Білім және ғылым


Поликонденсациялау және полимерлеу



бет38/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   146
Байланысты:
ergojin-polimerlerdin

Поликонденсациялау және полимерлеу реакцияларының ерекшеліктері

Бұл үдерістердің негізгі төрт ерекшелігін атауға болады:



Поликонденсациялау



  1. Қарапайым акті екі би- немесе полифункционалды қосылыстардың бір-бірімен реакцияласуы.

  2. Әр қарапайым акті кезінде екі активті орталық жойылады (әр молекуладан бір функционалды

Полимерлеу

Қарапайым акті активті орта- лыққа мономер молекуласының біртіндеп қосылуы.




Әр қарапайым актіде активтік орталық жаңадан түзіледі, реак- ция өнімі активті орталық

топ), реакция өнімі – екі немесе одан да көп функционал тобы бар молекула.

  1. Мономер молекуласының саны үдерістің басталу кезінде- ақ азаяды, полимерлеу дәрежесі 10-ға жеткенде 1 %-дай ғана мономер молекуласы қалады. Реакция барысында полимердің молекулалық массасы біртіндеп өседі.

  2. Үдерістің ұзақтығы белгілі бір шекке дейін полимердің молекулалық массасының өсуіне әсер етеді, полимердің шығымы реакция ұзақтығына байланысты емес.

(макрорадикал, карбкатион, карбанион).

Мономер саны күрт азаяды, полимер үдерістің басында-ақ түзіледі, полимердің молекулалық массасы бұдан кейін өзгермейді.


Үдерістің ұзақтығы поли- мердің шығымын арттырады, полимердің молекулалық мас- сасы реакция ұзақтығынан өз- гермейді.

4-тарау


ПОЛИМЕРЛЕРДІң ХИМИяЛЫҚ РЕАКЦИяЛАРЫ


Полимерлерді химиялық түрлендіру әр түрлі химиялық реакциялар арқылы өтеді. Олардың әсерінен макромолекулалардың полимерлену дәрежесі және химиялық құрылымы өзгереді. Полимерлерді химиялық түрлендіру белгілі бір мақсатпен жоғары молекулалық қосылыстардың жаңа өнімдерін алу үшін әдейі жүргізіледі немесе ол жылудың, жарықтың, ауадағы оттегінің, механикалық әсердің және полимерлерді пайдалану кезіндегі басқа факторлардың салдарынан өздігінен жүруі мүмкін. Бұлардың әсерінен полимерлердің физика- механикалық сипаттамалары төмендейді.
Полимерлерді химиялық түрлендіру реакциялары негізінен үшке бөлінеді:

  1. Полимерлену дәрежесі өзгермейтін реакциялар, яғни полимерге ұқсас түрлендірулер және молекулаішілік реакциялар жатады.

  2. Полимерлену дәрежесі өсетін реакциялар, яғни молекулааралық реакциялар, жалғанған және блоксополимерлену кіреді.

  3. Полимерлену дәрежесі төмендейтін реакциялар, яғни полимер- лердің деструкциялану реакциялары.

Жоғары молекулалық қосылыстар химиясының дамуының алғашқы кезеңінде Флори «реакциялық қабілеттік теңдігі» принципін тұжырымдаған. Бұл принцип бойынша функционал тобының реакциялық қабілеттігі полимердің молекулалық массасына тәуелсіз, яғни макромолекулалар мен төмен молекулалық қосылыстардағы сәйкес функционал топтардың реакциялық қабілеттігі бірдей. Флори принципі полимерлер қатысуымен жүретін көптеген реакцияларда дәлелденіп, макромолекулалық қосылыстар да төмен молекулалық заттар сияқты көптеген химиялық өзгерістерге бейім және олардың жүру механизмі мен реакция жылдамдықтары да бірдей деген тұжы- рым қалыптасты. Бірақ, полимерлі нысандар ұлғайған сайын оларда жүретін түрлену реакцияларын зерттеу кезінде тек полимерлерге тән кейбір ерекшеліктер біліне бастады. Бұл ерекшеліктердің негізгі себебі полимерлердің тізбекті құрылымында.

    1. Полимерлердің химиялық реакцияларының ерекшеліктері

Қазіргі кезде макромолекулалық реакциялардың төмен моле- кулалық қосылыстар реакцияларымен салыстырғанда байқалатын ерекшеліктерін тұжырымдауға болады. Енді полимерлердің реакциялық қабілеттілігіне әсер ететін бірнеше факторларды қарастырайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет