8-сурет. Жеке асцидияның сыртқы құрылысы: Асцидия-Ascіdіa mentula. 1-ауыз сифоны (оттек пен қорек қабылдау қызметін атқарады), 2-клоака (жыныс өнімдері мен қорытылмаған қалдықты сыртқа шығару қызметін атқарады), 3-пайда болып келе жатқан бүршікті дарақ, 4-столон, 5-бұлшық ет ұлпасы, 6-тыныс алу қапшығы (қорек және оттек өткізу фильтрі), 7-жүйке түйіні, 8-жыныс каналы (аталық және аналық тесігі бар өзек), 9-ішек, 10-аналь тесігі, 11-жұмыртқалар, 12-қабық, 13-жабыны.
Қорытынды: Қандауыршада хордалыларға тән белгілер: хорданың болуы, түтік формалы жүйке жүйесі және желбезек саңылауларымен тесілген жұтқыншақ айқын көрінеді.
Қарапайым құрылысы төмендегіше: а) тірек жүйесі, қаңқасы тек хорда; ә) жүйке түтігінің бас миы мен жұлынға жіктелмеуі; б) сезім мүшелері нашар дамыған; в) жыныс бездерінің метамерлі орналасуы; г) шағылысу жүйесі құрттардағыдай метамерлі-нефридий; д) ас қорыту түтігі онша жіктелмеген; е) тері жамылғысы бір қабат эпителиймен қапталып, ал қорғаныштық түзілістердің болмауы.
Биологиялық ерекшелігі: аз қозғалады, қоректенуі, тыныс алуы пассивті. Ересектерінде метаплевральды қатпарлардың қосылуынан атриол қуысы пайда болған. Еркін, белсенді тіршілік ететін дернәсілдерінде атриол қуысы болмайды. Ланцетниктің зат алмасуының төмен болуы, қан айналысының жәй болуы (жүрек жоқ) нефридиялық бүйрекке байланысты. Бұлшық ет жүйесі сигментті сипатта болып, қозғалумен қатар ішкі тірек қызметін де атқарады.
Қандауыршаның практикалық маңызы шамалы, бірақ теориялық ғылыми тұрғыдан маңызы зор.
Личинкахордалылардың - Urochordata ересектерінде хорда және жүйке түтігі болмайды. Көпшіліктері отырып тіршілік етсе, дернәсілдерінде хорда, жүйке түтігі болып белсенді тіршілік етеді. Бұл жағдай личинкахордалылардың ата-тектері еркін жүзіп тіршілік еткен хордалылар болғандығын дәлелдейді. Бұл тип тармағына үш класс біріктіріледі.