Білім және ғылым



бет67/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   146
Байланысты:
ergojin-polimerlerdin

5.27-сурет. Ағу қисықтары: 1-идеал сұйық; 2-псевдопластикалық сұйық; 3-дилатантты жүйе; 4-бингамдық жүйе


Ньютон заңына сәйкес στ = f(  ) графиктік тәуелділігі координата осінен өтетін түзу сызық береді (5.27-сурет, 1-түзу). Көптеген газдар және төмен молекулалық сұйықтар үшін Ньютон заңы сақталады.
Оларды ньютондық сұйықтар дейді. Нақты полимерлер үшін бұл заң στ мәні өте аз болғанда орындалады.
Жылулық қозғалыстың салдарынан мұндай сұйықтықтың
құрылымы үздіксіз тез бұзылып және қайтадан қалыптасып үлгеріп тұрады да, іс жүзінде сыртқы әсерлер бұл үдеріске онша әсер етпейді. Сондықтан қалыпты кернеу мен ығысу жылдамдығында сұйықтар құрылымының өзгерісі байқалмайды.
Нақты сұйықтардағы кернеудің ағу жылдамдығына қатынасы тұрақты болмайды, ол кернеуге байланысты өзгеріп тұрады. Кернеу мен ығысу жылдамдығына тәуелді тұтқырлықты эффективті (тиімді) тұтқырлық дейді:



эф



Кернеудің әсерінен полимер құрылымы өзгертіндіктен (бағдарлан- баған макромолекулалар кернеудің бағтына қарай бағдарланады), мұндай тұтқырлықты құрылымдық тұтқырлық деп те атайды.
Кернеу ығысу жылдамдығына пропорционал емес өзгерсе, оны ньютондық емес немесе аномальды сұйық деп атайды.
Ньютондық емес сұйықтарды үш топқа бөлуге болады: псеводо- пластикалық, дилатанттық және бингамдық.
Псевдопластикалық жүйеде ығысу кернеуі өскен сайын эффек- тивті тұтқырлық біртіндеп төмендейді (5.27-сурет, 2-қисық). Бұларға полимерлердің ерітінділері және балқымалары жатады. Псевдопластиктердің тұтқырлық қасиеттері дефформация ұзақты- ғына байланысты емес, яғни эффективті тұтқырлықтың өзгеруі өте шапшан жүреді.
Кейбір екіфазалық жоғары концентрлі полимерлік жүйелерде ығысу жылдамдығының өсуі тұтқырлықтың да артуына әкеледі, себебі жүйедегі бөлшектердің өзара жанасуынан құрылымдану үдерісі жүреді. Мұндай жүйелерді дилатантты (5.27-сурет, 3-қисық) дейді. Егер полимерлік жүйелерге толықтырғыштар енгізілсе, онда олар құрылым тізбектерін біріктіріп, кеңістіктік қаңқа түзіледі. Ығысу кернеуі әсер еткенде, мұндай жүйелер алғашында ақпайды, яғни ығысу кернеуі артады, ал ағу жылдамдығы бастапқы қалпында болады (5.27-сурет , 4-түзу). Осының нәтижесінде ығысу кернеуінің



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет