Білім беру жїйесі ќоєамныѕ јлеуметтік-экономикалыќ дамуында жетекші роль атќарады, сондай-аќ оны јрі ќарай айќындай тїседі



бет28/50
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18553
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50
Байланысты:
0408pk00146

Пән үйірмелері – бағыт-бағдары, мазмұны, жұмыс әдістері, оқу уақыттары және т.б. бойынша көп түрлілігімен ерекшеленеді. Үйірмелердегі оқу-жұмыстары оқушылардың қызығулары мен бейімділіктерін, оқуға ұнамды қатынастарын, танымдық белсенділігін дамытып, білім игеру сапасын арттырады.

Үйірмелерде пән бойынша қызықты деген сұрақтар тереңдетіп оқылады; ғалымдар, жазушылар, мұғалімдер, т.б. әйгілі қайраткерлердің шығармалары және өнер туындыларымен танысады; кештерге қатысады; тәжірибелік жұмыстар, техникалық модельдеу ұйымдастырылады, зерттеулер өткізеді және т.б.



Конкурс және олимпиадалар – жоғары класс оқушыларының білімін игеру жолындағы белсенді қызметтеріне дем беріп, оларды өрістете түседі, шығармашылық қабілеттерін арттырады, бәсеке, жарыс жеңісіне ынталандырады. Конкурстар мен олимпиадалар мектеп, аймақтық, республикалық, халықаралық деңгейлерде өткізіледі.

Осындай формада жүргізілген жұмыстар арқылы оқушылар өздерінің оқу-танымдық және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандыра алады, сонымен қатар бұл мектеп ішіндегі оқушылардың арасынан дарынды балалардың шығуына ықпал етеді.



Саяхат-пәндер бойынша жоспарланып, мектептің жалпы іс жоспарларына кіреді. Саяхатты ұйымдастыру үшін түрлі объектілер пайдаланылады. Оларға мұражай, көрме, табиғат, өндіріс жатады.

Оқу саясаты оқытудың дидактикалық және политехникалық принциптерін іске асырады, оқушылардың техникалық ой-өрісін кеңейтеді, өсімдіктер, жәндіктер, жануарлар дүниесін, тірі организмдерді зерттеуге мүмкіндік туғызады, танымдық ынтасын, белсенділігін дамытады. Оқу саяхатының түрлері:

а) кіріспе саяхат – жаңа тақырыпты түсіндіру алдында оқушылардың қажетті білімді жинастыруы;

ә) кезектегі саяхат – ұзақ мерзімге оқушылардың үлкен тақырыппен жұмыс істеуі, кейбір мәселелерді иллюстрациялау;

б) қорытынды саяхат - курстың белгілі тарауы аяқталғаннан кейін өткізіледі. Мақсаты: класта өтілген оқу материалдарын тереңдету және бекіту.

Саяхатты өткізу үшін жоспар жасалады, онда мынадай мәселелер бейнеленеді:

1. Саяхаттың мақсаты және объектісі.

2. Оқушылармен алдын ала объектіге байланысты түрлі жұмыстар жүргізіледі: әңгіме, бақылау, тәжірибе т.б.

3. Саяхат барысында істелетін жұмыстар: бақылау, өлшеу, сурет салу, есептеу, жазып алу, объектіні толық қарау.

4. Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, оларға нақты тапсырмалар беру.

Саяхат біткеннен кейін оқушылармен оқу конференциясы өткізіледі. Онда оқушылар алған тапсырмалары бойынша баяндама жасап, сөз сөйлейді. Ең соңында конференция жұмысын жетекші мұғалім қорытындылайды.

Әдеби диспуттарға, дискуссияларға, пікір таласқа кітапты талқылауына, жазушылармен кездесулерге оқушылар талқыланатын кітаптарды алдын ала оқып келеді және талқылау үшін қойылатын сұрақтар күні бұрын ойластырылады; бірқатар жағдайларда баяндамалар мен тақырыптық әңгімелерді оқушылардың өздері әзірлейді. Бұларға этикалық тақырыптағы диспуттар, дискуссиялар, полемика мен әңгімелер тым жақын тұрады.

Мектептерде жалпы саяси мәселер мен халықаралық жағдай бойынша да, сондай-ақ ғылым, өнер, техниканың жеке мәселелері бойынша да дәрістер (лекциялар) мен баяндамалар өткізу маңызды. Көп мектептерде арнаулы (музыкалық, әдеби және т.б.) лекториялардың жоспарлары бойынша лекциялар циклы оқылады.

Салтанатты кештер (ертеңгіліктер) мен мерекелер – бұларға халықты, көпшілікті қамту, әзірлік жұмысына барлық сыныптарды тарту тән. Көбіне олар жас мөлшері жағынан қарайлас бірнеше сыныптар үшін өткізіледі. Бірнеше параллель сыныптары бар ірі мектептерде көбіне қос параллельдер: І-ІІ; ІІІ-IV, V-VI, VII-VIII, IX-X кластар біріктіріледі. Шағын мектептерде әдетте І- IV, V- VII, VIII- X кластар біріктіріледі. Осындай біріктіру мектеп мерекелеріне әзірлікті жақсырақ ұйымдастыруға, оқушылардың жас ерекшеліктері мен көңіл қалауларын жақсырақ ескеруге көмектеседі.

Әртүрлі байқаулар, конкурстар, турнирлер, олимпиадалар мен жарыстар мектеп өмірінде елеулі орын алады. Олар спорт саласында да (шахматшылар турнирі, волейбол, баскетбол, және т.б. бойынша біріншілік үшін өткізілетін жарыстар), көркемөнерпаздықтың саласында да, жеке оқу пәндер бойынша да, еңбек табысы саласында да өткізіледі. Осы байқау-конкурстарға байланысты немесе оларға қатысы жоқ көрмелер жиі ұйымдастырылады. Олар оқушылар шығармашылығының көрмелері, тақырыптық стенд-көрмелері, экскурсиялар мен жарықтар туралы көрме-есептер болуы мүмкін.

Ауыл мектебі жоғары сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің педагогикалық шарттарының бірі оқу үрдісінде жеке-тұлғалық бағдарлық оқытуды қолдану, мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасындағы ынтымақтастықтың болуы.

Оқу үрдісінде жеке тұлғалық-бағдарлық оқытуды қолдану оқушыларды ептілік ептілік пен дағдыға үйретуде, олардың жеке тұлғалық, ұнамды қасиеттерін дамытуға әрі оқушыларға білім беруде тиімді нәтижелерге септігін тигізеді.

Жеке тұлғалық - бағдарлық оқытуды ұйымдастырудың тиімді әдістері: ақыл-ойының даму деңгейі мен дарындылығын байқауға арналған тест, әр түрлі сызбалар-үйрену карталары; оқытуды ұйымдастыруда сүйенетін сызбалар; өзіндік басқаруды қалыптастырудың, сайыстардың, өзіне-өзі қызмет етудің бірыңғай талаптарының топтастырылған құрылымы. Ғалымдар еңбектерінде: сабақтағы оқу жұмысын белсендіру негізінде тиімді ұйымдастыру; (Ю.К.Бабанский) ақыл-ой әрекеттерін сатылы қалыптастыру негізі (Н.Ф.Талызина); тірек ұғымдар, сызбалар, демеуші парақтар, (В.Ф.Шаталов); оқыту процесіне түсіндірмелі басқару (С.Н.Лысенкова); шығармашылық оқыту процестерінің технологиялық даму кезеңдері; білім шығармашылықтың іргетасы ретінде, білім мазмұнын іріктеп алуға қатаң талап қою. Оқу материалын көп ретті вариативті қайталау, оқушының жан-жақты дамуы, тұрақты қызығушылығының қалыптасуы, оқушының жұмысын мұғалімнің үнемі қадағалауы және жеке даралық қатынас тәсілі [114, 115,116,117].

Ауыл мектебі жағдайында оқыту үрдісінде тұлғалық-бағдар негізінде қалыптастырылған оқу-танымдық іс-әрекет жалпы адамзаттық және ұлттық, диалектикалық бірліктегі құндылықтарды тұтас және сапалы түрде меңгерудің бастамасы болып, қоғам дамуы талабына сай жоғары класс оқушыларының өзін-өзі дамыту, ізденімпаздықпен жұмыс істеу және өзін-өзі тануындағы тұлғалық қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу, т.б. жоғары класс оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің алғы шарты болып табылады. Оқу-танымдық іс-әрекет, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әр түрлі тапсырмаларды орындау процесінде қалыптасады.

Оқу-танымдық іс-әрекет оқып-үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынталылық пайда болумен, назар мен ой-сана операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау, т.б.), оқып жатқан материалды түсінумен бейімделінеді (7-сурет).



Жоғары класс оқушысының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің қандай да тәсілі мен әдістерін пайдалануда оқушының қабілет дәрежесін






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет