Тікенекті акуланың сыртқы құрылысы. Денесі бас, кеуде және құйрық бөлімдеріне бөлінеді. Бас бөлімінде ұзарған тұмсық-рострум (1), оның үстіңгі екі бүйіріне таман жұп танау тесіктері (5), көзі (2) және бүріккіштері (3) орналасқан. Рострумның астында ауыз тесігі (4) және екі бүйірінде бес жұп желбезек саңылаулары (6) орналасқан. Кеуде бөлігінде екі арқа қанаттары (11) болып, ол гетероцеркальды құйрық қанатына (12) ауысады. Жұп қанаттарына кеуде (9) және құрсақ қанаттары (10) жатып, олар горизанталь жазықтықта орналасқан. Құрсақ қанаты негізінде клоака тесігі (8) ашылады. Денесі плакойдты қабыршақтармен қапталып, ұшы тікенекті тіске ауысады. Бүйір сызықтары (7) айқын байқалады (15-сурет). Шеміршекті балықтардың эпидермисінің ерекшелігі, оның коптеген (19 кабатқа дейін) эпителий клеткаларының арасында шашырап орналасқан жалғыз-жарым сілемейлі немесе түйіршікті бездерінің болуы, немесе олардың мүлдем болмауы.
15-сурет. Ткенекті акуланың сыртқы құрылысы: 1-тұмсық-рострум, 2-көз, 3-бүріккіш, 4-ауыз тесігі, 5-жұп танау тесіктері, 6-5 жұп желбезек саңылаулары, 7-бүйір сызығы, 8-клоака, 9-кеуде қанаттары, 10-құрсақ қанаттары, 11-арқа қанаттары, 12-гетероцеркальді құйрық қанаты.
16-сурет. А. Қабыршақтың түрлері.
16-сурет. Б. Тері мен плакоидты қабыршақтың құрылыс сызба нұсқасы: 1-эпидермис, 2-кориум-нағыз тері, 3-дентин, 4-эмаль, 5-плакойдты қабыршақтың ішкі қуысы.
Тікенекті акуланың ішкі құрылысы. Ас қорыту жүйесі. Рострум астындағы көлденең орналасқан аузы бірнеше қатар плакойдты тістермен қаруланған. Тілдері нашар жетілген, ауыз қуысы ішкі желбезек саңылаулары және бүріккіш ашылатын жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншақ қысқа өңеш арқылы кең қарынға (9) ашылады. Қарынның жанында өт қабы (16) бар бауыр (15) орналасқан. Қарыннан қысқа жіңішке ішек (10) басталып, осы маңда көкбауыр (19) мен ұйқы безі көрінеді. Жуан ішек (11) салыстырмалы ұзын болады онда спиральды клапандар болады, ол артқы ішек (12) арқылы клаокаға (13) ашылады. Жуан ішек пен артқы ішек шекарасында өсінді-ректальды без (14) орналасқан (17-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |