Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық ҚОҒамы


Зерттеу жүргізетін ұйымдар



Pdf көрінісі
бет6/29
Дата01.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#46645
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Qazaqstan-bilim-zertteushilerinin-Adep-Kodeksi-pdf

Зерттеу жүргізетін ұйымдар – білім саласына қатысты зерттеу-
лерді өз ішінде жүргізетін немесе жүргізілуіне қолдау көрсететін мек-
тепке дейінгі ұйымдар, мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары, 
ғылыми, аналитикалық, консалтингтік және т.с.с. ұйымдар.
Зерттеу инфрақұрылымы – бұл зерттеу жүргізуге мүмкіндік бе-
ретін, оны тиімді басқаруға, зерттеушілерді оқытуға, сонымен қатар 
зерттеушілік және инновациялық әлеуетті сақтап арттыруға қолай-
лы жағдай туғызатын құрал-жабдық, компьютерлік бағдарламалар, 
аспаптар, материалдар мен қызметтердің жиынтығы (FIRI, 2014, P. 8). 
ҚР «Ғылым туралы» Заңында осыған ұқсас «ғылыми инфрақұрылым» 
ұғымы бар, алайда оның аясы зерттеу инфрақұрылымынан тар болып 
көрінеді (ҚРЗ, 2011, 1-баптың 13) тармақшасы).
Зерттеуге қатысушының жеке деректері дегеніміз – осы қа-
тысушының жеке басын айқындауға мүмкіндік беретін кез келген 
мәлімет. Мұндай мәліметті «идентификатор» немесе «айқындауыш» 
4
Determining Whether IRB Review is Required for an Activity. (2019). https://www.umass.edu/research/
guidance/determining-whether-irb-review-required-activity
5
What is the Institutional Review Board (IRB)? (2017, May 17). https://research.oregonstate.edu/irb/
frequently-asked-questions/what-institutional-review-board-irb


10
деп те атайды. Идентификаторлар 
тура (төлқұжат деректері, электрон-
ды поштасы, телефон нөмірі, фотосуреті және т.б.) және 
жанама (ұлты, 
кәсібі, отбасылық жағдайы, діни көзқарасы және т.б.) болып бөлінеді 
(Frankenfield, 2020). Интернет-технологиялардың кеңінен таралуы 
жеке деректер түрлерін көбейтті (IP мекенжайы, логин/домен, т.б.) 
(Grimes, 2019). Берілген анықтама ҚР заңнамасындағы «дербес дерек-
тер» деп аталған ұғымға сәйкес келеді: субъектіге қатысты немесе оны 
айқындайтын, электрондық, қағаз және/немесе өзге де материалдық 
жеткізгіште тiркелген мәліметтер (ҚРЗ, 2013, 1-баптың 2) тармақшасы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет