Білім және ғылым



бет25/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   146
Байланысты:
ergojin-polimerlerdin

Еріткіш

ε

V, моль/мин

Mn

Циклогексан

1,9

1,35

2040

Дихлорэтан

10

3,30

4200

Нитроэтан

28

20,4

4450

Нитробензол

36

150,0

8300

Активті орталық еріткішпен әрекеттескенде, оның тұрақтылығы артады, сөйтіп полимердің молекулалық массасының өсуіне себепші болады.
Еріткіштің сольваттау қабілеттігі де катиондық полимерлену кинетикасына ықпал етеді. Комплекс түзгіш еріткіш өсу орталығының активтігін өзгертуі мүмкін. Мысалы, стиролдың катиондық полимерленуі нитротолуолда едәуір жылдамдықпен жүреді де, ал этил спиртінде жүрмейді. Бұл екі еріткіштің диэлектрлік өтімділігінің мәні шамалас.
Катиондық полимерленуге реакциялық ортадағы қоспалар да әсер етеді. Егер қоспалардың мөлшері аз болса, ол сокатализдік ықпал жасап, реакция жылдамдығын арттырады. Ал қоспалардың концентрациясы көп болса, олардың артық мөлшері тізбектің өсуіне кедергі жасайды, яғни кері эффект көрсетеді.
Катиондық полимерленудің энергетикасы. Катиондық полимер- лену экзотермиялық реакцияға жатады, себебі, мұнда да реакция барысында π-байланыс σ-байланысқа ауысады. Катиондық поли- мерленудің жылдамдығын көрсететін теңдеуге сүйеніп (3.34), процестің жалпы активтену энергиясын табуға болады:
Eж = Eu + Eө - Eү
мұндағы Eu, Eө және Eү – иницирлеу, тізбектің өсуі және тізбектің үзілуі сатыларының активтену энергиялары. Әдетте, Eu өте аз шама, сондықтан Eж=Eө- Eү. Көп жағдайда тізбектің үзілу реакциясының активтену энергиясы тізбектің өсу реакциясының активтену энергиясынан жоғары болып келеді, сонда Eж < 0. Бұдан мынадай қорытынды шығады: реакция жылдамдығы және полимердің молекулалық массасы температура төмендеген сайын артады. Бұл тұжырым көбіне тәжірибе жүзінде дәлелденеді.
Катиондық полимерлену жылдамдығы радикалдық полимерлену сияқты температураға байланысты тез өзгермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет