Биохимия кафедрасы


Парааминобензой қышқылы (ПАБҚ)



Pdf көрінісі
бет75/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Парааминобензой қышқылы (ПАБҚ). ПАБҚ ң витаминдік қасиеті оның фоль 
қышқылының құрамына кіруімен байланысты. Осыған сәйкес ПАБҚ В
с
витамині қажет барлық 
метаболизмдік реакцияларға қатысады. Көптеген микроорганизмдер ПАБҚ н синтездей 
алмайды, сондықтан оның структуралық аналогтары (сульфаниламидтер) антибактериялық 
препараттар ретінде кең қолданылады. ПАБҚ адам терісі пигментінің (меланиннің) синтезіндегі 
негізгі фермент – тирозинкиназаны активтеуге қабілетті, ол шаш пен терінің қалыпты 
пигментациясы үшін қажет. ПАБҚ жетіспеушілігінің симптомдары фоль қышқылы 
тапшылығына ұқсас.
ПАБҚ барлық тағам өнімдерінде дерлік кездеседі, соның ішінде бауыр, сүт, жұмыртқа, 
ашытқыда көп кездеседі.


104 
22. Майларда еритін витаминтәрізді заттар 
F тобының витаминдері (эссенциалды май қышқылдары).
Ғ витамині деп организм тіндерінде синтезделмейтін көп қанықпаған май қышқылдарын 
(КҚМҚ) айтады. Оларға линоль және линолен қышқылдары жатады. Линоль(ώ
6
) және линолен 

3
) қышқылдары хиломикрондардың құрамында тасымалданады. Жасушаларда олар 
биомембраның құрамына кіреді, сонымен қатар метаболизмге және оны реттеуге қатысады. 
Биотрансформациялану реакцияларында олардағы қос байланыстың кейбіреуі қайта қалпына 
келеді.
Линоль қышқылы арахидон қышқылының алғы заты болып саналады, арахидон 
қышқылынан простагландиндер мен ІІ топтағы тромбоксандар синтезделеді. Линоль қышқылы 
эйкозопентоен қышқылының алғы заты, одан простагландиндер мен ІІІ топтағы тромбоксандар 
синтезделеді. Бұл заттар ώ
6
тапшылығына қарама-қарсы эффект көрсетеді, яғни қан ұюы мен 
тромбоциттердің агрегациясын төмендетеді, иммундық қорғаныс реакцияларын және өспеге 
қарсы иммунитетті стимулдейді, бірақ арахидон қышқылының биомембрана фосфолипидтерінің 
құамынан босап шығуына кедергі жасайды. Простагландиндер тіндік гормондар болғандықтан, 
Ғ витамині жасушалардың тіршілігінде реттеуші роль атқарады.
Эссенциальды май қышқылдары жетіспегенде фолликулярлы гиперкератоз дамиды, 
жануарларда бедеулік байқалады. Ғ витаминінің жетіспеушілігінің нақты белгілері әлі 
анықталмаған. 
Ғ витаминінің көзі – өсімдік майлары, ώ
3
май қышқылдарының биологиялық құндылығы 
жоғары. Жануар текті тағамдардан ώ
3
май қышқылдары балық майының құрамында кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет