Сосын шөгіндіні таза сумен бірнеше рет шаймалап, суын тамыза, сорғалатып ағызу арқылы электролиттен тазалайды. Енді, осылайша алынған шөгіндіні едәуір таза сумен сұйылтып, 1-1,5 сағаттай қайнатады және осы кезде оған 0,1 Н НСІ ерітіндісін тамшылап қосады. Мұндайда, шөгіндінің бір бөлігі ериді де екіншісі темір хлоридімен тұрақтанып, темірдің гидрозолін түзеді. Алынған золдерді диализ әдісі арқылы, қоспалардан тазартады.
Диализ. Жоғарыдағы әдістер бойынша алынған золдердің әрқайсысын целофаннан арнайы әзірленген дорбашаларға салып, оларды ішінде ыстық не қайнап тұрған таза суы бар стакандарға салады. Әрбір 30 минут өткен сайын, стакандағы судан 5-10мл суды пипетка арқылы алып, ондағы хлор ионының барын не жоқтығын сапалық реакция көмегімен тексереді. Егер осындай сапалық реакция кезінде сынауға алынған су үлгісі шөгінді берсе, немесе ылайланса, онда ол суда хлор иондарының болғандығын дәлелдейді. Стакандағы суды әрбір сынаудан кейін, хлор ионы болған жағдайда, жаңа таза сумен ауыстыру арқылы, хлор ионынан толық тазалайды. Ондайда келесі үлгіден алынған стакандағы су мөлдір болып, ылайланбайды, ал бұл хлор ионының жоқтығын көрсетеді. Мінеки, осылайша дарбаша тазаланған дорбаша ішіндегі коллоидты жүйелер (золдер) едәуір тұрақты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |