Мақсаты: Таспа құрттардың құрылысымен және даму циклімен танысу
Тип Жалпақ құрттар – Рlаtһеlmіntһеs
Класс Таспа құрттар – Сеstоdа
Отряд Солитерлер – Сусlорһуllіdеа
ӨкіліДоңыз солитері – Tаеnіаrһуnсһus sаgіnаtus
Отряд Таспа құрттар – Рsеudорһуllіdеа
Өкілі Жалпақ таспа құрт – Dіphyllobothrіum lаtum
Құралдар:Фиксацияланған таспа құрттар, таспа құрттармен жараланған балықтардың препараттары, фиксацияланған эхинокок, финналар. Таспа құрттардың сколекстерінен жасалған тотальдық препараттар. Жетілген және жетілмеген (гермафродиттік) буындардың препараттары.
Тапсырма: Таспа құрттың сыртқы құрылысын қарап, сколекстердің қаруына көңіл аудару. Жетілген және жетілмеген буындардың құрылысын салыстырып, оларға мән бере отырып суретін салу. Финналардың құрылысына қарап, суретін салу. Доңыз солитерінің даму циклінің схемасын салу.
Сұрақтар: 1 Таспа құрттар мен турбеллярийдің ұқсастықтары неде?
2 Гипогенез және метаморфоз дегеніміз не?
3 Таспа құрттардың даму циклінде қандай айырмашылықтар бар? (Мысал ретінде доңыз солиттерін алыңыз).
4 Таспа құрттар қалай қоректенеді?
5 Таспа құрттардың жыныс жүйесінің құрылысы мен ұрықтануы.
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: финна, сколекс, стробила, проглоттидалар, ботрилер, плероцеркоид, цистицеркоид, стробиляция, онкосфера.
ЖҰМЫР ҚҰРТТАРҒА МОРФО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА Мақсаты: Аскариданы мысалға ала отырып, жұмыр құрттарға тән белгілермен танысу
Тип Жұмыр құрттар – Nemathelmіnthes
Класс Нағыз жұмыр құрттар – Nеmаtоdа
Класс тармағы Сецерненттер – Sесеrnеntеа
Өкілі Жылқы асқаридасы – Раrаsсаrіs еquorum
Құралдар: Фиксацияланған аскаридалар, көлденеңінен кесілген гистологиялық препараттар.
Тапсырма: Аскариданы сойып, оның анатомиялық құрылысын: ас қорыту, жыныс жүйесін анықтау. Аскариданың көлденең кесіндісі мен жұмыртқаларын микропрепараттар арқылы қарап, оларды сипаттап, құрылысының суретін салу.
Сұрақтар: 1 Таспа және жұмыр құрттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?
2 Алғашқы дене қуысы дегеніміз не?
3 Аскариданың бұлшық-ет қабының өзгешеліктері қандай?
4 Аскариданың жүйке жүйесімен, зәр шығару жүйесінің өзгешеліктері қандай?
5 Жұмыр құрттардың маңызы.