Сабақтың мақсаты:.
1.Білім алушылардың теориялық білімдерін тексеру:
-Деректер. Оқиғалар. Құбылыстар. Процестер. Құқықтық түсінік пен ұғым. Құқық терминдермен жұмыс бойынша адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.
2.Білім алушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыру:
-Жаңа технология бойынша жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды дамыту
Қысқаша теориялық мәліметтер Роман-герман құқығындағы заң тұжырымдамасының ерекшеліктерінің бірі, біріншіден – құқықтың басқа қайнар көздері (прецедент, дәстүрлер, доктрина және т.б.) емес, тек заң ғана аталған құқықтық отбасының және оны құрайтын ұлттық құқықтық жүйенің дамуы мен қалыптасуы барысында, және де роман-герман елдеріндегі құқықтың нығаюы мен құрылуы процесінде басты орынға қойылады. Құқықтың басқа қайнар көздерінің алдындағы заңның алғышарттарының негізінде Батыс Еуропаның халықтарының тарихи, әлеуметтік, ұлттық және басқа да құндылықтары, сонымен қатар жалпы және құқықтық мәдениет, ежелгі құқықтық және басқа да дәстүрлер, ғасырлық әлеуметтік, құқықтық және басқа да салт-дәстүрлер жатыр.
Семинар сабаққа дайындық бойынша білім алушыларға әдістемелік ұсынымдар: Студент тақырыпқа байланысты мағлұматтарды өз бетінше құқықтық дерек көздерінен іздеп, саралайды. Университет кітапханасынан және облыстық, қалалық кітапханалардан тақырып аясындағы мәліметтерді жинақтап, практикалық сабаққа студент өз бетінше дайындалады және құқықтық мағлұматтарды жүйелейді
Пысықталатын оқу мәселелерінің және студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмаларының тізбесі: -ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;
-пәнге деген қызығушылығын арттыру;
-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;
Ақпараттық қамтамасыз ету және жабдықтар: Презентация
Интерактивті тақта
Үй тапсырмаларының тізбесі мен түрлері: Адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.