17. Заттарды трансмембраналық тасымалдау және оның кинетикасы. Биологиялық мембраналардың қызметі- Өздігінен өмір сүретін, дамитын және кебейетІн элементар тірі жүйе — тірі жасуша, ол барлық жануарлар мен өсімдіктердің негізі. Жасушаның жасушалық органеллдің өмір сүруінің басты шарттары мыналар:
Біріншіден — қоршаған ортамен салыстырғанда автономдығы, яғни
жасушаның заттары қоршаған ортаның заттарымен араласпауы керек,
жасушада және оның жеке бѳліктерінде ѳтетін химиялық реакцияның
ѳзін-ѳзі автономды басқару мүмкіншілігі сақталуы кажет.
Екіншіден — қоршаған ортамен байланыс. Жасуша мен қоршаған
ортаның арасындағы байланыс энергия мен зат алмасуының реттелген
түрде үздіксіз жүруі;
Үшіншіден — қоршаған ортадан оқшаулануы және сол ортамен тығыз
байланысынын бірлестігі - тірі ағзаның барлық деңгейдегі ұйымдасу
қызметінің басты шарты. Сондықтан жасушаның өмір сүруінің басты
шарты, ол биологиялық мембраналар.
Биологиялык мембраналардың мынадай негізгі үш қызметі бар: бѳгеттік
(барьерлік), матрицалық және механикалык. Биомембраналар–тұйық құрылымдар, яғни олардың ұштары ешуақытта да ашық болмайды, липидтік қосқабат өздігінен тұйықталып дербес, шектелген қуыстар (компортменттер) пайда етеді. Тек осы жағдайда ғана липидтердің гидрофобтық ұштары сулы ортадан оқшауланған болады.
Биомембраналар заттарды таңдамалы өткізу қасиетіне ие, яғни олар заттарды жасушаға не жасушадан сыртқы ортаға түрліше өткізіп, цитоплазманың және органеллалардың ерекше биохимиялық құрылымдарымен қасиеттерін қалыптастырады.
Ұсақ молекулалы заттардың өткізілуі. Жай диффузия-өздігінен, ешбір көмексіз, концентрация градиенті (жоғары концентрациядан төменгі концентрация) бағытында заттардың мембрана арқылы өтуі. (Н2О, СО2, О2)
Жеңілдетілген диффузия - арнаулы тасымалдаушылардың немесе арнаулы иондық каналдар арқылы. Мембраналарда арнаулы тасымалдаушы белоктар тасымалданатын заттардың молекулаларымен байланысқа түсіп, градиент концентрациясы бойынша өткізеді.