Шеміршекті - Chondrіchthyes балықтар класы АКУЛАНЫҢ СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ ҚҰРЫЛЫСЫ Мақсаты: Тікенекті акуланың негізінде шеміршекті балықтардың ерекшеліктерімен танысу.
Шеміршекті балықтар қарапайым және прогрессивті белгілері қатар байқалатын, салыстырмалы түрде түрлік құрамы аз, осы кездегі балықтардың бір тобы. Қаңқасы шеміршекті. Біліктік қаңқасы (омыртқа жотасы, бас қаңқасы) және аяқ-қол (белдеу, өз қаңқасы) қаңқасы шеміршектерден тұрады. Қабыршағы қарапайым-плакойдты, желбезек күлтешелері эндодермалық. Бүріккіші болады. Рострумы болғандықтан аузы бауырында орналасқан. Жұп қанаттары горизонталь жазықтықта орналасқан, құйрық қанаты-гетероцеркальды. Аталықтарының шағылысу мүшесі болады. Қарыншадан артериялық конус басталады. Жұмыртқалар саны аз. Несеп, жыныс, аналь тесіктері клоака қуысында ашылады. Қазақстан фаунасында кездеспейді.
Тапсырма: І. Тікенекті акуланың систематикалық жағдайын анықтау.
ІІ. Сурет-сызбалар арқылы акуланың сыртқы құрылысымен танысу.
ІІІ. Ылғал препараттар және сурет сызбалар бойынша ішкі мүшелерінің құрылысымен танып, суретін салып сипаттау.
ІV. Қан айналу жүйесінің сызбасын жасау.
V. Қаңқасы, оның ерекшеліктерімен танысу.
VІ. Аталық және аналық акуланың несеп-жыныс жүесінің ерекшеліктерімен танысу, суретін салып сипаттау.
VІІ. Қорытынды.
VІІІ. Тест.
Жұмыс барысы: Өкілінің систематикалық жағдайы:
Тип:
Хордалылар -
Chordata
Тип тармағы:
Омыртқалылар -
Vertebrata
Бөлім:
Жақауыздылар -
Gnathostomata
Класс үсті:
Балықтар -
Pіsces
Класс:
Шеміршекті балықтар -
Chondrіchthyes
Клас тармағы:
Пластинкажелбезектілер -
Elasmobranchіa
Отряд:
Тікенекті акулалар -
Squalіformes
Өкілі:
Тікенекті акула -
Squalus acanthіas L
Жақауыздылар бөлімі - GNATHOSTOMATA класс үсті Балықтар - PІSCES Шеміршекті балықтар класына - CHONDRІCHTHYES жататын негізгі өкілі ретінде тікенекті акуланы қарастырамыз.