Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: ктенидия, осфрадилер, сперматофорлар, бақалшақ устьесі, сарыуыз безі, мантия, саусақ тәрізді без, велигер.
ТАҚТАЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕРДІҢ МОРФО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ Мақсаты: Тіссіз моллюсканы мысалға ала отырып тақтажелбезектілерге тән ерекшеліктермен танысу
Тип Моллюскалар – Mollusca
Тип тармағы Бақалшақтылар – Соnchifera
Класс Тақтажелбезектілер – Lamellibranchia (Віvаlvіа)
Отряд Нағыз тақтажелбезектілер – Еulamellibranchia
Өкілі Айқұлақ – Аnоdоntа cygnea
Құралдар: Фиксацияланған айқұлақтар, глохидиялар, моллюскалардың дернәсілі.
1-тапсырма. Айқұлақтың бақалшағының қабаттарымен танысып жылдық сақиналарға көңіл аудару қажет. Айқұлақтың денесін сойып, анатомиялық құрылысын және мантиялық комплекс мүшелерін көріп суретін салу.
2-тапсырма. Союдың алдында мантиясына, сифондарына, желбезегіне және аяғына көңіл бөлген жөн. Скальпельдің көмегімен тіссіздің денесін аяқтан бойлай жүрек қалташасына дейін кесіп, ас қорыту, қан айналу, зәр шығару, жыныс, жүйке жүйесінің құрылысын анықтап, микроскоптың көмегімен глохидияларды қарап, мән бере отырып суретін салыңыздар.
3-тапсырма. Уақытша немесе тотальды микропрепараттан глохидияның бақалшағының құрылысын қараңыз. Айқұлақ глохидиясының сыртқы құрылысының суретін салыңыз.
Сұрақтар: 1 Тақтажелбезекті моллюскалардың бақалшағаның құрылысы қандай?
2 Мантиялық комплекс дегеніміз не және оның кұрамына қандай мүшелер енеді?
3 Тіссіз моллюсканың ас қорыту жүйесінің өзгешеліктері және олар қалай қоректенеді?
4 Тіссіз моллюсканың өсіп-өнуі?
5 Моллюскалардың жүйке жүйесі қандай типке жатады?
6 Молюскалардың бүйрегі – нефриядия ма, әлде целомодукты ма?
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер:биссус безі, артериальді синус, венозды синус, висцеральді ганглии, глохидия, гонада, лигамент, желбезекті сифон, мантия, мантиялық қуыс, статоцисталар, целом.