ӨЗЕН ШАЯНЫНЫҢ СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ ҚҰРЫЛЫСЫ Мақсаты: Өзен шаянын мысалға ала отырып жоғарғы сатыдағы шаян тәрізділердің сыртқы және ішкі құрылысына тән ерекшеліктермен танысу
Тип Буынаяқтылар – Аrthropoda
Тип тармағы Желбезектыныстылар – Вranchiata
Класс Шаян тәрізділер – Сrustacea
Класс тармағы Жоғарғы сатыдағы шаян тәрізділер – Маlacostraca
Отряд Онаяқтылар - Decapoda
ӨкіліӨзен шаяны - Astacus astacus
Құралдар: Фиксацияланған өзен шаяны.
1-тапсырма. Өзен шаянының дене бөлімдерін анықтап, сол бөлімдеріндегі орналасқан аяқтарының құрылысын көру керек. Өзен шаяндарының аяқтарын ұқыпты түрде жіктеп алып, оларды ретімен орналастырып, суретін салу.
2-тапсырма. Өзен шаянын сою. Ішкі мүшелерін қарау. Өзен шаянының бұлшық ет, ас қорыту, тыныс алу, қан айналу, жыныс, зәр шығару, жүйке жүйелерін көріп, оларды белгілеп, сойылған өзен шаянының суретін салу (43-сурет).
Сұрақтар: 1 Өзен шаянының сыртқы кұрылысындағы буылтық құрттарға тән белгілер қандай?
2 Буынаяқтылардың аяқ құрылысы және гомономдық немесе
гетерономдық сегменттердің айырмашылықтары.
3 Буынаяқтылардың онтогенезінің айырмашылығы.
4 Шаянтәрізділердің негізгі белгілері.
5 Өзен шаянының ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері?
6 Зәр шығару мүшелерінің ерекшеліктері?
7 Буылтық құрттармен салыстырғанда өзен шаянының қан айналу жүйесінде қандай өзгешеліктер пайда болды?
8 Өзен шаянының тыныс алу жүйесі.
9 Өзен шаянының жыныс жүйесі.
10 Буылтық құрттар мен өзен шаянының нерв жүйелерін салыстыру.
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер:карапакс, рострум, фасеттік көз, абдомен, торакс, цефалон, плеоподтар, уроподтар, мандибула, тельсон, аутотомия, гнатоторакс, протоцефалон.
ӨРМЕКШІТӘРІЗДІЛЕРДІҢ МОРФО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ Мақсаты: Өрмекшітәрізділердің сыртқы құрылысының, денесінің сегменттелуін, ауыз аппаратының, аяқтарының құрылысының алуан түрлілігін көріп, танысу