«Биология, география және химия» ббб


Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер



бет56/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   107
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: гипо­дерма, фагоцитарлы клеткалар, фибриллалар, везикула, бульбус, сенсиллалар, папиллалар, жыныс диморфизмі, гиподермалық валиктер.
4-зертханалық жұмыс
КӨПҚЫЛТАНАҚТЫ ҚҰРТТАРДЫҢ МОРФО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Мақсаты: Нереида мен құмқазарды мысалға ала отырып, көпқылтанақты құрттарға тән ерекшеліктермен танысу
Тип Буылтық құрттар – Аnnеlіdа
Тип тармағы Белдіксіздер – Асlіtеllаtа
Класс Көпқылтандылар – Роlусһаеtа
Класс тармағы Кезбелер – Еrrаntіа
Өкілі Нереис – Nereіs sр.
Класс тармағы Отырғыштар – Sеdеntаrіа
Өкілі Құмқазар – Аrеnісоlа sр.
Құралдар: Фиксацияланған буылтық кұрттар (нереис, құм­қазар). Нереистің бас бөлімі: пигидий және параподий бар тоталь­дық препараттар.
1-тапсырма. Буылтық құрттардың жоғарыда аталған өкіл­дерінің сыртқы құрылысымен танысу. Денесінің дифференциа­циясына және үш бөлімге бөлінуіне, көңіл бөлу қажет. Тотальдық препараттан – бас бөлімдердің (простомиум, перистомиум), дене бөлімінің, аналь бөлімінің (пигидий) құрылысын қарап, суретін са­лу. Параподийлердің құрылысымен танысып, суретін салу қажет.
Сұрақтар:
1 Буылтық және жұмыр құрттардың сыртқы құрылысында қандай айырмашылықтар бар?
2 Метамерия дегеніміз не? Гомономдық және гетерономдық метамерияның айырмашылықтары неде?
3 Буылтық құрттардың жылжу жүйесінің күрделенуін немен түсіндіруге болады?
4 Буылтық құрттардың жылжу жүйесінің жұмыр құрттардікі­нен айырмашылығы неде?
5 Буылтық құрттардың денесінің дифференциациясының күр­деленуі неде?
6 Буылтық құрттардың сезім органдары қалай жетілген?
7 Буылтық құрттардың дене қуысының жұмыр құттардың дене қуысынан айырмашылығы неде?
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: ацику­лалар, эпитокия, архитомия, диссепименттер, метамерия, мета­нефридиялар, нотоподия, параподия, мезентерилар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет