Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: гиподерма, фагоцитарлы клеткалар, фибриллалар, везикула, бульбус, сенсиллалар, папиллалар, жыныс диморфизмі, гиподермалық валиктер.
4-зертханалық жұмыс КӨПҚЫЛТАНАҚТЫ ҚҰРТТАРДЫҢ МОРФО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ Мақсаты: Нереида мен құмқазарды мысалға ала отырып, көпқылтанақты құрттарға тән ерекшеліктермен танысу
Тип Буылтық құрттар – Аnnеlіdа
Тип тармағы Белдіксіздер – Асlіtеllаtа
Класс Көпқылтандылар – Роlусһаеtа
Класс тармағы Кезбелер – Еrrаntіа
ӨкіліНереис – Nereіs sр.
Класс тармағы Отырғыштар – Sеdеntаrіа
Өкілі Құмқазар – Аrеnісоlа sр.
Құралдар: Фиксацияланған буылтық кұрттар (нереис, құмқазар). Нереистің бас бөлімі: пигидий және параподий бар тотальдық препараттар.
1-тапсырма. Буылтық құрттардың жоғарыда аталған өкілдерінің сыртқы құрылысымен танысу. Денесінің дифференциациясына және үш бөлімге бөлінуіне, көңіл бөлу қажет. Тотальдық препараттан – бас бөлімдердің (простомиум, перистомиум), дене бөлімінің, аналь бөлімінің (пигидий) құрылысын қарап, суретін салу. Параподийлердің құрылысымен танысып, суретін салу қажет.
Сұрақтар: 1 Буылтық және жұмыр құрттардың сыртқы құрылысында қандай айырмашылықтар бар?
2 Метамерия дегеніміз не? Гомономдық және гетерономдық метамерияның айырмашылықтары неде?
3 Буылтық құрттардың жылжу жүйесінің күрделенуін немен түсіндіруге болады?
4 Буылтық құрттардың жылжу жүйесінің жұмыр құрттардікінен айырмашылығы неде?
5 Буылтық құрттардың денесінің дифференциациясының күрделенуі неде?
6 Буылтық құрттардың сезім органдары қалай жетілген?
7 Буылтық құрттардың дене қуысының жұмыр құттардың дене қуысынан айырмашылығы неде?
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: ацикулалар, эпитокия, архитомия, диссепименттер, метамерия, метанефридиялар, нотоподия, параподия, мезентерилар.