Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық ҚОҒамы


 Зерттеу жүргізетін ұйымдардың жауапкершілігі............................46



Pdf көрінісі
бет3/29
Дата01.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#46645
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Qazaqstan-bilim-zertteushilerinin-Adep-Kodeksi-pdf

7. Зерттеу жүргізетін ұйымдардың жауапкершілігі............................46
7.1. Зерттеу әдебінің сақталуына жағдай туғызу.................................46
7.2. Әдептік сараптама............................................................................48
7.3. Өтпелі ережелер...............................................................................53
8. Дереккөздер.....................................................................................55
9. Қосымшалар.....................................................................................63


4
1. Алғы сөз
Зерттеушінің әдеп кодексін әзірлеу қажеттілігі жөнінде бірнеше 
жылдан бері айтылып келеді. Себебі, зерттеуші бүгінде бөлек бір ма-
мандыққа айналды да, өзінің арнайы нормалары мен ережелерін қа-
жет ететін дәрежеге көтерілді. Білім зерттеулерін мамандандырудың 
(кәсібилендірудің) алғашқы қадамы Білім беру саласындағы зерт-
теушілердің қазақстандық қоғамын (KERA-ны) құрумен айшықталды. 
Ендігі қадам – зерттеушілердің кәсіби нормаларын анықтау. Білімдегі 
зерттеулер әлдебір бағынысты жағдайдағы адамдарды қатысушылар 
ретінде тартуды көздейтіндіктен аталған нормалардың көбісі әдептік 
тұрғыдан едәуір өткір болып келеді. Зерттеушінің әдеп кодексін әзір-
леу идеясының негізінде жатқан мәселе – ол Қазақстанның зерттеу 
адалдығын сақтау жүйесін құру. Мұндай жүйенің бір бөлігін халықара-
лық тәжірибеде кеңінен тараған зерттеулерді әдеп тұрғысынан реттеу 
ұстанымдары, нормалары мен рәсімдері құрайды.
Зерттеу әдебін бәрінен бұрын жоғары оқу орындары мен зерттеу 
институттарының зерттеушілері сақтау керек екені түсінікті. Олар зерт-
теулер өткізіп қана қоймай, ғалымдардың жаңа буынын тәрбиелейді. 
Бұл буын өз зерттеу жобалары арқылы күрделі мәселелерді айқындап, 
өз қызметінің саласын жетілдіретініне, осылайша қоғам өмірін жақсар-
татынына және әлемдік білім қорына өзінің бірегей үлесін қосатынына 
кәміл сенетін болады.
KERA Кодексті әзірлеу мәселесін 2016 жылдан бері ойластыруда. Сол 
жылы біз Ұлыбритания университетінің бірінде докторантурада оқып 
жүрген бір қандасымыздан хат алдық. Ол жаз мезгілінде Қазақстанға 
келіп алаңдық зерттеулерді жүргізбек болды. Британдық университеттің 
нұсқауы бойынша Қазақстандағы зерттеу өткізу үшін әдептік мақұлдау/
сараптаудан өту жөнінде сұрады. Өкінішке орай, біз KERA-да, я болмаса 
қайсыбір қазақстандық ЖОО мен институтында ондай рәсім өткізетін 
Әдеп комитетінің жоқтығын, болған күнде де (мысалы, Назарбаев Уни-
верситетіндегідей) бөгде ұйымдарға әдептік зерттеу сараптамасын өткіз-
бейтінін хабарладық. Осыған байланысты шет елде оқып жүрген отанда-
сымыз шетелдік университеттің сараптамасымен жұмыс істей беруіне 
тура келді. Осы сәттен бастап біз елімізде зерттеу әдебінің жүйесін 


5
қалай құруға болатыны туралы ойлай бастадық. Біз заманауи білім 
зерттеулерін жобалау жөніндегі тренингтерден бастадық. 2019–2020 
жылдары адам қатысындағы зерттеу әдебінің негіздері бойынша тре-
нингтерді елімізде педагог кадрларды даярлайтын 7 университетке 
арнап өткіздік.
Әдеп кодексін жазу жұмысының бастауы ретінде өткен жылдың қа-
зан айында Назарбаев Университетінде өткен пікірталас клубын атап 
өткен жөн. Оған университеттің Жоғары білім беру мектебінің профес-
сорлары мен ғылыми қызметкерлері, ҚР Білім және ғылым министрлі-
гінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті мен 
Білім және ғылым салаларындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің, 
бірқатар ведомстволық ұйымдардың жетекшілері, сондай-ақ шетелдік 
профессорлар Дэвид Бриджес (David Bridges), Джон Элиот (John Eliot), 
Коллин Маклафлин (Colleen McLaughlin) (Ұлыбритания) мен Марита 
Ховейд (Marit Hoveid) (Норвегия) қатысты. Пікірталас қорытындысы 
білімдегі шетелдік кәсіби ассоциациялардың кодекстерін (нұсқау-
лықтарын) негізге ала отырып, Қазақстан білім зерттеушілерінің әдеп 
кодексін жасаудағы ниетімізді нықтады. 
Біз бұл құжат ауқымы бойынша Қазақстан біліміндегі алғашқы сала-
лық әдеп кодексінің болатынын түсіндік. Бұл жұмысқа, біріншіден, ре-
спубликамыздағы зерттеулерді жоспарлап өткізу тәжірибесін білетін, 
екіншіден, халықаралық дәрежеде мойындалған зерттеу қызметінің 
қыр-сырынан хабардар мамандарды тарту қажет болды. Осы себепті 
Кодекстің әзірленуі мен рецензиялауына құрамында сегіз жылдан бері 
қызмет етіп жатқан Ғылыми зерттеулердің институционалдық әдеп 
комитеті бар Назарбаев Университетінің ғылыми қызметкерлері мен 
профессорлары белсене араласты.
Зерттеу әдебінің теориялық негіздерін іздей келе, деонтологияға 
жолықтық. Одан зерттеушілер үшін маңызды этикалық құндылықтар 
туралы мәлімет жидық. Зерттеу әдебінің мақсаты, ең алдымен, «зияның 
тимесін» деген әмбебап қағидаға келіп саяды. Бұл қағида зерттеудің 
әлеуетті қатысушыларының автономдығы (дербестігі), олардың жеке 
өміріне қол сұқпау және жеке деректерін қорғау сынды құқықтарына 
құрмет көрсетіле отырып сақталады.


6
Қазақстанда зерттеу қызметіне демократиялық және азаматтық 
қоғамның маңызды құралы ретінде қызығушылықтың артып келе 
жатқаны көңіл көншітеді. Мұндай маңызды қадамдардың бірі еліміздің 
2005 жылы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы 
халықаралық пактін ратификациялауы болды. 1966 жылы қабылданған 
бұл пактіде ғылыми зерттеулер бостандығы, яғни «ғылымға саясаттың 
және т.б. күштердің араласуын болдырмау» және «кәсіби ғалымдардың 
ең жоғары әдеп нормаларының стандарттарын сақтау міндеті» бекітіл-
ген (Совет по правам человека ООН, 2012, п. 39). Біз зерттеудің белгілі 
бір кезеңдерінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтін ҚР 
заңнамасының осы және т.с.с. талаптарын ескеруге тырыстық.
Біз осы Кодекс және оның арнасында қолға алынатын т.б. шаралар 
зерттеу өткізудің мүмкіндігін шектемей, керісінше, барынша көп мүд-
делі адамдардың білім саласындағы зерттеулерін халықаралық дең-
гейде мойындалған әдіс-тәсілдерге сай өткізулеріне жол ашады деген 
үміттеміз.
KERA Президенті, 
Аида Сағынтаева


7


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет