«Биология, география және химия» ббб


Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер



бет53/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   107
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: гипос­том, қармалауыштар, атпа клеткалар, гонадалар, пенетрантар, гидрант, гонангия, гидротека, тека, гонотека, бластостиль, гастро­васкулярлы жүйе.


СЦИФОМЕДУЗАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ЦИКЛІ
Мақсаты: Теңіз табақшасы аурелия ауританы мысалға ала отырып сцифомедузулар классына тән белгілерімен танысу
Тип Ішекқуыстылар – Соеlеnterata
Класс Сцифомедузалар – Scyphozoa
Өкілі Аурелия аурита – Aurelіa aurіta
Құралдар: Фиксацияланған медузалардың, эфиралардың тұрақты препараттары.
1-тапсырма. Қол лупасының көмегімен Петри табақша­сында суға салынған сцифомедузалардың сыртқы және ішкі құрылысын қараңыз. Дене пішінін, ауыз қуысын және ауыз қа­лақшаларының, радиальді және сақиналы түтікшелермен таны­сып суретін салу. Даму циклінің суретін салу.
2-тапсырма. Кестені толтырыңыз.
Теңіз гидроидполипі обелия және сцифоид медузасы ауре­лияның құрылысындағы ұқсатығы мен айырмашылығы

Салыстыру белгілері

Обелия

Аурелия аурита

полип

медуза

полип

медуза

Дене пішіні













Тіршік жағдайы













Ауыз қуысының орналасуы және оның пішіні













Желкен, орналасуы және атқаратын қызметі













Тепе-теңдік мүшесінің орналасуы













Көру мүшесінің орналасуы













Гастральді жіптері бар төмпешіктер­дің болуы, қызметі және орналасуы













Айырым жыныстылар немесе гермофродиттер













Гонадаларының орналасу жері













Даму түрлері













Негізгі тіршілік формалары













3-тапсырма. Сцифомедузаның даму циклының кезеңдерін ретімен атаңыздар
1) планула
2) эфира
3) жұмыртқа
4) стробила
5) сцифистома
6) ересек медуза
Сұрақтар:
1 Сцифомедузалар мен гидромедузалардың айырмашылық­тары.
2 Сцифомедузалар мен гидромедузалардың тіршілік циклі­нің айырмашылықтары.
3 Сцифомедузалардың жүйке жүйесі
Келесі терминдердің мағанасын түсіндіріңіздер: желкен, ропалия, гастроваскулярлы жүйе, әкелуші радиальді каналдар, статоцисталар, эфиралар, метагенез, мезоглея.
3-зертханалық жұмыс
КІРПІКШЕЛІ ҚҰРТТАРДЫҢ МОРФО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Мақсаты: Кірпікшелі құрттардың сыртқы және ішкі құрылысы­мен танысу
Бөлімі Екі жақты симметриялы – Віlаtеrіа
Тип Жалпақ құрттар – Рlаtһеlmіntһеs
Класс Кірпікшелі құрттар – Тurbеllаrіа
Отряд Үш тармақты ішектілер – Тrісlаdіdа
Өкілі Сүт түсті планария – Dеndroсоеlum lасtеum
Құралдар: Фиксацияланған ақ планария денесінің көлденең кесілген кесіндісінің гистологиялық және тотальдық препараттары.
1-тапсырма. Фиксацияланған планарияны қарай отырып, сыртқы және ішкі кұрылысымен танысып, оның суретін салу.
2-тапсырма. Кесіндісі бар препараттан планарияның гисто­логиялық құрылысымен танысу. Оның үш қабаттан тұратындығын бақылау (эктодерма, энтодерма, мезодерма). Тері-бұлшық ет қап­шығының құрылысын көріп, оған мән бере отырып, суретін салу.
Сұрақтар:
1 Жалпақ құрттардың өкілдерінің негізгі сипаттамалары неде?
2 Жалпақ құрттарды ішекқуыстылармен салыстырғанда дене құрылысында жаңа не пайда болады?
3 Жалпақ құрттардың симметриясы және ол неге байла­нысты?
4 Тері бұлшық ет қапшығының құрылысы неден тұрады?
5 Паренхиманың қандай туындылары бар?
6 Турбелярийдің сезгіш органдары қалай дамыған? Турбеля­рий мен медузаның көз құрылыстарын салыстырыңыз, айырма­шылығын айтып, қайсысының көзінің құрылысы күрделі екенін түсіндіріңіз.
7 Турбелярийлардың жүйке жүйесі.
8 Жалпақ құрттардың зәр шығару жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет