Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А



Pdf көрінісі
бет51/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   240
 
Практикалық жұмыс 1. 
Металл кесетін станокты қабылдауда сынау жұмыстарын жүргізуге 
қатысу. 
Жұмыс мақсаты: технологиялық жабдықты қабылдағандағы сынақ 
жұмыстарын жүргізу ережелерімен таныстыру. 
Орындау тəртібі:
- жаңа металл кесу станогын қабылдайтын кәсіпорынды таңдаңыз; 
- кәсіпорын басшылығынан металл кесетін станокты қабылдау кезінде 
жүргізілетін сынақ жұмыстарына қатысуға рұқсат алыңыз. 
- жүргізілген қабылдау сынақтарының әрбір түрінің (жүктемесіз 
жүрісте сынау; тораптардың жұмысын тексеру; паспорттық деректердің 
сақталуын тексеру; жүктемемен сынау; өнімділігін тексеру; геометриялық 
дәлдікті тексеру; бөлшектерді өңдеу дәлдігі мен кедір-бұдырлық 
параметрлерін тексеру) нәтижелері туралы жазбалар жасаңыз.
- орындалған қабылдау сынақтары туралы қорытынды жасаңыз. 
Практикалық жұмыс 2. 
Іріктеп алынған металл кесетін станокты сынау жұмыстарын жүргізуге 
қатысу. 
Жұмыс мақсаты: Іріктеп алынған технологиялық жабдықты сынау 
жұмыстарын жүргізу ережелерімен таныстыру. 
Орындау тəртібі:
- металл кесу станогын іріктеп алып, сннақ жұмыстарын жүргізетін 
кәсіпорынды таңдаңыз; 
- кәсіпорын басшылығынан металл кесетін станокты іріктеп алып
жүргізілетін сынақ жұмыстарына қатысуға рұқсат алыңыз. 
- жүргізілген сынау жұмыстарының әрбір түрінің (жетектің ПӘК-ін 
өлшеу; шу деңгейін тексеру; негізгі элементтердің статикалық және 
динамикалық қатаңдығын өлшеу, станок қозғалтқыштарының қуатын 
тексеру) нәтижелері туралы жазбалар жасаңыз.
- орындалған іріктемелі сынақтар туралы қорытынды жасаңыз. 
 
Бақылау сұрақтары 
1. Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау жұмыстарының ұзақтығы 
неге байланысты? 
2. Технологиялық жабдықтың технологиялық сенімділігін сипаттаңыз. 
3. Іске қосу-баптау кезінде жүргізілетін сынақ түрлерін атаңыз. 
4. Қабылдау сынақтарын сипаттаңыз. 
5. Іріктеу сынақтарын сипаттаңыз. 
6. Технологиялық жабдықты кешенді тексеруді сипаттаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет