шекті мәніне жеткенде ғана жүйеде идеал сұйық тәрізді ағу болады. Мұндай сұйықтар бингамдық деп аталады.
Ньютон заңының математикалық өрнегін логарифмдік координа- тада әртүрлі етіп көрсетуге болады. Алдымен 5.28-суретті (а)
қарастырайық. lg және lgστмәндерін бірдей масштабта саламыз. Бұл қисық S-пішіндес. Жылдамдық пен кернеудің төменгі және жоғары мәндерінде олар өзара тура пропорционалдық тәуелділікте болады.
Мұндай тұтқырлықты ең үлкен және ең кіші ньютон тұтқырлығы (η0және ηмин) деп атайды.
Ең үлкен ньютон тұтқырлығын бастапқы тұтқырлық деп те атайды.
Ағу қисығының ортадағы қисық сызықты аралығы құрылымдық тұтқырлықты білдіреді. στжәне γ бір мәндерінен басқаға ауысқанда ығысу кернеуінің әсерінен полимер құрылысында өзгерістер пайда болады.
Ағу қисықтарынан басқа да тәуелділіктер жиі қолданылады, мысалы, lgη – lgστнемесе lgη – lgγ координаттарында (5.28-сурет а,б).
5.28(б)-суреттегі қисықтың бастапқы бөлігінде ағу кезінде тұтқырлықтың мәні өте жоғары, оны η0деп белгілейміз, бұл ең жоғарғы ньютон тұтқырлы екенін жоғарыда келтірдік.
Кернеуді арттырсақ, ығысу жылдамдығы да артады, содан ағу облысына көшеді. Мұнда ығысу жылдамдығы өте жоғары болғандықтан полимердің құрылымдық бөліктері ыдырайды да, тұтқырлық күрт төмендейді.
өзгермейді. Бұл тұтқырлық ең кіші ньютон тұтқырлығы ηминдеп аталады.
lgη – lgστ тәуелділік қисықтары lgη – lg тәуелділік қисықтарына қарағанда, тіктеу келеді. Осы суреттерде келтірілген барлық ағу қисықтары эквивалентті түрде полимер қасиетерін сипаттайды.