Білім беру жїйесі ќоєамныѕ јлеуметтік-экономикалыќ дамуында жетекші роль атќарады, сондай-аќ оны јрі ќарай айќындай тїседі


ҚАЗІРГІ АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН БЕЛСЕНДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАР



бет25/50
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18553
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50
2. ҚАЗІРГІ АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН БЕЛСЕНДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАР
2.1 Қазіргі ауыл мектебінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің мүмкіндіктері
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының» құрылымында ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторларда қазіргі білім беру саласының жай-күйі талданған. Мәселен: «... Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны факторлар күйінде қалып отыр, пәндік тәсілге негізделген мемлекеттік стандарттар моральдік тұрғыда ескірген. Оқушының даралығына бағдарланған білікті көзқарас жоқ. Мектепте оқу оқушының өмірлік жолын, мүдделері мен перспективаларын таңдауына нақты дәлелдер бермейді. Жоғары сынып оқушыларының тек 30%-і ғана өздерінің қабілеттеріне сәйкес келетін кәсіби қызметті таңдайды. Демек, бұл жоғары сынып оқушыларының 70%-ның өмірден өз орындарын табуға мүмкіндігі аз деген сөз.

Соңғы бес жылдағы ЮНЕСКО-ның зерттеулері мен жалпы білім беретін мектеп бітірушілерді тестілеудің нәтижелері білім сапасының ұдайы төмендеп келе жатқандығын көрсетеді...» [107].

Сондықтан да қазіргі таңда білім беру және оқытуды оқушылардың білімдері мен біліктерінің беріктілігіне, саналылығы мен белсенділігін дамытуға бағыттап, оқыту теориясын түсінікті әрі әрекеттілікпен негіздесе, жалпы білім беретін мектептегі оқыту талаптары одан әрі дамып, нақтыланып, жетіле түсер еді.

Білім мәні оқушының өз ақыл-ой белсенділігі арқасында игерілген терең де әрі өз бетінше ұғынылған білімдерден құралады. Білімдерді саналы игеру бірнеше шарттар мен жағдаяттарға тәуелді: оқу мотивтері, оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейі мен сипаты, танымдық іс-әрекетті басқару және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, мұғалім қолданған әдістер мен оқу жабдықтары және т.б. Оқушының өзіндік таным белсенділігі оқудың маңызды жағдаятының бірі есептелінеді, ол оқу материалын терең әрі берік игеруде пәрменді ықпал жасайды.

Оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіруде мынадай маңызды оқу ережелері сақталуы тиіс:

- алдағы жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін анық түсіну – саналы оқытудың қажетті шарты: оларды оқушыларға көрсету, маңызы мен мәнін түсіндіру, болашақтағы қажетін бала санасына жеткізе білу;

- оқыту барысында оқушы не, неліктен және қалай істеу керектігін түсінуі, сонымен оқу жұмыстарын қарадүрсін орындамай, алдын-ала олардың терең мән, мағынасын ұғынуы;

- оқу барысында танымдық іс-әрекеттің барша түрлері мен формаларын пайдалану, талдауды біріктіру тәсілімен, индукцияны дедукциямен салыстыруды қарама-қарсы қою, біріктіру, сәйкестікті жиі пайдалану, балалардың жасы кіші болса, индукция тәсілін жиі қолдану;

- оқушылар әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мән-мағынасын түсінуі, оларды қолдануда оқушылардың өтілген білімдері мен тәжірибесіне сүйену, бейнелі салыстыруды пайдалану, мән-мағынасы жете ашылуы мүмкін болмаған ұғымдарды сабақта қолданудан аулақ болу;

- балалардың бірін-бірі оқыту мүмкіндіктерін пайдалану, дұрыс шешім табудың ұжымдық формаларын дамытуға қажет жағдайларды қамтамасыз ету, мұғалімнің түсіндірмесінен гөрі қасында бірге отырған жолдасының әңгімелеп бергені тиімді де әрі жеңіл, сондықтан сыныптағы үздік оқушылар қолынан келетін оқу істерін өз міндетіне алуы, бала белсенділігін тәрбиелеуде уақытты да күш-қуатты да аянбау.

Қазіргі таңда ауыл мектептерінде оқушылардың оқу-танымдық

іс-әрекетін белсендірудің қажеттігі артуда. Мәселен: Т.Сабыров: «Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз – оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, пркатикада пайдалана білуге үйренуге оқушының істейтін сапалы іс-әрекеті»-деп атап көрсетті [26, 4 б.].

Мұғалім білім беру процесін ұйымдастыратын болғандықтан,

іс-әрекеттің құрылымын білуі өте маңызды болып саналады. Ол дегеніміз – мотиві, мақсат, мәселелері, мазмұны, құрал-жабдықтары, әдіс-тәсілдері және қорытындылауы. Сонымен қатар, мұғалім шәкірттерінің іс-әрекеттерінің негізгі түрлерін біліп (оқу-танымдық, әлеуметтік, талғамдық, ізденімпаздық, еңбек, ойын, денешынықтыру-сауықтыру, т.б.) және оларды өзара байланыстыра білуі өте маңызды.

Жеке тұлға үнемі өзгеріп отыратын әлемнің ортасында өмір сүреді. Қоршаған ортамен, басқа адамдармен байланыста болу – бұл өзіндік жетілу, даму. Дамудың тиімді болуы іс-әрекеттің белсенділігіне, көңіл-күй жарасымдылығына тәуелді. Адам таңдаған ісіне жан-тәнімен кірісіп, өзіндегі бар мүмкіндіктердің бәрін іске жұмылдырып, өзін кемелденген тұлға ретінде көрсете білуі керек. Мұндай қызмет адамға қанағат ләззатын әкеліп, шабыт пен қуаттың көзіне айналады. Сондықтан да, іс-әрекеттің маңыздылығы оның өздігінен ғана емес, сол әрекетке көрінетін тұлға белсенділігінің деңгейіне байланысты.

Белсенділік оқу барысында шәкіртке тезірек және табысты әлеуметтік тәжірибе топтауға мүмкіндік береді. Оның қарым-қатынас, тілдесу қабілеттерін дамытады, қоршаған болмысқа деген көзқарасын қалыптастырады. Баланың ақыл-парасатты дамуын танымдық белсенділік қамтамасыз етеді. Бұл үшін балаға танымдық мәселелерді шешумен бірге білімдерді практикада қолдану қажеттігі де тән болуы тиіс [108].

Мұғалім дәстүрлі әдістерден гөрі ізденімпаздық жұмысты неғұрлым кеңірек пайдалану, өз бетінше жұмыс немесе шығармашылық үй тапсырмаларын және сабақтан тыс оқушы әрекетін ұйымдастыру арқылы жоғары сапаға жетеді. Оқу-танымдық іс-әрекет – оқыту процесіне деген зерттеушілікпен тығыз байланысты. Нақты тоқталсақ, өзіндік оқу-танымдық оқушының іс-әрекетін қамтамасыз етіп, ойлау, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамытып, өзіндік білім алуға дайындайды.

Мектеп тәжірибесінде жеке және ұжымды түрде оқыту жұмысының топтық ізденіс түрлері мен әдісі бар. Оқушыларды зерттеу үшін түрлі іздену әдістері қолданылып келеді (эвристикалық әңгіме, мұғалімнің басқаруымен-шешім, ережелер, түсініктер, формулалар, стандартты емес есеп шығару, оқушылардың өздігінен бақылаулары, лабораториялық жұмыстар жүргізу, тәжірибелік бақылау жұмыстарын жасау, іздену әдісі, т.б.).

Проблемалық оқыту психологтардың ойынша (Л.С. Рубинштейн,

М.А. Менчинская, А.М.Матюшкин, т.б.) адамның таным әрекетінің, әсіресе ойлау процесінің ерекшелігіне байланысты пайда болған [109, 110, 111]. Т.Сабыровтың пікірінше: «Проблемалық оқытуда көздейтін мақсат – оқушыларға білімді даяр күйінде бәрін мұғалімнің өзі баяндап бермей, олардың алдына белгілі проблеманы міндет қойып, соны өздеріне шештіруге бағыттау [22, 24-б.].

Проблемалы оқыту – “проблема”, “проблемалы сұрақ”, “проблемалы тапсырма”, “проблемалы жағдай” деген ұғымдарды қамтиды. Бұл ұғымдарды дұрыс түсінудің маңызы зор.

Т.Сабыров: “Кез келген сұрақ, тапсырма проблемалы бола бермейді. Олардың проблемалы болуының негізгі шарты – оларға жауап іздеуде, оқушыда даяр жауап не үлгі болмайды және ол өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты, басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тәсілдің онда жетіспей тұрғанын сезінеді”, - дейді [26, 4 б.].

Проблема дегеніміз – субъектінің өзінде бар іздену құралдарымен (білім, икемділік, іздену тәжірибесі, т.б.) шешуге болатын проблемалы жағдай. Сондықтан да кез-келген проблемада проблемалы жағдай болады да, кез келген проблемалы жағдай да (субъект шешу құралын игермеген болса) проблема бола бермейді.

Проблемалы міндет дегеніміз – проблемалы жағдайдағы іздену, зерттеу барысындағы шешілетін проблема. Міндет мазмұны деп – белгілі мен ізденіліп отырғанның арасындағы қайшылық нәтижесінде пайда болған проблеманы айтамыз. Мұның жауабын практикалық операциялар арқылы табуға болады. Ендеше, кез келген міндет проблема бола алмайды.

Проблемалық оқыту тек проблемалық жағдай тудырып қана қоюда емес, сонымен қатар оны дұрыс шеше білу тәсілдерін меңгеруді де қажет етеді. Ол үшін мұғалім оқушының материалда (тақырыпта) кездесетін ой, пікір қайшылықтарын дұрыс аңғаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен тәсілдерін меңгертуге, өздігінен ізденудің, зерттеудің амалдарын үйретуге тиіс. Мұның басты жолы – дұрыс ойлай білуге баулу [26 4 б., 32-11 б.].

Педагогтардың зерттеулерінде [112, 113]: «Бүкіл проблемалық оқытудың мәні ерекше жағдай - оқу процесінде пайда болады, оқушы белгілі бір шешімге келе алмай, не болмаса қатыса алмайды. Проблемалық жағдайда оқушының білімі мен алдына қойған міндеті арасында қарама-қайшылық туындайды. Проблемалық оқыту алгоритм мәселені қою және сезіну, жеке шығару, одан әрі қарай мәселені шешудің дұрыстығын тексеруден тұрады. Бұл кезде ізденіс әңгімелері, дискуссия (пікірталас), мәселелі мазмұндамалар, т.б. пайдаланылады»,-деген пікірлер айтса, кейбір зерттеулерде (А.Е.Әбілқасымова, Р.С.Омарова.) авторлар: «Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, үрдісін де меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту»,-деп проблемалық оқытудың мақсатын нақты аша отырып, мұндағы оқытушы қызметін ашып көрсетті: «Проблемалық оқыту жағдайындағы оқытушының қызметі мынадан тұрады: ол қажетті жағдайда неғұрлым күрделі ұғымдардың мазмұнын түсіндіре отырып, ұдайы проблемалық жағдайлар жасайды, фактілерді хабарлап, олардың оқу-танымдық қызметін фактілерді талдау негізінде оқушылар өз бетімен қорытындылар мен тұжырымдар жасайтындай, ұғымдарды, ережелерді, теорияларды, заңдарды тұжырымдайтындай немесе белгілі білімдерді жаңа жағдайға өздігінен қолданатындай (ойлап табады, жоспарлайды) етіп ұйымдастырады» [37, 13 б.].

Даралап (жеке) және дифференциялап оқытудың да маңызы да жоғары.

Дифференциялаудың екі мағынасы бар: біріншіден, білім мазмұнына дифференциялық жасау қоғамдық талаптар мен оқушылардың қабілет, бейімділігіне тәуелді болады; екіншіден, кластағы оқушылардың қабілетіне, оқуға ынтасына, оқи алуына қарап бірнеше топқа бөлу қажет болады. Мұндай топтар, әлбетте, үшке бөлінеді: күшті, орта және әлсіз. Әрине, мұғалімнің бұлай бөлуді оқушыларға айтып ескертуге құқы жоқ. Оның қарастыратыны оқу материалын дайындағанда үш түрлі вариантта алады: өте ауырлау материал күштілерге, аса күрделі еместеуі орташа топқа, көбіне жеңіл қарапайым түрлері әлсіз топқа ұсынылады. Яғни, орташа, нашар оқитындарға беріледі. Осылай дифференциялау арқылы оқушылардың дербес ерекшеліктері есекеріледі. Ал мұғалім үшін үш вариантта есеп әзірлеу қосымша уақытты талап ететіні сөзсіз. Сондықтан соңғы кезде оқушылардың өздеріне вариантты таңдату практикасы қолданылады. Мұғалімнің кеңесі арқылы балалар өздерінің күштеріне және мүмкіндіктеріне байланысты өзінің таңдаған вариантын орындай алады.

Даралап оқыту, әсіресе, оқудан артта қалушылар мен орташа оқитындар үшін қажет. Негізінен олардың білімін жақсы оқитындарға теңестіру қарастырылады. Ал, өте жақсы оқитындар дәрежесін одан әрі көтере беру қажет.

Оқытуды балалардың жеке ерекшелігіне қарай даралау түрінде жүргізудің нақтылы міндеттері бар:

- ойлау белсенділігін және ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыру;

- таным процестерін, ерік, эмоциялық сапалар, еңбексүйгіш, еңбек эстетикасының кейбір салаларын дамыту.

Жеке дара түрде оқыту мұғалімдерден мыналарды талап етеді: біріншіден - оқушының жеке ерекшелігін үнемі зерттеп отыру; екінші - жеке дара ерекшеліктердің қайсысы ұнамды, қайсысы керісінше, қайсысы бейтарап әсер ететінін айыра біліп, анықтап алу; үшіншісі - әр оқушыға қандай оқу-тәрбие әдісін қолдану, дербес әрекетке жетелеу керек екенін анықтау; төртіншіден - даралық қарым-қатынаста педагогикалық ықпалдардың құралдарын таба білу.

Мұғалімнің оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруді толық игере алуы, оларды жемісті пайдалануы, тиісті әдістерді іріктей алуы – шығармашылық міндет.

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқыту алгоритімі маңызды, ол белгілі бір түрдегі есепті шығаруда қатаң ережелердің қажеттілігін бекітеді. Алгоритімсіз адам қарапайым автоматтар мен техникалық құралдарды да пайдалана алмайды (компас, телефон, т.б.). Алгоритмдеу программалап оқытумен тығыз байланысты, оның мәні нақты хабарламаның таңдауынан тұрады, ал оқушыға аз мөлшерде беріліп отырады. Программалап оқытудың талассыз ерекшеліктеріне қарамастан, бұл жуықтауды жалғыз және көп салалы деп қабылдауға болмайды. Егер оқушы сабақтан сабаққа программаланған оқулықтың мәтіні соңында үздіксіз жүріп отырса, егер де ол оқыту машинасымен жұмыс істесе, онда программалап оқыту жағдайында оқушының бастамасы кеңейеді.

Адамның танымдылығының құралы ретінде техникалық құралдардың қолданылуы, білімнің пайдалану мүмкіндіктерін көбейтеді, ойлау әрекетінің жаңа формаларын дамытуға жағдай жасайды, оқыту сапасын арттырады. Бірінші сатыда компьютер оқу әрекетінің пәні болып табылады, оны меңгере отырып, оқушылар осы машинаның жұмысы туралы білім алады, дағды-білігіне үйренеді, оператор жұмысының дағдыларын меңгереді. Екінші сатыда компьютер оқу есептерін шығарудың құралына айналады. Компьютер оқытуда пайдаланылатын қосымша техникалық құрылым ғана емес, сонымен бірге ол тиісті жоспарлауды қамтамасыз етеді.

Қазіргі ауыл мектебінде оқу-танымдық іс-әрекеттерін белсендірудің бір бағыты болып, ұжымдық танымдық әрекеттің маңызы зор.

Оқушылардың ұжымдық әрекеті – бұл оқушылардың біріккен әрекеті, оқушылар ортақ тапсырма орындауда өз істерін үйлестіріп, жұмысты өзара бөліп, әркімнің міндетін мұғалім ұйымдастырып беретін, яғни іскерлік тәуелділік жағдай пайда болады, білімді меңгеруде өзара қарым-қатынас ұйымдастырылады, аса бағалы тәжірибе алмасу жүреді. Ұжымның танымдық әрекеті сабақта да сабақтан тыс уақытта да, педагогикалық процесте жүріп отырады.

Ауыл мектептерінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде дәстүрлі сабақтан басқа оқытуды ұйымдастырудың бірнеше дәстүрлі емес, формалары бар: оқу саяхаты, семинар сабақтары, практикумдар, факультативтер, консультациялар, үйдегі оқу жұмысы т.б. Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес формасының саны жылдан-жылға көбеюде. Зерттеулер дәстүрлі емес сабақтың отыз алты түрін көрсетті. Дәстүрлі емес сабақ бұл импровизациялық оқу сабағы, дәстүрлі емес құрылымға ие. Кең тараған дәстрлі емес сабақ типтері:

1. “Дуэт” сабағы.

2. “Іскерлік ойын” сабақтары.

3. “Баспа сөз” (пресс) – конференция сабақтары.

4. “Сайыс” – сабақтары.

5. Көңілділер – тапқырлар – білгіштер байқауы.

6. Театрландырылған сабақ.

7. Консультация – кеңес сабағы.

8. Компьютерлендіру сабағы.

9. Ұғымдық формадағы сабақтар.

10. Оқушылардың бір-бірін оқыту сабақтары.

11. Шығармашылық сабақтары.

12. Аукцион сабақтары.

13. Оқушылар жүргізетін сабақ.

14. Сынақ сабағы.

15. Күмәндану сабақтары.

16. Панорамалық сабақ.

17. Формула сабағы.

19. Конкурс – байқау сабағы.

20. Бинарлық сабақ.

21. Жалпылау сабақтары.

22. Қиял-арман сабақтары.

23. Ойын сабағы.

24. “Сот” сабағы.

25. “Шындықты іздеу” сабақтары.

26. “Шиеленіс” сабақтары.

27. Концерт сабағы.

28. Диалог – сұхбат сабағы.

29. “Білгіштер клубы” сабақтары.

30. Рольдік ойын сабақтары.

31. Конференция сабақтары.

32. Семинар сабақтары.

33. Интегральдық сабақтар.

34. “Айналмалы жаттығу” сабақтары.

35. Пәнаралық сабақтар.

36. Экскурсия – саяхат, болмаса серуен сабақтары.

37. “Ғажайып алаң” сабақтары.

Мысал ретінде бірнеше сабаққа тоқталып өтсек:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет