«Биология, география және химия» ббб


Б-сурет. Миноганың ауызалды воронкасының құрылысы



бет73/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   107
Байланысты:
umkd zoologiya (om rtkas zdar zhane om rtkal lar) hb-22-1.

10 Б-сурет. Миноганың ауызалды воронкасының құрылысы: 1-ауыз тесігі, 2-тіл ұшы, 3-тілдің мүйізді тісшесі, 4-ауыздың жоғарғы мүйізді пластинкасы, 5-ауыздың төменгі мүйізді пластинкасы, 6-жоғарғы ерін ңтістерің, 7-бүйір ерін ңтістерің, 8-еріннің майда жиектік ңтістерің, 9-ауыз алды воронкасының жиектік күлтешелері.




11-сурет. Өзен миногасының ішкі құрылысы: 1-хорда, 2-хорданың байланыстырушы қабығы, 3-бас қаңқасы, 4-ауыз воронкасының шеміршектері, 5-жүрекмаңы шеміршегі, 6-миомер, 7-миосепта, 8-тіл бұлшық еті, 9-бас ми, 10-жұлын, 11-иіс сезу қапшығы, 12-питуитарлы өсінді, 13-ауыз қуысы, 14-жұтқыншақ, 15-ішек, 16-аналь тесігі, 17-бауыр, 18-желбезек қапшықтары, 19-тыныс алу түтігі, 19а-желбезек қапшықтарының ішкі тесігі, 20-жүрекалды, 21-қарынша, 22-веналық пазуха, 23-құрсақ аортасы, 24-бүйрек, 25-қуық, 26-зәр-жыныс синусы, 27-жыныс безі, 28-несеп-жыныс тесігі, 29-жыныс тесігі.


Тыныс алу жүйесі. Ауыз қуысының тыныс алу түтігі өңешпен қатар басталып, ішкі тыныс тесігі арқылы шығу тегі энтодермалық желбезек қапшығына ашылып, ол сыртқы желбезек санылауы арқылы сыртқы ортамен байланысады. Желбезек қапшықтарының ішкі беті көптеген қатпарлар құрайды. (12-сурет).

12-сурет. Миноганың желбезек қапшықтары (А) және ішек бөлімдері (Ә) тұстарынан көлденең кесіндісі: 1-хорда, 2-хорданың дәнекер ұлпалы қабығы, 3-омыртқаның шеміршекті жоғарғы доға бастамасы, 4-миомер, 5-миосепта, 6-жұлын, 7-арқа қолқасы, 8-шеміршек, 9-тілдің еті, 10-өңеш, 11-желбезек қапшығы, 12-желбезек қапшығының сыртқы тесігі, 13-желбезек қапшығының ішкі тесігі, 14-тыныс түтігі, 15-құрсақ қолқасы, 16-ішек, 17-спиральды клапан, 18-бүйрек, 18-несеп ағар, 19-жыныс безі, 20-қанат сәулелері, 21-лимфалық қуыстар, 22-артқы кординальды веналар.


Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшесі таспа түрінде болатын құрсақ қуысында орналасқан мезонефридиалық бүйрек, одан несеп ағар басталады, оң жақ және сол жақ несеп ағар бірігіп, несеп – жыныс синусын құрап, несеп – жыныс еміздігінің үстіне ашылады.
Жыныс жүйесі. Өзен миногасы дара жынысты. Бөлікті құрылыстағы аталық немесе аналық жыныс бездері ішек үстінде орналасады, арнайы шығару түтіктері болмайды. Жыныс өнімдері без қабырғасы жарылғанда дене қуысына түсіп, тесіктер арқылы несеп-жыныс синусына өтіп, несеп-жыныс еміздігі арқылы сыртқа босап шығады.
Жүйке жүйесі. Жүйке жүйесі бас миы мен жұлыннан және олардан таралатын жүйке жүйелерінен тұрады. Бас миы барлық омыртқалыларда бес бөлімнен: алдыңғы, аралық, ортаңғы, мишық және сопақша мидан тұрып ол жұлынға ұласады. Алдыңғы миы мен мишық нашар жетілген. Бас миынан сегіз жұп жүйке басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет