Білімдегі жаңалықтар №1 (53), 2016 Республикалық ақпаратты-әдістемелік журнал



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,35 Mb.
#6379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

23

№ 1 (53) - 2016

о

Бразование



модели

 

и

 

методы

Президенттің  Қазақстан  халқына 

Жолдауында: 

«Ұлттық 


бәсекелестік 

қабілеті  бірінші  кезекте  оның  білімділік 

деңгейімен  айқындалады»  деп  айтылған. 

[3]  Қазақстан  Республикасының  2015 

жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

Тұжырымдамасында: «Орта білім берудің 

мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние 

жағдайларында  алынған  терең  білімнің, 

кәсіби  дағдылардың  негізінде  еркін 

бағдарлай  білуге,  өзін-өзі  іске  асыруға, 

өзін-өзі  дамытуға  және  өз  бетінше 

дұрыс,  адамгершілік  тұрғысынан  жауап-

ты  шешімдер  қабылдауға  қабілетті  жеке 

тұлғаны  қалыптастыру»,  -  деп  көрсетіл-

ген. [4]

Еліміздің    оқу    жүйесін    Сингапур-

дағы  білім  беру  жүйесімен  салыстырсақ, 

әр елдің өзіндік ерекшеліктері байқалады. 

Сингапурда 

әр 


оқушының 

бейім-


қажеттігіне  қарай  таңдау  мүмкіндігі 

беріледі    және    әлемдік   экономиканың 

саясатына  сәйкес  ағылшын  тілінде 

дәріс  беріледі.  Білімнің  даму  сатысында 

адамның өмір бойы білім алуына, жаңа тех-

нологияларды игеріп, өзіне жауапкершілік 

пен міндеттер алуына көңіл көп бөлінеді, 

негізгі  идеясы  қабілетті,  дарындыларды 

қолдауға,  көшбасшыларды  тәрбиелеуге 

арналған.  Ал  Кембридж  бағдарламасы 

арқылы  мұғалімдерді  кәсіби  дамуға 

бағыттау,  оқытудың  жаңа  тәсілдерін 

тиімді  пайдалануға  ықпал  ету  арқылы 

батыстық  дамыған  мемлекеттердің  білім 

жүйесінің  қажеттілерін  оңтайлы    пай-

далану  мүмкіндігі  –  қазақстандық  білім 

саласындағы табыстар деуге болады.  

Финлияндияның  білім  жүйесінің 

біздің  елмен  ұқсастығы  білім  алудың 

балабақшадан басталатындығы. Оқушыға, 

мұғалімге  және  мектепке  сенім  деген 

принциппен  жұмыс  істейтіндігі  қатты 

ұнады.  Білім  алу  оқушының  табысқа 

жетуіне  бағытталған,  бағалаудың  әр 

түрлі  әдістерін  пайдаланады.  Бұл  елдің 

мектептері  статусқа  бөлінбейді,  барлық 

балаға  нәтижеге  бағытталған  білім  мен 

тәрбие бірдей берілу керек. 

Елбасы  Қазақстаннның  бәсекеге 

қабілетті ел болғысы келсе, Финляндияның 

үлгісін  алғаны  пайдалы  болатынын  атап 

көрсетті.  Ал  біздің  елімізде  балабақша 

ең  басты  проблема  екендігі  баршаға  аян, 

сондықтан өзгеріс қажет.

Әлем  елдеріндегі  жаңа  рефор-

малардың  бірқатары  өзім  қызмет  етіп 

отырған  Астана  қаласы  №54  мектеп-

лицейдің  білім  беру  тәжірибесіне 

енгізілген. 

Сауалнама 

негізінде 

анықталғандай  мектептегі  оқушылардың 

негізгі бөлігі жаңа өзгерістерді қабылдауға 

бейім  оқушылар.  Оларды  ықпал  ететін 

оқушыға  айналдыру  мақсатында  мек-

теп  ұжымында  атқарылып  отырған 

істер  аз  емес.  Мысалы  ЮНЕСКО-ның 

қолдауымен  қазақстандық  мектептер-

ге  енгізілген  E-Learning  жобасы  біздің 

мектепке  қолданысқа  енгеніне  үшінші 

жыл.  «Болашақ  мектебі  -  бүгіннен»  атты 

жоба  бойынша  мектеп  оқушыларының 

қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мақсатында 

енгізілген  турникет  те  мектеп  өміріндегі 

жаңалықтың  бірі.  Балаларының  мектеп-

ке  қашан  келіп,  қай  уақытта  сабақтан 

шыққаны  туралы  ата-аналар  SMS 

арқылы  хабарлана  алады.  Оқушылар 

карточкалық  жүйе  арқылы  асхана  мен 

кітапхана қызметін де пайдаланады. ХХІ 

ғасырдың  тиімді  дағдыларының  басты-

сы  АКТ-ны  қолдану  болса,  мектептегі 

жоба  оқушылардың  медиадағдысын 

дамытуға әсер етіп отыр. Мектеп бойын-

ша  ұстаздармен  қоса  оқушылар  үшін  де 

WI-FI желісі іске қосылған. 

Функционалдық 

сауаттылықты 

қалыптастыруға  арналған  жұмыстар 

ақпараттанған әлемде өмір сүру дағдысын 

қалыптастыруға  бағытталған.  Дарын-

ды  және  талантты  оқушылармен  жұмыс 

бағытында  мектеп  ұжымы  Еуразия 

Ұлттық  университетінің  профессор-

лар  ұжымымен  тұрақты  байланыс  жас-


24

Білімдегі жаңалықтар

Б

ілім

 

Беру



моделдері

 

мен

 

әдістері

 

ап  отырады.  Бұл  кәсіби  қоғамдастықтан 

тыс  серіктестіктің  көрінісі.  Мектебімізде 

оқушылардың  «54  дарындары»  атты 

ғылыми қоғамы құрылған. Дарынды және 

талантты  оқушылармен  жұмыс  жүргізу 

нәтижесінде  8  оқушы  ғылыми  жоба-

лар  сайысының  қорытындысы  бойын-

ша  жоғары  оқу  орындарына  мемлекеттік 

грант иеленді.

Сингапур, 

Жапония, 

Финлиян-

дияның  және  Қазақстанның  білім  беру 

жүйесіндегі 

өзгерістердің 

өзектісі 

мектебімізде қалыптастырушы бағалауды 

қолданып  оқушының  оқудағы  про-

блемаларын  анықтау  және  оқушымен 

кері  байланыс  жасау  арқылы  табы-

сты  оқытуға  болатындығы.  Назарбаев 

зияткерлік  мектептерінде  енгізілген  та-

быс  критерийлерін      анықтау    арқылы 

оқыту  үшін  бағалаудың  өзім  қызмет  етіп 

отырған  №54  мектеп-лицей  тәжірибесіне 

енгізілгенін  қалаймын.  Соған  қоса 

оқушылардың  өзін-өзі  бағалауы  мен 

әлеуметтік  орта  арқылы  оқушыны 

дамытуға болатын топтық және диалогтік 

оқытуды  енгізудің  де  мол  мүмкіншілігі 

бар. Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби 

дамуын  қолдау  мақсатында  коучинг-

тер  мен  тәлімгерлік  үдерісін  жүргізу 

арқылы  табысты  оқуға  мүмкіндік  туа-

тынын  түсінгендіктен,  бұны  да  мектеп 

тәжірибесіне  енгізуге  болады  деп  ойлай-

мын.


Lesson  study  тәсілі  арқылы  мектеп 

мұғалімдерінің  ынтымақтастығы  мен 

өзара сенімділігін дамытуға болатындығы 

да  мені  болашақта  осы  тәсілді  кеңірек 

қолдануға уәждейтіндей. Ең бастысы, ше-

телдерде  оқыту  мен  оқуда  жаттандылық 

жойылғандықтан қол жеткен табыстарын 

зерделей    отырып,   біздің  еліміздегі  та-

бысты оқытудың төмен дәрежесін мойын-

дап, осы жаттанды дәстүрден арылсақ бо-

лар еді деген ұсыныс айтқым келеді.    

     Тарих пәнінің мұғалімі болғандықтан 

оқушылардың  өз  елінің  тарихы  туралы 

тек  жаттанды  білім  алуы  жаныма  бата-

ды. Жатталған білім есте сақталмайтыны 

өз  алдына,  оқушының  тұлға  ретінде 

қалыптасуына  қоғамдық  пәндердің  рөлі 

ерекше  болғандықтан,  осы  жүйеден  бас 

тарту  жөн  болар  еді  деп  есептеймін.  Де-

генмен,  Мағжан  Жұмабаев  айтқандай 

қазақтың  ел  болуы  мектебінің  қалай 

құрылғанына байланысты екендігін естен 

шығармай,  ұлттық  құндылықтарымызды 

ұлықтайтын,  ел  тағдырын  ойлайтын,  ең 

бастысы  жаһандық  кірігуге  қабілетті 

ұрпақ өсіруде өзіміздің бірегей жолымыз-

ды таңдай білгеніміз абзал. 

Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». ҚР 

президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 2014 ж., - www.akorda.kz/ru

2.  Мұғалімге  арналған  нұсқаулық.  І  деңгей  (ілгері)  Екінші  басылым,  «Назарбаев 

зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014 ж.

3.  Назаpбев  H.  “Қaзақстан  —  2030″  Баpлық  қазақстандықтаpдың  өсiп-өркeндеуі, 

қауiпсіздігі жәнe әл-aуқатының aртуы, Eл Пpезидентінің Қaзақстан хaлқына Жолда-

уы. Алматы: Білім, 1997ж

4.  Қазақстан    Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

Тұжырымдамасы.

5. Т. Б. Алишев, А. Х. Гильмутдинов «Опыт Сингапура: создание образовательной си-

стемы мирового уровня» // Вопросы образования, №4, 2010 г.

6. Гордеев С. Н. Образование в Японии. // «Легион Автодата» // http: forum. autodata. ru

7. Загвоздкин В. К. «Реформа школьной системы и оценка качества школ в Финляндии», 

М., 2011 г.


25

№ 1 (53) - 2016

о

Бразование



модели

 

и

 

методы

ДИАЛОГТІК  ОҚЫТУ  АРҚЫЛЫ  ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

ҚАТЫСЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

Туребекова Б.Т.,

№39 кешкі (ауысымды) мектебінің 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Астана қаласы

Қай  халықтың,  қай  ұлттың  бoлсын 

тoлығып  өcуіне,  рухaни  әpі  мәдени 

дaмуына бaсты ықпaл жасaйтын тіpeгі де, 

түп қaзығы да – мeктеп. Ал мeктеп жұмысы 

мен  оқушы  жетістіктерін  өрістетудегі 

негізгі тұлға - ұстаз. 

Ұлт  ұстазы  Ахмет  Байтұрсынов 

«Мектептің  жаны  –  мұғалім.  Мұғалім 

қандай  болса,  мектеп  сондай  болмақшы. 

Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен 

балалар  көбірек  білім  алып  шықпақшы. 

Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі 

– білімді, педагогика, методикадан хабар-

дар, жақсы оқыта білетін мұғалім» - деген 

болатын. Бүгінгі таңда мұғалімдер алдын-

да қалай оқу керектігін үйреніп, білім алу 

үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне  

белсенді  қатысуын,  соның  нәтижесінде 

өзіндік  ой-пікірі  бар,  дәлел-уәждерін  на-

нымды  жеткізе  білетін,  өз-өзіне  сенімді, 

сыни  пікір-көзқарастары  жүйелі  дамыған 

құзырлы тұлға дайындау міндеті туындап, 

білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа 

талаптар қойылуда. 

Қазақстан 

Республикасының 

пе-


дагог 

қызметкерлерінің 

біліктілігін 

арттыру  курстарының  екінші  деңгей 

бағдарламасының  мазмұны  «Мұғалімдер 

оқушыларды    ХХІ    ғасырға  қалай  дай-

ындайды?»  деген  мәселені  шешуге 

бағытталған.

Сындарлылық теориясынa негіздeлген 

оқытудың  мaқсаты  бaрлық  жастaғы 

оқушылaрға  кез  келген  құбылыс  пен 

заттaрға,  әрекeт  пен  мaзмұнға  сыни 

тұрғыдaн  қарaп,  көптеген  пікірдің 

ішінeн  біреуін  тaңдауға  саналы  шeшім 

қабылдaуға,  өз  ойын  еркiн  жеткізiп 

тұжырым  жасауға  үйрeту,  оқушының 

пәнді  терeң  түсіну  қабілeтін  дамыту, 

алғaн  білімдерін  сыныптaн  тыс  жeрде, 

кез-келген  жағдaйда  тиімді  пайдaлана 

алуын қамтaмaсыз ету деп (Мұғалімдерге 

арналған нұсқаулық, 9 бет) көрсетілгендей 

оқушылардың кейбір болжaмдар бойыншa 

күмәнді  ойлaрын  білдіре  алaтындай 

дәрежеге  жеткізу  мақсатында  Кембридж 

университеті  ұсынған  бағдарлама  жетi 

мoдуль мәнмәтініне негізделген. 

Әр  мұғалім  алдындағы  оқушыларына 

білім  берудің  оңтайлы  әдіс-тәсілдерін 

қолданып,  білім  сапасын  көтеруге 

бар 


күшін 

жұмсайды. 

Сонымен 

қатар  оқушы  үлгерімінің,  пәнге  де-

ген  қызығушылықтарының  төмендеу 

себептерін  білуге  тырысады.  Мұғалім 

ретінде мен де сабақ барысында өз ойларын 

толық жеткізе білмейтін, көпшілігінің оқу 

және  жазу  дағдылары  кемшін,  ешқандай 

әрекетке араласпай отыратын белсенділігі 

төмен  оқушылардың  бар  екендігін  және 

оқушылардың  сұрақ  қоя  білмейтіндігін 

байқадым.  Әрине,  бұл  өз  кезегінде  білім 

сапасының төмен болуына әкеліп соғады. 

Осы  жағдайды  қалай  өзгертуге  бола-

ды?  -  деген  сұрақ  көп  ойландыратын. 

Бұл  мәселе  өзімді  және  әріптестерімді  де 

толғандыратын.

Мектебіміздегі ең негізгі мәселелердің 

бірі  -  тіл  мәселесі,  яғни  өз  ойын  еркін 

жеткізе  алмай  қиналатын  оқушылар  бар. 

Оқушылардың  тіл  мәдениетін  көтеруде 

диалогтік  оқыту  мен  топтық  жұмыстың 

пайдасының  мол  екеніне  іс-тәжірибе 

кезінде  көзім  жетті.  Себебі  топтық 

жұмысты  ұйымдастыруда  диалог  арқылы 

олардың  еркін  дамуына  және  бір-бірімен 

сұқбаттасу  барысында  толық  ашылуына 



26

Білімдегі жаңалықтар

Б

ілім

 

Беру



моделдері

 

мен

 

әдістері

  

жағдай  жасай  отырып,  әртүрлі  деңгейде 

дамыған  оқушылардың  білім  сапасы  мен 

тәрбиелік  деңгейінің  көтерілуіне  ықпал 

ететіндігін байқадым.

Мектеп  тұрғысынан  бұл  сұрақтың 

маңыздылығы: біздің мектебіміз кешкі (ау-

ысымды)  мектеп  болғандықтан,  топ  құру 

арқылы  табысты  оқытуға  қол  жеткізуді 

көздедім. Бүгінгі күннің талаптары - диа-

логты оқытудың басты әдісі мен құралына 

айналдыруды қажет етіп отыр. Бұл мәселе 

мектептің  оқу  процесінде  интербелсенді 

әдістемені жан-жақты қолдану ісін мықтап 

қолға алуды міндеттейді. 

Диалогтік  оқытудың    маңызы  тура-

лы  Александер  де  бірқатар  зерттеулер 

жүргізіп,  мынадай  тұжырым  жасады: 

«Диалог  арқылы  мұғалімдер  күнделікті 

ойталқыларда 

саламатты 

келешек 


мүмкіндіктерін  анықтап,  оқушылардың 

дамып  келе  жатқан  идеяларымен  жұмыс 

жасауларына  және  түсінбеушілікті  жеңе 

білулеріне  көмектесе  алады.  Оқушыларға 

сыныпта  әртүрлі  тәсілдер  арқылы 

жүргізілген және кеңейтілген диалогтарға 

қатысуға  мүмкіндік  берілгенде,  олар 

өзіндік  жеке  түсініктерінің  өрісін  зерттей 

алады.  (Александер  (2008),  Мұғалімдерге 

арналған нұсқаулық, 99 бет). 

Мерсердің 

зерттеуіне 

сәйкес, 

әңгімелесу  оқушылардың  оқуының  ажы-

рамас  бөлшегі  болып  табылады.  Ғалым 

әңгіменің  үш  түрін  ажыратып,  сипаттап 

берген. Олар: әңгіме-дебат, кумулятивтік 

әңгіме, зерттеушілік әңгіме.

Мен  іс-әрекеттегі  зерттеу  барысын-

да  зерттеушілік  әңгімеге  қажеттілікті 

сезіндім.  Зeрттеушілік  әңгімe  бaрысында 

оқушылaр  өз  сыныптaстарымен  шaғын 

тoптарда  жұмыc  істeйді.  Олaрда  ортaқ 

проблемa  болaды,  бұл  мәсeле  бoйынша 

бiр-бірінiң  пікірiн  тaлқылайды,  бaға 

берeді. Басқaша айтқaнда, оқушылaр бiрге 

ойлaнады. 

Диалогтік  әңгімеде  мұғалім  оқушы-

ны  сыни  ойлануға  жетелейтін  ашық 

сұрақтары  мен  оқушылардың  тал-

дау,  сараптау  нәтижесінде  ой-елегінен 

өткізе  отырып  берілген  жауаптары,  со-

нымен  қатар,  оқушылардың  да  жоғары 

дәрежелі  сұрақтары  маңызды.  Мұғалім 

оқушылардың 

жауабын 

 

олардың 



білімдерінің  деңгейін  тексеру  үшін  ғана 

емес,  сондай-ақ  оларға  өз  ойларын  анық 

білдіруге,  дамытуға  және  кеңейтуге 

мүмкіндік беру үшін де пайдаланады.

Сабақ  барысындағы  жұмысты  ұйым-

дастыруда  оқушылардың  топтары  ара-

сында  пікірталастық,  зерттеушілік  немес 

кумулятивтік  диалог  арқылы  олардың 

еркін дамуына және бір-бірімен сұқбаттасу 

барысында  толық  ашылуына  жағдай  жа-

сай  отырып,  әртүрлі  деңгейде  дамыған 

оқушылардың білім сапасы мен тәрбиелік 

деңгейінің өзгерістеріне зерттеу жүргіздім. 

Мектептегі 

іс–тәжірибе 

барысында 

әріптестерімнің  сабағына  қатыса  отырып 

байқағаным, бір сыныптағы оқушылардың 

арасындағы  білім  сапасының  тым 

алшақтығы  мен  мұғалімнің  сабақ  ба-

рысында  белгілі  бір  оқушылармен  ғана 

жұмыс істеуге үлгеретіндігі.

Диалогтік  оқытуда  сұрақ  қоюдың 

маңызы  ерекше.  Себебі,  дұрыс  қойылған 

сұрақ  оқытудың  тиімді  құралы  болып  та-

былады  және  ол  оқушылардың  оқуын 

жақсарта отырып, қолдау көрсетеді.

Оқушыларға  жауап  беруге  уақыт 

беру  керек  және  де  мүмкін  болса,  бұдан 

кейінгі сұрақтар мен жауаптарды олардың 

тақырыпты  ашу  түсінік  деңгейіне  бай-

ланысты  орайластырып  құрған  дұрыс. 

Сұрақ  қойылғаннан  кейінгі  кідіріспен 

қатар,  көптеген  зерттеулерде  мұғалім 

оқушының  жауабын  алғаннан  кейін  де 

кідіріс жасау қажет екені атап көрсетілген. 

(Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулық,  102 

бет).  Оқушылардың  білетіндігін  және 

білмейтіндігін  анықтау  үшін  жақсы 

қарым-қатынастық,  тілдік  дағдылар  және 



 

  Кез-келген адам басқалардың және 

оның  білімін  кемеліне  келтіруіне 

көмектеспесе,  өзінің  де  білімін 

кемеліне келтіре алмайды.

 

 

Чарльз Диккенс



27

№ 1 (53) - 2016

   о

Бразование



модели

 

и

 

методы

түсіністікпен қарау талап етіледі. Диалогтік 

сұқбаттасу  мұғалімдер  де,  оқушылар  да 

білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-

қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі бол-

ып табылады. 

Неліктен бүгінгі күні білім жүйесінде 

диалогқа аса назар аударылып отыр? - де-

ген  сұраққа  жауап  беретін  болсақ,  қазіргі 

уақытта адамдар арасындағы адами қарым-

қатынассыз барлық білімнің қажетсіз, ада 

болып қалатындығы дәлелденген. Осыған 

сәйкес  әрбір  сабақты  қарым-қатынас 

әрекеті,  қатысушылардың  бірін-бірі  сый-

лау  тұрғысындағы  қоян-қолтық  араласы 

деп түсінген орынды.

Мектепте  сабақ  берудегі  тәжірибемді 

зерделей  отырып,  дәстүрлі  сабақтарда 

ұйымдастыратын 

тапсымаларымның 

оқулық,  қалам,  дәптер  төңірегінде  ғана 

жасалатын  үлестірме  қағаздар  мен 

оқулық  беттерінде  кездесетін  мәтін-

дер    бойынша      берілетін              тапсырма-

лардан  аса  алмағанымды  байқадым. 

Дәстүрлі  сабақтарда  жұптық  та,  топтық 

та  жұмыстар  ұйымдастырылды,  алай-

да, бұл жұмыстардың оқушы мен оқушы, 

мұғалім  мен  оқушы  арасында  диа-

лог  екенін,  сұрақтардың  «төмен»  және 

«жоғары»  дәрежелі  болып,  оны  дұрыс 

қолдану 


жолдарын 

білмегендігімді 

зерделедім.  Оқушылармен  тең  дәрежеде 

отырып  пікірлесу,  топта  оқушылардың 

ынтымақтастықта  жұмыс  жүргізе  алуына 

түрткі болатындығына көзімді жеткіздім. 

Мектептегі  іc-әрекетті  зерттеу  барыс-

ында  өткізген  сабақтарды  бейнежазбаға 

түсіріп  отырдым.  Бұл  сабақтардың  сәтті 

және  сәтсіз  тұстарын,  зерттеуге  алған 

оқушылардың  іс-әрекеттерін  бақылауым 

үшін  үлкен  көмегін  тигізді.  Бейнежазба-

ны бақылап отырып, бірлескен жұмыстың 

соңғы нәтижесі топтық жұмыспен тікелей 

байланысты  екендігіне  және  топтық 

жұмыстағы өз құрбы-құрдастарымен пікір 

алмасу  арқылы  ғана  шәкірттер  өздерінің 

мүмкіндіктерін  толық  ашатындықтарына 

көзім  жетті.  Мысалы,  дәстүрлі  сабақта 

ұстаздың  өзі  үйренушілердің  жұмысын 

бақылауға  алса,  топтық    жұмыста 

бақылауды  топ  мүшелерінің  өздері 

жүргізеді.  Бір-бірін  топ  болып,  бірлесе 

талқыға  сала  отырып  бағалайды.  Бұл 

әдіс кешкі мектеп үшін өте тиімді, себебі 

кешкі  мектеп  оқушылары  аптасына  төрт 

күн сабаққа келеді, қалған күндері жұмыс 

істейді, ал топтық жұмыс барысында бір-

бірімен   пікір   алмасуға,  ойларын  ортаға 

салып, толғандырып жүрген сұрақтарға жа-

уап алуға мүмкіндік туады деген тұжырым 

жасадым. 

Зерттеу  жұмысымның  аяғында  оқу-

шылармен  әңгіме  жүргіздім.  Джин 

Раддоктың  «оқушылармен  пікірлесудің 

мақсаты  -  қабылдаушының  көзқарасы 

тұрғысынан  алғанда  оқудың  не  екендігін 

түсіну,  жекелеген  оқушылар  мен  топтар 

үшін оқуды қалай жақсарту» деген пікірін 

қуаттай  отырып  (Мұғалімдерге  арналған 

нұсқаулық, 71 бет), іске асыруға тырыстым. 

Әңгіме  барысында  сынып  оқушылары 

дәстүрлі  сабақ  пен  жаңа  әдіспен  өткен 

сабақтың 

айырмашылықтарын 

айта 


келе,  алдағы  уақытта  топтық  жұмысты  

жалғастыруымды,  сабақта  ақпараттық-

коммуникациялық  технологияны,  өзін-

өзі  бағалауды  жиі  қолдануыма  ұсыныс 

жасады.  Соңғы  сабақтардан  оқушылар 

өздерінің 

өзгергендіктерін, 

біршама 


ашылғандықтарын айтты. 

Жаңа  әдістерді  қолданып  өткізген 

сабақтарды  дәстүрлі  сабақпен  салыс-

тыра  отырып,  үлкен  айырмашылықтар 

бар  екенін  байқадым.  Дәстүрлі  сабақта 

әр  оқушы  өзінің  мүддесін  ғана  көздеп 

отыратын  болса,  зерттеу  барысында 

өткізілген  сабақтарда  олар  топта  бірлесіп 

жұмыс  жасай  отырып,  бір-біріне  көмек, 

қолдау  көрсетіп  отырды.  Жақсы  оқитын 

оқушылар  әлсіз  оқушыларға  көмектесіп, 

ол  оқушылардың  өзіне  деген  сенімінің 

қалыптасуына ықпал етіп отырды.

Мектептегі  іс-әрекетті  зерттеу  жұ-

мысым бойынша мынадай тұжырым жаса-

дым: «Білім алу диалог арқылы беріледі де, 

оқушылардың  сабақта  түрлі  жұмыстарды 

орындау  кезінде  өзара  байланыс  пен 

келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін 

қызметтің  диалогпен  қалайша  жанасаты-



28

Білімдегі жаңалықтар

Б

ілім

 

Беру



моделдері

 

мен

 

әдістері

 

нына  байланысты  болады.  Мұғаліммен 

және  басқа  оқушылармен  әңгімелесу 

–  оқушының  қызмет  белсенділігін 

қамтамасыз ететін және түсінігін дамыта-

тын маңызды құрал» болса (Мұғалімдерге 

арналған  нұсқаулық,  99  бет),  диалогтік 

оқыту  Кембридж  тәсілінің  теориялық 

негізі – оқытудың сындарлы теориясының 

мәнмәтінін  толықтай  аша  түседі  деген  ой 

қорытуға болады.

Әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым.- Астана: «На-

зарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  Педагогикалық  шеберлік  орталығының  кітабы, 

2014 ж.

2. Үлестірмелі материалдар Екінші (негізгі) деңгей.

3. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар.

4. Мектептегі іс-әрекетті зерттеу. Әдістемелік құрал. Кудайбергенова К. С. - Алматы, 

2013 ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет