«Биология, география және химия» ббб


Өзен миногасының сыртқы құрылысы



бет72/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   107
Байланысты:
umkd zoologiya (om rtkas zdar zhane om rtkal lar) hb-22-1.

Өзен миногасының сыртқы құрылысы. Өзен миногасының мөлшері 45,5 см дейін жетеді. Денесі жылан пішінді, айқын білінбейтін үш бөлімге: бас, кеуде және құйрыққа бөлінеді. Бас пен кеуде шекарасын соңғы желбезек саңлауы деп алсақ, кеуде мен құйрық шекарасы аналь тесігі деп есептелінеді. Көлденең кесіндісінде бас пен кеуде бөлімі жұмыр болса, құйрық бөлімі екі жағынан қысыңқы келеді. Денесі тығыз, сондықтанда мөлдір емес. Қанаттары: арқа қанаттары екеу (8), ол құйрық қанатымен (9) жалғасады. Жұп қанаттары болмайды. Аналь (6) және несеп-жыныс (7) тесіктері құйрық қанатының алдында орналасқан. Денесінің бас бөліміне жақын жеті жұп желбезек саңылаулары (4) орналасып, тері күлтешелерімен қаруланған (cорғыш) ауызалды воронкасына (1) ашылады. Нашар жетілген жұп көздері (3) және жеке тұйық танау тесігі (2) болады. Тері жамылғысы бездерге бай, ол көп қабатты эпителиймен және жақсы жетілген кутистен тұрады. Дегенменде жалаңаш терісінің сыртынан миомерлер (10) мен миосепталарды (11) байқауға болады. Көзі мен ауызалды воронкасы арасында бүйір сызықтары орналасқан (5) (10 А-сурет).





10 А-сурет. Өзен миногасының сыртқы құрылысы: 1-ауыз (сорғыш) воронкасы, 2-тақ танау тесігі, 3-көз, 4-желбезек қапшығының сыртқы саңылау тесіктері, 5-бүйір сызықтары, 6-аналь тесігі, 7-несеп-жыныс тесігі, 8-арқа жүзбе қанаттары, 9-құйрық қанаты, 10-миомер, 11-миосепта.


Өзен миногасының ішкі құрылысы. Өзен миногасы біздің облысымыздың фаунасында кездеспеуіне байланысты олар тек формальдегидте сақталған күйінде пайдаланылады. Сондықтан сойған кезде барлық ішкі мүшелерін ажырату қиын.
Объектіні екі жазықтықта тіледі: а) сагитальды-теңдей екіге бөлу; б) сегментарлы-денесінің әр бөлігінен көлденең кесінді жасау. Төменде көрсетілген рет бойынша ішкі жүйелер мүшелерін анықтап, оқып-білу керек.
Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту жүйесі тері қатпарларымен қоршалған сорғыш ауызалды воронкасынан басталады, воронкада бірнеше жиекті және еріннің мүйізді тістері оның түбінде ауыз тесігі орналасады. Одан мүйізбен қапталған бұрғылау қызметін атқаратын күшті жетілген тілі шығып тұрады (10 Б-сурет).
Ауызалды воронкасының түбінде орналасқан ауыз тесігі ауыз қуысына ашылады. Миногалардың жұтқыншағы тек дернәсіл сатысында болады. Метаморфоз кезінде ол дербес екі бөлікке (өңеш және тыныс түтігіне) бөлінеді. Өңеш ауыз қуысының артқы бөлігінен басталып, хорда астымен жүректі айналып өтіп, айқын шекарасыз ішекке ауысады. Ішек бауырдың үстімен иіндер құрамай аналь тесігімен аяқталады. Ішектің ішкі шырышты қабаты ішек қуысына шығып тұратын ұзына бойы қатпарлар-спиральды клапандарды құрайды. Олардың қызметі ішектің сору бетін арттыру және асты баяу жылжыту. Жүректің артында өңешпен ішек шекарасында ірі бауыр байқалады. Теңізде тіршілік ететін ересек миногаларда өт қабы мен өт жолы болады. Уылдырық шашу үшін өзенге көтерілгенде қоректенбеулеріне байланысты өт қабы мен өт жолы редукцияға ұшырайды.
Ауыз алды воронкасы жемтігіне жабысуды, тістері мықты бекуді қамтамасыз етсе, күшті жетілген етті тілдің мүйізді тісі жемтік тістерін тесіп, әрі босаңсығанда қанды сорушы ңнасосң қызметін атқарады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет