Бақылау сұрақтары:
Механикалық ұлпалар деген не? Қандай белгілері бар?
Колленхима, склеренхима клеткаларының құрылысы қандай?
Колленхиманың түрлері, қабырғаларының қалыңдау ерекшеліктері.
Склеренхима клеткаларының ерекшелігі неде?
Лабороториялық сабақ №6
Лабороториялық жұмыстың тақырыбы: Тұқымның құрылысы
Мақсаты: Өсімдік ұрығының және тұқымның құрылысымен, тұқымның өну ерекшеліктерімен танысу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: 1. Алдын ала жібітілген кәдімгі үрме бұршақ, жұмсақ бидай, кәдімгі арпа, егістік сұлы, егістік асбұршақ, біржылдық күнбағыс және кәдімгі қарамықша тұқымдары. 2. Бидай, арпа және сұлуы дәндерінің ұзынынан кесіндісінің тұрақты микропрепараттары. 3. «Тұқымның құрылысы» фильмі. 4. Қол лупасы. 5. Микроскоп.
Жұмысты орындау барысы: Өсімдік тұқымына қысқаша сипаттама. Тұқым — гүлді өсімдіктердің қосарьшан ұрыктануының нәтижесінде тұқым бүрінен пайда болатын, көбею және таралу қызметін атқаратын мүшесі. Дара жарнақты өсімдіктер тұқымының анатомиялық құрылысын зерттеу үшін бидай дәнінен жасалған дайын препараттар болмаса, олардың орнына қара бидай, арпа, сұлы, жүгері өнімдерінің бірін алуға болады. Дәннің көп жерін эндоспсрм, ал оның төменгі жағын ұрық алып жатады. Дәннің сыртында тұқым қабығымен бірігіп біткен жеміс қабықтары — қауызы — болады да, қауыз бен тұқым қабығының астында оның ұрығы мен эңдоспермі жатады. Ұрықтың төменгі жағында жұмырлана біткен жуандау келген алғашқы тамыры, бұның үстіңгі жағында ұрықтын жаңадан шығып келе жатқан алғашқы сабақшасы мен алғашқы жапырақшасы және қалқаншасы жатады. Қалқанша эндосперм мен ұрықтың екі арасында жатады. Эндоспсрм клеткаларындағы қоректік заттардың көпшілігі — крахмал дәндері.
Эндоспермнің сыртын қаптап жатқап бір қабат текшеленіп келген клеткаларда дәні белок заттарынан тұратын алейрон дәндері болады, сондықтан да оны алейрон қабаты деп атайды.
Алейрон дәндерінің ішінде кристаллид және глобоид деп аталатын ерекше бөлімдері болады.
Қос жарнақты өсімдіктер тұқымының анатомиялық құрылысын зерттеу үшін бұршақтың тұқымын алса да болады. Бұршақтың тұқымындағы қор заттарының орналасуы бидайдікінен басқаша: бидайдың крахмал дәндері эндоспермінде, алейрон дәндері алейрон қабатының клеткаларында болса, ал бұршақтың әрбір клеткаларында алейрон дандері де, крахмал дәндері де кездеседі.
Сөйтіп, өсімдік тұқымдарының құрылысын зерттей келіп, мынадай қорытынды жасауға болады:
1) жоғары сатыдағы өсімдіктерді тұқым жарнақтарының санына қарай дара жарнақты, қос жарнақты және көп жарнақты деп ажыратады;
2) химиялық құрамына қарай — майлы, крахмалды, белокты тұқым болып бөлінеді: а) крахмалды тұқым (крахмалдың мөлшері бидайда 66%) қара бидайда 67%, күріште 70—75% т. б.); ә) майлы тұқым (ушмәлікте майдың мөлшері 70%, зығырда 44%-,: күнбағыста 22—46%, мақтада 24—26%, сояда 17—25%)," б) белокты тұқым (бұршақ тұқымдас өсімдіктерде белоктың мөлшері— сонда 35—45%; бұршақта 22—34%).
Табиғатта өсімдіктердің майлы тұқымдары –көп (80%) кездеседі. Бұл тұқымдар әрі жеңіл, калориялы болады. Жеңіл болғандықтан тұқым жер бетіне жақсы таралады.
Өсімдіктер тұқымдарының сыртқы пішіні, түсі, мөлшері әр қилы. Олардын салмағы миллиграмның жүзден бір бөлігінен (орхидеяларда) кейбір пальмаларда 15-кг-ға жетеді. Көптеген гүлді өсімдіктердің тұқымы тұқым қабығы, ұрық және эндоспермнен түрады.
Тұқым қабығы (спермодерма) — тұқымның сыртын жауып тұратын, тұқым бүрінін жабындарынан (интегументтер) пайда болатын бөлігі.
Қос жарнактылардың толық қалыптасқан ұрығы — екі түқым жарнағы. Тұкым жарнағының астыңғы кылтасы ұрық тамыршасы мен алғашқы өркеннің бой конусынан (бүршігінен) тұрады.
Дара жарнақтыларда бір тұкым жарнағы пайда болады да, сабақтың бой конусы бүйір жағына карай орналасады.
Кейбір өсімдіктерде, мысалы, орхидеялар тұқымдасының өкілдері мен көптеген паразитті (сұңғыла, арамсояу және т.б.) және сапрофит тіршілік ететін өсімдіктердің тұқымыңда ұрық нашар жетіледі де ол бірнеше клеткалардың тобынан ғана тұрады.
Гүлді өсімдіктердің жетілген тұқымдарыңда ұрық пен эндосперм арасыңдағы қатьнас және ұрықтың орналасу ерекшеліктері әр түрлі болып келеді. Мысалы, магнолияларда, лалагүлділерде, пальмаларда ұрық бөлімі өте кіші, эндосперм тұкымының басым бөлімін алып жатады. Бұршақтарда, күрделігүлділерде жөне асқабақтарда эндосперм жоқтың қасы, тұқым негізінен тұкым қабығы мен ұрықтан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |