Білім беру жїйесі ќоєамныѕ јлеуметтік-экономикалыќ дамуында жетекші роль атќарады, сондай-аќ оны јрі ќарай айќындай тїседі



бет26/50
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18553
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
Байланысты:
0408pk00146

Панорамалық сабақтар. Сабақтың 8 сәті бар, сол сәттердің өзіндік орны бар. Әрбір сәтін ерекше өткізу мұғалімге үлкен сын. Сондықтан да сабақтың түгел 8 сәтін өте жоғары дәрежеде өткізу мүмкін емес. Мұғалімдер сол сәттердің кейбіреулерін ерекше өткізе алады. Мысалы үй тапсырмасын сұрау, не жаңа сабақты түсіндіру, немесе қорыту сияқты сәттерін арнайы 10-15 минуттық етіп мұғалімдер назарына не оқушылар алдында сабақ жүргізу арқылы көпшілікке таныстыруына болады. Панорамалық сабақ озат тәжірибені тарату жұмысының бір бөлігі.

Жинақ сабағы, кіріктірілген сабақ. Жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламасының жасалуында кейбір күрделі проблемалар әр пәннің ауқымында, әр сыныптарда ілгерілі-кейінді жүріп жатады. Кейбір күрделі мәселереді топтап, жүйелеп өтуде бір-біріне жақын пәндер мұғалімдері бірлесіп сабақ жүргізеді.

Дуэт не екеуара сабақ. Әдетте орта мектептерде бір пәннен бірнеше мұғалім сабақ береді. Әрқайсының өзіндік ерекшеліктері болатындығы белгілі. Сондықтан бала түсінігіне әсерлі болу үшін, кейде бір пәннің екі мұғалімі бірін-бірі толықтырып отырып, қатар тұрып сабақ жүргізеді. Дуэт-екеу сабақта жас мұғалімдердің озат, көбірек тәжірибесі бар мұғалімдермен бірлесіп сабақ жүргізуі, олардың кәсіптік шеберлігінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Немесе кейбір талантты жас мұғалімдерді басқа мұғалімдер өз сабақтарына шақырып тұруы да тиімді. Айтылар білім жан-жақты таныстырылса, баланың қабылдауы да оны өмірде қолданылуы да ойдағыдай болады.

Конференция сабақ. Мектепте өте жақсы оқитын және талантты оқушылар да жиі кездеседі. Күнделікті сабақта мұғалімдер нашар оқушыға көбірек көңіл бөліп, өте жақсы оқитын балаларға қоғамдық жұмыстар не болмаса сыныпта ұйымдастыру жұмыстарымен көбірек айналыстырады. Ал өзі қалаған пәнінен күнде өзіне-өзі жаттығу жасап, өзін-өзі дамытып отыратын тапсырмалар бола бермейді. Ал үйге берілетін тапсырма сынып оқушыларының бәріне бірдей беріледі де, оны орындауға олар онша қызықпайды, көп алаңдамайды да. Өйткені ол тапсырмалар олар үшін жеңіл жұмыстар. Ал конференция сабағында өте жақсы оқитын балалар мұғалімнен арнайы тақырып алып, сол тақырыптағы проблеманы шешу жолын түрлі әдебиеттерден өз бетінше оқып танысып, түсініп, соңынан өзіндік ой қорытындысын жасайды. Яғни балалар мәнжазба, не баяндама жазады. Өзінің сол проблемаға деген өзіндік пікірін жолдастары алдында қорғайды. Конференция сабағында балалар ғылыммен айналысуға алғашқы қадамдар жасайды. Сыныпта бір пәннен күрделі тарауды өтіп болған соң, сол тараудан дәлелдеуге ыңғайлы проблемалар туындайды. Сол проблемаларды балаларға өз қалауы бойынша таңдатып, әрі қарай мұғалім ол балалармен арнайы жұмыс жүргізеді.Конференция сабақтары оқушының ой-санасын өздігінен жұмыс істеуіне жаттықтырады, өзінің көзі жеткен пікірін көпшілік алдында дәлелдеп беріп, өзіндік қорытынды жасауға үйретеді.

Пікірталас сабағы. Мұғалім сабақта балалардың оқуға деген белсенділігін дамыту үшін талас-сабақ ұйымдастырады. Ол үшін нәтижесі екі түрлі не біріне бірі қарама-қайшы, не болмаса екі жолмен орындалатын жаттығу жұмыстарын (есеп, сұрақ-жауап, жағдаят т.б.) екі қатарға ұсынып балалардың пікірталасын тудырып отырады. Талас туған жерде дәлелдеу де болады. Сөйтіп, балалар бір-біріне өз пікірін дәлелдейді.

Десант сабақ. Озат тәжірибені таратуда кейбір үздік мұғалімдер аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет әдіскерлерінің ұйғарымымен кез-келген мектепке келіп сабақ жүргізеді. Бұл жерде қаншалықты қызықты жүргізгенмен, әуелі сынып мұғалімімен келісім болуы керек. Әрбір мұғалім өз сабағының иесі. Көпшілік мұғалімдер өздері үйрену мақсатында бұл тәсілге қарсы болмайды. Әйтсе де, оқушылардың өз мұғалімдеріне деген көзқарасына нұқсан келмеуін де ойлау керек.



Семинар – меңгеріліп жатқан мәселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дәрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешелігі – жоғары класс оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Семинар желісінде тұңғыш дерек көздерінен, құжаттардан, қосымша әдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер барысында алынған жоғары класс оқушыларының білімдері тереңдетіледі, жүйеге келтіріледі және бақыланады; дүниетанымдық бағыт-ұстанымдары, бағалау-сұрыптау ой-пікірлері жүйеге келтіріледі.

А.М.Матюшкиннің пікірінше [112, 67 б.], семинар сабақтары оқу жағдайында оқушылардың шығармашылық әрекетін, танымдық мотиві мен білімін кәсіптік тұрғыда қолдана білуге бағытталуы тиіс. Оқушылар баяндамашы, оппонент рөлінде мәселе, міндеттерді шешуде біліктілігі мен дағдысы арқылы дәлелдеме келтіруге өз көзқарасында тұруға, теориялық дайындық деңгейін көрсетуге үйренуі керек. Басқа да жеке мақсаттар мен міндеттер, яғни мұғалімнің семинар сабақтарының алдына қойған міндеті: қайталау, бекіту, бағалау – негізгі мақсатқа бағытталуы тиіс. Семинар сабақтары мұғалімнің басшылық рөлі негізінде жоғары класс оқушыларының өзіндік ізденімпаздығын дамыту тұрғысындағы оқытудың тиімді формасы болып табылады.

Семинар сабағы – бұл жоғары сыныптарда тарих, әдебиет, жалпы биология т.б. пәндер бойынша өткізіледі. Семинарға қатарынан екі сабақ беріледі, онда 2-3 мәселе қарастырылады. Оқушылар сабаққа дайындалу үшін әрбір мәселе бойынша материал жинайды, кітапханаға, музейге, көрмеге, архивке барады, құжаттармен танысады, қосымша әдебиеттерді зерттейді.

Семинар сабақтары оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді: зерттелген материалдың мәніне жете түсінгенін, өз ойын мазмұндап дәледейді. Демек, семинар сабақтары оқушыларды зерттеу жұмысының кейбір элементтерімен таныстырады.

Семинар сабақтары жоғары сынып оқушыларының оқу-танымдық ынтасын белсендіру міндеттерін шығармашылықпен шешуге, өз бетінше әрі сыни тұрғыдан ойлануға, өз көзқарастарын қалыптастырып, оны қорғауға білімін жүйелі түрде толықтыруға игі ықпал етеді.

Практикумдар – курс тарауы аяқталғаннан кейін оқушылардың өз бетімен орындайтын зертханалық (лабораториялық) жұмысының кешендісі. Лабораториялық жұмыстарды оқушылар топ-топ болып дербес орындайды, эксперименттік есептер шығарады.

Мұғалім оқу бағдарламасының материалдарын және мектептің нақтылы жағдайын есепке алып, практикумдар тақырыбын анықтайды. Оқу жоспарындағы сағаттардың есебінен практикумдарды өткізуге 6-8 лабораториялық сабақтар бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет