Биохимия асқорыту туралы түсінік


Бауыр бөлікшелерінің қанмен қамтамасыз ету



бет26/28
Дата12.05.2023
өлшемі256,78 Kb.
#92649
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
25. Бауыр бөлікшелерінің қанмен қамтамасыз ету.
Бауырға қан екі тамырлар жүйесі: бауыр артериясы мен қақпа венасы арқылы келеді. Бауыр артериясы О2 байытылған қанның 20% жеткізіп отырса, ал қақпа венасынан 80% қанды құрсақ қуысындағы тақ мүшелерден (ішек, көкбауыр, ұйқы безі) алып келеді. Бұл тамырлар бауырға келе: бөліктік, сегменттік, субсегменттік, ең соңында бөлік аралық артерия мен венаға ұласады. Соңғы тамырлар бауыр үштігін түзеді. Бөлік аралық артерия мен вена бөлік сыртындағы тамырлар жүйесіне жатады, бірақ бұлар қосыла келе бөлік ішіндегі синусоидты (қабырғасында сфинктері бар) капиллярларға айналады. Синусоидты капиллярларда аралас қан жылжиды, бағыты радиальді, бұлар бөліктің ортасында орталық венаға ұласады. Орталық венадан қан бөлік сыртындағы жинағыш венаға, одан бауыр венасына, бұл келіп төменгі қуысты венаға айналады.
26. Өт өзегі. Өт қабы.
27. Ұйқы безі. Даму көздері. Экзокринді бөліктің құрылымы.
Дамуы:Ұйқы безі эмбриогенездің 3-ші аптасының соңында ішектің құрсақ бөлігінің энтодермасынан дамиды. Алғашқы пайда болған екі төмпешіктен бездің денесі, басы, құйрығы (соңғы бөлігі) дамиды. Эмбриогенездің 3-ші айында энтодермалді бастамадан бездің экзокринді, эндокринді бөліктері, секрет шығатын өзектері, Лангенгарс аралшықтары қалыптасады. Бездің капсуласы мен бөлік аралық тіні мезенхимадан дамиды.
Қызметтері:
1.Экзокринді қызметі. Құрамында асқорыту ферменттері бар, панкреатитті сөлді синтездеп, он екі елі ішекке бөледі. Ұйқы безінің сөлінің құрамындағы трипсин - белоктарды, карбоксипептидазалар - пептидттерді, амилаза - күрделі көмірсуларды, сахароза, мальтоза, лактоза - күрделі қанттың қарапайым түрлеріне, фосфатаза - липидтерді глицерин мен май қышқылдарына, нуклеазалар - (РНКаза-ДНКаза)-нуклеопротеидтерге, эластаза – эластинге ыдыратады. Панкреатин сөлінің құрамында ферменттерден бөлек бикарбонаттар, минералды заттар, су, шырыш болады.
2. Эндокринді қызметі. Бірқатар гормондарды қанға бөледі. Инсулинқандағы қанттың мөлшерін азайтады, глюкагон - қандағы қантты көбейтеді, соматостатин – асқорыту мүшелерінің секрет бөлуін жəне жасушаларының бөлінуін тежейді, вазоинтестициалді полипептидтер (ВИК) – артериалды қысымды төмендетіп, ұйқы безінің экзокринді қызметін күшейтеді, панкреатитті полипептидтер – керісінше, ұйқы безінің қызметін тежейді. Құрылысы. Ұйқы безі – паренхиматозды, бөлшектенген мүше. Стромасы:висцералды іш пердесімен бірігіп кеткен капсуладан жəне капсуладан тараған трабекулалардан тұрады. Бездің капсуласы мен трабекуласы (ішкі перделері) БТҚДТ-нен түзілген. Трабекулалары безді бөліктерге бөледі. Бездің бұл трабекулаларының құрамында экзокринді бөліктерінің секрет шығаратын өзектері, нервтер, қан тамырлар, ФатерПачин денешіктері орын алады. Бездің паренхимасы- ацинустардан, секреторлы өзектер мен Лангенгарс аралшықтарынан түзіледі. Бұлардың өзара қатынасы 97:3.
Ұйқы безінің экзокринді бөлігі: күрделі альвеолярлы-түтікшелі, белокты. Бездің экзокринді бөлігінің құрылыс-қызметін атқаратын бірлігіацинустары. Олар 8-12 ацинозды жасушалар (ациноциттер) мен центроацинозды (орталық) ациноциттерден тұрады. Ацинозды жасушалардың пішіні конус тəрізді, полярлық қасиеттерге ие. Базалді полюсімен базалді мембранаға бекінген, жасушаның жалпақтау болып келген базалді полюсі негіздік бояулармен көк түске боялған - гомогенді полюсі. Гомогенді полюсінде жасуша ядросы күшті дамыған эндоплазмалық тор, митохондрилер, Гольджи комплексі орналасқан. Ал жіңішкелеу келген апикальды полюсі қышқылдық бояулармен қызыл түске-зимогенді боялып, 3 зимогенді полюсі деп аталады. Бұл полюсінде зимогенді түйіршіктер - проферменттер болады (жоғарыда аттары аталған). Ациноциттердің қызметі асқорыту ферменттерін синтездеп, қалыпты жағдайда он екі елі ішекке шығарады. Бездің секреторлы өзектерінің эпителиінен бөлінген ферменттер мен шырыш, без паренхимасын өзін - өзі бұзылуынан сақтайды. Бірақ патологиялық кезде, бездің экзокринді қызметінің күшеюі кезінде (майлы тағамдар, алкогольмен бірге қабылданғанда) бездің өз ішінде ферменттердің белсенділігінің күшеюі мүмкін. Бұл без паренхимасының бұзылуына алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет