Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру



Pdf көрінісі
бет10/21
Дата30.03.2017
өлшемі6,03 Mb.
#10592
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

2-бөлім. Докторантура 
  
1. Жалпы ережелер 
  
1.  Осы  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті  стандарты  (бұдан  əрі  -  стандарт)  «Білім  туралы»  Қазақстан 
Республикасының  2007  жылғы  27  шілдедегі  Заңына  сəйкес  əзірленді  жəне 
PhD 
докторантураның 
білім 
беру 
бағдарламаларының 
мазмұнына, 
докторанттардың  білім  траекториясына,  білім  беру  құрылымы  мен 
мазмұнына,  докторанттардың  дайындық  деңгейін  бағалауға  қойылатын 
талаптарды белгілейді. 
Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 
1)  докторантура  -  кемінде  3  жыл  нормативті  оқу  мерзімімен  міндетті 
түрде теориялық оқудың кемінде 75 кредитін, сондай-ақ кəсіби практиканың 
кемінде  6  кредитін  жəне  докторанттың  ғылыми-зерттеу  (эксперименталды-
зерттеу)  жұмысының  (ДҒЗЖ/ДЭЗЖ)  кемінде  28  кредитін  еңгерту  арқылы 
философия  докторы  (PhD),  бейіні  бойынша  доктор  ғылыми  дəрежесін  бере 
отырып, ғылыми жəне педагог кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім берудің кəсіптік оқу бағдарламасы; 
2) докторант - докторантурада білім алушы тұлға; 
3)  докторлық  диссертация  -  теориялық  қағидалар  жиынтығын  жаңа 
ғылыми  жетістік  деп  тануға  болатын  немесе  маңызды  əлеуметтік-мəдени 
немесе  экономикалық  мəні  бар  ғылыми  мəселе  шешілген,  не  енгізілуі  елдің 
экономикасының  дамуына  айтарлықтай  үлес  қосатын  ғылыми  дəлелденген 
техникалық,  экономикалық  немесе  технологиялық  шешімдер  берілген, 
дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмыс. 
2.  Докторантураның  білім  беру  бағдарламаларын  ведомостволық 
бағыныстылығы  мен  меншік  нысанына  қарамастан,  докторантураның  тиісті 
мамандықтары  бойынша  білім  беру  қызметін  жүргізуге  құқық  беретін 
лицензияның  жəне  аккредиттелген  əріптес  ғылыми  ұйымдармен  бірлескен 
ғылыми жəне білім беру бағдарламаларын орындау, зерттеу базаларын ұсыну 
бойынша  ынтымақтастық  туралы  шарттардың  негізінде  жоғары  оқу 
орындары жүзеге асырады. 
3.  Қазақстан  Республикасының  жоғары  оқу  орындары  философия 
докторларын (PhD) жəне бейіні бойынша докторларды даярлады: 
1) Қазақстан Республикасының жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі 
білім мамандықтарының жіктеуішіне; 
2)  осы  стандартқа  жəне  докторантура  мамандықтарының  үлгілік  оқу 
жоспарларына; 
3) академиялық күнтізбеге; 
4) докторанттардың жеке оқу жоспарларына; 
5) оқу жұмыс жоспарларына; 
6) пəндер бойынша оқу бағдарламаларына; 
7) докторанттың жеке жұмыс жоспарына сəйкес жүзеге асырады. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

85 
 
4.  Ғылыми  жəне  педагогикалық  кадрларды  даярлау  докторантурада 
кемінде  үш  жыл  оқу  мерзімімен  философия  докторы  (PhD)  мен  бейіні 
бойынша доктор ғылыми дəрежесін бере отырып жүзеге асырылады. 
5.  Философия  докторын  (PhD)  даярлаудың  білім  беру  бағдарламасы 
ғылыми-педагогикалық  бағытқа  ие  жəне  жоғары  жəне  жоғары  оқу  орнынан 
кейінгі білім  мен  ғылым салалары үшін  іргелі білім беру,  əдіснамалық  жəне 
зерттеушілік  даярлық  пен  ғылымның  сəйкес  бағыттары  бойынша  пəндерді 
терең оқытуды қарастырады. 
6.  Бейін  бойынша  доктор  даярлаудың  білім  беру  бағдарламасы  ұлттық 
экономиканың  салаларына,  əлеуметтік  салаға:  білім  беру,  медицина,  құқық, 
мəдениет, қызмет көрсету, бизнес салалары жəне т.б. үшін іргелі білім беру, 
əдіснамалық  жəне  зерттеушілік  даярлық  пен  ғылымның  сəйкес  бағыттары 
бойынша пəндерді тереңдетіп оқытуды қарастырады. 
Бизнес  ортасы  үшін  мамандар  даярлау  мақсатында  жоғары  оқу  орны 
DBA  бағдарламасын  іске  асыра  алады.  DBA  кəсіптік  білім  беру 
бағдарламасы  шеңберінде  мамандар  даярлау  мазмұны  мен  деңгейіне 
қойылатын  ең  төменгі  талаптарды  білім  беру  саласындағы  уəкілетті  орган 
бекітеді. 
7. Докторантурада білім алу мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 
тек күндізгі оқыту нысанында жүзеге асырылады. 
8.  Докторантураның  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыратын  жоғары 
оқу  орнында  докторантураның  аккредиттелген  білім  беру  бағдарламаларын 
іске  асыратын  шет  елдік  жоғары  оқу  орындарымен  жəне  ғылыми 
орталықтарымен  білім  мен  ғылым  саласындағы  ынтымақтастық  туралы 
келісімдер  міндетті  түрде  болуы  тиіс  («Əскери  іс  жəне  қауіпсіздік»  тобы 
мамандықтары  бойынша  мамандар  даярлайтын  жоғары  оқу  орнын 
қоспағанда). 
9.  Докторантураның  білім  беру  бағдарламасын  меңгерген  жəне 
докторлық  диссертациясын  қорғаған  тұлғаға  білім  беру  саласындағы 
уəкілетті  орган  бекіткен  Ғылыми  дəрежелер  мен  ғылыми  атақтар  беру 
қағидаларына  сəйкес  PhD  доктор  немесе  бейін  бойынша  доктор  ғылыми 
дəрежесі беріледі. 
10. Осы стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді көздейді: 
1) докторанттардың дайындық деңгейіне жəне жоғары оқу орындарының 
білім  беру  қызметіне  міндетті  талаптар  қою  есебінен  білім  сапасына 
кепілдікті қамтамасыз ету; 
2) білім беру қызметінің барлық субъектілерінің құқықтарын реттеу; 
3)  докторанттардың  дайындығын  жəне  білім  беру  бағдарламаларының 
сапасын бағалаудың объективтілігі мен ақпараттылығын арттыру; 
4) докторанттардың академиялық оралымдылығы үшін жағдай жасау; 
5)  Қазақстанның  біртұтас  білім  беру  кеңістігінің  жұмыс  істеуін 
қамтамасыз ету; 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

86 
 
6)  PhD  доктор  немесе  бейін  бойынша  доктор  ғылыми  атағының  берілуі 
туралы  Қазақстан  Республикасы  құжаттарының  халықаралық  білім  беру 
кеңістігінде жəне халықаралық еңбек нарығында танылуын қамтамасыз ету. 
11.  Докторантура  мамандықтарының  үлгілік  оқу  жоспарлары  осы 
стандарттың  ережелеріне  сəйкес  келуі  жəне  білім  беру  бағдарламаларының 
құрылымына,  көлемі  мен  мазмұнына,  нормативті  оқу  мерзіміне  жəне 
докторанттарды  даярлау  деңгейіне  қойылатын  талаптардың  жиынтығын 
анықтауы тиіс. 
ЖОО 
докторантура 
мамандықтарының 
тізбесі 
Қазақстан 
Республикасының  жоғары  жəне  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім 
мамандықтарының бекітілген жіктеуішіне сəйкес болуы тиіс. 
12.  Докторантура  мамандықтары  шеңберінде  жоғары  оқу  орындары 
Ұлттық  біліктілік  шегіне,  кəсіптік  стандарттарға  сəйкес  жəне  Дублин 
дескрипторларымен жəне Еуропалық біліктілік шегімен келісілген білім беру 
бағдарламаларын өз бетінше əзірлейді. 
Білім беру бағдарламалары оқыту нəтижесіне бағдарлануы тиіс. 
13. Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің үшінші деңгейінің 
(сатысының)  білім  беру  бағдарламасын  аяқтағаннан  кейін  докторанттардың 
алған  білімінің,  білігінің,  дағдысы  мен  құзыретінің  деңгейі  мен  көлемін 
сипаттайтын  Дублин  дескрипторлары  оқу  нəтижелеріне,  қалыптасқан 
құзыреттерге,  сондай-ақ  ЕСТS  кредит  (сынақ)  бірліктерінің  жалпы  санына 
негізделеді. 
   
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар 
  
14.  Докторантураның  білім  беру  бағдарламасының  құрылымы  маңызы 
бірдей  екі  білім  жəне  ғылым  компоненттерінен  тұрады,  олардың 
арақатынасын, өлшемін жəне есебін көрсетеді. 
15. Докторантураның білім беру бағдарламасында: 
1)  базалық  жəне  бейіндеуші  пəндер  циклдерін  меңгеруден  тұратын 
теориялық оқыту; 
2) 
докторанттардың 
практикалық 
даярлығы: 
практика, 
кəсіби 
тағылымдамалар түрлері; 
3)  докторлық  диссертацияның  орындалуын  қамтитын  ғылыми-зерттеу 
(эксперименталды-зерттеу) жұмысы; 
4) аралық жəне қорытынды аттестаттау қамтылады. 
16.  Білім  беру  бағдарламалары  мамандық  пен  пəндердің  оқу-əдістемелік 
кешендерінің  негізінде  жүзеге  асырылады.  Мамандық  пен  пəндердің  оқу-
əдістемелік  кешендерінің  нысанын,  құрылымын  жəне  əзірлеу  тəртібін  білім 
беру ұйымы өзі айқындайды. 
17.  Жұмыстың  барлық  түрлерінің  еңбек  сыйымдылығын  есептеу 
меңгерілген материалдың көлемі бойынша жүзеге асады жəне оқудың нақты 
нəтижелеріне жетуге қажетті докторант пен оқытушының еңбек шығынының 
өлшем бірлігі болып  табылатын кредиттермен өлшенеді. Бұл  ретте  алдыңғы 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

87 
 
білім  деңгейінде  игерілген  кредиттерді  ескеретін  жинақтаушы  кредиттік 
жүйе қолданылады. 
Докторанттың  докторантураға  түсер  алдында  докторантураның  тиісті 
кəсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге қажетті барлық пререквизиттері болуы 
тиіс. Қажетті пререквизиттер тізбесін жоғары оқу орны өзі айқындайды. 
Қажетті  пререквизиттер  болмаған  жағдайда  докторантқа  оларды  ақылы 
түрде  меңгеруге  рұқсат  етіледі.  Мұндай  жағдайда  докторантурада  білім  алу 
докторант пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады. 
18.  Оқу  процесін  кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша  ұйымдастыру 
кезінде оқу  пəнінің  көлемі  кредиттердің  бүтін  санын  құрауы  тиіс.  Бұл  ретте 
əр пəн, əдетте, 2 немесе 3 кредиттен кем болмайтын өлшеммен бағаланады. 
19.  Докторантураның  оқу  жоспарларының  барлық  нысандарында 
пəндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады. 
Əрбір пəн қайталанбайтын бір атауға ие болуы тиіс. Ол бір академиялық 
мерзімде  меңгеріліп,  аяқталған  соң  докторанттар  емтихан  нысанындағы 
қорытынды бақылауды тапсырады, ал кəсіптік практиканың барлық түрлері, 
курстық 
жұмыстар 
(жобалар), 
докторанттардың 
ғылыми-зерттеу 
(эксперименталды-зерттеу)  жұмыстары  бойынша  дифференциалды  сынақ 
тапсырады. 
20. Докторантураның білім беру бағдарламалары пəнді оқудың модульді 
жүйесі негізінде жобаланады. 
21. Базалық пəндер циклі (БП) міндетті компонент пен таңдау компоненті 
пəндерінен тұрады. 
22. Базалық пəндер (БП) циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы 
көлемінің 50%-ын немесе 18 кредитті құрайды, оның ішінде 17%-ы міндетті 
компонент пəндеріне, ал 83%-ы таңдау компоненті пəндеріне бөлінеді. 
23.  Бейіндеуші  пəндер  циклінің  көлемі  үлгілік  оқу  жоспарының  жалпы 
көлемінің 50%-ын немесе 18 кредитті құрайды. 
Бейіндеуші  пəндер  циклінің  пəндері  таңдау  компонентіне  жатады  жəне 
оларды жоғары оқу орны өзі айқындайды. 
24.  Міндетті  компонент  пəндерінің  тізбесі  үлгілік  оқу  жоспарымен 
анықталады.  Міндетті  компонент  пəндерінің  көлемін  қысқартуға  жол 
берілмейді. 
25.  Таңдау  компоненті  пəндерінің  тізбесін  жұмыс  берушілердің 
талаптары  мен  еңбек  нарығының  сұранысына  сəйкес  жоғары  оқу  орны  өзі 
айқындайды. 
26.  Докторантураның  білім  беру  бағдарламасының  мазмұны  1-кестеге 
сəйкес белгіленеді. 
1 кесте 
  
№ 
Пəндердің жəне қызмет түрлерінің атауы 
Кредит 
бойынша 
көлемі 

Базалық пəндер (БП): 
18 
1) 
Міндетті компонент (МК) 
3* 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

88 
 
2) 
Таңдау компоненті (ТК) 
15 

Бейіндеуші пəндер 
18 
  
Теориялық оқыту бойынша жалпы саны 
36 

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) 
кемінде 34 
1) 
Практика (педагогикалық, зерттеу немесе өндірістік) (ПЗӨП) 
кемінде 6** 
2) 
Докторлық диссертацияның орындалуын қамтитын 
докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) 
жұмысы, (ДҒЗЖ/ДЭЗЖ) 
28 
3) 
Докторлық диссертацияны орындау 
15 

Қорытынды аттестаттау (ҚА) 

1) 
Кешенді емтихан (КЕ) 

2) 
Докторлық диссертацияны ресімдеу жəне қорғау (ДҚ) 

  
Барлығы 
Кемінде 75 
Ескерту: 
* 2008-2010 жылдарда қабылданған білім алушылардың базалық пəндер циклінің 
міндетті компонентінің кредиттер саны 6 кредитті құрайды. 
** Практикаға бөлінетін кредиттер санын жоғары оқу орны өзі айқындайды жəне 
жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді. 
  
27. Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрінің 2011  жылғы 
31  наурыздағы  №  127  бұйрығымен  бекітілген  Ғылыми  дəрежелер  мен 
ғылыми  атақтар  беру  қағидаларына  сəйкес,  докторанттың  ғылыми 
зерттеулерінің  нəтижелері  ғылыми,  ғылыми-аналитикалық  жəне  ғылыми-
практикалық басылымдарда жариялануы тиіс. 
28.  Білім  беру  қызметін  ұйымдастыру  оқу  процесін  жəне  білім  беру 
мазмұнын  жоспарлау,  оқу  сабақтарын  жүргізу  тəсілдерін,  докторанттың 
өзіндік  жұмысын,  олардың  оқу  жетістіктерін  қорытынды  бақылау  түрлерін 
таңдау арқылы жүзеге асады. 
29.  Білім  беру  мазмұнының  құрылымы  білім  берудің  есептеу-өлшегіш 
құралдары: оқу жоспары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, 
академиялық  кезеңдер  ұзақтығына,  академиялық  сабақ  түрлеріне,  оқу 
материалының 
көлеміне 
жəне 
т.б. 
қойылатын 
талаптарға 
сəйкес 
айқындалады. 
30.  Доктор  даярлаудың  білім  беру  бағдарламасына  оқу  жоспары, 
пəндердің  оқу-əдістемелік  кешендері,  практикалар  (педагогикалық,  зерттеу 
немесе  өндірістік)  бағдарламалары  жəне  ғылыми-зерттеу  жұмысының 
жоспары кіреді. 
31.  Білім  беру  мазмұнын  жоспарлауды,  оқу  процесін  ұйымдастыру  мен 
өткізу  тəсілін  кредиттік  оқыту  технологиясы  негізінде  жоғары  оқу  орны  өз 
бетінше жүргізеді. 
32.  Білім  беру  қызметін  жоспарлау  мен  ұйымдастыру  оқу  жоспарлары 
негізінде жүзеге асады. 
Оқу  жоспарлары  үлгілік  (ҮОЖ),  жеке  (ЖОЖ)  жəне  жұмыстық  (ОЖЖ) 
болып бөлінеді. 
33.  ҮОЖ  осы  стандарт  негізінде  докторантураның  нақты  мамандықтары 
бойынша əзірленеді жəне оны білім саласындағы уəкілетті орган бекітеді. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

89 
 
ҮОЖ-да  міндетті  компоненттің  əрбір  оқу  пəнінің  еңбек  сыйымдылығы 
жəне  əрбір  оқу  қызметінің  түрі  (практика,  ДҒЗЖ  (ДЭЗЖ),  кешенді  емтихан, 
докторлық  диссертацияны  ресімдеу  жəне  қорғау)  кредитпен  анықталады,  ал 
оқу  пəндерінің  əр  циклі  бойынша  таңдау  компоненті  кредиттердің  жалпы 
санымен көрсетіледі. 
34.  ҮОЖ-ға  қосымша  жыл  сайын  жоғары  оқу  орындары  таңдау 
компоненті бойынша барлық пəндердің жүйеленген, аннотацияланған тізбесі 
болып табылатын элективті пəндер каталогын (ЭПК) жасайды. 
ЭПК-да  əр  оқу  пəні  бойынша  пререквизиттер  мен  постреквизиттер 
көрсетіледі.  ЭПК  докторанттарға  элективті  оқу  пəндерін  баламалы  таңдау 
мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. 
35. Мамандық бойынша  ҮОЖ  мен  ЭПК  негізінде докторант  эдвайзердің 
көмегімен 
ЖОЖ 
құрады. 
ЖОЖ 
əрбір 
докторанттың 
жеке 
білім 
траекториясын айқындайды. 
ЖОЖ-ға  міндетті  компонент  пəндері  мен  ҮОЖ-дан  алынған  оқу 
əрекеттерінің  түрлері  (практикалар,  ДҒЗЖ  (ДЭЗЖ),  кешенді  емтихан, 
докторлық  диссертацияларды  ресімдеу  жəне  қорғау)  жəне  ЭПК  ішінен 
таңдап алынған пəндер компоненті енеді. 
36.  ОЖЖ  оқу  жылына  мамандықтардың  ҮОЖ-ы  мен  докторанттың 
ЖОЖ-ы  негізінде  жасалады  жəне  оны  Ғылыми  кеңестің  шешімі  негізінде 
білім беру ұйымының басшысы бекітеді. 
ОЖЖ-да  оқу  жылында  оқытылатын  пəндер  тізбесі  жəне  олардың 
кредитпен 
санағандағы 
еңбек 
сыйымдылығы, 
оқытылу 
реті, 
оқу 
сабақтарының  түрлері  мен  бақылау  нысандары,  сондай-ақ  оқу  қызметінің 
басқа  да  түрлері  (практикалар,  ДҒЗЖ  (ДЭЗЖ),  кешенді  емтихан,  докторлық 
диссертацияларды ресімдеу жəне қорғау) анықталады. 
ОЖЖ  оқу  сабақтарының  кестесін  құруға  жəне  оқытушының  оқу 
жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеуге негіз болады. 
ЖОЖ  жəне  ОЖЖ-ның  нысанын,  құрылымын  жобалау,  бекіту  тəртібін 
жоғары оқу орындары өздері анықтайды. 
37. Барлық оқу пəндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. 
Оқу бағдарламалары үлгілік, жұмыс жəне силлабус болып бөлінеді. 
Үлгілік оқу бағдарламалары (ҮОБ) міндетті компонент пəндері бойынша 
əзірленеді жəне оларды білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітеді. 
Оқу  жұмыс  бағдарламалары  мен  силлабустар  (докторанттарға  арналған 
пəн  бағдарламалары)  оқу  жоспарының  барлық  пəндері  бойынша  əзірленеді 
жəне оларды  жоғары  оқу  орны бекітеді.  Бұл  ретте,  олар  міндетті  компонент 
пəндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде əзірленеді, ал таңдау 
компоненті  пəндері  бойынша  жоғары  оқу  орны  өзі  əзірлейді.  Жұмыс  оқу 
бағдарламалары  мен  силлабустардың  нысанын,  құрылымын,  əзірлеу  жəне 
бекіту тəртібін жоғары оқу орнының өзі анықтайды. 
38.  Докторант  ғылыми  консультанттардың  жетекшілігімен  жасалатын 
жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

90 
 
39. Докторанттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне арналып 
жасалады жəне мынадай бөлімдерден тұрады: 
1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады); 
2) 
ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу 
жұмысы 
(тақырыбы, 
зерттеу бағыты, мерзімі жəне есеп беру нысаны); 
3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі жəне есеп беру нысаны); 
4)  негіздемесі  мен  құрылымы  көрсетілген  докторлық  диссертация 
тақырыбы; 
5) докторлық диссертацияны орындау жоспары; 
6) ғылыми жарияланымдар жəне тағылымдамадан, оның ішінде шетелдік 
тағылымдамадан өту жоспары. 
40.  Докторантурадағы  оқу  сабақтары  инновациялық  технологиялар  мен 
оқытудың интерактивті əдістерін қолдана отырып жүргізілуі тиіс. 
41. Оқу процесін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны осы стандартқа 1-
қосымшаға 
сəйкес 
докторантураның 
білім 
беру 
бағдарламасының 
компоненттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады. 
   
3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне 
қойылатын талаптар 
  
42. Докторанттың оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы бойына əрбір 
пəн немесе оқу жұмысының түрін игеретін кредиттермен өлшенеді. 
43. ПОҚ оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық оқу 
сабақтарын кесте бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке 
бекітілген  график  бойынша  оқытушының  білім  алушылармен  байланыс 
жұмысының 
уақытын 
білдіретін 
академиялық 
сағаттармен 
жүзеге 
асырылады. 
44.  Студиялық  жəне  зертханалық  сабақтардан  өзге  аудиториялық 
жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Студиялық сабақтар үшін 
бір  академиялық  сағат  75  минутқа  жəне  зертханалық  сабақтар  үшін  100 
минутқа тең. 
Докторант 
практикасының 
барлық 
түрлерінің, 
ғылыми-зерттеу 
(эксперименталды-зерттеу) жұмысының жəне қорытынды аттестаттаудың бір 
академиялық сағаты 50 минутқа тең. 
45. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит: 
1)  семестр  түріндегі  академиялық  кезең  бойындағы  докторанттың 
аудиториялық жұмысының; 
2) докторанттың кəсіби практика кезіндегі жұмысының; 
3)  докторанттың  ғылыми-зерттеу  (эксперименталды-зерттеу)  жұмысы 
(ДҒЗЖ/ДЭЗЖ) кезінде ғылыми консультанттармен жұмысының; 
4)  докторанттың  докторлық  диссертацияны  жазу  мен  қорғау  бойынша 
жұмысының; 
5)  докторанттың  кешенді  емтиханға  дайындық  жəне  оны  тапсыру 
бойынша жұмысының 15 академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

91 
 
46.  Білім  алушылардың  оқу  жүктемесі  академиялық  сағаттардың 
ұзақтығымен  жəне  оқу  жұмыстарының  əр  түрлері  үшін  академиялық 
сағатпен  жүретін  оқу  сағаттарының  көлемдерімен  (50  минуттық  байланыс 
сағаттары) айқындалады. 
Аудиториялық  жұмыстың  бір  академиялық  сағаты  50,  75  немесе  100 
минутқа  тең  болуы  мүмкін.  Аудиториялық  жұмыстың  бір  сағаты  50,  75 
немесе  100  минутқа  тең  болғандықтан,  докторанттардың  аудиториялық 
жұмысының академиялық сағаттары тиісінше ДӨЖ сағаттарымен толығады, 
осылайша  докторанттың  семестр  түріндегі  академиялық  кезеңінің  бір 
аптасындағы бір кредит жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады. 
Практиканың 
əр 
академиялық 
сағаты 
докторанттың 
қосымша 
жұмысының  тиісті  оқу  сағаттарымен  (50  минуттан)  толықтырылады: 
педагогикалық  практика  үшін  -  1  сағат,  өндірістік  практика  үшін  -  4  сағат 
жəне зерттеу практикасы үшін - 7 сағат. 
Докторлық диссертацияның орындалуын қоса алғанда, ДҒЗЖ/ДЭЗЖ-ның 
əрбір академиялық сағаты 7 сағаттық ДӨЖ-бен толықтырылады. 
Қорытынды 
аттестаттаудың 
əр 
академиялық 
сағаты 
докторлық 
диссертацияны жазу жəне қорғау немесе кешенді емтиханға дайындық жəне 
оны тапсыру бойынша докторанттың оқытушымен байланыс жұмысының бір 
сағаты  болып  табылады.  Докторантты  қорытынды  аттестаттаудың  əр 
академиялық сағаты 6 сағаттық ДӨЖ-бен қамтамасыз етіледі. 
47.  Кредиттік  оқыту  технологиясында  докторанттардың  өздігінен 
орындайтын  жұмыстарының  көлемі  артады,  ол  екі  түрге  бөлінеді: 
оқытушының  жетекшілігімен  жүргізілетін  докторанттың  өзіндік  жұмысы 
(ОДӨЖ) жəне докторанттың өзі орындайтын жұмысы (ДӨЖ). 
48.  Оқытушының  жетекшілігімен  жүргізілетін  докторанттың  өзіндік 
жұмысы докторанттың оқытушымен байланыста орындалатын аудиториядан 
тыс  жұмысының  түрі  болып  табылады.  ОДӨЖ  оқу  сабақтарының  жалпы 
кестесіне кірмейтін жеке график бойынша орындалады. 
49.  ДӨЖ  бен  ОДӨЖ-дің  өзіндік  жұмыстың  жалпы  көлеміндегі 
арақатынасын жоғары оқу орны өзі анықтайды. 
50.  Дəріс  пен  практикалық  (семинар)  сабақтар  кезіндегі  докторанттың 
оқытушымен  байланыс  сағаттары  жиынтығында  əр  байланыс  сағаты  2  сағат 
ДӨЖ-бен қамтамасыз етіледі. 
Студиялық  жəне  зертханалық  сабақтар,  докторанттың  ғылыми-зерттеу 
(эксперименталды-зерттеу)  жұмысы,  қорытынды  аттестаттау  сияқты  оқу 
жұмыстарының  түрлері  үшін  ОДӨЖ  жоспарлау  қажеттілігін  жəне  оның 
көлемін жоғары оқу орны өзі белгілейді. 
51.  Докторантурадағы  оқу  жылы  академиялық  кезеңдерден,  аралық 
аттестаттау  кезеңінен,  практикалардан,  демалыстардан,  докторанттың 
ғылыми-зерттеу  (эксперименталды-зерттеу)  жұмысынан  жəне  соңғы  курста 
қорытынды аттестаттаудан тұрады. 
52. Академиялық кезең ұзақтығы 15 апта болатын семестрден тұрады. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

92 
 
53. Əр академиялық кезеңнен кейінгі аралық аттестаттаудың/қорытынды 
бақылаудың ұзақтығы кемінде 1 аптаны құрайды. 
Пəн  бойынша  қорытынды  бағада  ағымдағы  үлгерім  бағасының  үлесі  60 
%-дан, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс. 
54.  Оқу  жылы  бойындағы  демалыс  ұзақтығы  соңғы  курстан  өзге 
курстарда 5 аптадан кем болмауы тиіс. 
55. Докторанттардың кəсіби практикасы бекітілген академиялық күнтізбе 
мен  докторанттың  жеке  жұмыс  жоспарына  сəйкес  осы  стандартпен  жəне 
мамандықтың ҮОЖ-бен белгіленген көлемде жүргізіледі. 
56.  Практикалардың  ұзақтығы  докторанттың  практика  кезіндегі  30 
сағатқа  тең  апта  бойғы  (5  күндік  жұмыс  аптасы  кезінде  күніне  6  сағат) 
нормативті  жұмысын  уақытын  есепке  ала  отырып,  аптамен  анықталады. 
Апта  санын  шығару  үшін  практиканың  кредитпен  есептелген  көлемін  тиісті 
практика  түрінің  байланыс  сағатымен  есептелген  еңбек  сыйымдылығына 
көбейту  керек  жəне  оны докторанттың апта бойғы  жұмысының ұзақтығына, 
яғни 30 сағатқа бөлу керек. 
Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы педагогикалық практика 
үшін  30  сағатты  (50  минуттан),  өндірістік  практика  үшін  75  сағатты  (50 
минуттан),  зерттеу  практикасы  үшін  120  сағатты  (50  минуттан)  құрайды.  1 
кредитке  сəйкес  келетін  практиканың  ұзақтығы  аптамен  есептегенде 
педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика үшін 2,5 аптаны, 
зерттеу практикасы үшін 4 аптаны құрайды. 
57.  Білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттау  жəне  ДҒЗЖ,  ДЭЗЖ 
аптамен жоспарлау 54 сағатқа тең докторанттардың апта бойғы жұмысының 
нормативті  уақытына  (6  күндік  жұмыс  аптасы  кезінде  ДӨЖ-ді  қоса 
есептегенде күніне 9 сағат) сүйене отырып анықталады. 
58. ДҒЗЖ, ДЭЗЖ бір кредитіне докторант жұмысының 120 (15х8) сағаты, 
яғни 2,2 апта сəйкес келеді. 
Қорытынды  аттестаттаудың  бір  кредитіне  105  (15х7)  сағат,  яғни  2  апта 
сəйкес  келеді.  Оның  ішінде  15  байланыс  сағаты  докторанттың  оқытушымен 
жұмысына, 90 сағаты ДӨЖ-ге бөлінеді. 
Кешенді  емтиханға  дайындалуға  жəне  тапсыруға  1  кредит,  яғни  2  апта 
бөлінеді. 
Докторлық  диссертацияны  (жобаны)  ресімдеуге  жəне  қорғауға  4  кредит, 
яғни тиісінше 8 апта беріледі. 
59.  Докторлық  диссертацияны  орындау  докторанттың  ДҒЗЖ/ДЭЗЖ 
кезеңінде орындалады. 
60. Докторанттардың қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, 
оқу  жоспарларындағы  академиялық  айырмашылықты  немесе  академиялық 
қарызды  жою  үшін,  игерген  кредиттері  өз  ЖОО-да  міндетті  түрде  қайта 
есепке  алынатын  жағдайда  басқа  ЖОО-да  оқу  пəндерін  оқып-үйрену  үшін, 
үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы 
семестр (бітіруші курстан өзге курстарда) енгізілуі мүмкін. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

93 
 
61.  Білім  беру  бағдарламасының  ғылыми  компоненті  докторанттың 
ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу 
жұмысынан, 
ғылыми 
жарияланымдарынан жəне докторлық диссертацияны жазуынан тұрады. 
62.  Философия  докторын  (PhD)  немесе  бейін  бойынша  доктор  даярлау 
бойынша  білім  білім  беру  процесінің  аяқталуының  негізгі  өлшемі 
докторанттың  кемінде  75  кредитті,  оның  ішінде  теориялық  оқу  бойынша 
кемінде  36  кредитті,  сондай-ақ  практиканың  кемінде  6  кредитін, 
ДҒЗЖ/ДЭЗЖ кемінде 28 кредитін игеруі болып табылады. 
Докторантураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп, 
диссертацияны  сəтті  қорғаған  докторантқа  оқу  мерзіміне  қарамастан  PhD 
доктор немесе бейін бойынша доктор ғылыми дəрежесі беріледі. 
63.  Бейіндік  докторантураны  бітіруші  педагогикалық  мамандық  пəндері 
циклін  меңгерген  жəне  педагогикалық  практикадан  өткен  жағдайда  ғана 
ғылыми  жəне  педагогикалық  қызметпен  айналыса  алады.  Аталған  цикл 
қосымша  академиялық  кезең  ішінде  меңгеріледі  (егер  оқу  жоспарында 
қарастырылмаған  болса),  оны  аяқтаған  соң  негізгі  дипломға  тиісті 
сертификат беріледі. 
64.  Докторантураның  білім  беру  бағдарламасының  теориялық  курсын 
толық 
меңгерген, 
бірақ 
ғылыми-зерттеу 
компонентін 
орындамаған 
докторантқа ақылы негізде ғылыми-зерттеу компонентінің кредиттерін қайта 
игеруге  жəне  диссертацияны  келесі  оқу  жылында  қорғауға  мүмкіндік 
беріледі. 
65.  Докторантураның  білім  беру  бағдарламасының  теориялық  курсын 
толық  меңгерген,  бірақ  белгіленген  мерзімде  докторлық  диссертацияны 
қорғамаған  докторанттың  докторантурада  оқу  мерзімі  ақылы  негізде 
ұзартылуы мүмкін. 
66.  Жоғары  оқу  орны  докторантураның  оқу  процесін  алынған 
лицензиясына 
сəйкес 
ұйымдастырады 
жəне 
білім 
беру 
қызметіне 
лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын сақтауы тиіс. 
67.  ЖОО  білім  беру  қызметін  тиісті  материалдық-техникалық  базамен, 
білікті профессорлар-оқытушылар құрамымен, кітапхана қорымен, Интернет 
жəне  басқа  да  ақпараттық  қорлармен,  қаладан  тыс  жерлерден  келген 
докторанттарды  жатақханамен  жəне  докторанттарды  басқа  да  қолдау 
қызметімен қамтамасыз етеді. 
68. Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар: 
Докторантура  бағдарламаларын  іске  асыратын  жоғары  оқу  орнында 
санитарлық-техникалық  нормаларға  сəйкес  келетін  жəне  оқу  жоспарында 
көзделген  теориялық  жəне  практикалық  даярлықтың  барлық  түрлерін 
жүргізуді, 
сондай-ақ 
докторанттың 
ғылыми-зерттеу/эксперименталды-
зерттеу  жұмыстарын  тиімді  өткізілуін  қамтамасыз  ететін  материалдық-
техникалық 
базасы 
(аудиториялық 
қор, 
компьютерлік 
сыныптар, 
зертханалар,  құрал-жабдықпен  қамтамасыз  ету,  қор  материалдары)  болуы 
тиіс. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

94 
 
69. Ғылыми зерттеулерді қоса алғанда докторанттарды даярлаудың білім 
беру бағдарламаларын əзірлеуге қойылатын талаптар. 
Философия  докторы  (PhD)  жəне  бейіні  бойынша  доктор  даярлау 
бағдарламаларын  іске  асыратын  жоғары  оқу  орындары  қажетті  оқу-
əдістемелік  құжаттарды  (оқу  жұмыс  жоспары,  оқу  пəндерінің  жəне 
практикалар 
бағдарламалары, 
ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу 
жұмыстарының бағдарламалары жəне т.б.) əзірлейді жəне бекітеді. 
Оқу 
пəндерінің 
бағдарламаларын 
докторантураның 
білім 
беру 
бағдарламаларын  іске  асыратын  жоғары  оқу  орны  осы  стандарттың  жəне 
докторантураның мамандықтары бойынша ҮОЖ негізінде əзірлейді. 
Кəсіптік 
дайындық 
жағынан 
докторантураның 
білім 
беру 
бағдарламалары  PhD  доктор  немесе  бейіні  бойынша  доктор  даярлаудың 
аккредиттелген  бағдарламаларын  іске  асыратын  жоғары  рейтингті  шетелдік 
жоғары  оқу  орындары  мен  ғылыми  орталықтардың  тəжірибелерін  зерделеу 
негізінде əзірленуі тиіс. 
70.  Оқу  əдістемелік  жəне  ақпараттық  қамтамасыз  етуге  қойылатын 
талаптар. 
Оқу  процесін  оқу-əдістемелік  жəне  ақпараттық  қамтамасыз  ету 
докторанттардың  докторантураның  білім  беру  бағдарламасын  сапалы 
меңгеруіне кепілдік беруі тиіс. 
Білім беру бағдарламасын іске асыру халықаралық ақпараттық желілерге, 
электронды 
деректер 
қорларына, 
кітапхана 
қорына, 
компьютерлік 
технологияларға,  оқу-əдістемелік  жəне  ғылыми  əдебиеттерге  еркін  қол 
жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс. 
Ақпараттық  жəне  оқу-əдістемелік  қамтамасыздандырылу  докторанттың 
өзіндік жұмысын біртіндеп белсендіруге негізделген болуы керек. 
Кітапхана  қоры  мен  электронды  жəне  магнитті  тасымалдаушылардағы 
оқу  əдебиеттерімен  қамтамасыздандыру  білім  беру  қызметін  лицензиялау 
кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес келуі тиіс. 
71.  Практикалар  мен  ғылыми  тағылымдамаларды  ұйымдастыруға 
қойылатын талаптар. 
Практика 
ғылыми, 
кəсіби 
қызметтегі 
практикалық 
дағдыны 
қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. 
Докторантураның  білім  беру  бағдарламасында  мыналарды  қамтылуы 
тиіс: 
1)  философия  докторы  (PhD)  бағдарламасы  бойынша  білім  алушылар 
үшін  педагогикалық  жəне  зерттеу  практикалары  (көлемі  3+3  кредиттен  кем 
болмауы тиіс); 
2) бейіні бойынша докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылар 
үшін кəсіби практика (көлемі 6 кредиттен кем емес). 
Педагогикалық  практика  оқу  процесінен  қол  үзбей  теориялық  оқу 
кезеңінде  өткізілуі  мүмкін.  Осы  ретте  докторанттар  бакалавриат  пен 
магистратурада сабақ жүргізуге тартылуы мүмкін. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

95 
 
Докторанттың  зерттеу  практикасы  отандық  жəне  шетелдік  ғылымның 
жаңа  теориялық,  əдіснамалық  жəне  технологиялық  жетістіктерін  зерттеу, 
сондай-ақ  ғылыми  зерттеулердің  заманауи  əдістерін  практикада  қолдану, 
диссертациялық 
зерттеудегі 
эксперименттік 
деректерді 
өңдеу 
мен 
интерпретациялау дағдыларын бекіту мақсатында жүргізіледі. 
Докторанттың  өндірістік  практикасы  оқу  процесінде  алынған  теориялық 
білімді түйіндеу жəне кəсіби деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі. 
Зерттеу 
жəне 
өндірістік 
практикалардың 
мазмұны 
докторлық 
диссертацияның тақырыбымен анықталады. 
72.  Философия  докторы  (PhD)  бағдарламасы  бойынша  білім  алушының 
ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар: 
Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы: 
1) 
докторлық 
диссертация 
қорғалатын 
мамандықтың 
негізгі 
проблематикасына сəйкес болуы; 
2)  өзектілігі,  ғылыми  жаңалығы  мен  практикалық  маңыздылығының 
болуы; 
3)  ғылым  мен  практиканың  қазіргі  теориялық,  əдістемелік  жəне 
технологиялық жетістіктеріне негізделуі; 
4) компьютерлік технологияны пайдалана отырып мəліметтерді өңдеудің 
жəне интерпретациялаудың заманауи əдістеріне негізделуі керек; 
5) ғылыми зерттеулердің қазіргі əдістерін қолдана отырып орындалуы; 
6)  қорғалатын  негізгі  ережелер  бойынша  ғылыми-зерттеу  (əдістемелік, 
практикалық) бөлімдерінің болуы тиіс. 
73.  Бейіні  бойынша  доктор  бағдарламасы  бойынша  білім  алушының 
эксперименталды-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар: 
Докторанттың эксперименталды-зерттеу жұмысы: 
1) 
докторлық 
диссертация 
қорғалатын 
мамандықтың 
негізгі 
проблематикасына сəйкес келуі; 
2)  өзектілігі,  ғылыми  жаңалығы  мен  практикалық  маңыздылығының 
болуы; 
3)  ғылымның,  техниканың  жəне  өндірістің  заманауи  жетістіктеріне 
негізделген  жəне  нақты  практикалық  ұсыныстары,  кешенді  сипаттағы 
басқару мəселелерінің өзіндік шешімдерінің болуы; 
4)  алдыңғы  қатарлы  ақпараттық  технологияларды  қолдана  отырып 
орындалуы; 
5)  қорғалатын  негізгі  ережелер  бойынша  эксперименталды-зерттеу 
(əдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы тиіс. 
74.  Ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу  жұмысының  нəтижелерін 
докторант  əр  академиялық  кезеңнің  соңында  қысқаша  есеп  түрінде 
ресімдейді. 
ДҒЗЖ/ДЭЗЖ  шеңберінде  докторанттың  жеке  жұмыс  жоспарында 
міндетті түрде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуі қарастырылады. 
75. Докторанттың ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысының 
ең соңғы қорытындысы докторлық диссертация болып табылады. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

96 
 
Докторлық  диссертацияның  тақырыбы  оның  өзектілігін  есепке  ала 
отырып  докторантураға  қабылданғаннан  кейін  екі  айдан  кешіктірілмей 
анықталады. 
Диссертациялық 
зерттеудің 
бағыты, 
əдетте, 
ұлттық 
басымдықтармен  не  мемлекеттік  бағдарламалармен  не  іргелі  немесе 
қолданбалы зерттеу бағдарламаларымен байланысты болуы тиіс. 
76.  Докторлық  диссертацияның  негізгі  нəтижелері  осы  стандарттың  27-

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет