Зертханалық жұмыс № 12. Амфотерлік полиэлектролит ерітіндісін зерттеу.
Жұмыс мақсаты:Желатин ерітіндісінің изоэлектрлік нүктесін тұтқырлық пен рН ортаның лайлылығының тәуелділігі бойынша анықтау.
1 Нұсқа:Ортадағы рН тұткырлықтың тәуелділігі бойынша желатин ерітіндісіндегі изоэлектрлік нүктені анықтау.
Аспаптар мен ыдыстар:pH-340 типті pH-метр және тұтқырлықты өлшейтін құрал (Оствальд вискозиметрі), секундомер, сыйымдылығы 100 мл шыны ыдыстары (колбалар), 5мл тамызғыш, жылы су, 25 мл өлшеуіш,құйғыш, сүзгіш қағаз.
Реактивтер:желатиннің бір процентті ерітіндісі, 0,1 Нтұз қышқылы, 0,1 Н натрий гидроксиді, таза (дистилденген) су.
Жұмыстың орындалу реті:Судағы желатиннің бір процентті, 300 мл ерітіндісін әзірлейді. Ол үшін өлшенген 3 грамм желатинді сыйымдылығы 500 мл шыны ыдысқа (стакан, колба) салып, үстіне 300 мл таза суқұяды да, 20-30 минуттай ұстайды. Осы кезде судағы желатин ісініп, еруге әзірленеді.
Сосын оны температурасы 60°С аспайтын жылы суға енгізіп, шыны таяқшамен араластырып, толық ерігенше қыздырады. Еріген желатин ерітіндісін жылы күйінде, ішінде сүзгіш қағазы бар құйғышқа ағыза құйып, сүзе тазалайды да, қалыпты температураға (20°-25°С) дейін салқындатады. Енді дайын осы ерітінді, алдын ала реті белгілі, яғни нөмірленген сыйымдылығы 100 мл болатын сегіз шыны ыдысқа (колбаға) 25 мл өлшеп құяды. Осы колбаларға HCI және NaOH ерітінділерін келесі көлемде қосады.
Жоғарыдағы сегіз ерітіндіге әрқайсысына кестедегі мөлшер бойынша, нақтылы айтқанда, 1,2,3,4-ге тұз қышқылын, бесіншіге бос, алтыншы, жетінші, сегізінші натрий гидроксидін қосып, ортаның рН 3,0-тен 11,0 дейін өзгертеді.
Барлық дайындалған ерітінділердің pH өлшейді. Бұл үшін pH-метрдің кюветасына 1-1,5 мл ерітінді құяды және оны абайлып шыны электродпен жалғастырады; pH мәнін алдымен прибор шкаласында 1-14 аралығында анықтайды, ал сосын рН үш бірлігі аралығындағы шкаласы бойынша дәлірек анықтайды. Әр өлшемнен соң кювета мен электродты сумен шайып отыру керек.
Мұнан кейін таза судың және жоғарыдағы жаңадан әзірленген сегіз желатин ерітіндінің тұтқырлығын, қыл түтікті (капиллярлы) Оствальд визкозиметрі көмегімен анықтайды.
Кесте.Желатин ерітіндісіне 0,1 Н НСІ мен 0,1 Н NaОН ерітіндісін қосқандағы рН өлшеу
Реті
|
Қосылған 0,1 Н
НСІ көлемі, мл
|
Қосылған 0,1 Н
NаОН көлемі, мл
|
Есептеулі рН
|
1
|
2,35
|
-
|
3,0
|
2
|
1,69
|
-
|
3,5
|
3
|
1,12
|
-
|
4,0
|
4
|
0,59
|
-
|
4,5
|
5
|
-
|
-
|
5,1
|
6
|
-
|
0,15
|
7,0
|
7
|
-
|
0,38
|
9,0
|
8
|
-
|
1,99
|
11,0
|
Кесте. Орта рН-нан желатин ерітіндісінің тұтқырлығын өлшеунәтижесі
Реті
|
Ерітінді рН
|
Ертіндінің ағу уақыты, ,сек
|
сал = /
|
|
1
2
3
4
5
6
7
8
|
|
|
|
|
Зерттелінетін ерітінділердің рН меншікті тұтқырлығының тәуелділігін көрсететін қисықты алынған мәлімет бойынша тұрғызып және осы қисықтағы ең аз шама (өлшем) бойынша изоэлектрлік нүктені табады.
Достарыңызбен бөлісу: |