4.2. Кодекс реттейтін мәселелер
Кодекс адамдар қатысуымен жүргізілген зерттеулерді реттейді. Мұн-
дай зерттеулер деп келесі екі ұғымды қамтитын білім зерттеушілерінің
мақсатты қызметін айтамыз:
1)
«зерттеу» – білім туралы жалпыланған білімді
13
түзу я толықты-
руға бағытталған, әзірлеу, тестілеу және бағалау рәсімдерінен тұра-
тын, жүйелі зерделеу процесі;
2)
«адамдар» – зерттеуге қатысушылар немесе сынаққа алынған-
дар, олар туралы деректерге білім зерттеушісі екі жолмен қол жет-
11
Қоңыратбай, к/к.
12
Глоссарийдан «білім зерттеушілері», «зерттеу жүргізетін ұйымдар» және «зерттеу әдебі жөніндегі
институциялық комитеті» ұғымдарының анықтамаларын қараңыз.
13
Глоссарийдан «жалпыланған білім» ұғымының анықтамасын оқыңыз.
17
кізеді: (a) оларға әсер ету не олармен әрекеттесу арқылы, я болмаса
(b) олардың жеке деректерін алу арқылы
14
(NU IREC, 2018, Article 1).
Адамдар қатысуымен жүргізілген зерттеулер осы Кодексте сипат-
талған тәртіппен әдептік сараптамадан өтуге тиіс.
«Адамдар қатысуымен жүргізілетін зерттеулерге» жатпайтын, соған
орай әдептік сараптаманы қажет етпейтін жобалар мыналар:
– ұйымның демеушілеріне, басшыларына және/немесе құрылым-
дық бөлімшелеріне ұсынылатын ішкі есептер;
– қайсыбір бағдарламаны жетілдіру немесе нәтижелерін өлшеу
мақсатында, жалпыланған білімді толықтыру ниетісіз жүргізілетін тал-
дау мен бағалау қызметі (мысалы, ұйымның және оның қызметтерінің
тиімділігін бағалауға, сапаны бақылап арттыруға арналған корпора-
тивтік зерттеулер);
– белгілі бір оқиғалар, жағдайлар, ұйымдар немесе жүйелер туралы
хабарлау және құжаттарға түсіру үшін ғана, ешқандай пайымсыз (гипо-
тезасыз), ой толғаусыз, нақты адамдар туралы ақпаратты жинау мен
өңдеуді меңзейтін ғылыми және журналистік қызмет (мысалы, ауызша
тарих әдісімен танып білу, тірі кісілерді библиографиялық зерттеу, әде-
би сын, нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, тарихи зерттеулер);
– шәкірттерді оқыту және/немесе бағалау барысында жоспарлап
өткізілетін, нәтижелерін сыныптан/білім беру ұйымынан тыс пайда-
лану ниетінсіз зерттеу (мысалы, білім алушыларды зерттеу әдістеріне
үйрету үшін олар жөнінде деректерді жинау, зерттеушінің есебін жазу
мысалын көрсету);
– осы Кодекстің ережелерін ескере отырып, жалпыға қолжетімді
және үшінші тараптың пайдалануына тыйым салынбаған деректерді
зерттеу.
15
Білім зерттеушісі магистранттар мен докторанттардың ғылыми же-
текшісі, оқытушы (мұғалім), сарапшы және рецензент ретінде қызмет
атқарған кезде Кодекстің ұстанымдары мен нормаларын тиісті жағдай-
ларда сақтауға тиіс.
14
Глоссарийдан «зерттеуге қатысушының дербес деректері» ұғымының анықтамасын оқыңыз.
15
Осы тізімді құрастыруда келесі дереккөздер пайдаланылды:
Is it Research: What is «Contributing to Generalizable Knowledge?» (2019). https://research.ncsu.edu/sparcs/
files/2019/10/What-is-Research-and-Needs-IRB-Approval.pdf, Is your project human subjects research, or
not?... (2017) https://oprs.usc.edu/files/2017/04/NHSR_v.10.26.17.pdf
|