Қысқаша теориялық мәліметтер.
Салыстырмалы құқықтану ғылымының мақсаты - өз ұлттық құқығын жақсарту және оның алдында тұрған ғылыми-қолданбалы мәселелерді шешу үшін шет елдердің құқықтық жүйесі мен құқықтық институттарын оқып-үйрену. «Салыстырмалы құқықтану» пәнін игеру нәтижесінде: заңдарды дұрыс талқылап қолдануға, нормативтік құқықтық актілерде дұрыс бағыт алуға, мемлекет мәселелері бойынша түрлі ғұламалардың ой-пікірлерін талқылауға қабілетті болуы тиіс.
Семинар сабаққа дайындық бойынша білім алушыларға әдістемелік ұсынымдар: Студент тақырыпқа байланысты мағлұматтарды өз бетінше құқықтық дерек көздерінен іздеп, саралайды. Университет кітапханасынан және облыстық, қалалық кітапханалардан тақырып аясындағы мәліметтерді жинақтап, практикалық сабаққа студент өз бетінше дайындалады және құқықтық мағлұматтарды жүйелейді
Пысықталатын оқу мәселелерінің және студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмаларының тізбесі: 1. Э.Ламбер мен Р. Салейдің ілімі мен идеяларына тоқталу
2. Конституциялық құқықтық нормалар: түсінігі, ерекшеліктері, түрлерін
сипаттау
3.Деңгейлеп -саралап оқытуда күтілетін нəтижелерін көрсету
Ақпараттық қамтамасыз ету және жабдықтар: -нормативтік- құқықтық актілер
-Интерактивті тақта.
Үй тапсырмаларының тізбесі мен түрлері: 1.Э.Ламбер мен Р. Салейдің ілімі мен идеялары.
2.Ресейдегі салыстырмалы-тарихи әдіс теориясының негізін салушылар- М. Ковалевский мен П. Виноградов.
3.Салыстырмалы құқықтану тұжырымдамасының қалыптасуы.
4.1900 ж. 1 Халықаралық конпресс. ХХ ғ. Бірінші жартысындағы салыстырмалы құқықтану.
Бақылау сұрақтары 1. Құқықтық материалдың құрылымы және оны оқып үйренудің тәсілдері
2.Ой қозғай отырып, білім алушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау
3. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
4. Білім алушының оқытушымен , топта еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулу