Биохимия кафедрасы



Pdf көрінісі
бет74/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
 
Орот қышқылы химиялық табиғаты урацил-4-карбон қышқылы. Орот қышқылы 
нуклеотидтердің құрамына кіретін пиримидиндік негіздердің синтезіне керек. Ол белок синтезін, 
жасушалардың бөлінуін, жануарлардың өсуі мен дамуын стимулдейді, галактозаның 
өзгерістеріне қатысады, ферменттердің, мысалы ксантиноксидазаның активтілігіне әсер етеді. 
Организмде орот қышқылының жеткіліксіздігі байқалмайды. Дегенмен, өсіп келе жатқан 
организм үшін жеке тіндердің регенерациялану сатысында орот қышқылына деген қажеттілік 


103 
артады. Емдік тәжірибеде орот қышқылын шала туылған балалардың бойын өсіруде, 
зақымданған мүшелердегі, мысалы миокард инфарктысы, бұлшық ет дистрофиясы және басқа 
жағдайлардағы регенерациялық үрдістерді арттыруда қолданады.
Орот қышқылы жануар текті тағамдарда көп мөлшерде кездеседі.
Пангам қышқылы (В
15
 витамині) химиялық табиғаты бойынша глюкон қышқылы мен N-
диметилглициннің эфирі. Пангам қышқылы метил топтарының көзі, метилді қосылыстардың 
(холиннің, фосфатидилхолиннің, креатиннің және т.б.) биосинтезіне қатысады. Пангам 
қышқылын енгізгенде оттегі тапшылығына төзімділік артады, тіндердің оттегіні жұмсауы 
күшейеді, бауырдағы гликоген қоры сақталады, дене еңбегімен көп уақыт айналысқанда сүт 
қышқылының артық мөлшерде жиналуын болдырмайды, бауырдың майлануы тежеледі, 
детоксикациялық эффект байқалады, эксперименттік атеросклероздың дамуы тежеледі.
Пангам қышқылы көптеген тағам өнімдерінде кездеседі, оның адамға қаншалықты қажет 
екені белгісіз. 
Ѕ-метилметионин (витамин U) химиялық табиғаты бойынша жоғары энергетикалық әсері 
бар метиониннің активті формасы болып табылады. Метионин сияқты U витамині холин, 
креатин синтезі үшін метил тобының доноры болып табылады. Оның метионин және басқа да 
метил тобына мұқтаж қосылыстардың синтезіне қатысатыны көрсетілген. Бұл витаминнің 
жетіспеушілігінен болатын өзгерістер анықталмаған. Асқазан жарасы ауруын емдеуде осы 
витаминді берудің тиімділігі анықталған. 
U витаминінің көзі: орамжапырақ, балдыркөк, пияз, сәбіз, көк шай, жаңа сауылған сүт, 
бауыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет