Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық ҚОҒамы



Pdf көрінісі
бет13/29
Дата01.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#46645
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
Qazaqstan-bilim-zertteushilerinin-Adep-Kodeksi-pdf

4.3. Кодекс құрылымы 
Кодекстің құрылымы зерттеу бостандығы мен зерттеуге қатысатын 
адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуден туындай-
тын құндылықтар мен қағидаларға негізделген. Бұл қағидалар негізі-
нен нұсқаулар түрінде тұжырымдалған (5-бөлім). Кодекстің 6-шы және 
7-тарауларынан көрініп тұрғандай, бұл құжат зерттеу әдебіне қатысты 
тек білім зерттеушілерінің міндеттерін ғана емес, сонымен қатар зерт-
теу жүргізетін ұйым басшыларының шығармашылыққа қолайлы әрі 
ашық зерттеу ортасы мен мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жауап-
кершілігін бекітеді.
Кодекс қағидаларын Марк Франкельдің (Mark S. Frankel) жіктелісі 
бойынша шартты түрде үшке бөлуге болады, олар: 
мотивациялық 
(ынталандырғыш), 
түсініктемелік және реттеушілік (UNESCO DEST, 
2006, P. 3). Қағидалардың алғашқы екі түрін Алғы сөз, Кіріспе, бөлім-
дер мен параграфтардың бас жақтарынан кездестіреміз. Бұдан басқа, 
Кодексте қазақстандық зерттеу практикасы үшін беймәлім я ерекше 
болып көрінетін ұғымдар/терминдер мен жағдайлар кездесетіндіктен 
3-бөлімде глоссарий, 5–7-бөлімдердегі бірқатар нормаларға анықта-
малық-түсініктемелік мәлімет әзірледік ( 
i
) және құжат ішінде өзін-өзі 
бағдарлауды жеңілдету үшін беттердің төменгі жағында сілтемелерді 
келтірдік. Түсініктемелерде ҚР нормативтік құқықтық актілерінен үзін-
ділер берілген, бұл актілер Кодексті жазу және басуға дайындау кезін-
де қолданыста болған. Уақыт өте заңнама ептеп өзгеретіндіктен білім 
зерттеушілері аталған үзінділерді басшылыққа алмастан бұрын тиісті 
актілердің жарамдылығын тексеріп отыруы керек. Кодекс қағидалары-
ның соңғы түрі – реттеушілік, ол 
нормалар мен міндеттемелер түрінде 
көрініс тапты. Бұл нормалар білім зерттеушілері, зерттеу жүргізетін 
ұйым басшылары және Зерттеу әдебі жөнінде институциялық коми-
теттер ұстануға тиіс мінез-құлық, әрекет үлгісі ретінде 6–7-бөлімдерде 
тұжырымдалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет