Білім беру жїйесі ќоєамныѕ јлеуметтік-экономикалыќ дамуында жетекші роль атќарады, сондай-аќ оны јрі ќарай айќындай тїседі


Сурет 7– Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетте ақыл-ой белсенділігін қалыптастыру



бет29/50
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18553
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
Байланысты:
0408pk00146

Сурет 7– Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетте ақыл-ой белсенділігін қалыптастыру

ескеру керек. Күрделі танымдық міндеттерді танымдық қабілет дәрежесі жоғары оқушыларға ғана тапсыруға болады. Оқушыға оның таным күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігінен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым асып түсетін міндеттер жүктеу білім беруде оңды нәтиже бермейді. Жоғары класс оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін, белсенділігін, ізднімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастырудың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану - олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ, оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге ықпал етеді.

Сонымен қатар, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет. Мұғалім оқушыларға оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады:

- тапсырмалар дайындауда оқылатын пәннің жеке сипатын, мазмұнын ескеру;

- тапсырмалардың түрлі деңгейде болуы;

- кезекті тапсырма бұрын берілген тапсырмалармен байланыста және бір жүйеде берілуі;

- білімі мен біліктерін жетілдіретіндей болуы;

- тапсырмалардың «қарапайымнан – күрделіге» өзгеруі.

Оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің мәні:

қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге, ғылым жаңалықтарына тұрақты қызығушылықтың пайда болуына;

- оқу-танымдық міндеттер мен мақсаттарын орындауға талпыну;

- білім алуға, шығармашылық жұмыстарға тұрақты қызығушылық;

- оқушының танымдық ойлау белсенділігінің дамуына;

- жеке тұлғаның сапалық көрсеткіші ретінде көрінетін қабілеті мен қасиеттерінің дамуына;

- оқушының интеллектуалдық ой-өрісінің кеңеюі.

Оқу-танымдық белсенділік оқушы іс-әрекетінің сапасы ретінде көріне отырып, үнемі ізденіп, белсенді әрекет ететін жеке тұлғасының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Оқушының оқу-танымдық іс-әрекетінің деңгейі, бағыты мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіне тікелей байланысты. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, оқу материалының түсініктілігі, мазмұндылығы, оқытуды ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалім мен оқушы арасындағы жылы қарым-қатынас оқушылардың шығармашылық дербестігінің қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.

Демек, сабақтың жоғары деңгейде өтуі, оқушылардың дамуы мен дайындығына сәйкес әртүрлі әдістерді қолдану, жеке ерекшеліктерін ескеру, сабақта түрлі танымдық тапсырмаларды мейлінше кеңінен пайдалану


оқушыларда оқу материалына деген қызығушылығын тудырады. Жұмыс түрлерін танымдық сипатқа өзгертіп, сабақтан тыс уақытта өздігінен ізденіп, белгілі бір оң нәтижеге жетуге бағыттау танымдық іс-әрекет белсенділігінің қалыптасуына негіз болады. Мәселен, оқушы сабақты жақсы оқиды, қабілетті, белсенді, бірақ оқу жұмысын ол міндеті ретінде түсінеді. Демек, оқушының танымдық тапсырмаларға тұрақты қызығушылығы, ізденімпаздығы дамымаған. Мұғалімнің танымдық іс-әрекетке бағыттаушылық ролі болмаған жағдайда оқушыда «интеллектуалдық енжарлық» пайда болады.

Оқу-танымдық іс-әрекет оқушының тұрақты сапалық белгісі ретінде оқушының жан-жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл-ой және адамгершілік қуаты оның ерік-жігерін, ойлау, елестету қабілетін, эмоциясын белсендіретін қызықты интеллектуалдық іс-әрекетінде көрініс табады. Ол жеке тұлғаның қоғамда беделін көтеруде және оның өз-өзіне баға бере білуіне ықпал етеді [118].

Оқу-танымдық іс-әрекет жеке тұлғаның қасиетіне айнала отырып, оның танымдық сипатын және қоғамдағы бағытын айқындайды, жеке тұлғаның болмысқа деген өзіндік көзқарасын қалыптастырады.

Ауыл мектебі жоғары сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетінің дұрыс қалыптастырылуында субъект бойындағы танымдық күштердің білім игеруде атқаратын қызметін дұрыс тану үлкен мәнге ие. Сондықтан қабылдау, ес, зейін, ойлау, ой қорыту әрекеттері мен танымдық іс-әрекетінің ара қатынасын білу қажет. Танымдық іс-әрекет оқу материалын меңгеру, қабылдаудан және оны талдаудан бастау алады.

Танымдық іс-әрекет процесі мынадай кезеңдер бойынша жүзеге асырылады.

І кезең – проблемалық жағдайдың немесе проблемалық мәселенің туындауы, көкейкесті мәселені табу, мақсат қою, зерттеу болжамы бойынша міндеттерді белгілеу.

ІІ кезең – мәселені шешуде тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау, тиісті әдебиеттер мен құралдарды таңдау және олардың көмегімен мәліметтерді жинақтау, саралау, жүйелеу, тексеру.

ІІІ кезең – зерттеу жұмыстары бойынша қорытындысын жасау, негіздеу дәлелдемелер жасау, нәтижесін көрсету, жаңа көрсеткіштерге жету.

Ауыл өмірінің әлеуметтік-экономикалық деңгейі, отбасы жағдайы, ата-аналарының айналысатын кәсіптері, материалдық жағдайы және олардың білім деңгейі баланың өмірлік жолын айқындайды. Оқушыға ата-аналар беретін саналы және мақсатты тәрбиемен қатар, отбасының жағдайы да ықпал етеді және бұл ықпал өскен сайын, ол тіпті оқушының тұлғалық қалыптасуында көрініс табады.

Сондықтан оқушының дербес орындайтын танымдық жұмыстарын мұғалім мен ата-аналармен байланыста: олармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; оқушының танымдық іс-әрекетін дамыту үшін жүйелі жеке дара жұмыстар ұйымдастыруы керек. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті түрлі танымдық жұмыстар нәтижесінде жүзеге асады.

Ауыл мектебі оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекеті әдіс-тәсілдерінің қалыптасуына байланысты. Оқушылардың танымдық іс-әрекетке ынта-ықыласы олардың мұғалімге деген қатынасына да байланысты.

Оқу-танымдық іс-әрекетке деген ынта-ықыласты оятуда мынадай қызметтердің маңызы зор: оқудағы жетістікті қамтамасыз ету; оқушылардың артта қалуының алдын алу; оқудағы қиыншылықтарды болдырмау; оқу материалының мазмұны; білім берудің әртүрлі формалары мен әдістері, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану;мұғалімнің оқушыларға қарым-қатынасы; балалар ұжымының қоғамдық пікірі; ақыл-ой қабілеттілігі мен жалпы оқу біліктерін дамыту. Оқу-танымдық іс-әрекет оқушының ой-өрісін кеңейтіп, тәжірибесінің молаюына әсер етеді, білімінің жетіліп, ақылының толуына мүмікіндік туғызады.

Оқу-танымдық іс-әрекет нәтижелері оқушының жеке тұлғасына, біліктерінің жетілуіне, психологиялық механизмдер арқылы оқу әсерлері бар рефлексия нәтижесінде өз әрекетіне және сол әрекеттің бірлескен іс-әрекет мазмұны мен формасына сәйкес көзқарастары қалыптасатыны анықталды.

Оқу үрдісінде оқу-танымдық тапсырмаларды орындау шығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау кезеңдерімен жүзеге асады:

1.Тапсырманы түсіну. Мақсатын анықтау

2. Міндеттерін белгілеу және жоспар құру.

3. Тапсырманың орындалу жолдарын іздестіру.

4. Тапсырманы орындауда шығармашылық әрекетке ұмтылу.

5. Нәтиже және іс-әрекет рефлексиясы.

Жоғары класс оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру бағыты, танымдық біліктерінің қалыптасу белгілеріне, танымдық сипаттағы тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай, оларды шартты түрде мынадай 3 топқа бөлеміз:



Бірінші топ – оқу-танымдық іс-әрекетте белсенді, өзекті мәселені көре біледі, міндеттері мен мақсатын түсінеді; пән бойынша оқу-танымдық жұмыстарға қызығушылығы жоғары, шығармашыл тұлғасымен ерекшеленеді.

Екінші топ – оқу-танымдық іс-әректте алғашқы кезеңде белсенділік көрсеткенімен, танымдық тапсырмаларды орындауға барлық уақытта бірдей бейімділік көрсете бермейді; пәндік тапасырмаларды орындауда ынтасы бар; мұғалім көмегін және үлгіні мұғалім көмегін және үлгіні қажетсінеді.

Үшінші топ – оқу-танымдық жұмыстарды орындауға ықыласы төмен; белсенділік танытпайды, репродуктивті сипаттағы тапсырмаларды үлгі арқылы орындайды және үнемі қадағалауды қажет етеді.

Жоғары класс оқушысының танымдық тапсырмаларды қызығушылықпен орындауы оқу-танымдық іс-әрекетінің жемісті болуына, интеллектуалдық қорының молайып, нәтижесінде жаңа түсінік, жаңа объектіні т.б. пайда етеді.

Жоғары класс оқушының танымдық іс-әрекеті оның ой белсенділігіне сүйенеді. Оқыту процесінде жоғары класс оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін арттыруды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой белсенділігіне мән беруі қажет.

Ауыл мектептерінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру күнделікті оқу процесінде жүзеге асады. Оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіруде оқу-танымдық тапсырмаларды шығармашылықпен шешудің маңызы зор. Мұндай тапсырмаларды орындау ізденімпаздықпен жұмыс істеу, мақсат қойып, оны жоспарлы әрекет етуден басталады. Нәтижеге жетуде жоспар екі негізгі аспектіні қамтуы керек: проблема жүйесі және оны шешудің жолдары.

Оқу жұмыстарымен қатар, ауыл мектептерінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың, шаралардың маңызы өте зор. Сыныптан тыс жұмыстардың білімдік, тәрбиелік маңызын ғалымдар қолдайды және өзіндік жұмыстарды сыныптан тыс жұмыстар кезеңіне жатызады. Сондықтан, ауыл мектептерінде жоғары класс оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде сыныптағы және одан тыс жұмыстар бірлікте жүргізілуі тиіс.

Жоғары класс оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекеті өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдың процестері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу үрдісінде жоғары сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде олардың өз бетінше танымдық ықылас-ынтасын, шығармашылық іс-әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастыру маңызды міндет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет